АДАЛБАҚАН

Адалбақан — киім және т.б. үй мүліктерін ілуге арналған жабдық. Адалбақан көбінесе бұтағы көп балапан қайың мен шыршадан (самырсыннан) жасалады. Жас ағашты кесіп алып қабығын аршығаннан кейін, оның бұтақтарын түп жағынан бір сүйемдей қалдырып, ұшын кесіп тастайды, бұтақ түбірлерін бақанның жоғарғы ұшының бағытымен майыстырып иеді де, ұштарын қайыспен не мықты жіппен бақанның діңіне таңып, көлеңкеде кептіреді. Иілген бұтақтар жазылып кетпейтіндей болып әбден кеуіп қалыптасқан кезде таңғышты шешіп алып, оның ұштарын үшкірлеп жонып ілгек жасайды. Кейде адалбақанды бұтақсыз ағашқа басқа ағаштың бұтағын не болмаса бөкеннің мүйізін бекіту арқылы да жасайды. Адалбақан сәнді болу үшін шеберлер оның сыртын әр түрлі бояулармен өрнектеп сырлайды, бүршік бас алтын, күміс шегелермен нақыштайды.

Толығырақ: АДАЛБАҚАН

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

Құрметті «Дәстүр » журналының редакциясы!

Ел игілігі үшін атқарып  жатқан еңбектеріңіз жемісті болсын!
Атына заты сай «Дәстүр »  атты журналдарыңыз біздер, мұғалімдерге көп көмек көрсетуде. Әр аудан, облыстағы әріптестерімізбен өзара тәжірибе алмаса отырып щығармашылықпен, ізденіс жұмыстарымен айналысуға үлкен көмек көрсетіп отырсыздар.
Сол үшінде мен  өз мақаламды ұсынғалы отырмын.
Сіздерге   зор алғысымды білдіре отырып, оқырмандарыңыз көбеюін, кең таралымды басылым болуларыңызды тілеймін.

Тәрбиеден мақсұт – баланы  тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес,келешек өз заманына сай қылып шығару...
Әр тәрбиешінің қолданатын  жолы – ұлт тәрбиесі.

    Мағжан Жұмабаев

XXI ғасырдың  білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында азаматтық пен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін дәріптеуге, әлемдік және отандық мәдениет жетістіктерін оқып үйренуге тәрбиелеу.
 Еліміз білім мен ғылымның дамуына жете көңіл аударып, замана рухына сай келетін ұлттық білім үлгісін жасауды басты мақсат етіп отыр.
Еліміздің келешегі  бүгінгі жас ұрпақ қолында десек, сол ұрпақтың сапалы білім мен саналы тәрбие алуы «отбасы-мектеп-мемлекет» бірлігімен тығыз байланысты. Бүгінгі балдырғанның қоғамға лайықты азамат болып қалыптасуы отбасы мен мектептен алар білім мен тәрбиенің түп тамырында жатыр. Бұл ретте «тәрбие негізі қайдан алынуы керек?» деген сауалдың кезексіз орын алатыны даусыз. Әрине, қашанда бала тәрбиесі – қоғам, мемлекет алдындағы жауапты, күрделі міндет.
«Балаға білім беру үшін, ең алдымен оны тәрбиелеу керек, тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы»  / Әл- Фараби /.

Толығырақ: ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

Жоғалған "жылу"

«Жұрт малын жылулаған аясын ба?» (І. Жансүгіров)

Қазақ әу бастан-ақ жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған ел.Қолда болса қотандағы малын аямайтын ел атанғанымыз рас-тын.Соның бір айғағы "жылу" дәстүрі.Түрлі бақытсыздыққа тап болған,баспанасын су алған,өртке ұшыраған отбасыға, ауылдың әр шаңырағы "жылу" беріп көмек еткен. Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағында бір-бірінің қанатына су бүркіп, қолтығынан демеген баба салты бүгінге өнеге болмаққа керек.

