Соғым

 Табиғаттың төрт  мезгілі бар болмысымен нәсіп  болған  қазақтың төрт  тойының  бірі – соғым  басы. Қысқы   тамақтың  қамы ғана емес, суық  күндердегі  сауық-сайран, әңгіме-дүкен, ұзақ  түнді   ұйықтап  өткізібеуге  ұйтқы  болатын  тәрбие - тағлым,  ағайын-туысты жақындастыра  түсетін сабырлы маусым. Көшпенді бабаларымыздың көктемдегі қарбалас   тірлігі «Наурыз» мейрамындағы  жақсы  тілектен  басталып, жаздағы «қымыз–мұрындық»  - жайлау  мерекесі  жалғасып,   күздегі   «сабантой»,  «мизам» күн  мен түннің  күз айында теңелуі мен  жиын-терін  аяқталғанда,  амандық  саулық сұрасып, келер  жылдың  «жоспа-рын» жасау  осы  «соғым»  дастарханының  басында  әңгіме  болады. Халықта «соғым - ел  асы»  деген  қағида  қалыптасқан.

Толығырақ...

Нұрсұлтан Назарбаев-халықтың нұрлы көшбасшысы


Ел және Елбасы. Бұл-өмірдегі қатар жаратылар дүниелер секілді ежелден-ақ егіз құбылыстар. «Ел ерімен, ер-елімен мақтанады» демекші, қазақ халқының әлемге әйгілі болуы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ел тізгінін ұстағанынан бастау алғаны ақиқат. Қыстың алғашқы күнімен қатар келген мерекені, тарихта қалар сәтті бүкіл Қазақстандықтар шалқар шабытпен тойлап, тәуелсіздіктің көгінде елдің ынтымақтығын сақтап отырған кемеңгердің күнін кең көлемде атап өтуде.

Осы орайда 27 қараша күні Сағи Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туып-өскен жері, өмір жолы, қызмет еткен кезеңдері туралы мәлімет бере отырып, халық үшін жасаған еңбектерін жастарға үлгі ету мақсатында  « Ұлт мақтанышы - Елбасы» атты танымдық кеш өткізілді.

 

Шараға Елбасымен тікелей жүздесіп, қолын алған, облысымыздың танымал азаматтары шақырылды. Олар: Ақтөбе облысының қоғамдық-саяси кеңесі төрағасының орынбасары, ҚР-ның Мәдениет қайраткері Еркін Құрманбеков, Ақтөбе газетінің ардагері Нұрқайыр Телеуов, Елбасын өз қолөнерімен тәнті етіп, ризашылығына бөленген Облыстық «Руханият» музейінің директоры Болат Атыраубаев, алғашқы 1992 жылдың 26 желтоқсанында болған Президент шыршасына қатысқан, қазіргі таңдағы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің физика математика факультетінің оқытушысы Бибігүл Омарова. Сонымен қатар, айтулы мерекелік кешті №47 мектептің оқушылары мен Ақтөбе экономика, статистика және информатика колледжінің, Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжінің студенттері де тамашалады.

 

Кештің өтілуі барысында кітапхана қызметкері Бекеева Жанат Н.Ә.Назарбаевтың туып өскен жері, өмір жолы туралы баяндап берді. Ал кеш қонақтары Қазақстан тарихынан сыр шертіп, құнды мұралар мен жәдігерлер туралы қызықты ойларымен бөлісті. Еркін Жолмырзаұлы қазіргі таңдағы жастар саясаты және осы тұрғыда атқарылып жатырған көлемді жұмыстар хақында сөз қозғап, Елбасымыздың ел игілігі үшін жасаған ерен еңбектерін баяндады. Нұрқайыр ағай Елбасына 2009  жылы Ақтөбе қаласындағы Достық Үйінің ашылу салтанатында «Самұрық» құс бейнеленген мүсінді өз қолымен сыйлағанын зор мақтанышпен баяндап берді. Тәуелсіз мемлекетіміздің тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстанды өркендету жолындағы өлшеусіз еңбегін насихаттай отырып,  қазақ елін жарқын болашаққа апарар жолды бағыттаушы тұлға екендігін тағы бір мәрте айтып өтті. Алғашқылардың бірі болып Президент шыршасына қатысқан Бибігүл Жарболқызы ел болашағына үлкен сенім білдіре отырып, жасөспірімдерді білім көкжиегін кеңейте түсуге шақырды.

 

 

Шара барысында кітапхана қызметкері Бақытгүл Бақытжанқызы мен Айнель Сағынайқызы Ш.Сариев және М.Ыбраевтың Елбасына арналған шығармаларынан үзінді оқыды. Мерекелік кештің аясында Президентіміздің туып-өскен жері «Үш қоңыр» жайлауында түсірілген «Балалық шағымның аспаны» фильмімен әрленген «МузАрт» тобының бейнебаяны көрермен қауымның назарына ұсынылды.

 

Айтулы күнге арналған танымдық кешті Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филормонияның әншісі Жұлдыз Нұрқасымова мен Облыстық Халық шығармашылығы үйінің қызметкері, әнші Амангүл Ешпанова патриоттық негізде өрнектелген әсем әуендерімен әрледі.

