БЕЙБІТШІЛІК – ӘЛЕМ ТІЛЕГІ

Жуырда С.Бәйішев  атындағы  Ақтөбе облыстық әмбебап  ғылыми кітапханасы мен облыстық  тарихи - өлкетану  музейі бірлесіп, Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Вашингтон қаласында өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі IV саммитте жариялаған «Әлем. XXI ғасыр» манифесін  ілгерілету  және  Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жыл толуын атап өту мақсатында  Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан  құрылған  Аналар кеңесінің ұйымдастырып отырған  «Ақ  орамал» республикалық  акциясы  аясында  «Бейбітшілік - әлем тілегі» тақырыбында  ашық  әңгіме  өткізді.

         Шараның мақсаты:  Елбасының  «Әлем. ХХІ ғасыр» бейбіт манифесін насихаттау, соғысты болдырмау, бейбітшілікті сақтап қалуға ат салысу, Отанын  сүюге, жас  ұрпақты  патриоттық  сезімге  тәрбиелеу. Елді  бірлікке, жас  келіндерді үйдегі тындырымды тірлікке, мамыражай тіршілікке үндеген,  жастарға ақ орамалдың қадірі мен қасиетін ұқтыруды  көздеген  бұл  жоба  кітапханамызда  бастау  алды. Бүгінде  өзінен   өрбіген  ұрпақтарын  адал  еңбекпен  өмірге  жетелеп, баулып келе жатқан, әр салада қызметте болған, шығармашылықпен айналысқан, бойында бар ақындық өнерімен болашақ  ұрпақты тәрбиелеуде  бата-өсиет, арнау,  ұлағат ұғымы тақырыптарына арнап жазған  алты кітаптың авторы - Б.Б.Нәтиева ашық әңгіме барысында қандай биік шың, мақсаттарға тек адал еңбек арқылы ғана  қол  жеткізуге  болатынын  түсіндіре отырып, жастарға қазақ келіндері таққан Ақ орамалдың  киесі  жайында кеңінен әңгімелеп, инабатты келін, ақ жаулықты ана болуға және жас  ұрпаққа  ақ  жол  тілеп, ақ батасын  беріп,  арнау  өлеңдерін  оқып  берді.

Толығырақ: БЕЙБІТШІЛІК – ӘЛЕМ ТІЛЕГІ

«Тамыры терең – мәдени мұра»

«Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев бастауымен құрылған. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Қазақстанның үлкен мәдени мұрасын, тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіруді, зерттеудегі бірыңғай жүйе қалыптастыруға бағытталған  бағдарлама  жасауды  бұйырды.

         «Мәдени мұра» бағдарламасының басты мақсаты – елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, қалпына келтіру және сақтау, тарихи-мәдени дәстүрлерді қайтару, шет елде Қазақстанның мәдени мұрасын үгіттеу болып табылады.

         Қазақ халқының дәстүрлі әуені – рухани мұраның ең бай қазынасы. Ғасырлар бойғы сынақтан өтіп, халық дарындылығы мен даналығын көрсете білген, үшінші мыңжылдықта ол ерекше тарихи маңызға, көркемдік те, мәдени  де  құндылыққа  ие  болды.

         Қазақ даласы ғасырлар бойы шабытты поэзиямен, орынды шешендікпен, жалынды күйлер және шын жүректен шыққан әндер мен өмір сүрген. Әуенмен қазақтың бүкіл өмірі байланысты – ол тойларда, салт-дәстүрлер мен ырымда, күнделікті еңбекте және басқа да  жерлерде айтылады. Қазақ халқы таңқаларлық музыкалық дарындылығымен ерекшеленеді, әр отбасында дерлік жақсы ән айтатын немесе халық аспаптарында дарынды ойнайтын ең болмағанда бір адам табылады. «Құдай әрбір  қазақты жаратқанда жүрегіне  күйдің  бір  бөлігін сіңірген» деп ата-бабаларымыз  бекер  айтпаған.

Толығырақ: «Тамыры терең – мәдени мұра»

АТ ТЕРГЕУ

Ат тергеу (дәстүр) – «Тентегім, сен теріс айтып жатырсың» (М.Әуезов)

   Халық дәстүрінде адамға құрмет көрсетудің жолдары көп. Соның бірі- тергеу. Ұлт дәстүрі бойынша әйелдер атасының, қайынаға, қайынсіңілісінің атын атамай өзіне лайықты ат қойып (мықты қайынаға), (бай атам) «би атам» жалқы бала, тентегім, еркем, әйел болса шебер шешей, ақ әже, сырғалым, шашбаулым, күлімкөз, деп атайды. Жеңгелер небір күлкілі аттар да қоя береді. Мысалы түр- түсіне қарап, тапалды сұңғақтым, жайбасарды жүйрігім дейді. Халық аузында мынандай да әңгімелер бар: Бір келіншек «Сарқыраманың ар жағында, сылдыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр» Білемені жанымаға жынып-жпнып тез келіңдер. Депті. Сөйтсе ол Өзенбай, Қамысбай, Қойлыбай, Қасқырбай, Қайрақбай, Пышақбай деген қайны, қайнағаларының аттарын алмай тұр екен. Жолаушылар су әкеле жатқан әйелден «Бұл кімнің ауылы?» деп эөн сұрапты. Сонда келіншек  «Өзіңде ғана бардай, өзгеде жоқтай атамның ауылы» депті. Сөйтсе бұл Көтібар ауылы екен. Міне, балалар, осындай дәстүр болған қазақта. Бұл өте жақсы дәстүр деп білемін.

