Бас тарту дәстүрі

Жылы жұмсағын қонағына сақтайтын қазақ халқы үшін, өзі баптап баққан адал малының өнімін азық ету жан сақтаудың амалы ғана емес, ар сақтау көрінісі де. Ұрпақ тәрбиесі – ұлтымыздың ежелден келе жатқан ұлы мақсаты. Сондықтан барлық әрекеттің, соның ішінде тамақтану мәселесінің тәлімдік астарына да үлкен мән берілген. Асты талғап жеп, малдың әр сүйегіне сый-құрметке сай мазмұн сыйғызып, қастерлеп-қасиеттеген, инабаттылық иірім ұялатқан.

 Қазақ халқы құрметтеген қонағына қойдың басын тартады. Мұндай кәде тек қазақта ғана бар. Қырғыздар да бас тартады, бірақ олар оны сыйлы қонағына емес, балаға береді.

Бас пен жамбас сүйек еш уақытта ажыратылмаған, екеуі бірге жүреді. Өйткені бастың өзін аяқпен жалғап көтеріп тұрған ең буынды жалпақ жілік – жамбас. Еті әрі қоңды, әрі жұмсақ.

Бастың құйқасын күйдіріп алмай үйітіп, қылшығын қалдырмай жуып, жігін қуалай айырып, кеңсірігін сілкіп, көзінің шелін ағызып, тісін қағып, бөлек қазанға суық суға салып асады. Тұзын татытып, қанды көбігін алып тастап, бүлкілдете қайнатып, құйқасын сылып алмай былбыратып пісіру – ас әзірлеушіден едәуір шеберлікті талап етеді. Жұмсақ болып, әрі тезірек пісу үшін сорпаға бір ас қасық су араласқан сірке суын немесе лимон шырынын, тіпті болмаса бір шай қасық ас содасын қосып жіберуге болады. Дұрыс піскен бастың құйқасының шырыны қолға жабыспайды.

Толығырақ: Бас тарту дәстүрі

Тарту-таралғы

Қазақ халқы сыйластықтың дәнекері – алыс-берістің өзіне ерекше мән беріп, сый-сияпаттың жол-жоралғысын жіктеп таратқан. «Алмасаң-бермесең жат боласың» деп кімнен, не үшін, қандай жағдайда алыс-беріс жасалатынын салт-дәстүріміздің шеңберіне еңгізіп қойған.

Ағайын-туыс, құда-жекжаттың арасын жақындастыра түсудегі жарасымды құрметтің белгісі – «тарту-таралғы»  деп аталады. Ел көргендей, ауыз толтырып айтатын белгілі бір адамға берілетін кәделі сыйлық – тарту, ал, көпшілікке сыяпат ретінде үлестіру – таралының жолы саналатын болу керек.  Әркім қал-қадірінше, әлеуметтік деңгейіне, шама-шарқына байланысты көрпесіне қарай көсіледі.

 «Бай мен бай құда болса арасында жорға жүреді, шаруа мен шаруа құда болса арасында дорба жүреді, кедей мен кедей жекжат болса шықпаған жаны зорға жүреді» деген осыған байланысты айтылса керек. Кейде бұған керағар түсініктер де туындайды. «Биік ағаштың түбіне барма, атақты байдың үйіне барма», немесе, «кедей – жомарт» деп те айтады. Мұндайда сыйға-сый, «алаған қолым- береген» мақалдары жиі айтылады. «Әркімнің сыйласқанның құлы екенін» дәлелдеп бағады.

 «Енші беру», «жасау жасау», бәсіре атау», "күміс салу», кимешек кигізу», "бәйге тігу», "ат міңгізіп, шапан жабу», "ат әбзелін сыйлау», "көгентүп» байлау, «жиен құрық» бөлу, «тана тағу», «қалау», «тарту», «шырға тастау», «селт еткізер», хұснихат», "сырға тағу», "байғазы беру», "жүзік кигізу»», киіт кигізу», «үш тоғыз», «кіндік кесер», т.б. ірілі-ұсақты жол-жоралар.

       Енді осы аталғандардың кейбіреулеріне қысқаша тоқталайық. 

  «Енші» - көне түркі тіліндегі «инчу», яғни, «мұра» деген мағынаны білдіреді. Балаларды ер жеткенде, жеке отау болып бөлініп шыққанда, ата-анасы жинап-тергеннің бір бөлігін атап береді.

Толығырақ: Тарту-таралғы

Салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың астарлары

Салт-дәстүр мен әдет-ғұрып қазақ халқының руханиятының негізгі, тұрмыстық-өмірмәнділік шарттары, тіпті қоғамда өзіндік бір әлеуметтік институт қызметін атқаратын көпқұрылымды жүйе десе де болады. Ол өмір сүруде байқап көру – қателесуді, кері кетуді, адасуды болдырмаудың құралы іспетті жазылып қойылған ережелер болған.  Сондықтан «ата-баба дәстүрі» деп құрметтеліп,  өзіндік бір сакральді сипатты да иеленген. Осы орайда, бүгінгі күні аса маңызды және өзекті мәселелердің бірі – оның кейбір элементтерінің ұмыт болуы және қайта жаңғырту қажеттілігі туралы болып отыр. 

