Қазақтың сәлем беру және жол беру дәстүрі

Қазақ халқы салт-дәстүрге өте бай халық. Ананың ақ сүтімен, әкенің қанымен бойымызға сіңген салт-дәстүріміздің ғасырдан-ғасырға ұрпақтар көшімен бірге ілесіп, өз құндылығымен жоғалтпай келе жатқаны да тегін емес. Халқымыздың тарихы, салт-дәстүрі, мәдениеті мен әдебиетіне мемлекет тарапынан үнемі қолдау көрсетіліп отырады. Атап айтар болсақ, "Мәдени мұра" бағдарламасы халықтың үлкен мәдени мұрасын, оның ішінде заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін, ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру, ұлттық әдебиет пен жазбаның ғасырлар бойындағы тәжірбиесін жалпылауға, салт-дәстүріміздің бүгінгі заманға лайық өз орнын табуға үлес қосты.

Елбасымыздың биылғы жылғы жолдауында да бұл мәселе назардан тыс қалған жоқ. Мемлекеттік бағдарлама бойынша Қазақстанда тұратын барлық этностардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерінің еркін дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасалды. Мұның өзі елімізде тұратын барша ұлт өкілдерін татулық пен ынтымақтастықтың аясында өмір сүруге шақырса керек.

Халқымыз амандық сұрауға, сәлем беруге ерекше мән берген. Сол себептен ата-ана баланы жасынан үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге баулыған. Амандасудың, сәлем айтудың астарында адамдардың бір-біріне деген ыстық ықыласы, құрметі, сыйластығы жатыр.  Әр сөзді сәлемдесуден бастайтын халқымыздың осы бір жақсы қасиеті көпшілікті татулыққа, сыпайлыққа, мәдениеттілік пен парасаттылыққа үндейді. Құран Кәрімде: "Егер сіздерге біреу амандасса, сәлемін одан да асыра не дәл солай қабыл алыңыздар" делінген екен. Бұл да амандасудың адамгершілік сатысының бір биігі екенін көрсетсе керек.

Амандасу салт-дәстүрімізде ерекше орын алады. Жасы кішінің үлкенге, атты адамның жаяуға, келе жатқан адамның отырған кісіге амандасатыны ежелден келе жатқан салтымыз. Бұл мақаланы жазудағы мақсатым - сәлемдесу, алыстағы ағайынға сәлем айту, әйел адамның амандасу әдептіліктері, қазақтың үлкенге жол беру салты жайлы ой қозғай отырып, қазақтың осындай тамаша салт-дәстүрлері барын, адам баласының бір-біріне деген сый-құрметінің белгісі екенін көпшілік оқырманға жеткізе білу.

Толығырақ: Қазақтың сәлем беру және жол беру дәстүрі

Батамен ер көгерер

Елбасымыз биылғы Жолдауында: «Біздер, қазақстандықтар – бір халықпыз! Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы»  деп атап көрсетті. Сондай-ақ Жолдауда дін мен дәстүрге, мәдениетке де ерекше тоқталып өтті. Халқымыз бұл Жолдауды бірауыздан қолдап, «Мәңгілік Ел» болу идеясын жүзеге асыруды әрбір азамат өзіне артылған үлкен жауапкершілік деп түйді. Еліміз әлемдік аренада өзінің лайықты орнын алды. Салт-дәстүр мен әдет-ғұрпын да әлем халықтарына таныта отырып, ұлттық құндылықтарға қаншалықты бай халық екенін көрсетіп келеді. Елбасымыз айтқандай: «Қазақтың Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады». Олай болса салт-дәстүріміз де қазақ халқымен мәңгілік бірге жасай бермек.

