Ағаш өңдеу

«Шеберлердің қолында
Кәсіп болған бұл ағаш», – деп Қашаған жырау жырлағандай қазақ халқы өзіне қажетті бұйымын ағаштан ойып, қашап, жонып жасап алып отырған. Сонымен қатар, музыка аспаптары, ыдыс-аяқ, үй жиһаздарының көпшілігі ағаштан жасалатын болғандықтан, алдымен ағашқа тоқталып өткенді жөн көрдік.
Ағаш – өнеркәсіп құрылыстарының барлық түрінде, қоғамдық үйлер мен құрылыстар салуда қолданылады. Адам баласы жер бетінде пайда болған кезде ең алғаш тұтынған материалдардың бірі болып саналады. Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап өскен заманында біздің күнделікті өмірімізде ағаштың алатын орны зор, маңызды материал.
Қалтамыздағы сіріңкенің бір тал шырпысынан бастап, кең - байтақ еліміздің шартарабында жүріп жатқан алып құрылыстарда ағашсыз көп ісіміз ақсап жатқан болар еді.
Дүние жүзінің көптеген халықтары ағашты киелі санап, ағашқа табынған. Африка елдерінде ағашты құлатпастан бұрын ағаштың түбіне пальманың майын құяды екен.
Соңғы кездерге дейін тунгустар ағашты кескенде, ағаш ауырсынып жылайды - мыс деп сеніп келген.

Толығырақ: Ағаш өңдеу

Ер - тұрман

   

 Ата-кәсібімізге байланысты құрал-саймандарға халқымыз жай ғана еңбек-құралы деп емес, өнер туындысы ретінде де қараған. Шеберге тапсырыс берушілер ер-тұрман әбзелдерінің ешкімнің мүкіне ұқсамайтындай, мейлінше әдемі жасалуын қадағалаған. Қандай шебер болмасын тұтынушыларды көп тартуы үшін де, өзге шеберлердің алдына түсу үщін де бұйымдарын бар өнерін салып жасайды емес пе? Ер-тұрман әбзелдеріне байланысты осындай сұраныстардың молдығын ескере келе ер-тұрман бір кезде ата-бабаларымыздың мақтан тұтар бұйымына айналып бүгін де өзінің маңызын жоймағандығы, керісінше, қазіргі қол өнерімізде алатын орны ерекше демекпіз. Ата-кәсібімізді танып білудің мәні зор. Осы бір ғана ер-тұрман әбзелдерінің айналасында қаншама кәсіби сөздер бар. Олардың бәрі сөздік қорымызды байыта түсері анық.

Толығырақ: Ер - тұрман

Бесік

Бесік – өмірге жаңа келген сәбидің ақ отауы.  Ежелден-ақ  қазақ баласы бесікте өскен. Сонымен қатар, ырымға, салт-дәстүрге толы болып келеді. Атап өтетін болсақ: жаңа туған нәрестені күтімге алу, оны қырқынан шығару, ат қою, одан кейін бесік тойын жасап, баланы бесікке салу, сол күннен бастап оған «Бесік жырын» айтып тербеп ұйықтату, осылар арқылы барлық жақсылықты, көркем  мінезді бойына сіңіру, т.б. Осы  салт-дәстүрлердің    мән-мазмұны: баланың жақсы азамат болып шығуына ықпал етеді. Мұның барлығы тікелей ата-ананың жауапкершілігіне байланысты болып келеді.

Толығырақ: Бесік

Теріден жасалған бұйымдар

Шешеміз тері илейді тон болсын деп,

Кереді пұшпақтарын мол болсын деп.

Өлеңді ақындықпен біз айтамыз,

Айтамыз кейінгіге жол болсын деп.

(Қазақтың қара өлеңі)

Ата – бабаларымыз көшпелі мал шаруашылығымен өте ерте  заманнан бері  айналысып келген . Сол бағзы замандардан бері халық шеберлері мал мен аңның  терісін, жүнін, мүйізін, сүйегін, тұяғын, құйрық – жалын үлкен шеберлікпен ұсатып, олардан киім-кешек, қару-жарақ, ат әбзелдерін, ыдыс- аяқ, тағы басқа толып жатқан тұрмысқа қажетті  бұйымдар жасаған. Әрбір іске әр түрлі терілер пайдаланылған. Шеберлер оның әрқайсысына өзінше атау берген.  Мысалы, ірі қараның терісі әрбір іске арнайы пайдаланылғандықтан,  соған қарай :  сиыр терісі, өгіз терісі, тайынша терісі, бұзау терісі деп төртке бөліп атайды да, әр терінің өн бойы  -  жондық,  қабырғалық,  үйектік, пұшпақ, мойын деген бөліктерге бөлінеді. Жылқы терісін : бие терісі, жабағы және құлын терісі деп үшке бөледі.  Түйе терілерін:  атан терісі,  бота терісі деп екіге бөледі. Атан терісі, өгіз терісі  және олардың жондықтары  қол істеріне  ең қолайлысы. Қой терілері : жабағы тері, қырықпа тері, күздік тері, соғым терісі, тақыр тері, тоқтышақ терісі, сеңсең тері, елтірі, мари, жылбасқа деп бөлінеді. Осы терілер киім түрлерінің барлығына жарай береді.  Ешкі терісін: жүндес тері, тақыр тері, түбітті тері, серке терісі, лақ терісі, мари терісі деп бөледі. Ешкі терілері өте төзімді, берік келеді. Сондықтан одан алуан түрлі киімдер тігеді, бөстек, тулақ, торсық, саба, қапшық жасайды. 

Толығырақ: Теріден жасалған бұйымдар

Тағы мақалалар...

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Тамыз 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31