КЕЛІН ТҮСІРУ

           Жанұяға жаңа адам – келін келіп қосылды. Қазақта келін түсіріп, керегесін кеңейту – үй ішінен үй тігіп, жаңа бір шаңырақ көтерілу деген сөз. Келін – сол шаңыраққа «кел» + «ін», осы отбасына інге кіргендей кірігіп, сіңісіп, келген жеріне балдай бату, ұрпағын көгерту, отағасының сенімді серіктесі болып, шаңырағының шаттығын шалқытып, әулетті көркейту – келіннің міндеті. Отбасына жаңа бір адам келіп қосылды. Бұл аса зор қуаныш. Туған үйінен ұзатылған қыздың ендігі өмірлік тұрағы – келген босағасы. Бөтен ортаға келін болып түсу – үлкен сын.

  Осы мұрат беташар жырында толық қамтылады. ...Танымассың келінжан Кімнің алыс-жақынын, Саған көңіл бөліп тұр Жаңа келген жас келін, Елге мейман болып тұр. Адам сезімін, көңілін қастерлеген халқымыз жас келіннің жанын жадыратып, тосырқатпаудың қисынын тапқан. Жаңа түскен келіннің көңілін тауып, рухын көтерудің қызықты жолдары қарастырылған. Ұлттық өнер қазынасының бір көзіне айналған ел салтындағы беташар-сауығы – сол ізгі ниеттің айғағы. Келін түсіру – әрбір ата-ананың көкейкесті арманы. Соған қолы жеткен кісі өзінің қуанышын дүйім елге жариялайды. Беташар жыры алдымен жаңа түскен келінді елге таныстыру. «Еліңді ойлап жылама, үйіңде ерке» қыз едің, ойнақтаған лақтай едің – деп келеді. Келін түсірудің қуанышына арналған той думаны басталғанда қариялар үлкен үйдің – қайын ата үйінің алдына әдейілеп төселген текемет, кілемнің үстіне жайғасады.

Толығырақ: КЕЛІН ТҮСІРУ

АҚЫН ҚАСЫМХАНҒА

                                                                                     

І

...Мен дүниенің өзгергенінен қорқамын.

Алдап тұрып сөз бергенінен қорқамын.

Өзгермейтін дәмі емес пе, дүние

Ащы да емес, тұщы да емес «сорпаның».

Ақшалардың құны қашқанын сүймеймін,

Адамдардың құты қашқанын сүймеймін,

Тасқа айналған сөйлемдерді сүйемін,

Су секілді сөйлемдерді – сүймеймін.

Сөзім менің сатылса да алтынға,

Арым қалсын сатылмаған қалпында.

Ей, адамдар, сөз айтамын сендерге

Сатылуға жақындаған қалпымда.

Мен Дүниені, Ата-ананы, ініні

Сүюші едім өзгермеген қалпында.

Ей, Адамдар, сөз айтамын сендерге

Құлақ естіп, көз көрмеген қалпымда!

Жүрегіңді ащы қайғы жалмаса

Адамдарға арыз айту далбаса,

Кім тыңдайды менің ащы зарымды

Қасымханның ақ жүрегі болмаса?!

Толығырақ: АҚЫН ҚАСЫМХАНҒА

МАХАББАТ АҚЫНЫ

     Бүгін республикалық "Дәстүр" ұлттық-этнографиялық журналының Бас редакторы, Қазақстан Жастар Одағы және халықаралық "Алаш" әдеби сыйлықтарының лауреаты, "Құрмет" орденінің иегері, қазақтың талантты ақыны Қасымхан Бегмановтың дүниеге есігін ашқан күні. Біз, редакция ұжымы ақынның жеке меншік мерекесіне ортақтасып, ақынды қуанышымен құттықтаймыз.

      Қасымхан Бегманов - ақын, этнограф, зерттеуші. Иә, ол Алаш арыстарының мұраларын зерттеп, Мұстафа Шоқай жолымен жүріп өткен зерттеуші. Ол - қазақтың ұлттық құндылықтарын дәріптеп, "Дәстүр" журналын ашқан, қазақтың жоқшысын жырлаған қайраткер. Бірақ, Қасымхан оқырманға ең алдымен ақын ретінде танылған талант. Ендеше, ол үлкен ақын Тұманбай айтпақшы, "Махаббат ақыны". Қадірлі оқырман, Сіздердің назарларыңызға ақынның шығармашылығы туралы жазылған ақын ағасы Тұманбай Молдағалиевтің 2008 жылы жазған лебізін ұсынып отырмыз.          Өзінің туған елін ту ғып ұстап, өтіп кеткен бала күнін, жастық шағы, махаббатын жақсы жырлап жүрген ақынымыздың бірі Қасымхан Бегманов екенін бұрыннан білетінмін де, ақын інімнің ақындығына, үлкен ағалары Әбділдаға, Қасымға жақындығына іштей қатты сүйінетінмін. Мен дарынды ақын Қасымхан Бегмановтың жаңа кітабын қызыға оқыдым. Жасынан жүлделі тұлпардың шыққан биігін асықпай қызықтауға кірістім.

