ҚАЗАҚТЫҢ ЖЕРЛЕУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖОСЫН-ЖОРАЛҒЫЛАРЫ

Салт-дәстүр

      Қазақ ауыз әдебиетінде Қорқыт туралы аңыз-әңгіме өте кең тараған. Мысалы, Қорқыт бір күні түсінде көр қазып жатқан кісілерді көріп, олардан көрдің өзіне қазылып жатқанын біледі. Оянған соң ол өлімнен қашып құтылмақ ниетімен, дүниенің төрт бұрышын аралайды. Бірақ барлық жерде өзіне көр қазып жатқан адамдарды көреді. Өлімнен қашып құтылмасына көзі жеткен Қорқыт, Сырдың бойындағы өзінің мекеніне кайтып келеді. Ажал тосыннан келіп қалмасын деген ол өзеннің ортасына кілем төсеп, өзі жасаған қобызды тартып, өмір сүре береді. Күндердің күнінде әбден калжыраған ол қалғып кетеді. Сол мезетте ажал жылан түрінде келіп, оны шағып өлтіреді. Бұл әдеби ескерткіш, адамның ажалмен айқасын көрсетеді. Сірә, қайда барсаң да «Қорқыттың көрі» деген сөз осыдан қалса керек. Көр - мүрдені немесе мәйітті жерлеуге арнайы қазылған шұңқыр. Көрді арабша «қабр» - қабір және «ләхд» көр қуысы, қабір, мола деп те атайды. Демек, қабір, лақат деген сөздер араб тілінен енген. Марқұм болған мүрдеге арналған көр, екі үйден тұрады: біріншісі сыртқы үй болса (тігінен қазылған көр шұңқыр), екіншісі ішкі үй (лақат немесе ақым), лақат – мүрдені немесе мәйітті жерлейтін көрдің ішкі үйі. Лақат қазу үшін алдымен кіндіктен биіктеу етіп тік шұңқыр (көр шұңқыр деп те аталады) қазылады да, кейіннен орта жанынан жармалап қазады. Қөр шұңқыр төртбұрышты ұзындығы шамамен 1,5x2,30 м, (ұзындығы жағынан солтүстіктен оңтүстікке), тереңдігі 1,5 м болып келеді. Лақат отырған адамның басы төбеге тимейтіндей етіп қазылады.

Толығырақ: ҚАЗАҚТЫҢ ЖЕРЛЕУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖОСЫН-ЖОРАЛҒЫЛАРЫ

Қазақ қыздары қалай киінген?

   Қыз – қызыл гүл бақшадағы,

Күн нұрымен құлпырар

Көрсе кенет әркім-дағы,

Гүлді алуға ұмтылар.

Қасым Аманжолов

Қазақтың ұлттық ұлттық киімдері – көшпелі заманның салт-дәстүрімен жалғасып келе жатқан қолөнердің аса бай қазыналарының бірі. Киім үлгілері халықтың этикалық, эстетикалық талғамын бейнелеумен қатар әдет-ғұрып, салт-дәстүрін, наным-сенімдері, ырым-тиымдары сияқты ұлттық құндылықтарымыздың бізге дейін келіп жеткен куәсі.

Толығырақ: Қазақ қыздары қалай киінген?

Ақ әженің әңгімесі немесе тасаттық жайлы не білеміз?

Ақ әженің әңгімесі немесе  тасаттық жайлы не білеміз?

 ...Көңге көмілген гауһардай ұлт жадынан  көмескіленіп бара жатқан көптеген көнекөз жәдігерлерімізді енді ғана ес жиып іздеп -тауып жатырмыз. Ұмытыла бастаған біраз қазақы дүниелер қалпына келе бастады.

 Кәсібімізге байланысты көбірек жолаушылаймыз, осындай сапарлар кезінде  сыммен құрсалған көне күбі, тас та болса, кетіле бастаған қол диірмен  немесе қазіргі аға ұрпақтың өзі сирек көретін ши мен шыптаны көрсем, олардың қасына ұзақ аялдаймын. Бедерінен кешегі күннің тылсым сырларын, ата- бабамыздың тұрмыс- тіршілігінің арқауларын тапқым келгендей,  үздіге үңілем. Айран пісіп, бидай тартқан, құрт сүзген  шешелеріміздің саусақтарының табы қалған дүниелердің біреудің  қорасында, біреудің үйінің іргесінде иесіз жатқан күйлері жанымды шабақтап-шабақтап өтеді. Суретке  түсіріп алам, әйтеуір.