Дәл қазіргі қыс мезгілінде қалтырап, тоңған кейбір шөміші барлар әр үйден "жылу" алып жүргені жасырын емес. Керісінше, қараша халыққа материалдық жылуымен қатар жүрек жылуын қоса берсе, баба дәстүрі ардақталып, елдің елдігі айқындалар еді.

Батырхан Сәрсенхан

Қонақ кәде

 

Қазақ – қонағын құдайындай сыйлайтын халық екені даусыз.

Қазақ осы – ашық жарқын қабағы,

Қонақ келсе шабылып бір қалады.

Байқа да тұр, саған да ол кетерде,

Ат мінгізіп, жібек шапан жабады, - дейді Қадыр ақын.

Рас, төлтума салттың сонау бағзы кезеңнен бастау алғаны белгілі. «Қонақ келсе шабылып» қалатын Алаштың жаюлы дастарханы қашанда көл-көсір. Бір нәрсені ескере кеткен абзал. Қазақ үйде тұрған етті «өлі ет» деп санаған. Келген қонаққа жаңа сайыс жасап, бұрқыраған еттің пісуін күтіп, ән-жырлар шырқалған. «Қонақ кәде» салты – өзі айтып тұрғандай қонақтан кәде, яғни өнерін сұрап салынатын қолқа сынды дүние. Әрине, «әу» демейтін қазақ жоқ. ортаға ән-жырын айтып, немесе білек күшін көрсеткен талант иелеріне шаңырақтың құрметі арта түскен. «Киіміне қарап қарсы алып, ақылына қарап шығарып салу» осыдан туса керек-ті. Алаштың аймаңдай жазушысы Қабдеш Жұмаділовтың «Таңғажайып дүние» романында, қонақ кәде салты хақында мынадай қызықты дерек бар: Қонақ кәдесін өтемегендерді «аспаққа асамыз» деп сүйрелеудің өзі бір қызық. Төбедей жуан мәтшаға өткізілетін арқанның бір ұшын аяғына шалып жіберіп, жоғары қарай тарта бастағанда-ақ, жаңа ғана тәлімсіп отырған қонағың «ағатай айтамын» дегенге келеді. Түк білмейтіндері айғыр боп кісінеп, әтеш боп шақырады. Осыдан кейін ертегі не қисса жаттамай көр! Үйіне келген қонақты құдайындай күтетін қазекең «қонақ кәдеге» келгенде осылай қатал болушы еді...

Толығырақ: "Дәстүр" журналының жаңа санынан оқи аласыздар.

 

Сыйлы қонаққа бас тарту

Қазақ халқының дүниетанымында төрт түліктің орны ерекше сипатталады. Малын жанынан кем бағаламаған бабаларымыз төрт түлігін дала төсіне өргізіп, ғасырдан-ғасыр аралатып, көшпелі ғұмыр кешкен. Халқымыз малының жайына, күтіміне аса мән берген. Дәстүр -салтында малға қатысты мол мұра қалыптасқан. Оның бастауын тереңнен тартқан. Төрт түлік төліне қатысты балаларға арналған ән-жыр, ертегі, мақал-мәтел, жұмбақ-жаңылтпаш, өзге де әдеби туындылар қалдырды. Төрт түліктің әрбірінің қадір-қасиетіне орай әрбір түліктің ерекшелігін айыруды жас ұрпақ бойына сіңірген. «Жылқы –малдың патшасы» деп желмен жарысқан Қамбар ата түлігіне, «түйе –малдың қасқасы» деп Ойсыл қараны әулие тұтқан. Қойдың еті, сүті, терісі мен сүйегі, жүніне дейін өңдеп, кәдеге жаратты. Ежелгі наным-сенімдерінде қошқарды жоғарғы әлеммен байланыстыра қарайды. 

Толығырақ: Сыйлы қонаққа бас тарту

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30