Шебердің қолы ортақ...

       Қадірлі оқырман, Сіздердің назарларыңызға ағаштан ою ойып, ой түйе білген қолөнер шеберлерінің еңбектерін ұсынуды жөн санадық. "Дәстүр" ұлттық-этнографиялық журналының редакциясы өңірлердегі қолөнер шеберлерімен байланыс орнатып, олардың шығармашылығын бұқараға жариялауды мақсат етіп отыр. Егерде Сіздерге шеберлердің жұмыстары ұнап жатса, редакциядан олардың байланыс құралдарын алып, хабарласуларыңызға болады.

        Қазақ үшін сонау ықылым заманнан қасиетті өлке болған - Қарқаралы қаласындағы жастар мен жасөспірімдерге ұлттық өнерімізді дәріптеп, жастарды шеберлікке баулып жүрген қолөнер шебері Жасұлан Қапиятұлының шығармашылығымен таныса отырыңыздар...

Толығырақ: Шебердің қолы ортақ...

Көрісу ─ татулықтың ошағы


Көрісу − ынтымақ пен берекенің,   татулық пен тағылымның көрінісі іспетті. Бұл күн − «пенденің аузы аққа, мал аузы көкке тиді» деп адамның адаммен, жылдың жылмен көрісетін күні. Бұл күннің тағы бір ерекшелігі бар. Көрісу күні бұрын-соңды бір-біріне өкпе-назы бар ағайын-туыс араздастықты жойып, татуласып, табысады. Төс қағыстырып, мал-жанының амандығын сұрасып, қыстан аман-есен шыққандықтарына тәубе келтіреді. "Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар, ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар" дейтін баба нақылы осыдан қалса керек. "Көрісу" дәстүрі қазақтың барлық жерінде болған, тек бертін келе отаршыл саясат дәстүрлі салтымызды халық жадынан ұмыттыруға тырысқан. Бірақ батыс аймақтарда бұл дәстүр маңызын жойған емес. ХХ ғасырда ел шұбырған аумалы-төкпелi заманда сан қазына түбiрiмен құрып, ұмытылып кеткені шындық. Көшпелі елдің көшін түзеп, ағайын араздығын жоятын бұл мерекенің мән-мағынасын кейінгі ұрпаққа ұғындыру − өнегелі істің арқауы болмақ. Күллі қазақтың төл мейрамына айналса деген ақжарма тілекпен  "көрісу" жайлы пікірлерді ұсынамыз.

                     "Алматыдағы Наурыз.2015ж."                                                                                                                                                                                                                                                         

Толығырақ: Көрісу ─ татулықтың ошағы

Егер әйел адам жалаңаштана бастаса, ұлттың жаны жалаңаштана бастайды..

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                   

Баяғының адамдарын жұрт «көне­нің көзі», «ақылдың сарқыты» деп әспеттеп отыр­маушы ма еді?! Әрі солар­дың айтқан ғибратты, өнегелі әңгі­мелері ауыздан-ауызға тарап, тағылымымен бүкіл ауылды, одан ары бір өңірді тәр­биелеп кете баратын. Осы ретте сол бір жақсы қасиетті, ізгі дүниені ел жадында қайта жаңғырту үшін халық сыйлаған, көп қадірлеген тұлға­ларымыздың жан сарайына үңіліп көруді жөн санадық. Сөйттік те, бүгінде жасы жетпістің сегізіне келген аузы дуалы, көкірегі қазыналы қартымыз, Халық әртісі Асанәлі ӘШІМОВКЕ қолқа салған едік.ан-ауызға тарап, тағылымымен бүкіл ауылды, одан ары бір өңірді тәр­биелеп кете баратын. Осы ретте сол бір жақсы қасиетті, ізгі дүниеың сарқыты» деп әспеттеп отыр­маушы ма еді?! Әрі солар­дың айтқан ғибратты, өнегелі әңгі­мелері ауыз

 Асанәлі ӘШІМҰЛЫ, КСРО және Қазақстан Халық әртісі, «Парасат» орденінің иегері: 

 – Бұларың жөн, қарағым. Үл­кен­нен өнеге қалмаса, сол үл­кеннің несі қазына?! Осындайда әкең мен ше­шең жайлы, солардың ғибрат қып, өнеге етіп айтқан ұлы әңгімелері жай­лы шекең тершіп айтқанға не жетсін?! Өкінішке орай, мен әкемнен төрт жасымда айырыл­ған адаммын. Сұм соғыс бізді әкесіз, балалықсыз өсуге мәж­бүр­леді. Бүгін айтсам, біреу нанар, біреу нанбас: тұп-тура төрт жасымнан бастап еңбекке же­гіл­дім. Бұғана түгілі буыны толық бекімеген мен үшін бұл да оңай қиыншылық болған жоқ. Сондықтан да риясыз ба­ла­лықтың таңнан кешке дейін тынымсыз шапқылататын ой­ны­нан емес, кәдімгі «еңбек ада­мы» атанып, Ананың тәрбие­сінде өскен­діктен біз ерте есей­дік.

Толығырақ: Егер әйел адам жалаңаштана бастаса, ұлттың жаны жалаңаштана бастайды..

"Бәрінен де сен сұлу"

...Әділхан Мәліктің ерекше қамтыған ауқымды тақырыбы - Әйел бейнесі.Жаймашуақ көктемнің күнінде "жаз гүліндей жайнаған" Алаштың қара көз арулары суретшінің қаламына келгенде жаңа шыққан бәйшешектей құлпыратыны бар.Қыз-келіншектерге арналған "Бәрінен де сен сұлу.." атты көрмесінен әйел-аналарымызды көктемгі мерекесімен құттықтай отыра, бір топ көркем суретін назарларыңызға ұсынамыз.

 

Толығырақ: "Бәрінен де сен сұлу"

БАРДЫ БАҒАЛАУАРДЫҢ ІСІ

2014 жылдың шілде айының 2-сі күні ресми түрде Астана қаласында әлемдік өркениетті елдердегі айтулы музейлермен терезесі тең Ұлттық музейіміз ашылды. Жалпы көлемі 74 мың шаршы метрді құраған Ұлттық стратегиялық маңызы бар нысан еліміздің сонау көне заманнан бастап, бүгінгі күнге дейінгі тарихи-мәдени жәдігерлерімізді сақтайтын 12 залды қамтиды. Аталмыш нысанның басшысы Дархан Қамзабекұлы Мыңбай мырзаның "Дәстүр" журналы үшін арнайы берген сұхбатын оқырман назарына ұсынып отырмыз.

– Дархан Қамзабекұлы, алдымен өзіңіздің еңбек жолыңызды қалай бастағаныңыз жайлы қысқаша айтып берсеңіз?
– Туған жерім Оңтүстік Қазақстан облысы. Мәскеудегі М.В Ломоносов атындағы мемлекеттік университетінде білім алдым. Негізгі мамандығы

Толығырақ: БАРДЫ БАҒАЛАУАРДЫҢ ІСІ

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30