        Өзінің  ерекше қолтаңбасы бар ақын ініге деген  риза көңіл бір сәтте   төмендеген  жоқ. Кітабының әр бетін оқыған сайын ойландым, бірте-бірте мен оның шын жанашырына айналдым. Теледидар көрсетіп жатқан «Шельсимен» Ливержульдің ойынына қарамай Қасымханды үзбей оқи бердім. Бойыма бір жасыл көктем өзінің рахат нұрын сепкендей сергідім де отырдым. Мен дүниеден өтіп кеткен ағаларымның жыр кітаптарына өз ойларымды ағымнан жарылып айтып жүрген кісімін. Қазақтың ұлы ақындары Әбділда, Әбу, Хамит, Қалижан, Жұбан, Сырбай, Ғафу ағалардың жыр кітаптары жайлы сезінгенімді, ұнатқанымды ағымнан жарылып, ол ағалардың көздерінің бар кезінде айтқан екем-ау. Ол жазғандарым ұстаздарыма деген жанымның алғысы деп те ойлауға болатын қадым екен. Жылдар өтті. Бізден кейін де қазақ жырына небір мықты ақындар келді.

         Кешегі өткен Төлеген мен Сабырхан, бүгінгі Мұхтар әдебиет есігін бізден кейін ашқандар. Сол бауырларға аға болғанымызды өзімізге мақтаныш көреміз.

        

Толығырақ: МАХАББАТ АҚЫНЫ

ДӘСТҮРЛІ МҰРА ЖАҢҒЫРЫҒЫ

 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Ақтөбе облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының қолдауымен облыстық тарихи-өлкетану музейі, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония, облыстық халық шығармашылығы үйі  облыстық «Дәстүрлі мұра жаңғырығы» атты тарихи - танымдық этнографиялық фестивалін ұйымдастырады. Фестивальдің мақсаты. Қазақ халқының дәстүрлі тарихи-этнографиялық  құндылықтарының тарихы мен қолданылу аясын, жасалу технологиясын жалпы жұртшылыққа, жастарға насихаттау және қайта жаңғырту арқылы ұлттық тарихи сананы қалыптастыру, патриоттық сезімге баулу. Бабаларымыздың күнделікті тұрмыс-тіршілігінде пайдаланған тамақ өнімдері, теріден, жүннен жасалған бұйымдардың, ағаш, темір, сүйек, алтын, күмістен жасалған әшекей бұйымдары мен тұрмыстық заттардың жасалу технологиясын таныстыру.

   

 

Толығырақ: ДӘСТҮРЛІ МҰРА ЖАҢҒЫРЫҒЫ

Өнер әлеміндегі өнегелі отбасы

      Сан ғасырлар бойы жоғары мәнге ие болып келе жатқан киелі отбасы ұғымының адам өмірінде алатын маңызы зор. Ұлттық құндылықтарымыз бен ата-бабадан мұраға қалған дәстүріміз бен салтымызды, жағымды өнегелермен өшпес өнерімізді сақтап қалатын да осы бір отбасы.  Сондай отбасылардың бірі – аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі өнер байқауларына қатысып, киелі сахнада тамылжытып ән салып, күмбірлетіп күй тартып, талайды тамсандырып, ерекше әуендерімен өнер сүйер қауымды баурап алған Құрметбектер әулеті.

     Құрметбектер әулетінің отағасы Құрметбек Бөжен Батыс өңірінен шыққан әйгілі домбырашы тума талант иесі Тілеш Бәділовтің,  өнер жолындағы ұстазы Болат Хамзиннің  тағылымды тәрбиесін көрген білімді домбырашы.  

Ұлттық күйлерімізді нотаны білмесе де радиодан тыңдап, жаттап ер жеткен сұңғыла қара домалақ ұлдан домбыраның құлағында ойнайтын күйші шығады деп ешкім ойламапты. Бала күннен басталған қазақтың төл аспабына деген сүйіспеншілік ұлттық өнерге деген алып сезімге айналатынын кім білген. Құрметбек ағамыз Моңғолия жерінде тұрмыс кешіп жатса да, туған елі- Қазақстанға қатынап, білім нәрімен сусындап жүрген. Өнерге деген құрмет пен махаббаттың шексіз болғаны соншалық арадағы жолдың алыстығына қарамай,  төл аспапты терең үйренуіне  түрткі болды.

Толығырақ: Өнер әлеміндегі өнегелі отбасы

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30