Табиғатты аялау - ата салтымыз!

 Табиғат! Осы бір жүрекке жылы, көңілге көтеріңкі сезім сыйлайтын салиқалы да салмақты сөзде қаншама терең тұжырым, ұлағаты мол ұғым, мағыналы да мазмұны ауқымды ой жатыр десеңізші!

 Табиғат – барлық тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, алтын ұя- бесігі, бар байлықтың ырыс, қазынасы. Ал, адам үшін табиғат ең қасиетті де, қастерлі ұғым!  Өйткені адамның өзін дүниеге алып келген аяулы да ардақты Анасы, сондықтан да адамның табиғатты «Ана» деп құрметтеуінде де өте терең танымдық та, тағылымдық және тәрбиелік мәні зор ұғым жатыр.

 Туған жерді Анам демей не дейін,

 Туған жерді панам демей не дейін.

 Туған жермен асқақ менің ән-жырым,

 Туған жермен асқақ менің мерейім.

   (Жұбан Молдағалиев)

 «Табиғат – Ана», «Жер – Ана», «Отан – Ана» деген киелі сөздердегі «Ана» деген сөздің қосылып айтылуында зор мән бар, яғни бұл сөздер адамды дүниеге әкелуші, әрі оған өмір сыйлап, өз перзенттеріндей аялы алақанымен аялап, жүректегі ең ыстық ықыласы арқылы бүкіл мейірім шапағатын арнайтын аяулы да ардақты «Ана» деген ұғымды нақтылай түседі. Табиғат, Жер – Ана, туған жер, атамекен, ауылым деген жанға жайлы, сезіміңді сергітетін сөздер бір-бірімен үнемі үндесіп, құлаққа жағымды естілетін бір-бірімен мағыналас мазмұны бай сөздер.

 Белгілі ғалым, әрі жазушы Әсіп Сапабек ағамыз өзінің «Қазақ қасіреті» деп аталатын құнды еңбегінде «намысы жоқтың елі жетім, қорғаны жоқтың жері жетім»- деген халық даналығын келтіре отырып, нақтылы деректер арқылы қазақ жерінің қадір-қасиетін, оны қорғай білген данышпан бабаларымыз жайлы құнды деректерді көптеп келтірген. Әсіресе, біздің заманымызға дейінгі кезеңде өмір сүрген ғұндар ханы Мүде бабамыз өзіне көршілес ханның жер сұраған өтінішіне үзілді – кесілді қарсы шығып, туған жерге деген перзенттік сүйіспеншілігі кімді болса да ойландырмай қоймайды.

 Мүде хан көрші ханның өтінішіне орай, «Жерді беру деген не сұмдық. Жер дегенің елдің тірегі емес пе? Жерсіз ел бола ма?... жер ұрпаққа қалдырар жалғыз мұраң. Жерді беру – ұрпағыңды сол мұрадан айырып, ертең біреуге тәуелді ету. Жерден айырылу – елдігіңнен, ерлігіңнен, еркіңнен айырылу. Жерді беремін деу – ұрпақтың жауы! Қасиетті Жер – Ананы ел дұшпанына берейік дегендердің басы кесілсін! Қасиетті Жер – Ана үшін өлім ақ өлім! Жер берілмейді» - деген екен. Мұндай даналық ойды қазіргі кезде санамыздан тыс қалдыруға мүлде болмайды.

Бұрынғы ата-бабаларымыз Жер-Ананың, киелі судың қасиеттерін ерекше бағалай білген. Ертедегі Түрік қағандығының көрнекті мемлекет қайраткері, қолбасшысы, әрі ойшыл кемеңгері Тоныкөкке (646-731) орнатылған ескерткіште мынадай жазу бар:

 

                          «Тәңірі Ұмай, қасиетті Жер-Су,

                            Бізді қорғайды, ойлану керек».

 Мұндағы «Жер-Су бізді қорғайды»  деген сөздерде терең тұжырым бар. Халқымыздың сан ғасырлық өмірден түйген, көкірек көзінің сүзгісінен өткен даналық нақыл сөздерінің әрі дүниетанымдық, әрі тәрбиелік мәні зор. «Ханның қасында болғанша, бұлақтың басында бол» - деген өсиет нақылда мағынасы мазмұнды ұғым жатыр емес пе?!

