Балаға арналған дәстүрлер

Бесікке салу. Бесік - баланың ұйықтауына таза болуына өте жақсы. Бесікке ауылдың өнегелі, ел құрметіне бөленген бәйбішіге салғызады. Бесік жырын айта отырып бөлейді. Баланы бөлеген соң қарияға «бесік салу» құрметіне сыйлық беріледі.

Ат қою. Балаға ат қою – қазақта аса салтанатты жағдай. Әдемі, атақты, құрметті адамдардың атын қоюға тырысады. Сол атқа лайықты болуын қалайды. Атты сыйлы құрметті адамға қойғызады. Ат қойған адам сәбиге батасын береді. Ат қою кейде қандай жағдайда, жылдың қай мезгілінде келгеніне байланысты қойылады. Мысалы, наурыз айы болса Наурызбай, ораза уақыты болса – Ораз, Оразалы, айтта туса – Айтбай, Айтгүл, шөп шабу кезені болса - Шөптібай. Қыздар бірінен бірі келсе өмірге - Ұлтуған, Ұлболсын, Ұлмекен, Ұлжан артынан ұл келеді деген үмітте болады. Бүгінде құрметті адамдардың аттарын қояды: Бауыржан, Абай, Сәкен, Абылай, Фариза, Олжас т.б. Қазақта «ат қою» мен «ат тергеу» бар. Келін күйеу әкесін - «ата», інісін - «қайны», қарындасын - «қайнысіңілім», үлкен ағасы – «ағеке», «мырза қайнаға», «би атам», «еркем» т.б. деп атайды. «Ат тергеу» үлкен-кішіге де құрмет. Үлкендердің атын атау – құрметтің жоқтығы, әдепсіздік болады.

Қырқынан шығару. Қырық күн өткен соң баланы әйелдер суға түсіріп, шашын, тырнағын алады. Суға түсірген әйелдерге сый-құрмет көрсетіліп, рахмет айтады. Жиналған адамдарды дастарқанға шақырады. Қазақта  3,7,41 сандары ерекше қайырлы сандар деп есептеледі.

Асырап алу. Баласы жоқ адамдар ерлізайыпты біреуден бала асырап алады. Баланың әке-шешесінің келісімі бойынша. Болашақ ана балаға ат қойып, оның оң қолына асықты жілік ұстатады. Содан кейін жиналған адамдарға енді өзінің баласы екенін хабарлайды. Егер бала қайтыс болса, бұл сирек кездеседі, дұға оқығанда өзінің ата-анасының аты аталады.

Толығырақ: Балаға арналған дәстүрлер

Қазақтың ұлттық ойындары

Қазақ халқының салт-дәстүрінде ұлттық ойындардың орны ерекше. Ертеден келе жатқан ұлттық ойындарымыз бір кезде ұмыт болып,кейінгі жылдары қайта жаңғырып,ел арасында кеңінен таралып жүр.Ұлттық ойындарымыздың тәрбиелік мәні, оған қосымша рухани байлық пен денсаулық үшін пайдасы орасан зор. Соған байланысты оларды ата - бабаларымыз бірнеше топтарға жіктеген. Мысалы, ойын-сауық, тұрмыс-салт ойындары:ақ сүйек, сақина салу, тымпи, бастаңғы,ине жасырмақ, алтыбақан, тоғызқұмалақ, асық ойыны; жануарлар дүниесіне, аңшылыққа байланысты ойындар; көкпар, аударыспақ, қыз қуу, теңге ілу, алтын қабақ (жамбы ату),  асау үйрету; дене шынықтару спорт ойындары: күрес, мойын арқан және т.б болып бөлінеді. Ара жігін ажыратып көрсетсек олар мыналар:

Толығырақ: Қазақтың ұлттық ойындары

Қазақтың дәстүрлі тағамдары

Мұхамбедия Ахметов– медицина ғылымының кандидаты, профессор. Ол мектепті де, жоғарғы оқу орнын да орыс тілінде тәмәмдаған. Есімі әлемге әйгілі Чазовтың шәкірті болған. Аспирантураны бітіріп, ғылым кандидаттығын сол Мәскеуде қорғаған. Сонан кейін ол республикамыздың бірқатар қалаларында дәрігерлік қызметін адал атқарып, әріптестерінің алдында да, жұртшылық алдында да үлкен беделге ие болған. Мұхамбедия қаншама сыртта жүрсе де, қаншама орыстілділердің арасында болса да, ешуақытта өзінің ана тілінен ажырамаған. Қайта оны ғұмыр бойы, неғұрлым тереңдете білуге ұмтылумен келеді.

Толығырақ: Қазақтың дәстүрлі тағамдары

Қазақтың тұрмыс-салт жырлары

Үйлену салтына байланысты туған өлеңдермен қатар, қазақ арасына көп тараған өлең түрлерінің бірі – мұң-шер өлеңдері.

Адам өмірінде қуанышты оқиғалармен бірге қайғылы жағдайлардың да кездесіп отыруы – заңдылық. Қайғы-қасірет - әртүрлі. Ол жеке кісінің немесе, жалпы елдің, халықтың басына түскен ауыр жағдай болуы мүмкін. Халық өмірінің осындай сәттері де поэзия тілінде өрнектеліп отырған. Мұндай өлеңдер тобы қазақ фольклорында мұң-шер өлеңдері деген атпен аталынып жүр. Мұң-шер өлеңдерінің бірнеше түрлері бар. Оларға қоштасу, естірту, жоқтау өлеңдері жатады.

Толығырақ: Қазақтың тұрмыс-салт жырлары

ҚАЗАҚ ОРДАСЫНЫҢ ХАН САЙЛАУ ДӘСТҮРІ

Тарихы тым арыдан, көне Түрік заманынан басталып, Алтын ордаға ұласқан, одан қазақ ордасына жалғасқан мың жарым жылдық ұлы тарихымызда әлем халықтарының ежелгі замандардан бергі сайрап жатқан іздерінің, ұлағатты істерінің қатарынан орын алуға лайық, діңі мықты, белі бекем дәстүрлеріміз баршылық. Соның бірі – қазақ еліндегі далалық демократияның көріністері. Төменде Қазақ Ордасындағы хан сайлау дәстүрі және оның мән-мағынасы туралы жазылған жазушы, тарихшы М. Мағауииның мақаласын қысқартып, назарларыңызға ұсынбақпыз.

Толығырақ: ҚАЗАҚ ОРДАСЫНЫҢ ХАН САЙЛАУ ДӘСТҮРІ

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30