Толығырақ: АТ ТЕРГЕУ

ҰЛТЫНА ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН ШЕБЕР

        Өмірде шын таланттарда  кемталанттар сықылды «мен ананы істегенмін!», «мен мынаны бүйткенмін!» деп кеуде соғып, масаттанып жүрмейді. Олар – «ақырын жүріп, анық бастың» нақ өзі. Олар – үндемей жүріп, ұлтына адал қызмет етіп жүрген жандар емес пе! Сондай шын таланттың бірегейі, қазақ елінің атын шет елдіктерге кеңінен танытып жүрген танымал қазақ суретшісі, зергер, қолөнер шебері Баширов Сержан Маратұлы. Ол  – Шығыс Қазақстан облысының тумасы. 

      Сержан сонау ықылым заманнан қазақтың алтын бесігі  болып саналатын, қойнауы – құт, пайдалы қазба байлықтары мен алтын кеніне толы Отүкеннің Тарбағатай ауданына қарасты Ақжар ауылында 1964 жылдың 29 тамызында дүниеге келген.

        1984 жылы Алматыдағы Гоголь атындағы көркем сурет училищесін, ал 1991 жылы Алматы мемлекеттік театр және көркем сурет институтын тамамдаған. Қазақстанның суретшілер Одағының мүшесі, «ЮНЕСКО сапа белгісі» сыйлығының иегері.

Қазақтың тұрмыс-тіршілігімен қатар ұлттық құндылықтарын өнерге арқау етіп, оларға «жан» бітіріп, сөйлеткен шебер Сержан Маратұлы өзінің авторлық жұмыстарының арқасында қазақтың көк туын желбіретіп Франция, Германия, Қытай мемлекеттерінде өткен әлемдегі ең ірі көрмелерге қатысқан.

Сержан Маратұлын тұтас жаһан халқы зергерлік өнер әлеміндегі өзіндік қолтаңбасы бар, өз елінің ұлттық ерекшелігін ұлықтап жүрген азамат деп танып, құрмет тұтады. Бұл сөзімізді ғаламтор желісіндегі оның шығармашылық жұмыстары, көрмелері дәлелдейді. 

Толығырақ: ҰЛТЫНА ҚЫЗМЕТ ЕТКЕН ШЕБЕР

Қылқалам шеберінің көрмесі өтті

Жуырда Шығыс Қазақстан өнер музейі Қазақстан Суретшілер одағының мүшесіЕржан Тұрғанбаевтың жеке көрмесін ашты.Әртүрлі жанрлы, әр қырлы стильдегі «Параллельдер» аталған экспозиция көрермендер назарына бүгінгі облыс суретшілерінің ең бір дарынды қылқалам шеберінің 126 туындыдан тұратын графикасы менкескіндемелік шығармаларын ұсынды.

 Бейнелеу өнеріндегі ұрпақтар алмасуы елеусіз өтіп отырады. Қазір біз аймағымыздағы суретшілердің жаңа ұрпағының қалыптасу кезеңіне куә болып отырмыз. Олар әлемге үздік европалық және отандық шеберлер тәжірибесінің аралық әсері арқылы қарайды. Олардың көзқарасы еркін және көпқырлы. Кейде оларда бір емес, бірнеше көз бар сияқты болады. Олар аса кең ауқымды сезімдерді түгел қамти алады. Олар үшін стиль мен кескіндемелік техника – автордың алдына қойған міндеттеріне байланысты өзгеріп отыратын өзіндік көркемсуреттік құрал. Бүгін көрерменге осындай ерекше көзқарасы бар суретші таныстырылды. «Параллельлер» көрмесіндезаманауи кескіндеме өнерінің барлық жанры қамтылған.Суретші 1971 жылы Марқакөл (қазір – Күршім) ауданының Боран ауылында туған. Сондықтан да шебердің еңбектерінде Марқакөл пейзаждары молынан көрініс тапқан. Соншалықты сүйіспеншілікпен салынған ауылдастар үйлерінің аса жайлы да ерекше сәнді ішкі көріністері. Классикалық  натюрморттар. Күннің шуағы мен көк желек аясындағы замандастар портреттері – импрессионистер полотнолары сияқты.

Толығырақ: Қылқалам шеберінің көрмесі өтті

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30