 Ерте дәуірдегі түркі мемлекетінің көрнекті әскери қолбасшысы Күлтегін (684-731) өз елі мен жерін қорғауды ұрпақтарына өсиет етіп қалдырған. Белгілі ғалым әрі ақын Әдібай Табылдиев ағамыз «Күлтегіннің өсиеті» деген жыр жолдарында арғы бабаларымыздың ұлағаты мол аманатын былай деп жеткізген:

 

                                 ...Жер - ананың гүлзары боп орнаңдар,

                                 Ел - ананы басқыншыдан қорғаңдар.

                                 Халқын бай қып көркейтіңдер сақталсын,

                                 Алтын байлық өзен-көлдер, ормандар.

 Халқымыздың табиғатқа деген ерекше жанашырлық сезімі бұрынғы  ата – бабаларымыздың өмір өнегесінен де байқалады. Күллі түркі халқының данышпаны саналатын 10-ғасырда өмір сүрген Қорқыт атаның артына қалдырған мұраларында «асқар тауларың құламасын, саялы ағаш сынбасын, қанаттарың қырқылмасын» деген ұғымдар да, туған жеріңнің табиғатын аялай біліңдер деген аталы сөздер.

Табиғатты аялау, оған үнемі жанашырлық сезіммен қамқорлық жасап отыру ата-бабаларымыздың ұрпақтарына ұран етіп қалдырған аманаты екендігін ешқашан да естен шығармауға тиіспіз.Өз заманының өнегелі ойшылы, әрі ғұлама ғалым, әрі ерен емші Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы (1397-1492) бабамыз «Шипагерлік баян» атты энциклопедиялық еңбегінде «жетіге тиіспеу» - деп арнайы табиғаттағы «көктемде өсіп келе жатқан өскінге», «көктемде көбеймелі жорғамаларға», «көктемде көрінген жорғалағыштарға», «көктемде көзі ашылған шикілікке» (балапандарға Р.С.) тиіспеу керектігін ерекше атап көрсеткен. Сонымен бірге, «Қырық бірге жуыспау» деген ескертпесінде «ордалы суманға (жыланға Р.С.)», «қордалы қынамаға (құмырсқаға Р.С.)», «жалғыз ағашқа», «суықторғайға», «алдан өткен абаданға (қасқыр басқарушысына Р.С.)», «жаралы жыртқышқа», «обалы бар торшыға (өрмекшіге Р.С.)» және т.б. жұғыспау, яғни тиіспеу қажеттігін атап көрсетуінің мәні зор.

 Шығыс ойшылы көрнекті ақын Әбу-л-Қасым Фирдоуси (940-1020/30) «құмырсқаны баса көрме, оның аузында бала-шағасына апара жатқан титтей дәні бар, ол да бір кішкентай өмірдің иесі ғой, осы құмырсқадан үлгі алыңыз» - деуі кезкелген адамды ойландыратынына шүбә келтіруге болмайды. Бұл арада көрнекті жазушы Шерхан Мұртаза ағамыздың «Өз үйіңді қорлама» деген шағын тұжырым толғауы еріксіз ойға оралады:

        - Адам да құстар сияқты өмірбақи алып байтеректің бір бұтағын паналап тіршілік етеді. Сөйте тұра, сорлылар, сол өзі паналайтын бұтақты балталап шаба береді. Бұтақ құласа, өзі құлайтынын сезбейтін қандай мақұлық?!..

        Ойсыраған орны толмас бір кем дүние..

Қазақ халқының туған жерге, оның табиғатына деген ыстық ықыласы мен аялы алақанын, жүрек жылуын сөз еткенде біз ең алдымен даламыздың данышпан абызы Асан Қайғы Сәбитұлы (14 ғасырдың соңы 15 ғасырдың басы) бабамыз асқар таудай алыстан көрінеді. Сондықтан да, қазіргі кезде Асан Қайғы бабамызды қазақтан шыққан алғашқы «ел экологы» және «табиғат жанашыры» деп мақтануымызға болады. Оның желмаяға мініп алып «Жерұйықты» іздеуі, қазақ жерінің өзен-көлдеріне, кең байтақ даласына берген орынды бағасы осы күнге дейін өз құнын жойған жоқ. Бірде, көріпкел Асан Қайғы бабамыз Сыр өңіріндегі шөлді алқапты көзімен шолып тұрып, аңызақ желіне кеудесін айқара ашып былай деген екен:

Шөлге көшіп келесің,

Толығырақ: Табиғатты аялау - ата салтымыз!

