Сүйінші!!!

Сүйінші!!! Қадірлі достар, республикалық ұлттық-этнографиялық «Дәстүр» журналының 2017 жылғы №1 саны жарық көрді.
«Дәстүрдің» бұл санында белгілі ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дәстүр» журналының бас редакторы Қасымхан Бегманов ағамыздың Жағда Бабалықұлының туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырған «Дәстүр: кеше, бүгін, ертең» атты үлкен жобасының аясында алынған сұхбаттары беріліп отыр. Салт-дәстүріміздің кешегі, бүгінгі және болашақта қалай болуы керек деген сұрақтарға этнографияны жан-жақты насихаттап, зерттеп жүрген ғалымдарымыздан бастап халық этнографтары да өз ойларымен бөліседі.

Толығырақ: Сүйінші!!!

Құттықтау

Қазақтың әдет-ғұрпы: маңызы, сипаты, тәрбиелік мәні

  Қасиетті қазақ халқының салт-дәстүрлері өте көп. Соның ішінде қазіргі жастар біле бермейтіндеріне қысқаша тоқталсақ. Ұлдың төбе шашын ұзарта өсіріп, моншақ араластыра өріп қою. Оның аты – айдар. Бұл ғұрып негізінен, тіл – көзден сақтау үшін ер балаларға жасалады. Кенесарының інісі Наурызбай батырдың ұзын айдары болғаны тарихтан белгілі. Ақсарбас атау. Адамдар қауіп-қатерге ұшырағанында «Аллаһ Тағала мені осы қиындықтан құтқара гөр! Ақсарбас!» деп құдайы атайтын болған. Мұндай жағдайда «Ақсарбас!» деп үш рет айқайлаған. Сосын қауіп-қатерден аман қалғанында әлгі адам ауыл айма ғын шақырып құдайы берген. Ақсарбасқа шалынатын малдар: бозқасқа (қой), көкқасқа (жылқы), қызыл-қасқа (сиыр). Адам ақсар-бас атағанда қай малын айтса, соны құдайыға союға тиіс. 

Толығырақ: Қазақтың әдет-ғұрпы: маңызы, сипаты, тәрбиелік мәні

Сүйінші! Өскемен мектептерінде ұлттық салт-дәстүр арнайы пән болып оқылады

Ұлтымыздың ұлт ретіндегі ең басты ерекшеліктерін танытатын «Қазақстан халқының салт-дәстүрлері» пәні оқу жоспарына енгізілмекші. Бұл пән әзірге тек Өскемен қаласының оқушыларына оқытылады, деп хабарлайды  Dasturkb.kz тілшісі Bag.kz порталына сілтеме жасай отырып:Бір қызығы облыс прокурорлары ұсынған пән алдымен екі бірдей мектепте , кейін жеті оқу орындарында енгізілмек."Біз осы курсты енгізер алдында сол сабақтардың барлығын зерттеп шықтық, сол сабақтардың тақырыптарын анықтап шықтық. Біздің өзіміздің анықтағанымыз өзін-өзі тану сабағын алатын болсақ, осы Қазақстан халқының салт-дәстүрлері тек қана 98 сағат көлемінде ғана беріледі екен" - дейді Шығыс Қазақстан облысы Білім беру басқармасының жетекшісі Айжан Садықова.

Толығырақ: Сүйінші! Өскемен мектептерінде ұлттық салт-дәстүр арнайы пән болып оқылады

Аманат

_

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30