БАЛАЛАР АРАСЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДАН ЖАРЫСЫ

Нұротандықтар Алматы оқушыларын ұлттық ойындарды сүюге шақырды. Қаладағы балалар лагерлерінде «Ұлы дала қазынасы» атты ұлттық ойындар фестивалі өтті. Іс-шараны «Нұр Отан» партиясының қалалық және аудандық филиалдарының қызметкерлері қазақ халқының ойындары мен салт-дәстүрлерін өскелең ұрпаққа таныстыру мақсатында мектеп жанындағы лагерлерде, оқушылар үйлерінде, сауықтыру санаторилерінде ұйымдастырды.

Асық ату, қазақша күрес, тоғызқұ­малақ, арқан тарту сияқты ұлттық ойындар мектеп жасындағы балалар арасында үлкен қызығушылық туғызды. №7 оқу

Толығырақ...

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДАН ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ ӨТТІ

«Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалы MegaSilkWay сауда ойын сауық орталығында «Ұлы дала қазынасы» партиялық ұлттық жоба аясында «Тоғызқұмалақ», «Бестемше» және «Асық ату» бойынша шеберлік сабағын өткізді.

 Іс-шараға Елорда жастары және ЕХРО-2017 көрмесіне келген қонақтар қатысты. Мұнда нұротандықтардың алға қойып отырған басты мақсаты – «Асық ату», «Тоғызқұмалақ», «Бестемше» сияқты қазақ халқының ежелгі ұлттық ойынын бүгінгі жас толқынға түсіндіру арқылы бұл ойындардың мәнін республикалық дәрежеге көтеру.  

Толығырақ...

ЗАСЛУЖЕННЫЙ РЕЗУЛЬТАТ 25-ЛЕТИЯ МИРНЫХ ИНИЦИАТИВ

То, что Казахстан стал непостоянным членом Совета Безопасности ООН на 2017-2018 годы, неслучайно. Казахстан своей миролюбивой политикой и, прежде всего, миролюбивыми инициативами своего Президента, Лидера нации Нурсултана Назарбаева шел к этому событию 25 лет. На протяжении этих лет расширения суверенитета и укрепления Независимости, 25-тилетний юбилей которой вся страна отмечает в 2016 году,Республика Казахстан была инициатором и участником разрешения многих конфликтов.

Толығырақ...

ЖАҺАНДЫҚ АНТИЯДРОЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАҒЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ РӨЛІ

Қазақстан қуатты ядролық қаруды таратпау және жаппай қарусыздану мәселесін үнемі көтеріп, басты назарда ұстап келеді. Ядролық қарудың адамзатқа тигізер зияны мен залалы туралы жалпақ жұртқа жар салып, әлем назарын өзіне аударып қана қоймай, жаһандық антиядролық қозғалыстың көшбастаушысы болып келе жатқаны әмбеге аян. Осы орайда Елбасымыздың Семей ядролық полигонын жапқанын атап айтуға тиіспіз. Сол атаулы күнді, яғни 29 тамызды – Біріккен Ұлттар Ұйымы «Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні» деп жариялады.

Толығырақ...

БЕЙБІТ БАСТАМАЛАРДЫ ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕ ӨРІСТЕТУГЕ МОЛ МҮМКІНДІКТЕР АШЫЛАДЫ

Тәуелсіз ел атануымыздың арқасында әлемге танылып, тұрақтылық пен қарқынды дамудың сара жолына түскен елімізді дүниежүзі мойындады. Сондай жарқын істердің бірі – 2017-2018 жылдары Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болып сайлануы, қазақстандықтармен қатар, сырттағы қандас бауырларымызды да шаттыққа бөледі. Еліміздегі бейбітшілік, қауіпсіздік, адам құқығын сақтау мен заң үстемдігін орнықтыру – дауыс беруші елдердің қанағаттанарлық сенімін нығайтқан басымдықтар болғаны даусыз.

Толығырақ...

ҚАЗАҚ ЕЛІ 138 МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚОЛДАУЫНА ИЕ

Еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелікке өтуі – халықаралық аренадағы мемлекеттіліктің үлкен жеңісі. Еліміздің мұндай табысқа қол жеткізуін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың әлемдік деңгейдегі тынымсыз еңбегі мен еліміздің халықаралық қауымдастық алдындағы абырой-беделінің арқасы деп түсінуіміз керек.

Тәуелсіздігімізді алып, дербес мемлекет атанғанымызға ширек ғасырдай ғана уақыт өтсе де, еліміздің әлемдік саясатқа батыл араласып, халықаралық аренада өз сөзін айтып қана қоймай, оны тыңдата білуі, ұлт болашағының жарқын екендігінің айқын көрінісі. Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты

Толығырақ...

«XXI ҒАСЫР. ӘЛЕМ» МАНИФЕСІ

Қазақстан — жер бетінде тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтап қалуды жақтайтын бейбітсүйгіш елдердің бірі. Мұны 2016 жылғы 31 наурыз – 1 сәуiр аралығында Америка астанасы Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл жиында Мемлекет басшысы «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін жариялап, тағы да қарусыздану мәселесін көтерді. Онда жалпы адамзаттық мәселелер көтерілгендіктен, БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік кеңесінің ресми құжаты мәртебесін алды. Бұл дегеніміз – Елбасының сөзі жаһандық саяси сипатқа ие болып, әлемдік қауымдастықтың мүддесін қорғап, үдесінен шыққанын білдіреді.

Толығырақ...

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30