КІНДІК КЕСЕР

Сойылған малдың тісі неге қағылады?

 

Сойылған малдың тісі неге қағылады?
 Ертеде Сараман мен Қараман деген екі дос өмір сүріпті. Бірде Сараман досына ренжіп қалады. Бірақ онысын тамырына айтпайды.

Бір күні Қараман атқосшысын ертіп, оған қонаққа келеді. Сараман досын құшақ жая қарсы алады. Іштегі назын бетіне шығармайды. Досы да құшағын тосады. Сараман досына арнап үлкен қошқарын сойып, батасын алады. Ет пісірім уақыт болды дегенде алдына бас тартады. Қараса, қойдың тістері қағылмаған екен. Досы оны байқамайды. Етін жеп, қымыз ішіп, арқа-жарқа болып, үйіне қайтады. Жолай атқосшысы:
– Мырза, досыңыз бас тартқанда қойдың тісін қақпай әкелді. Сізге бір реніші бар екен, – дейді. Бай шошып кетіп:
– Қалайша? Реніші болса, бас тартып сыйламас еді, – деп жауап береді. Атқосшы:
– Марқұм әкем айтушы еді. Қазақ біреуге ренжісе, бетінен алмаған. Өзгенің көңіліне қаяу, жүрегіне қылау салармын деп сақтық еткен. Назын тұспалмен, ыммен білдіреді. Мұсылмандықта біреудің көңілін қалдырған, мың Қағбаны бұзғанмен бірдей екен. Сондықтан, дәуде болса, досыңыз сізге реншін білдірді. Қонақ есті болса, бұл сырды өзі-ақ түсінер деген, – дейді.
Бай аттың басын кері бұрып, ат-шапанын атап, досынан кешірім сұраған екен. Осыдан бастап қой басын пісіргенде оның тісін қағып әкелу адал достық пен таза көңілдің белгісі боп саналыпты.

Толығырақ: Сойылған малдың тісі неге қағылады?

Теміртау түні

Елбасы -1

2001 жыл. 
Теміртауда алтын күз. Жып-жылы… желсіз тынған маужыр сәт. Көк жүзінде қимылсыз қалқыған ақша бұлт.
Осы сапар мені Теміртаудағы бір қадірлес жан Тілеукен Смағұлов қарсы алды. Тілеукен Қарқаралы жағынан. Менімен кездескен сайын жанға жайлы жұмсақ әзіліне басып: «Сіз біздің қара ормандай қайысқан Қаракесек­тің композиторысыз. Бір Балқантау жөнінде төрт әніңіз бар. Бірінен-бірі өтеді. Ол тек махаббат жыры емес, біздің еліміз бен жерімізге деген ыстық ықыласыңыз. Сізді сол үшін сыйлаймыз. Өз азаматымыз дейміз, мақтанып. Қарағанды, Теміртауда төңірегіңізде дуылдасып жүретін сері жігіттердің бәрінен сізге мен жақындаумын» деп мені елден ерек өбектеп жүреді.
Сол келген күні кешінде Тілеу­кеннің үйінде бір келісті отырыс болды. Арқа азаматтарының игі дәстүрі бар, бастары қосылып, жинала қалса мәзірі, мәні жоқ қысыр әңгіме айтылмайды, тегі. Көкейдегі сөздер арғы-бергі тарихтан қозғалады, ән төңірегінде ғана өрбиді. Арқаның «Жиырма бесі», «Екі жирені», «Дударайы», «Қаракесегі», «Әупілдегі», «Ләйлімі», «Балқадишасы», «Хорланы»… әрқайсысы бір-бір хикая, тек сол әндер ғана ма, біздің заманымыздың «Қарлығаш», «Кестелі орамал», «Жас қазақ», «Ақерке» секілді әндерін де сүйсіне сөз еттік. Оларды сағынышты жүректің лүпілімен емірене әндеттік.
Ән саябырлаған бір сәтте әңгіме басқа бір салаға ойыса берді:
–Теміртауыңыз осы… жүз жетпіс мың халқы бар, тоқсаннан астам ұлт тұрады.
– Ал ол бір кезде Қарағандының шетіндегі Самарқан деген қалашық еді. Ол да өзінше бір тарих.
–Кешегі Екінші Ұлы Отан соғысы басылған жыл. Сол жылы күзде Қазақ­стан Үкіметін басқарып отырған Нұртас Оңдасынов Мәскеуге барыпты.
–Е, осыны айтшы…
–Оңдасынов КСРО Ауыр өнер­кәсібі министрі Тевосянның қа­был­дауында болады. Барған мәселесі –жаңағы Самарқан қалашығын болашақ металлургтер қаласы ету. Тевосян сабырлы, тоқтамды кісі екен, Оңдасыновпен емін-еркін пікірлесіп, дұрыс шешімге келеді. Бір кезде Тевосян ойланып отырып: «Сіз бұл қаланы «Самарқан» дейсіз, ә? Өзбекстанда әйгілі Самарқан қаласы бар емес пе?» деп оқыс сауал қояды. Оңдасынов бұл сөзге не дерін білмей, мүдіріп, сасқалақтап қалады. Тевосян жұмсақ үнмен: «Қазақтар металды не дейді?» деп сұрайды. Оңдасынов «Темір» деп жауап береді. Тевосян «дұрыс» деп, жымия бас изейді. Оңдасынов жүрегі лүп ете түсіп: «біз темір кенін тау-тау ғып өндіретін боламыз. Сіздің «Темір» деген сөзіңізге «Тау» деген сөзді қоссақ қайтеді?» дейді еркінси сөйлеп. Қойшы не керек, екеуі әрі-бері ойланып, осы мәмілеге тоқтайды. Кейін Қазақстан Орталық Комитеті мен Жоғарғы Кеңес Президумы металлургтер қаласын «Теміртау» деп мақұлдапты.

