БІЗ – 18 МИЛЛИОНБЫЗ!

 

Биыл Астана күні қарсаңында республикамыздың 18 миллионыншы тұрғынының есімі белгілі болды. Ол Алматы облысының орталығы Талдырқоған қаласында дүниеге келген –  Мүслима Саматқызы. Мұны Ұлттық экономика министрлігіне қарасты статистика комитеті анықтады. Мүслима –  отбасындағы екінші сәби. Туылғанда салмағы 3,3 келі, бойы 51 сантиметр болған. Мүслиманың ата-анасы Самат Бестібаев пен Диана Омарханованы облыс әкімі Амандық Баталов арнайы барып құттықтады.

Толығырақ: БІЗ – 18 МИЛЛИОНБЫЗ!

«Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды»

«Әке көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер», «Әкеге қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер» деген жақсы тәмсіл бар қазақта. Бүгінгі қоғамдағы әкенің орны қандай? Олар өз ұлдарына жақсы тәрбие бере алып жүр ме?

Толығырақ: «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп бере алмайды»

ЫСМАЙЫЛ АТА КЕСЕНЕСІ

Ұлттық туризмге сұранып тұрған, аңыз бен ақиқатқа толы киелі Қазығұрттың тұнған тарихын айтып та, жазып та тауыса алмаспыз, сірә!

Қазығұрт өңірі архитектуралық сәулет ескерт­кіштерімен де ерекшеленеді. Олардың арасында: ХІІ-ХV ғасырлардағы Ысмайыл ата архитектуралық кешені. Ысмайыл ата архитектуралық кешені Тұрбат ауылының оңтүстігінде, ескі мазарат ішінде, ауылдың бас көшесінің бойында орналасқан. Оның шағын аулаға қараған негізгі кіре берісі және ғимараттың әрқайысының сәулеттік құрылыстарының аулалық композициясы архитектуралық әдісте, қайталанбас үлгіде салынған.

Толығырақ: ЫСМАЙЫЛ АТА КЕСЕНЕСІ

ДӘСТҮР МЕН САНА

 

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» деп аталатын соңғы еңбегі талайларға ізгі ой салуда. Президент сол еңбегінің «Прагматизм» деп аталатын тарауында: «Халқымыз ғасырлар бойы туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемді әрі орынды жұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтын ұстанып келді», – деген еді. Осыған орай жасы үлкен ақсақалдардың бірі ретінде өз ойымды айтсам деймін. Бала кезде үлкендерден алған тәрбиеміздің, көргеніміздің, сол шақта білгеніміздің жақсы жақтарын айтсақ, қазіргі жастарға артықтығы болмас деп ойлаймын.

Толығырақ: ДӘСТҮР МЕН САНА

Алатау айшықтары

Туризм – саяхат. Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Заманға сай жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр» деген еді. Осы орайда уақыт талабына сай еліміздегі туризмді дамыту арқылы ұлттық салт-дәстүріміздің қанатын кең жаю керектігін баса айтқан болатын.

Толығырақ: Алатау айшықтары

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30