Тұсаукесер

Қазақтың ұлан-ғайыр жері айтса адам нанғысыз, көрсе көз тойғысыз салт-дәстүрге толы. Осынау ұлы даланы мекендеген көшпенді халықтардың ұстанған көне дәстүрі бүгінгі күні де өз жалғасын тауып келеді. Қаншама қиындықтар мен небір шапқыншылықтарды басынан кешірген қазақ халқы атадан жеткен салтына қашанда беріктік танытқан. Туған тілін тереңдеп білмесе де, баба салтын бүгінгі қазақ та мейлінше сақтап келеді. Заманның ығына орай түрлі өзгерістерге ұшыраса да, негізгі тегінен ажырай қойған жоқ. Сүйінші, шілдехана, сүндеттой, байғазы, беташар сияқты ұғымдардың мәнімен таныс емес қазақты кездестіру кемде-кем. Ендеше, бүгінгі айтарымыз қаз-қаз басқан сәбиіне арнап дүйім елді жиып той жасайтын қазақтың кеңдігі мен тұсаукесер жайында болмақ.


Толығырақ: Тұсаукесер

Қыз баланың тұрмыс құруына байланысты салт-дәстүрлер

"Қыз алар" (дәстүр). "Мырза ағаның "қыз аларын" беріңдер деп бір жеңгесі күле қарады" (А. Тоқмағанбетов). Ойын-тойда, мерекеде енді үйленетін жігітке әдейі тартылатын сыбағалы табақты "қыз алар" деп ырым етіп тартады. Сыбаға тартқан әйелге кәде беріледі. Бұл дәстүр еліміздің оңтүстік жағына кездеседі, орталық, солтүстік облыстарда жоқ десе де болады.

"Қыз кәде" (дәстүр). Бұл - әрі ұлттық дәстүрлі ойын-сауық. Ұрын келген күйеу мен қалыңдықты қыздың жақын әрі жанашыр туыстары өз үйіне шақырып "қыз кәдесін" алады. Әрине, бұл - "көрімдік", "қол ұстатар", "шаш сипатар" емес, кәдімгі көтерер әзіл-қалжыңға, ойын-сауыққа, өнер бәсекесіне арналған әдемі, жарасымды әрі сыпайы  кеш. Бұл ерекше кешке жақын ауылдардағы жастар, атап айтқанда қыз-келіншектер, боз-балалар мен жігіттер қатысады. Мұнда түрлі ұлттық ойындар, жұмбақ айтыс, жігіт пен қыз айтысы, жаңылтпаш, өнер салыстыру, қол тұзақ, күлдіргі әңгімелер мен қалжыңдар тағы да басқа сауық шаралары ұйымдастырылады. Аталған кеште әдептен асу, теріс мінез, дөрекі істер болмайды. Сырттан ағалардың бақылауы, іштегі жеңгелердің көз қыры жөнсіздікке жол бермейді.  Күйеу жүрген жер әрқашан ойын-күлкі, базарлы әрі ажарлы көрініс беретін болғандықтан жастар да бұл кешті барынша жақсы өткізуге күш салады.

Толығырақ: Қыз баланың тұрмыс құруына байланысты салт-дәстүрлер

Ұлттық салт-дәстүр халқымыздың рухани өзегі

Сыйлау мен құрмет тұтуды мақсат ететін ұлттық салт-дәстүріміздің қандай түрі болмасын халқымыздың тұрмыс-тіршілігіне, кәсібіне, наным-сеніміне, өмірге деген көзқарасына байланысты туып, қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, өзгеріп, жаңарып отырған. Осындай ерекшеліктерінен туындап қалыптасқан қасиеттері ұлтымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптары мен өнерін өмірге әкелді. Жеке адамды сыйлаудан бастап, тұтас халықты құрметтеуге дейінгі үлкен азаматтық ұғым - ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан ұлттық дүние танымның тарихи тәжірбиесінің жемісі.

Ұлт - дегеніміздің өзі адамдардың тарихи қалыптасқан жері тілі, діні, салт-дәстүрі, мәдениеті болып табылады.

Халқымыздың осындай ізгі дәстүрлі мәдениетіне, этнографиялық тұрмыс-тіршілігінің байлығына аса назар аударғандығын көптеген этнограф ғалымдардың, шетел зерттеушілерінің еңбектерінен де көруге болады. Адамдардың ұлттық салт-дәстүрін, оның қасиетін қастерлеу ең алдымен олардың бір-бірімен сыйласуынан басталатыны ақиқат. Мысалы: Жасы үлкен адамға "Армысыз ата, әже" - деп сәлемдесудің өзі өзгермейтін халқымыздың мәдени рәсімі. Бұл жердегі "Армысыз" сәлемін алушы жақ "Басыңыздан бақ кетпесін", "Мақсатыңа жет", "Бақытты бол қарағым", т.б. ұғымда жауап беріп, оны өзіне көрсеткен құрмет деп санайды.