Толығырақ: Ақ әженің әңгімесі немесе тасаттық жайлы не білеміз?

Киелі саналатын дәстүрлі ырымдардың бірі - тұмар тағу


  Күллі әлемнің  барлық халықтарында амулет- талисман деп аталса, қазақ халқында тұмар деп атаған.Тұмар өзінің мағыналық сипаты жағынан көз тимеу үшін, әсемдік үшін  және т.б. жағдайларда тағылады.Тұмар теріден тігілген  қалта, магиялық мағынасы жекелену, оңашалану, өзін елден ерек ұстау, өзгеше болып көріну сияқты мағыналарға саяды.

«Тұмар» сөзінің мағынасы ежелгі дәуірден -ақ, қандай да бір тайпа, елде болмасын өзіндік тарихи мәні болғандығы тарихтан белгілі. Алғашқы қауымдық құрылыс дәуірінде өмір сүргендер тотемизм кезеңінде аңдардың азу тістерін, тұяқтарын тізіп, моншақ сияқты тағып, қоршаған ортаның тылсым күштерінен қорғану мақсатында айбатты жануарлардың күш-қайраты өздеріне  беріледі деген  наным-сенімдер болған. Сақ заманында түр жағынан барынша өзгерген және өңделген күйде болса да, анимизм, тотемизм және магия сияқты ең ежелгі діни ұғымдар да сақталған. Археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу нәтижесінде қабірлерден  сақ дәуіріндегі  моншақ тастар, ұлу қабыршақтары табылған. Ерте темір дәуірінде сақ тайпалары тастан жасалған моншақтар мен теңіз жағалауларында кездесетін ұлу қабыршақтар тізбесін тұмар ретінде таққандығын аңғарамыз. Сондай-ақ рудың немесе тайпаның қайсібір мифтік хайуан- тегінен шығу туралы ұғым жануарлардың металдан жасалған мүсіндерінде бейнеленген. Шайқастарда желеп-жебейді, деп оның бейнесі қаруға салынған, жауға мінетін атты сақтасын деп жүгенге шегелеген.Сақтарға жақсы таныс жабайы аңдар бейнесіндегі киелі хайуандар туралы, олардың шапшандығын, ептілігін және көбіне киелі күшін мадақтайтын аңыздар шығарылған. Ал ортағасырларда қолөнер ісі дами келе қасиетті саналатын құстардың, жан-жануарлардың бейнелерін ағаштан, сүйектен, металдан жасап тұмар ретінде таққан. Ортағасырлық  Отырар қаласына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу барысында, ғалымдар құстың, жыланның басы, аққу, қаз және серке  бейнеленген тұмарлар тапқан.Сонымен қатар малдың асығы, құстың сүйектері,қасқырдың азу тісі, киіктің бақайы табылған.Қазақ халқының діни сенімінде тотемистік сенім болды және олардың әдет-ғұрпының қалыптасуында, тұрмысында жан-жақты рөл атқарды деп ойлауға негіз бар. Мысалы, ескі жыл есебіндегі 12 жануардың атымен байланысты атаулар мен әрқайсының иесі бар деп, ат қойып айдар таққан: Зеңгі баба, Ойсыл қара, Шопан ата және т.б. Жан-жануарларға байланысты аңыз-әңгімелер мен ертегілерде оларға байланысты көріністерді байқап, әр хайуанды ғажайып сиқырлы күші бар деп таныған тотемдік түсініктерді байқаймыз.Сонымен бірге, қазақ халқындағы тотемизмдік элементтерінің бір түрі «табу» болып табылады, яғни, бір нәрсеге тиым салу мағынасын білдіреді. Егер тотемдік түсініктерде жануарлар мен өсімдіктердің адамға қандас туыстық қатынасы бар деп түсіндірілетін болса, табуда кейбір жануарлар мен өсімдіктер «қасиетті» деп ұғынылып, олардың өз атын атауға тыйым салынған. Егер өз атын атаса, зиян келтіреді деп түсінген. Мысалы қасқырдың атын қасқыр демей «ит-құс», «ұзынқұлақ» сияқты атаулар берген. Өмірде болатын түрлі жағымды-жағымсыз құбылыстардың бәрі де тылсым күштер әрекетінің нәтижесі деп түсінгендіктен, олардың киесіне ұшырамас үшін әр түрлі жол-жоралғылар, қағидалар, құрбан шалу, көпшілік болып түрлі ырымдарды орындау қалыптасқан. Қазақ арасында «Сақтансаң сақтаймын» деген сөздің төркіні де өте тереңде жатыр. Мүмкіндігінше адамның сақтануға тиісті құбылыс-нысаналары: жын, пері,  шайтан, албасты,шешек, жалмауыз,тіл, сұқ, көз тию және т.б.

