«Алаш тағылымы және Тәуелсіздік» тақырыбында конференция өтеді

Астана қаласының Білім басқармасы 

 «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалықорталығы

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Алаш» ғылыми-зерттеу институты

Астана қаласы әкімдігінің  «№76 мектеп-лицей» КММ

«Алаш тағылымы және Тәуелсіздік» тақырыбындағы

 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

 Астана қаласындағы  №76 мектеп-лицейі  Астана қаласы Білім басқармасының «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталағымен және Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Алаш» ғылыми-зерттеу институтымен бірлесе отырып 2016 жылы 4 қарашада Қазақстан Респубуликасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алаштың көсемі, көрнекті мемлекет қайраткері Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның 150 жылдығына орай «Алаш тағылымы және Тәуелсіздік» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

     Конференция мақсаты:

          Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның және Алаш зиялыларының Тәуелсіздік жолында жасаған еңбегін, Тәуелсіз Қазақстанның  әлемдік аренадағы орнын таныту.

  Міндеттері:

- «Алаш» партиясының тарихтағы орны;

- Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның өмірі мен қайраткерлік еңбегін дәріптеу;

- Тәуелсіз құқықтық мемлекетті қалыптастыру жолындағы саяси-құқықтық ізденістерін саралап зерттеу;

-Алаш зиялыларының қазақ елінің құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуына қосқан үлесін анықтап зерделеу;

Толығырақ: «Алаш тағылымы және Тәуелсіздік» тақырыбында конференция өтеді

ҚАСЫМХАН АҚЫНҒА ХАТ

ҚАСЫМХАН АҒАҒА  СӘЛЕМ!

 Түсінесіз бе, қазақ болып жаралып қазақ емес ортада өмірін өткізу, қазақ ақыны болып жаралып қазақтың үйінің сыртында күнелтудің қасіреті қандай болатынын.  Оны сіз бәлкім түсіне алмайсыз. Жүрген ортаң қаншалықты бауырына басып, маңдайыңнан сипап «әкем, көкем» десе де жат біреудің үйінде қонақта жүргендейсің ғой. Немесе басқа ананың құшағында жүрген асыранды жетімдейсің. Басың аман бауырың бүтін болса да көкірегің толған шер, көзің толған жас.

Ал мен Баян - Өлгийден де алыс, қазақшылықтың иісі де жоқ мүлдем басқа ортада өмір сүремін. Маған серік айналасы кітәп қана. Өзіңіз әбден жақсы білесіз ғой Мұқағали жалпақ қазақтың арасынан жанына жақын жалғыз дос таба алмай дүниеден жылап қайтқанын. Сонда мен жалғызсырамай басқа кім жалғызсырасын.

«Мынау безектеп жылай бастады ғой» - демеңіз. Мүләйімсіп мүсіркету ойымда жоқ. Мен құласам таудан құлап, жемтігімді аш қасқырға өзім тастайтын халге жеткен суы  қатты «жасықпын» Мұны сірә мақтан екен демеңіз. Бұл тек шекпені бүтін болса да шекісе-шекісе шегесі қатайып сынудан басқа сипаты қалмаған шетте жүрген шерменділердің «шеберлігі». Соған қарағанда жанашырың жаныңда жүрсе жалтақтық деген мойныңда отыратын қу екенін жоққа шығара алмайсыз. Ал жат ішінде жалғыз жүрсеңіз мейілі жасық болсаңызда жау қайтаратын батыр болмасқа шараңыз қалмайды аға. Сонан кейін де сізді ӨЗІМ санап өшкенім жанғандай, өлгенім тірілгендей шешіліп отырған түрім ғой.

Мен Тегінде дүниеге келгенде аспанды тіреген Алтай тауларының бауырында ана құрсағынан көк көңнің үстіне шырылдап түсіп, түйе қомында тербетіліп, ат жалында аяқ бастым. Жалаң аяқ қозы қайырып, қой жайдым. Бозбала болған шағымда арқыраған арғымақ мініп, шұрқыраған жылқы бақтым. Серілік құрып секеңдеп өзімді өзім сергелдеңге салдым.

Бүгін ауыр өндірісте ала таңнан ақшамға дейін қызмет атқарып Қасымша айтқанда «жанымның жылуымен қатын баламды асыраймын». Онан кейін уақыт шықса өлең жазып, әдебиет жасап адасып жүрген азғана қазағымның рухына «тары себемін» Бір әйелім, екі ұлым бар, бір ұлым кәзір сіздің елде (Өскеменде) оқып жүр.  Білімімді білгіңіз келе ме, серке санды сегізінші сыныпты ілмиген үшпен әрең бітіргем. Болды, қосымша ештеме жоқ. Жасымды сұрасаңыз қырықтың қырқасынан қырқып өтіп «ер жасы» делінетін елуге таман ептеп аяңдап барамын. Жасағанның жасаған жақсылығы шығар жастары сексеннен асқан әкем мен апам әлі күнге қалқиып қаралығы мол дүниеге жарық беріп бес атамның аруағы жатқан Баян - Өлгийдің Бессаласында отыр. Алланың берген азғана дарынының арқасында азды көпті туынды жасадым, оншақты кітәпің иесі болдым. «Құдайы жоқ жердің сайтаны құдай атанады» деп монғолдар айтпақшы мына халық бүгін мен АҚЫН дейді. Болды, өзім жайла менің білетінім осы ғана.