Толығырақ: Ұлттық салт-дәстүр халқымыздың рухани өзегі

Ата дәстүрімізді ардақтайық

Киелі қазақ елі - сонау ата заманнан дәстүрін қастерлеп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан дана халық. Ұлан-ғайыр даланың заңдылығын сақтай отырып,  мәдениет пен ізгі қасиетке толы ата дәстүрімізді көздің қарашағындай сақтап келген. Өткерген қиын-қыстау кезеңдер мен жағдайларына қарамастан, бабалар өсиетін жадынан шығармаған.

Сүйінші, шілдехана, сүндеттой, байғазы, беташар сияқты ұғымдардың мәнімен таныс емес қазақты кездестіру кемде-кем. Қазақ елі  - қуанышын көпшілік жамағатпен бөлісе білетін, қайғыда бір-бірін қолдап, жетімін қаңғытпаған, жесірін жылатпаған қасиетті халық. Сондықтан біз - кішкентай қуанышына шашу шашып, жиған-тергенін тойға беретін пейілі кең, дархан халықтың ұрпағымыз. Ауыл туған-туыс, жекжат-жұрағатына ат шаптырып, атойлатып өткізетін тойдың бірі  - сүндеттой. Бұл тойға әсересе ұл баланың әжелері ерекше дайындалған. "Сүндетжейде" мен "сүндеткөрпе" тігіп, мәре-сәре болған. "Сүндетжейде" - сүндеттелген баланың жарасы жазылғанша киетін кең әрі ұзын етіп тігілген арнайы жейде. "Сүндеткөрпе" - жақсы тілек, ниеттерін айтып отырып, арнайы сүндеттойға тігілетін көрпе. Мұнда да үлкен тазалық пен әдептілік жатыр. Өйткені сүндеттелген бала таза әрі ыңғайлы өз көрпесінде жатады. Содан соң мұсылмандық рәсімді жүзеге асыру үшін, кез келген адам кірісе бермеген. Сүндетке жол-жорығын білетін, қолы жеңіл ауылыдың қожа молдалары отырғызылған. Бұрынырақта сыйлы қонақтардың әрқайсысына жеке үй тігіліп, палуан күрестіріп, жамбы ату секілді бәйгелер ұйымдастырылған.

Толығырақ: Ата дәстүрімізді ардақтайық

Асық ойындарын ажырата білесіз бе?

Ата дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа жалғасады. Санаға сіңіп, ұлттық намыс ойнатады. Қанға жылу, бойға қуат дарытады. Дәстүрдің де озығы бар, тозығы бар. Бірақ, озықтарын оттай лаулатып, санаға сіңіру тағы бір мәселе. Әсіресе, соңғы кездері ұмыт болып бара жатқан, ұлттық спортымыздың қатарына жатқызуға болатын асық ойыны туралы көп айтылып жүр. Десек те, ойынның көп қасиеттері мен ерекшеліктерін біз бұл күндері ұмытып бара жатқандаймыз. «Дәстүр» журналында асық туралы көп деректер де жазылды. Біз бұл жолы асық ойыны және оның түрлері жайлы арнайы тоқталып, сіздерге, құрметті оқырмандар, жиып-терген деректерімізді назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.

Асық ойыны– қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі. Асықты далада, алаңда ойнайды. Асық ойнап өскен бала мерген, өзгелерден ептілеу, зеректеу, табандырақ, шыдамды болып келеді.

Асық сойылған қойдың, арқардың, ешкінің, киіктің асықты жілігінен алынады. Оны шикідей де, піскен күйінде де сіңірінен тазалап, пайдалана береді. Шикі асық салмақты, берік келеді. Асықты кез келген жерге тастай салсаң, не тұра қалады, не жатады ғой. Тұрса– не алшы, не тәйке, не омпы тұрады да, жатса– не бүк, не шік жатады. Жолында омпы тұрған асықты көрген қазақ жолым болады екен деп, ырымдап сүйіп алып, сақтап жүрген. Өйткені асық омпысынан өте сирек тұрады.

Асықты жақ- жақ болып та, екі бала да ойнай береді. Екеуден- алтауға дейінгі балалар ойынды тез бітіреді және қызғылықты болады. Балалар тым көп болса, дау көбейіп мәнін жоғалтады.

 

Асықтың түрлері

Асық түрлеріне қарай сақа, кеней болып бөлінеді. Сақаға үлкен ірі қошқар, ісек асықтарының оңқайы алынады. Кеней деген қой, ешкі, киік, қозы-лақ асықтарының жалпы аты. Асықты тәйкесінен тұрғызып, өзіңе қаратып қойғанда, ұшы оң жаққа қарап тұрса– оңқай, солға қарап тұрса–солақай асық деп аталады.

«Арқар сақа» (Арқардың асығы).

«Айналсақ сақа» (Бүгі мен шігін айналдыра қорғасын белбеу құяды, ол сақа алшы мен тәйке ғана түседі).

Толығырақ: Асық ойындарын ажырата білесіз бе?

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30