Қазақтың қыз-келіншектерінің бас киім кию мәдениеті

Ерте заманнан бастау алатын киім кию дәстүрі бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатса да, ұлттық киім кию мәнеріміз, өзіндік бітім-болмысымызды айқындайтын өз киіміміз қандай болды?

Толығырақ: Қазақтың қыз-келіншектерінің бас киім кию мәдениеті

ҚАЗАҚ БАҚСЫЛАРЫНЫҢ РӘСІМДЕРІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЭТНО-ФОЛЬКЛОРЛЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

Сан ғасырлар бойы ұлан ғайыр даланы мекен еткен көшпелілер мәдениетінің қазіргі заман мәдениетіне тигізетін ықпалы зор. Көне дәуірдегі Еуразия даласындағы көшпелі жұрт өзара тайпалар құрып, біртұтас халықтың белгілерімен шоғырланған. Бұған дәлел ретінде ежелгі Тұран жерінде мекен еткен түркі халықтарын айта кетсек болады. Бұл халықтардың тілі, салт- дәстүрі,әдет-ғұрпы ортақ болған. Жалпы түркі халықтарының дүниетанымында Тәңіршілдікті тірек еткен. Тәңіріге жалбарынудың табы, табиғат құпияларын пір тұту, көк аспанды, жан-жануарларды: көк бөрі, көк төбет,бұғы, аққу, шыңырау құс, жылқы т.б. культке (тотемге) айналдыру жағдайы айрықша айқын аңғарылады. Сонымен көшпелілер Тәңірді көбінесе шексіз табиғат, көк аспан ұғымымен теңестіреді. Мысалға: күнге, айға, жұлдызға табыну, жерге, отқа сыйыну, аң мен құсты пір тұту, ең арғысы аспанмен астасқан көк түсті кие тұту қазақтардың наным-сенімінде күні бүгінге дейін сақталған.

Толығырақ: ҚАЗАҚ БАҚСЫЛАРЫНЫҢ РӘСІМДЕРІНДЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ЭТНО-ФОЛЬКЛОРЛЫҚ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

Құрсақ шашу

Ажардың бауыр-қолқасын бiрнәрсе улап барады. Ойы тас-талқан. Тамырына қан симай ұрғылағанда жанын қоярға жер таппайды. Көңiлi дал-дал. Күйеуiнiң өмiрден өткенiне екi айға жуықтап қалған. Он жыл отасқан отағасы үн-түнсiз, ұйықтап жатып жүрiп кеткен. Араларында бала болмаған, мүмкiн соны уайымдады ма өз құсасы өзiнде болып, жайшылықта көп ашыла бермейтiн.

Толығырақ: Құрсақ шашу

Асық ойындарын ажырата білесіз бе?

Ата дәстүр ұрпақтан-ұрпаққа жалғасады. Санаға сіңіп, ұлттық намыс ойнатады. Қанға жылу, бойға қуат дарытады. Дәстүрдің де озығы бар, тозығы бар. Бірақ, озықтарын оттай лаулатып, санаға сіңіру тағы бір мәселе. Әсіресе, соңғы кездері ұмыт болып бара жатқан, ұлттық спортымыздың қатарына жатқызуға болатын асық ойыны туралы көп айтылып жүр. Десек те, ойынның көп қасиеттері мен ерекшеліктерін біз бұл күндері ұмытып бара жатқандаймыз. «Дәстүр» журналында асық туралы көп деректер де жазылды. Біз бұл жолы асық ойыны және оның түрлері жайлы арнайы тоқталып, сіздерге, құрметті оқырмандар, жиып-терген деректерімізді назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.
Асық ойыны– қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі. Асықты далада, алаңда ойнайды. Асық ойнап өскен бала мерген, өзгелерден ептілеу, зеректеу, табандырақ, шыдамды болып келеді.

Толығырақ: Асық ойындарын ажырата білесіз бе?

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30