Қазақ халқымен бірге жасап келе жатқан, тамаша салт-дәстүріміздің ішіне кіретін сөз өнерінің бірі – бата. Бұл дәстүр Шығыс халқында, соның ішінде қазақтарда кеңінен тараған. Бата беру – жақсы тілек тілеп, адал ниетті білдіру. Ақ бата адамға рухани қуат, күш сыйлайды да, халық жақсылққа сеніп, шаттық, ынтымақ, береке болады деп ырымдайды. Бата қандай жағдайда берілмесін адамды кісілікке, имандылыққа, мейірімділікке тәрбиелейді. Бата беруді дәстүрге айналдырған ата-бабамыз «жаңбырмен жер көгерер, батамен ел көгерер» деп кейінгі ұрпаққа ықылас білдіріп, тілек тілеуді ұмытпаған. Әдетте, бата беру ауылдың үлкендерінің, қадірлі қариялардың, атақты батырлардың, ақындарының, би-шешендерінің, ақсақалдарының, жолы үлкен адамдардың, құдайы қонақтың үлесіне тиген. Бата – арабшадан аударғанда «фатеке», мағынасы алғыс айту, ақ тілек тілеу. Қазақ баталары негізінен, намаздың соңында қол жайып айтылатын дұға. Батаның бірнеше түрлері  - қысқасы, ұзыны болады. Мұның бәрі бата берушінің ақыл-ой, парасатының деңгейіне, шешендігіне байланысты. Егерде сөздері қадірлі, әрі ақ ниетпен айтылса қысқа батаның да, ұзын батаның да қасиеті, құдіреті, күші бірдей. Батаның қабыл болуын тек жалғыз ғана  Жаратқаннан тілеген жөн.

Батаның түрлері

Ақ бата – шын жүректен шыққан ізгі тілек, Жаратқаннан мейірім-шапағат сұрау, ағайынның бір-біріне деген сүйіспеншілігін білдіру, береке-бірлікке шақыру, үлкен-кішінің жолын ашу. Ақ бата көбінесе жаңа туған нәрестеге, өмір жолын жаңа бастаған ұл-қызға, жас отауға, алыс жолға шығушыларға, үлкен істі қолға алушыларға, түрлі жақсылықтарға арнап жасалынған тойларға, аруақтарға арналған асқа, тасаттыққа, жиналған егін мен садақаға, құрбандыққа, Наурызға, Жаңа жылға, мүшел жасқа, ораза ұстағандарға, (Жарапазан бата) және ақ дастарханға беріледі.

Теріс бата - қарғыстың қатты, жазаның өте ауыр түрі. Теріс батаны ата-ана сенімін ақтамай, әулетін, ата-тегін масқаралаған, қолын, тілін тигізіп, дінін, тілін, Отанын сатқандарға, ауыр қылмыс, кешірілмес күнә жасаған баласына қолдарын теріс жайып бата берген. Батаның бұл түрі халық ішінде өте сирек қолданылады. Ата-анасының теріс батасын алғандарды ел ішінде, туған-туыс арасында жақтамаған, қыз беріп, қыз алыспаған, дос болмаған. Яғни, теріс бата ұрпақтан-ұрпаққа қара таңба болып қалған. Теріс батаны қайтару, қайтып алу үшін алқалы жұртты жинап, Алла тағаладн теріс батаны өзгерту сұралып, жалбарыну рәсімдері жасалынған. Тірі болса ата-анасы «Теріс батамды қайтарып алдым», - деп айтқан. «Жүйелі сөз жүйесін, жүйесіз сөз иесін табар» демекші, адамдардың қанша ашу мен ызаның үстінде отырса да, намыстанса да теріс бата беруге асықпағаны жөн.

Толығырақ: Батамен ер көгерер

Отау көтеру салттары

Қалың мал

«Қалың мал» (дәстүр, кәде). «Мен ат-тон айыбымен қалыңмалын қайтартпақшы болдым ғой» (С. Көбеев).Құда түсу рәсімі келісілген соң дала заңы бойынша күйеу жағы қалыңмал төлеуге тиіс. Бұл – қазақ қазақ  болғалы  бұлжымаған ежелгі дәстүр. Оның көлемі құдалардың дәрежесі мен дәулетіне байланысты екі жақ келісе отырып шешеді. «Бұрынғы кедейлер арасындағы қалыңмал 5-6 малмен тынса, ірі байлар арасындағы қалыңмал екі жүз,бес жүз, мың жылқыға дейін жеткен. Би мен байлар, хан мен төрелер арасында қалыңмал үстіне «бес жылқы» деп аталатын бес түйеге босып бір «жетім қыз» (күң), «аяқ жақсы» деп беретін үш түйеге қос бір «еркек жетім" (құл) бергені кейбір деректер арқылы белгілі. Қалыңмалдың «қырық жеті», «отыз жетінің бүтіні» «отыз жеті», отыз жетінің жартысы», «жақсылы отыз жеті», "жиырма жеті», «он жеті», «домалақ қалыңмал», «домалақ бата» сияқты түрлері болған. (ҚСЭ.6-том). Мұның сыртында тоймал, сүтақы, күйеу апаратын ілу, өлі-тіріге апаратын, тағы басқа көптеген бағалы кәде-жоралар да болады. Бұл Кеңес өкіметі кезінде қызды малға сату қара күйе жағылып келді. Ал шындығында қыздың жасауы қалыңмал көлемінен кем болмаған.  Демек, бұрынғы дала заңында бұл ескерілген сияқты.