     Салт-дәстүр мен әдет-ғұрып жүйесі шындап келгенде, тым көнеден тамыр тартқандықтан, сан мыңдаған жылғы өмірлік тәжірбиеден шыңдалып, қажеттілері мен қажетсіздері сұрыпталып, жүйеленіп бүгінгі күнге дейін сабақтасқан құрылым болғандықтан, оның элементтері мифологиялық, діни, дүниетанымдық т.б. жүйелерден бастау алады. Мысалы, оның діни құрамына келетін болсақ, көне түркілік дәуірдегі зорастризм, тәңіршілдік, шамандық, ата-баба аруағына табыну сияқты сенімдердің сарқыншақтары мен кейінгі ислам дінінің элементтерін тұтастандыратын  өзіндік бір өмірлік ережелерді жинақтағандығының куәсі боламыз. Сондықтан да, кейінгі ислам дінін жамылған жат пиғылды ағымдар оның басқа сенімдегі сарқыншақтарымен келісе бермейді, сөйтіп, ұлттық идеяның қарсыластарына айналады. Дегенмен, ол салттар жай ғана орындалуы тиіс құбылыстар емес, өзіндік астарлары терең мағыналы, тіпті практикада тиімді, оңды болып келетін құндылықтар жүйесін құрайтындығына аз ғана тоқталып өтпекпіз және бірнешеуін мысалға алып талдап көрсетпекпіз.

Толығырақ: Салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың астарлары

Қонақкәде жырлары

Қонақкәде жырлары – қазақ елінің тұрмыс-салтындағы қонақжайлыққа, меймандостыққа, жомарттыққа толы ұлттық мінез психологиясын айқындай түсетін ерекше шығармалар. Алыс жол жүріп келген бейтаныс қонақты ас-ауқат, тамақ беріп күткен үй иелері сол қазақтың құрметіне көршілерін, жақын ағайындарын да шақырады. Мақсат – қонақтың құрметіне ойын-сауық ұйымдастырып, ән айтып, күй тартып көңіл көтеру. Қонақтың өлең, ән айтуына тілек білдірудің аты – қонақкәде сұрау. Ақындардың қонақкәде жырлары – әзіл-қалжың араласқан көңілді, күлдіргі мазмұнды шығармалар. Мысалы, Қашаған Күржіманұлының «Қонақкәде жыры» атты өлеңінде өзін қадірлеп күткен ауыл адамдарына әзіл-қалжың айтыла отырып, ауылдың қыз-келіншектері, бозбалалары, қария аталары мадақталады. Мадақтау мен әзіл-қалжың араласа келіп, қонақтың атына да жем беруін сұрап жырлайды. Ақын қыздарды суреттегенде «Алтыннан құйған асықтай, күмістен құйған қасықтай», «Құбылған беті мақпалдай», «Солқылдаған жас талдай», «Тауда ойнаған бұлақтай», «Қастары қама құндыздай» деп бейнелей тұлғаландыра жырлайды. Бейнелілік-лирикалық кейіпкерлердің рухани келбеттерін психологиялық тұрғыдан ашатын көркемдік тәсіл. Өлеңде әйел аналардың құдіреті әсерлі сөздермен дәлелдене жырланады:

Толығырақ: Қонақкәде жырлары

Қызайлардың тұрмыс салтына қатысты этнографиялық жазбалар

(Абзал ана Бекзатхан Мұханқызының айтуы бойынша қағазға түсірілген салт-дәстүрлер баяны) 

«1975 жылы 9-ақпанның кешінде Алматы қаласының Алатау бөктеріндегі  «Алатау» совхозының Демиян Бедный көшесінде тұратын Қызай Қиятбек Бәкешов ағаның үйінде қонақта болдым.

 Өзім Қызай болсам да елімнің өткен-кеткені туралы білерім шамалы болғандықтан Жағда Бабалық ағаның айтуы бойынша сәлемдесіп таныса отырып ел әңгімелерінен естелік қалдыру мақсатымен келген болатынмын. Бекерге келмеген екенмін. Ол кісілердің білетіндері шынымен-ақ көп екен. Мен жазуға материал жинап дайындалып жүрген Әкпар батыр Есбосын ұлына қатысты сұрақтарыма Қиятбек ағадан тың мәліметтер алдым.

 Ал Қызайдың тұрмыс-салтымен дәстүрлі ғұрып-әдеттері жөніндегі сұрақтарыма Бекзатхан Мұханқызы Әбдірейімова өте жүйелі, тиянақты жауап берді: Шынымды айтсам осыған дейін осыншалық толық, жан-жақтылы, өмірлік мәліметтерге кезіге қоймағанымды сезіндім. Қарапайым қазақ әйелінің осыншама зерделі, есті, жүйелі білім-білігі барлығына таң қалдымда қағаз-қаламыма жармастым.

     Бекзатхан апай 1933 жылы Құлжа маңындағы  Шолақай елді мекеніне қанаттас Қызыл бұлақ деген жерде бай отбасында дүниеге келген. Руы «Төрт Қызай, төрт сама» аталған төрт атаның ең өскен Есенкелді бидің Солтанкелді руынан тарайтын жуан ауыл Көбес деп аталады.

Толығырақ: Қызайлардың тұрмыс салтына қатысты этнографиялық жазбалар

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30