 

Қонақтардың  назарына  шетелдік белгілі саясаткерлердің Н.Ә.Назарбаев туралы жазған жылы лебіздері мен Елбасының Тәуелсіз Қазақстанды нығайту жолындағы қажымас қайраткерлігі туралы жазылған Отандық авторлардың еңбектері, әдістемелік құралдар және  «Елбасы Ақтөбе жерінде» тақырыбында фотошежіре ұсынылды. Сонымен қатар, «Ел бастаған Елбасы» атты слайд және «Ұлт мақтанышы Елбасы»  атты кең көлемді кітап көрмесі тамашаланды. 

 

Кеш соңында кітапхана директоры Марат Төлебайұлы келген қонақтарға алғысын білдіріп, жиналған қауымды мерейлі мерекемен құттықтады.  Қорыта айтқанда, мерекелік кеш мазмұнды әрі мағыналы өтті.

 

Жанат БЕКЕЕВА,

С.Жиенбаев атындағы  облыстық

                                                                                  жасөспірімдер   кітапханасының

                                                                 қызметкері,

                                                    Ақтөбе қаласы.

«Ұлттық тағам: нәрі мен насихаты»

Қарашаның 28-ші жұлдызында  әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарих, археология және этнология факультетінің 2-курс магистранттарының ұйымдастыруымен «Ұлттық тағам: нәрі мен насихаты» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Ұлттық тағамның нәрі мен насихаты, құнары мен ерекшелігі туралы келелі пікір айтылатын бас қосуға Ұлттық салауатты тағамтану орталығының  жетекші маманы, медицина ғылымының кандидаты Майгүл Сейдолла, жазушы, журналист, «Қазақы дастархан» кітабының авторы Кәдірбек Сегізбайұлы қатысып, тақырып төңірегінде өз ойларымен бөлісті. Сондай-ақ, әр жастың сүйікті асына айналған «fastfood» өнімдерінің пайдасы мен зияны жөнінде де түрлі пікірлер айтылды. Бас қосудың соңында келген қонақтар археология-этнология мамандығы бойынша 2-курс магистранттарының жайған ақ дастарқанынан дәм татып, тарасты. 

 

Көңіл айту

Белгілі ақын Қасымхан Бегмановтың туған жеңгесі  Бегман  келіні Ақтолқынның  белгісіз қайтыс болуына байланысты қайғы-қасіретіне ортақтасып шынайы көңіл айтамыз.
 
 

Қолға сезілетін бейнелер

2014 жылы 13 қараша күні сағат 16:00-де Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайында Алматы қаласындағы Н. Островский атындағы зағип және көздері нашар көретін балаларға арналған №4 мектеп-интернаты оқушыларының қатысуымен «Қолға сезілетін бейнелер» атты мүсін көрмесінің ашылу салтанаты болады.

Толығырақ...

Баспасөз–2015

Индекс – 74262

Ұлттық- этнографиялық журнал – "Дәстүрге" жазылу жыл бойы жүргізіледі. 

Журналдың әр бетінен халқымыздың ежелгі әдет-ғұрпы,салт-дәстүрі, наным-сенімдері төңірегіндегі сыр шерткен ойлы, ғылыми мақалаларды, құнды пікірлерді оқи аласыздар.

 Қолдарыңызға тигелі отырған журналдың мақсат-мүддесі–ұмыт қалған әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ырым-тыйымдарды  жас ұрпақтың санасына сіңіріп, бабалар салған қасиетті жолды қайта жаңғырту, ел ішінде жан-жақты насихаттау.

Алматы қаласы бойынша

Аймақ/қала

Аудан/ауыл

6 ай – 1643,97

6 ай – 1676,52

6 ай – 1687,38

12 ай – 3287,94

12 ай – 3353,04

12 ай – 3374,76

Біздің журналға Қазақстанның кез келген елді мекенінде орналасқан «Қазпошта» АҚ-ның бөлімшелерінің бірінен жазылуыңызға болады. Және «Евразия-пресс», «Эврика-пресс», «Ернұр-пресс», «Тараз-пресс» агенттіктері арқылы жазылуды рәсімдей аласыз. Сондай-ақ, журнал қолдарыңызға өз уақытында тимеген жағдайда 8(727)3306010 телефонына хабарласыңыздар.

"Тұран" этно-фольклорлық ансамблінің кеші

 

Қазақ халқының ежелден атадан балаға мұра болып келе жатқан өнеріміздің көне түрі - күй өнері.  Ғасырлар қойнауынан жеткен,  небір зұлмат заманның шежіресі болған күй өнерін, қазіргі  күнде дамытып, насихаттап жүрген  "Тұран" этно-фольклорлық тобының бүгінгі концерті өз деңгейінде өтті. Кеште еліміздің аңызға айналған байырғы күйлері орындалып, өнер сүйер қауымға әдемі әсер қалдырды. Сонымен қатар концертке моңғолия, қырғыз, туркия, башқұрт елінен келген өнер майталмандары қонақ болды. 

 

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Тамыз 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31