Әрине, қалыңмал құдалардың дәулетіне байланысты болған.  Бұл істе әркім өз шама-шарқына қарай белгілеген.  Бұрынғы заманда қалыңмал байлық пен мырзалықтың дәрежесін әйгілейтін көріністің айғағы болғаны шындық. XIX ғасырдың алғашқы ширегінде Кіші жүзде Байсақал мен Орта жүзде Сапақ құда болған. Сонда Байсақалдың қызының «қалыңмалы» 500 жылқы болған.  300 жылқы - қара малы, 100 жылқы үйге кіргізер, 100 жылқы тоймалына кетіпті. (М.Ж. Көпеев).

Толығырақ: Отау көтеру салттары

Саналы ұрпақ –ертеңіміздің мәні

Бала - адамның бауыр еті. Сондықтан халықтық ортада ата-ананың, бүкіл елдің бақытын балаға, саналы ұрпаққа теңеген. Осыған орай қазақ халқында баланың дүниеге келуі мен өсуіне байланысты тәлім-тәрбие берудің жүйелі «мектебі» қалыптасқан. Негізінен, бала өмірінде алатын тәрбиенің көп бөлігін бес жасқа келгенше бойына сіңіріп алады екен. балаға ана құрсағына біткеннен бастап-ақ енесі ауылдың келіншектерін жинап «құрсақ шашу» тойын өткізген. Бойына бала біткен келіншек өзінің теріс мінездері болса өзін іштей тәрбиелеп, тек жақсы сөздер айтып, жақсылық істерді істегені абзал. Осы тұрғыда құрсағында баласы бар ана немен шұғылданса бала соған бейім келеді деп санаған.  Аяғы ауыр кезінде ән-жырға, сұлулыққа жаны құмар ананың баласы да өмірге ғашық, мейірімді болып өседі. Ал керісінше әркімді жамандап, әрнәрсеге ашуланып, әр істен мін іздеп жүретін келіншектің баласы қатыгез, тілазар, қайырымсыз болады деп топшалаған. Сондықтан бала дүние есігін ашпастан-ақ оның санасына халықтың ән-жырын, салт-дәстүрін  құйып отыру мақсатында аяғы ауыр әйел үнемі халықтың ән-жырын тыңдап жүргені абзал.

Толығырақ: Саналы ұрпақ –ертеңіміздің мәні

Қазақтың құйрық-бауыр асату салты

«Ұлың өссе – ер жеткені, қызың өссе – бой жеткені» деп білген халық ұл бала ер жетіп, қыз балиғатқа толғаннан соң, әр ата-ана «ұлын ұяға, қызын қияға қондыруды» өзіне парыз деп білген. Мұндағы «балиғаттық жас»деп қазақта қыз баланың 13-ке толғанын атаса, ұл баланы «ер жетті» деп танып, «он үш жас отау иесі» деген қағиданы ұстанған. Жасөспірімдік шақтың соңы 16-17 жасты белгілеген.

Халық исламдық шариғат ережелерін ұстанғандықтан үш нәрсені басты қағида: «қызың бой жетсе, тезірек ұзату, намазды уақытынан оздырмау, сонан соң қайтыс болған адамды арулап, ел-жұртымен қоштастырып, кешіктірмей жер қойнына тапсыру. Қалған асығыстың бәрі шайтанның ісі», - делінеді. Бұдан біз ата-бабаларымыздың ұлды ерте үйлендіріп, қызды да тезірек ұзатуды мақсат етуінде өзіндік сыр бар екенін ұғынамыз. Ата-ананың тілегі – ұрпағы өсіп, ел болса екен, шаңырағы биік боп, үй болса екен деген мақсат-мүддені анық  байқаймыз.

Толығырақ: Қазақтың құйрық-бауыр асату салты

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30