АДАЛБАҚАН

Қазақтың күнделікті тұрмыста қолданылатын ас, сусындарын сақтайтын ыдыс – аяқтарының атаулары, тағам мен сусынның адалдығына, құндылығы мен қадір-қасиетіне байланысты айтылады. Мысалы: асадал, адалбақан, астау тағы басқалар. Адал сөзі астың, сусынның, тағамның, дәмнің адалдығын араб-ислам тілімен айтқанда «халал» деген мағынасын білдіретін демек ол ас адал, жылы-жұмсақты, т

Толығырақ: АДАЛБАҚАН

Ел тарихы — менің тарихым....

Қазақ хандығы – қазақтардың төл мемлекеті. Мемлекеті бар халық – бақытты халық. Мемлекеті жоқ халықтың территориясы, экономикасы, тілі, діні, мәдениеті мен рухани өмірі болмайды. Тіпті, ондай халықтың болашағы да бұлыңғыр. Сондықтан, биылғы «Қазақ хандығының 550 жылдығы» – мемлекеттік мейрам, Қазақ мемлекетін ұлықтайтын мереке. Сондықтан бүгіннен бастап мемлекетшіл бағыттағы идеяларды насихаттап, жастарды патриоттық тәрбиеге баулуымыз қажет.
Елбасының өзі «Ғасырлар тоғысында» деген еңбегінде «Қазақ хандығы – бүкіл Орталық Азиядағы ең алғашқы құрылған ұлттық сипаттағы мемлекет» деп атап айтқан болатын. Қазіргі күнде Қазақстан

Толығырақ: Ел тарихы — менің тарихым....

НАУРЫЗ КӨЖЕ


Наурыз мейрамының айшықты белгісі, киелі асы «Наурыз көженің» адамзаттың материалдық емес, Мәдени мұрасының көрнекті тізіміне және ЮНЕСКО-ның жедел қорғау тізіміне енуі, 2013 жылдың елеулі оқиғаларының бірі болды.
Сөз жоқ Наурыз мейрамының мәнін ашып, мағынасын келтіретін маңызды ас – «Наурыз көже». Бұл – Ұлыстың Ұлы күнінің киелі асы. Сондықтан көне заманнан бері наурыз көже Ұлыстың Ұлы күніне арналып дайындалатын, Наурыз мейрамының айшықты белгісі, ұлыс асы болып келді. Қазіргі тойланып жүрген жаңа жылды шырша ағашынсыз елестету мүмкін бомайтыны с

ияқты Наурыз мейрамын наурыз көжесіз қабылдау мүмкін емес. Ал ежелгі жыл басы Наурыз мейрамын ұлықтауға бағытталған "Президент көжесі" іс-шарасын өткізетін үрдіс қалыптастырса мерекенің халықаралық мәні ашыла түсер еді. Бүл наурыз көжесін – Президент көжесі деп атау емес. 

Әлем елдерінде жаңа жыл мейрамы

Толығырақ: НАУРЫЗ КӨЖЕ

Наурыз — қазақтың төл мерекесі

Навроз – бұл парсы тілінен алғанда мағынасы нав – жаңа, роз – күн болып шығады екен. Демек жаңа күн деген мағынада. Қазіргі тарихшылардың біразы наурыздың шығу төркінін парсы жұртынан тараған дегенді алға тартады. Бұл қате пікір. Ал, біздің айтпағымыз ежелгі сақтардан бастау алады. Ендеше, өз пікірімізді ортаға салып көрелік. Наурыз қос сөзден тұрады, алғашқы нау – деген не мағана береді? Қазақта науа – деген сөз бар. Оның мағанасы науадай құйылды, науа болып тасып келіп жатыр. Бұл деген зор молшылық, рыс деген мағынада. Ал, екінші сөзіміз «рыс» оның бастапқыда рыс, бертін рыз болып аталуы мүмкін. Рызық – нәсіп мағынасында, сонымен наурыз - мол-рыс, нәсіп мағынасында болып шығады. Ақ мол болсын, рыс мол болсын деп наурыз күні жұрт бір – біріне тілек айтып көрісуі осыдан.

Толығырақ: Наурыз — қазақтың төл мерекесі

«ЕГЕМЕН ЕЛІМІЗДЕГІ ӘР ШАҢЫРАҚТЫҢ ТҮТІНІ ТҮЗУ ШЫҚСЫН…» асыл Ана Дәмеш Есенжолқызы осылай толғайды

Ана – аңыз-әңгімелерге, өлмес-өшпес жыр жолдарына үздіксіз арқау болып келе жатқан асыл бейне. Хауа Ана есімі қасиетті кітаптарға түскен. Хәууа – көне еврей және араб тілдерінде “өмір бастауы”, “әнам” – парсыша (кітаби) адамдар, адамзат, қарапайым жандар деген ұғымды білдіреді.
Тарихи-деректемелік еңбектерде қазақ ішіндегі қасиетті Аналардың ел басқару ісіне араласып, кейде олардың есімімен тұтас ру-тайпалардың аталу фактілері көп кездеседі. Мысалы Енең (шын аты Бөкей), Домалақ-енең (Албан-Суан, Дулат руларын кейде осылай атайды), Қызай (Найман), Дәулетбике, Алтын, Мәукеш, Айбике, Нұрбике, Ұлдай, Жезбике, Нәнжіл т.б. аяулы аналардың есімдері ру атына айналған.
Адуын би, азулы хандардың өзі ел Аналарының айтқан ақылына құлақ асып отырған. Халқымыз қара жерді – Жер-Ана деп құрметтеп, туған тілін – Ана тілі деп әспеттеген.
Адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дарыған. Адамның жарық дүниедегі ең жақыны, ең жанашары, қадірлісі, қамқоршысы – Ана.

Ақ сүтін беріп аялайтын, баласы үшін жанын да аямайтын ардақты да абзал жан – Ана! Кез-келген адамның барлық қастерлі қасиеттері, ең алдымен әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер алдымен анадан тарайды.
Мен сұхбаттасқан кейіпкер де осындай алтын құрсақ қазақ анасы – Дәмеш Есенжолқызы. «Сырлы аяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді» дегендей, бидай өңі,   мейірім мен нұрға толы жанары, сұңғақ бойы көркемдік келбетін сақтап тұр. 

«Алып анадан туады», – дейді бабаларымыз, хан да, батыр да, дана мен данышпан да анадан туған. Дәмеш апа – Әйелдер жөніндегі құрылымды басқарып жүрген Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықовадай айымды ұлтымызға сыйға тартқан асыл Ана. 

Абзал жанды әңгімеге

Толығырақ: «ЕГЕМЕН ЕЛІМІЗДЕГІ ӘР ШАҢЫРАҚТЫҢ ТҮТІНІ ТҮЗУ ШЫҚСЫН…» асыл Ана Дәмеш Есенжолқызы осылай толғайды

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30