Толығырақ: Теміртау түні

АҚЫННЫҢ АҚЫНҒА СЫРЫ

Түсінесіз бе, қазақ болып жаралып, қазақ емес ортада өмірін өткізу, қазақ ақыны болып жаралып, қазақтың үйінің сыртында күнелтудің қасіреті қандай болатынын. Оны сіз, бәлкім, түсіне алмайсыз. Жүрген ортаң қаншалықты бауырына басып, маңдайыңнан сипап «әкем, көкем» десе де, жат біреудің үйінде қонақта жүргендейсің ғой. Немесе басқа ананың құшағында жүрген асыранды жетімдейсің. Басың аман, бауырың бүтін болса да, көкірегің толған шер, көзің толған жас.

Ал мен Баян-Өлгийден де алыс, қазақшылықтың иісі де жоқ мүлдем басқа ортада өмір сүремін. Маған серік - кітап қана. Өзіңіз әбден жақсы білесіз ғой, Мұқағали жалпақ қазақтың арасынан жанына жақын жалғыз дос таба алмай, дүниеден жылап қайтқанын. Сонда мен жалғызсырамай басқа кім жалғызсырасын ?!

«Мынау безектеп жылай бастады ғой» демеңіз. Мүләйімсіп, мүсіркеу тілеу ойымда жоқ. Мен құласам таудан құлап, жемтігімді аш қасқырға өзім тастайтын халге жеткен, суы қатты «жасықпын». Мұны, сірә, мақтан екен демеңіз. Бұл тек шекпені бүтін болса да шекісе-шекісе шегесі қатайып сынудан басқа сипаты қалмаған шетте жүрген шерменділердің «шеберлігі». Соған қарағанда жанашырың жаныңда жүрсе жалтақтық деген мойныңда отыратын қу екенін жоққа шығара алмайсыз. Ал, жат ішінде жалғыз жүрсеңіз, мейлі жасық болсаңыз да, жау қайтаратын батыр болмасқа шараңыз қалмайды, аға. Сонан кейін де сізді ӨЗІМ санап, өшкенім жанғандай, өлгенім тірілгендей шешіліп отырған түрім ғой.

Мен дүниеге келгенде аспанды тіреген Алтай тауларының бауырында ана құрсағынан көк көңнің үстіне шырылдап түсіп, түйе қомында тербетіліп, ат жалында аяқ бастым. Жалаң аяқ қозы қайырып, қой жайдым.Бозбала болған шағымда арқыраған арғымақ мініп, шұрқыраған жылқы бақтым. Серілік құрып секеңдеп. өзімді өзім сергелдеңге салдым.

Толығырақ: АҚЫННЫҢ АҚЫНҒА СЫРЫ

Той тәрбие мектебі

Қазақтың ұлттық құндылығын дәріптеп, салт-санасын ұлықтап отырған сүйікті «Дәстүр» журналдарыңыз Сіздердің назарларыңызға әрқашан пайдалы кеңес, келелі мәлімет бергісі келеді. Міне, сондай мақсатпен қасиетті Абай еліндегі «Нұрсана» салт-дәстүр орталығы мамандарының ұлттық ұндылықтар жайындағы еңбектерін жариялап отырмыз. Қабыл алыңыздар!

          «Нұрсана» қазақ мәдени салт-дәстүр орталығы 2009 жылдың тамызында құрылған. 2010 жылдың қаңтарында мемлекеттік тіркеуден өткен болатын. Бүгінде орталықтың ісіне белсене араласып отырған Төкішова Үміткүл (1937 жылғы), Ысқақ Бағдаш (1939 жылғы), Барымбаева Фатима (1939 жылғы), Нұрсейітова Уәсила (1945 жылғы), Ерғалиева Сағат (1946 жылғы), Көпжанқызы Серікқайша (1949 жылғы), Қойбасарова Төлеуғайша (1952 жылғы) сынды ақ жаулақты әжелеріміз бар. Орталықтың төрайымы Қаныша Нұрғалиқызы анамыз екен. Орталықтың шаңырағын көтерісіп, болашақ үшін атқарған істің басы-қасында болған Қайсабекова Мәриям, Нұрғалиқызы Айғаным сынды аналарымыз бірінен соң бірі дүниеден өтіпті. Ол кісілердің жандары жәннаттың төрінде болсын деп қалың оқырманның атынан көңіл айтып, отбасыларының қайғысына ортақтасамыз.

Толығырақ: Той тәрбие мектебі

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30