Ғалым- этнограф А. Сейдімбек: «Тәңірлік наным-сенімдегі әрісі – түркілер, бергісі – көшпелі қазақ үшін - күн, көк, от, су сияқты жер де киелі. «Қара жер» киелі жер деген мағынада. Байырғы көшпелілер тағатын тұмардың ішінде туған жердің бір шөкім топырағы болған. Тұмар сөзі байырғы түркі тілінде «тума иер» - «туған жер» деген сөздердің кірігуінен шыққан. Кейін ислам дінінің орнауына байланысты тұмардың ішіне дұға салып жазу дәстүрі қалыптасты», деген мәліметтер береді. VІІІ ғасырда Орта Азия және Қазақстанның оңтүстігіне ислам дінінің еніп, одан әрі тарауына  байланысты дін басылары сырқаттанған адамдарды кітап ашатын молда, ишандарға  барып қаралуын қатты қадағалады. Науқасқа емдейтін дұғаларды сиямен қағаз бетіне түсіріп, оны суға езіп ішуге немесе  үшбұрыштап тігілген терінің,матаның ішіне салып  бас киімге, кеудеге тұмар қылып тағып жүруге кеңес берді. Бұл кезде  көпшілік тұмарды  арабша дұға  жазылып, үшбұрышқа келтіріп бүктелген қағаз деген түсінік болды. Ал кейінірек дұға үшбұрышты және дөңгелене темірден (алтын, күміс,мыс,)жасалған қорапшаларға салынып, оны тұмар деп атаған. Бұдан қазақ даласында ислам дінінің кеңінен тарауы мен орнауына байланысты болжамды байқауға болады. Халық түсінігі бойынша, малдардың ауруы кей жағдайда көз тиюден болады деп есептелген. Көз тимеу үшін ботаға, түйеге, сиырға, жүйрік аттарға әр түрлі тұмарлар тағылған. Мысалға, ботаға үкі тағып, біраз уақыт жұрттан оңаша ұстап тұмар таққан. Ол тұмар – жіпке өткізілген қара дөңгелек тастар. Бөгде біреу ботаны көріп қалса «тіл-көзім тасқа» деп жерге түкірген. Егер олай етпесе үй иесі одан жаңағы сөзді айтып, жерге түкіруді талап еткен. Сүтті көп беретін сиырға да жеті қара тасты салып, үшбұрыштап тіккен тұмарлар тағып қою әдеті болған. Бұл  қазіргі кездегі жиі қолданысқа ие «тіл-көзім тасқа», «тілім тасқа тисін», «көзім тасқа түссін» деген тіркестердің шығу төркіні ретінде қарауға мүмкіндік береді.

«Ер қанаты – ат» деген, ата-бабамыз жылқыны өте қадірлегендігі белгілі. «Жүйрікке – тұмар» деген мақал осыны аңғартады. Ақын-жыраулар тілінде, әр түрлі жырларда тұлпарларға тұмар тағылатындығы жиі кездеседі, тұмарына қарап оның жай ат емес екендігін ажыратқан:

 Жүйріктің белгісі:

Бәйгеге қосқан тұмарлап,

Жігіттіктің белгісі

Бедеу мініп астына

Жиынға түскен бұлаңдап

Жүйрік аттарға тұмар ретінде мал сүйегі, киіздің қиындысынан жасалған тұмарлар тағылған.

