МӘМС – ХАЛЫҚ МҮДДЕСІ ҮШІН

Еліміздің барлық аймағындағы «Нұр Отан» партиясының филиалдарында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін түсіндіруге бағытталған шаралар өткізілуде. Шараның басты мақсаты –
Н. Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 80-қадамын жүзеге асыруға бағытталып отыр. Аталған қадамда елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу қарастырылған болатын. Үстіміздегі жылғы 1 шілдеден бастап бұл жүйе елімізде өз жұмысын бастады. Сол себепті, жаңа жүйені азаматтарға жан-жақты түсіндіру бүгінгі күн тәртібіндегі мәселе.

Толығырақ...

БИІК БЕЛЕСТЕРГЕ БАСТАЙДЫ

 Тәуелсіздік алғаннан кейінгі еліміздің экономикалық, әлеуметтік, саяси-құқықтық дамуының әрбір баспалдағын Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының ғылыми негізделген теориялық тұжырымдарымен, сындарлы саясатымен және қажырлы саяси қыз­метімен қабысып жатқан, біртұтас даму үдерісі деп атауға болады.

Толығырақ...

АТЫРАУДА БЕСІНШІ СЫНЫПТАН БАСТАП УНИВЕРСИТЕТТЕ ОҚУҒА БОЛАДЫ

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Қазақстанда баламасы жоқ бірегей жобаны іске қосты. Аталған оқу орны базасында жұмыс істейтін Kids University – Балалар Университеті 5-11 сынып оқушылары үшін қызмет етеді. Бұдан бөлек, университетте жұмысын бастаған «FavLabAtyrau» цифрлық зертханасы жас ғалымдар үшін жаңа технологиялық мүмкіндіктер сыйлап отыр. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалының Саяси кеңес бюросында есеп берген «Бірлік» бастауыш партия ұйымының төрағасы, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры Абзал Талтенов мәлім етті.

Толығырақ...

ХАЛЫҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ-МӘДЕНИ БІРЛІГІН САҚТАУДАҒЫ ЗИЯЛЫЛАРДЫҢ РӨЛІ

Алматы қаласындағы Қазақстан Жазушылары кітапханасында «Халықтың ұлттық-мәдени бірлігін сақтаудағы зиялылардың рөлі» жобасы аясында «ҚАЗАҚ ЭТНОГРАФИЯСЫ САЛАЛАРЫ» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қолдауымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» АҚ мемлекеттік гранты бойынша, Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткізілген бұл шараға этнографияға өзіндік үлес қосып жүрген зиялы қауым өкілдері қатысты. Ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Рес­публикалық этнографилық «Дәстүр» журналының бас редакторы Қасымхан Бегманов модератор болды.

Толығырақ...

САЛТ-ДӘСТҮРДІ САҚТАЙЫҚ, ЕЛ ҮМІТІН АҚТАЙЫҚ

«Нұр Отан» партиясының Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы ел болып еңсемізді жиған шақта, өткенімізді еске алып, болашағымызды бағдарлауға жастарымызды отансүйгіштікке баулуға тәрбиелейтіні сөзсіз.

«Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалының өз жұмысын бірнеше бағытта жүргізеді. Жас келсе іске дегендей, филиал төрағасының бірінші орынбасары болып Баймұрат Мұратханұлы Жамбылов тағайындалғалы бері жұмыс жандана түсті десек артық айтпағандық болар

Толығырақ...

ҰЛТТЫҚ ТҰҒЫРДЫ ҰЛЫҚТАҒАН КИЕЛІ ӨЛКЕ

Қазақ халқы ежелден табиғатпен тығыз байланысты. Көк тәңір мен Көк бөрінің ұрпағы атанған ата-бабаларымыз қашанда табиғат ананың құдіретіне мойынсұнып, өмірін еркіндікпен, қайнаған тіршілікпен біте қайнатып, бірге болған. Салты мен дәстүрін, ұлттық қолөнері мен шеберлігін, зергерлігі мен ұсталығының түп тамыры – табиғат ананың адамға берген асыл сыйы деп бағалаған. Бүгінде сол асыл қазыналарымыз сан ғасыр қойнауынан сақталып, өскелең ұрпақтың еншісіне тиіп отыр. Ұлттық қолөнер бұйымдары, ағаш пен темірден, күміс пен алтыннан жасалған әшекейлер, ең соңы оюлап, кестелеп тігілген алаша, кілемдер, төсемшелердің өзі қазақы

Толығырақ...

Нағыз қайтпас суретші

Алматыда «Ғалымдар үйінде» антиядролық «Невада-Семей» халықаралық қозғалысының 25 жылдығына арналған  конференцияда жиналған жұртшылық 12-гимназияның Балалар хорына қосылып, антиядролық  қозғалыс гимні  «Заман-айды» шырқады. Олжас Сүлейменовтың, Мұрат Әуезовтың, қозғалыс ардагерлерінің сөздері  өте әсерлі болып, тереңдігімен баурады. Ардагерлер түрлі естеліктер айтты. Осы ширек ғасыр ішінде дүниеден өткен қозғалыс белсенділерінің есімдері ілтипатпен еске алынды. 

Толығырақ...

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30