Ал енді мен тауы да өлең, тасы да өлең болған қазақ деген халықтың қаншама қалың ақынының ішінен Қасымхан деген ақынды неге өзіме жақын санағанымның сырын айтайын. Ол дегеніңіз жалықпай отырып ұзынды ұзынға жалғасам бір кітәпқа арқау болатын ұзақ әңгіме. Тек қысқаша ғана баяндап өтсем былайша:

Толығырақ: ҚАСЫМХАН АҚЫНҒА ХАТ

Отбасы кодексі

Отбасы кодексі

 1. Отбасын құрған ерлі-зайыптылар:

 1.1. бір-біріне сүйіспеншілікпен адал пейіл танытуға;

1.2. отбасылық мәселелерін өзгелерді араластырмай өздері шешуге;

1.3. Алла Тағаланың, Отанымыздың, ата-ананың алдындағы жауапкершілікті терең сезінуге;

1.4. отбасылық қарым-қатынаста адамгершілік, имандылық және ұлттық қағидаларды ұстануға міндетті.

1.5. Бір-біріне кешіріммен қарайды, бірінің білмегенін екіншісі үйретеді.

1.6. Қиындыққа, ауру-сырқауға ұшырағанда бір-біріне қамқорлық көрсетеді.

 

    2. Ер адам:

2.1.   Бала-шағасын асырауға, баспаналы және киім-кешекті етуге;

2.2.   Әйелі мен балаларына имандылық тәрбиесін беруге міндетті.

2.3. Әйеліне қол жұмсамайды, оны және оның ата-анасын балағаттамайды.

2.4. Үйден шығарда қайда баратынын айтып кетеді.

Толығырақ: Отбасы кодексі

Саптыаяқ, саба, торсық…

Ыдыс-аяқ – ас-тағам дайындауға және тамақтануға тікелей пайдаланылатын ыдыс түрлерінің атауы. Ыдыс сөзінің мағыналық ауқымы кең. Оған ыдыс түрлерінің бәрі жатады. Бірақ ыдыстың барлық түрлерінің ішінде тағамды дайындауға және қабылдауға тікелей пайдаланылатын түрлері ғана, жоғарыда айтылғандай, ыдыс-аяқ болып саналады.

        Көшпелілер ұғымында ыдыс-аяқ түрлері материалдық игіліктің бірі ретінде молшылық-тоқшылық, ырыс-берекенің көзі деп есептелінді. Өйткені дәстүрлі наным-сенім бойынша, аузы жоғары қараған іші қуыс ыдыс-аяққа Тәңірі несібе бұйыртады екен деседі. Сонымен бірге тұрмыстық тіршіліктен тыс адамдар арасындағы дәнекер саналатын «дәм-тұз» деген киелі ұғыммен де семантикалық байланысы айқын аңғарылады. Басқаша айтқанда, ыдыс-аяқ дастарқандас адамдар арасындағы сыйластық қатынастың да өзіндік дәнекері функциясын атқарады. Өйткені көшпелілердің этикасы бойын­ша, бір дастарқаннан, бір ыдыстан (табақтан) дәм татқан адамдар бір-бірін жаманшылыққа қиюы үлкен күнә болып саналды. Ыдыс-аяқтың дәстүрлі отбасылық-некелік қатынас жүйесінде де өзіндік ғұрыптық және этикалық орны мен функциясы болды. Қыздың жасауының құрамындағы шешесінің өз қолынан табысталған ыдыс-аяқ қыздың көргенділігінің айғағы іспеттес болды (шешесін көріп қызын ал, аяғын көріп, асын іш принципі бойынша). Ыдыс-аяқтың кейбір түрлері халық медицинасында магиялық қасиеттері бар деп саналды және ырым-тыйымдар жүйесінде ғұрыптық қызмет атқарды.

Толығырақ: Саптыаяқ, саба, торсық…

АҚ ДАСТАРХАН ЖАСТАРҒА АҚ ЖОЛ БОЛДЫ

  Бүгінгі ұлылар елінде де ұлттық үрдістің тіні үзілген жоқ. Қайта жыл санап, жаңадан түлеп, соны қырынан танылып, көрініс тауып келе жатыр. Қазақы дәстүр мен салт-жоралғылар аясында түрлі шаралар дүбірлеп өтіп жатады. Әсіресе, рухы өр, өресі биік, қаймағы бұзылмаған қазақы мінезі бар  осынау өлкеде аузы дуалы ақсақалдар мен ел берекесін ұйытқан ақ жаулықты әжелерінің беріп отырған тәрбиесі зор. Жас ұрпақ алдында сан алуан асыл қасиеттерді, ұлттық құндылықтарды насихаттап, салт- дәстүрімізді дәріптеуде ерен еңбек сіңіріп жүрген ауданымыздағы  «Нұр-Сана» салт-дәстүр орталығының әжелері осы үдеден табылуда.

Толығырақ: АҚ ДАСТАРХАН ЖАСТАРҒА АҚ ЖОЛ БОЛДЫ

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30