Қазақтың байырғы түсінік ұғымы бойынша «тілім тасқа, сұғым суға, назарым назарға аусын», «тіл көзден сақтасын», «я, Алла тілден, сұқтан, қауіп – қатерден қағыс қыл», «назары аштың сұғынан сақта» тәрізді бата –тілектер көз тиюден сақтауға септігін тигізеді екен деседі

Киелі саналатын дәстүрлі ырымдардың бірі – тұмар тағу.Қазақ халқында «көз тию», «тіл тиюден» сақтау барысында тұмар таққан.Жас бала не жаңа туған төлді көз тиюден, ауру-сырқаудан сақтайды деген ұғыммен ішіне құран сөзі жазылған, үш бұрышты мата не былғарымен тысталған дұғалық қағазы бар тұмар таққан.Сондай -ақ  жас балалардың киіміне үкі, моншақ, есектас, сырға, білезік сияқты әшекей бұйымдар тағу да  тіл, көз тиюден сақтайды, деп есептелген. Мысалы қазақтар есектас деп аталатын тасты жас балалардың киіміне тұмар ретінде таққан. Ш.Уәлиханов кезінде ол туралы: «Қазақтар көзден және тілден сақтау үшін «есектас» деп аталатын тасты тағады. Олардың сенімінше, тас есектің қарнына жүреді, бірақ саудагерлер «есектас» деп, шыны сырымен сырланған көк қышты алдап сатады»,- деген  құнды этнографиялық мәліметтерді шығармаларында келтірген. 

Балаға көз тиген деп жорыса, кейде сумен емдеген. Ол үшін есіктің тұтқасын жуған сумен баланың екі алақанын және табанын жуады немесе даладан иттің бас сүйегін тауып алып, оны суға қайнатып, сол суға баланы шомылдырған. Суға қайнатқан иттің қу басын таза ақ шүберекке орап, жоғарыға іліп қояды.

Қазақ даласын зерттеуде үлес қосқан ғалым, А.Левшин: «Қырғыз немесе қырғыз әйелі өзімен бірге үш бұрышты өзін сақтайтын аяттар жазылған тұмар тағады. Ол адамды бақытсыздықтан сақтайды деп сенеді»,- деп өз зерттеулерінде жазған.

Қазақ халқы арасында ересек адамдарға қарағанда жас балалар мен қыз келіншектерге(соның ішінде сұлуларына) көз тигіш болады деп саналады.Халықтың мұндай байырғы ұғым-түсінігін қазіргі замандағы биофизикалық зерттеулер жоққа шығармайды.Биофизикалық зерттеулерге сүйенсек кез келген адамның денесін әртүрлі сыртқы зиянды әсерлерден сақтайтын биоэнергиялық қабы – биополясы немесе аурасы болады. Ересек денсаулығы мықты адамдардың аурасының диаметрі үлкен, ал нәрестелер мен қарттардың, аяғы ауыр жас келіншектердің аурасы жұқа болады. Сондықтан жаман аурасы  бар адамның көз сұғын басқа заттарға аудару үшін, тіл- көзінен қорғап қалады деп саналатын тұмар, үкі немесе зергерлік әшекей бұйымдар тағылады. Әшекей бұйымдардың өзі о баста түрлі пәле-жаладан, жаманшылықтан сақтаушы тұмар қызметін атқаратын  зат ретінде қалыптасты.

Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи кесенесі «Кітапхана» бөлмесінде «Сыр сақтаған тұмарлар» тақырыбында (2012ж.18.05-18.06)өткен көрмеде қазақ әйелдерінің зергерлік сәндік -әшекей бұйымдарының бірі тамаша үлгісі бойтұмар көрсетілді. Сәукелеге көз моншақ, үкі-аяқ, жыланбас тәрізді толып жатқан әшекейлер тағылған. Зергерлер тұмарды аса шеберлікпен жасаған оны неғұрлым әсем, көз тартарлық болуы кісінің назары бірден адамға емес әлгі зергердің жасаған бұйымына түсетіндей, яғни көз тиюден сақтау мақсатында пайдаланады. Негізінен қыз баланың әйелдердің әшекей көп тағынуы қыз болашақ ана, дүниеге ұрпақ әкелуші сол себептен киіміне, бас киіміне (сәукеле, тақия, орамал) көптеп әшекей бұйымдар тағынған. Тұмар тағу ертеден қалыптасқан шашы ұзын қыз келіншектер көз тимеу үшін шашпау, шашқап, шашқа арналған тұмарлар таққан. Жас түскен келіннің де шымылдығына әшекей заттар мен үкілі тұмар тағатын болған, бұл үрдіс бүгінгі күнімізге дейін жетіп отыр.Тарихқа көз жүгіртсек, біздің бабаларымыз тұмар тағудың ғасырлар бойы ғажап үлгісін жасаған. Мысалы: Хан ордасында – Орда тұмар, қала қақпаларында – қақпа тұмары, үйлерде – үйтұмар, батырларда – бойтұмар, арғымаққа – аттұмар, казіргі заманғы көрінісі- көлік тұмар, төрт түлікте – көзтұмар, үйленгенде – қостұмар, қыз ұзатса – жасаутұмар, сәбилі болса – бесік тұмар жастататын болған.Тұмар текемет пен киімдерде және кілемдер мен үй жиһаздарында көптеп кездеседі. Мұндағы ой да сыртқы тіл-көзден, пәле-жаладан сақтау мақсатында тұмар бейнесі салынады. Үйдің төргі бөлмесінде ілулі тұратын кілемнің нақ ортасына тұмардың бейнесі орналасуы да көз тимеу үшін жасалады. Тұмар тек ішіне аяттар ғана салып жүру емес, сонымен қатар, тұмар жан-жақты сипатта пайдаланылған.

Бүгінгі таңда заманның тоғысуымен болған ерекшеліктері мен өзгешеліктері себебінен тұмар сөзінің адам баласына да, жан-жануарға да, сонымен қатар жансыз заттарға да, басқа да тылсым құбылыстар мен күштерге  қатысты айтылады. Мысалы, тіл-көзден сақтану мақсатында жаңа жайға қоныстанғандардың қабырғаларға ілетін заттай тұмары, адам жанының аман болу мақсатында мойнына тағатын тұмары, алыс жолға шыққан кезінде өзімен ала жүретін тұмары (туған жер топырағы, не елін еске түсіретін киелі деп санаған бұйымы), мал басының сақтығы үшін тағылатын тұмары (сырға салу, қорғайды деп сенген қызыл түсті мата қиындысын кие тұтып малдың мойнына, не құйрығына байлайды) және тағы басқа да адам баласының өзіне қымбат, қадірлі дүниесін қорғау барысында жасалынатын жоралғы бойынша жасайтын тұмар түрлері кездеседі.

Гүлнәр  ҚОЗҒАМБАЕВА,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Археология, этнология және  музеология кафедрасының т.ғ.к., доцент 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1.     Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін).  – І том. – Алматы: Атамұра, – 1996. – 544 бет

2.     Төлеубаев А.Т. Реликты доисламских верований в семейной обрядности казахов. Алма –Ата: Ғылым, 1999.

3.     Ш.Уәлиханов  Таңдамалылары Алматы: Жазушы, 1985.

4.     Қазақ халқының дәстүрлері мен әдеп- ғұрыптары. – Алматы: Арыс, – 2005.І том. -75-93 беттер.

5.     Өмешұлы Ә. Көз тию туралы медицина не дейді? // Ұлт тағылымы №2. – 1999., -65-70 беттер.

6.     Шойбеков Р. Н. Қазақ зергерлік өнерінің сөздігі. – Алматы: Ғылым, 1991

Қанарбаева Б.Қазақтың наным –сенімдері. Алматы:Қағанат

Сағыныш сазы

Сағыныш сазы

Құрметті  редакция! Сіздердің журналдарыңыздың алыста жатқан бір оқырманымын. Төмендегі толғаныстарымды жолдау көптен арманым еді. Қабыл алуларыңызды өтінемін.

Тағдыр қосқан қосағым Бикен Мәумәкешқызы осыдан екі жыл бұрын ораза айының алғашқы күні ұзақ аурудан жарық дүниемен қоштасты. Қасиетті ораза кезінде бақиға көшкендер иманды болады дейді ғой. Аруақты атамекен Баян жерінде 1941 жылы дүниеге келіп, 67 жыл өмір кешкен менің Бикенім тек қана адамгершіліктің сара жолымен ғұмыр кешті. Жоғары білім алып, сауда орындарында қырық жылдай еңбек етті, мақтау-марапат, құрметке ие болды.

Толығырақ: Сағыныш сазы

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30