ҚЫМЫЗМҰРЫНДЫҚ

Қазақта Қамбар ата жылқыны алғаш рет қолға үйретеді. Тұңғыш қымызды ашытады, өйткені биенің сүті не айран, не ірімшік, не сүт болмайды, отқа піспейді, содан Қамбар ата ашытып қымыз жасайды деген көне деректерден қымыздың отаны бізге тиесілі екені анық байқалады.

Толығырақ: ҚЫМЫЗМҰРЫНДЫҚ

АЛАШТЫҢ ЖОЛЫ

Қазақтың сан ғасырлық тарихының ең жарқын беттерін жазған Алаш қозғалысы – тарихи-саяси, айрықша құбылыс ретінде ұлтымыздың мәдени-рухани даму жолын жаңа арнаға бұрғаны сөзсіз. Өйткені, ол қазақ баласының саясат, мәдениет сатысына көтерілгендігін айғақтай отырып, ендігі жерде ұлт ретінде дербес өмір сүруге, өзге елдермен терезесі тең халық ретінде азат күн кешуге болатындығына әлеуметті сендіре алған жаңашыл қозғалыс еді. Қозғалыстың қарқындылығы мен жаңашылдығы – қазақ қоғамы үшін қиын-қыстау сол бір дүбірлі шақта азаттық ұранын салып, іс жүзінде бытыраңқылық пен мемлекеттік институттар қалыптаспаған сахара төсінде дербес мемлекет идеясын құруға бел шешіп кірісуінде еді. Алмағайып кезеңде амал тауып, халқының басын қосып, ертеңіне сендірген осындай ұлы топ бұғанға дейін болмағаны тарихтан белгілі. Олар сол тұста кездескен қиындықтардың барлығын жеңе білді, түпкі мақсатқа жету үшін, қандай да болмасын, замана сауалының оңтайлы шешімдерін таба білді. Алаш қозғалысы совет өкіметі тарапынан терістелгенімен, оның идеялары ұлтжанды азаматтардың жүрегі мен санасында өмір сүріп келді. Оның жарқын әрі бұлтартпас мысалы – тәуелсіздіктің қарсаңында Алаш идеясының қайтадан жаңа күшпен жаңғыруы. Ес жиып, етек жапқан бүгінгі күнде алаштық идея саналы қазақ баласын, елжанды қазақ азаматын қайтадан баурап алу үстінде. Мұның басты себебі, Алаш қозғалысының ең ұлы мақсаты – ұлттық тәуелсіз мемлекет құру идеясымен сабақтасып жатқанында еді. ХХ ғасырдың басында ұлтының теңдігі үшін қауымдасумен де, қаламмен де, қарумен де күреске түскен Алаш қайраткерлерінің пәрменді еңбегі Алаш баласының есінен еш кетпек емес. Оның дәлелі – тәуелсіз Қазақстанның барлық түкпіріндегі қазақ зиялы қауымының ісіндегі, ойындағы алашшылдық сана. Бұл алашшылдық сана уақыт жылжыған сайын қазіргі қазақ қоғамында тереңдей түссе, халқымыздың ұлттық өресі де биіктей бермек. Алаш зиялыларының қазақ даласында ұлттық идеяны негіздегені жөнінде Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» кітабының «Алаш мұрасы және осы заман» атты тарауында: «ХХ ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал» – деп көрсеткен болатын.

Толығырақ: АЛАШТЫҢ ЖОЛЫ

ОТБАСЫ БЕРЕКЕТІ – ИМАННАН

     «Шаңырақтарың берік болсын!» кез келген тойда айтылатын ізгі тілектің бірі осындай. Ал шаңырақтың беріктігі неден? Отбасының берекеті қайдан туады? Көп жастар бұл тақырыпқа ойлана бермейді. Жастар түгілі үлкендер де бұл сұрақтармен басын қатырып жатпайды. Үйленген соң әйтеуір бірдемесі болар дейді де қояды. Шын мәнінде бұл өте күрделі мәселе. Әртүрлі отбасында, әртүрлі жағдайда өскен, тәрбие алған қыз бен жігіттің бір шаңырақ астында үйлесіп кете қоюы қиын. Оны жеңетін үлкен күш – әрине махаббат. Өмір деген зор дария. Ондамахаббатпен үйленгендер де жетіп жатады. Егер жақсы қарым-қатынас орната алса кейінгілерден де тәп-тәуір отбасы қалыптасып кетеді. Алайда үйленген жастардың қуанышын көп ұзамай су сепкендей басатын бір нәрсе ол – мінез. Мінезсіз адам болмайды. Мінезді тәрбиелеу қиынның қиыны. Үйленген соң бес жылға жетпей ажырасып жататындардың көбінің айтатындары – «Мінезіміз үйлеспеді!».

Осы мінезді жеңетін күш бар ма?

Бар!

Ол күш – иман қуаты!

Қазақ халқының ғасырлар бойғы тарихында ерлі-зайыптылардың ажырасуы шектен шыққан оқиға болып есептелген. Отбасының беріктігі үш китке: ең алдымен қазақ даласындағы мұсылманшылық қағидалардың мықтылығына, құдалық институтының мызғымастығына, қалыңмалдық негізге арқа сүйейтін. XX ғасырда кеңес өкіметі осы үш негізді де бұзды. Заманның өзгеруі адамдардың  да ұлттық мінез-құлықтарын өзгертіп жіберді. Қазақ елі тәуелсіздікке қол жеткізген соң ғана өзінің тарихи бастауларына бұрыла бастады. Қазақ халқының болашағы, қазақтың мықты отбасына тәуелді. Отбасының мықты болуына жастар да, аналар да, мемлекет де мүдделі.

Бір арнада тоғысқан мінездерді үйлестіретін, ізгілікті ілестіретін тек иман ғана. Имандылық қағидаларына құлақ қойғандар, құдайдан қорыққандар Алла Тағала мен шариғат жолына сәйкес әрекет етеді. Яғни өз міндеттерін орындайды, отбасына жауапкершілікпен қарайды, кешірімді болады.

Толығырақ: ОТБАСЫ БЕРЕКЕТІ – ИМАННАН

ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘУЕЛСІЗДІК

Абай және Әлихан

экономикалық тәуелсіздік мәселесінде

 Ұлы Дала кеңістігіне өтіп жатқан уақыт пен тарихи оқиғаларға, сол далада туып өскен ұлт перзенттерінің ақыл-ойына, парасат-пайымына шектеу жоқ. Бастағы сәулелі білім мен дененің қажыр-қайраты барында озық ойлылық танытқан тұлғаның өз дәуірі түгілі, кейінгі жетілген ұрпақ түсініп болмайтын, түсіндіріп тауыса алмайтын қыр-сыры сол өзі туған даланың қалтарыс-бұлтарыстарындай аса күрделі ме дерсіз. Заманнан заман ауысып, ұлы қайраткер қалдырған асыл ұғымдар ұлт дүниесінің кем-кетігін толтыруға жарайды-ақ, ал оны жарататын тетік болса... Алдыңғыдан көрген өнеге, тапқан олжа адамның жан иірімдеріндегі әлдебір нәзік сәулелер арқылы кейінгіге жалғасса, құба-құп.

Ұлысы үшін түн ұйықтамай алаң кешкен, күн отырмай орынсыз күлкіден қашқан арыс Әлиханның «өзімдікі дей алмай өз малын», «ұстарасыз аузына мұрты түскен» (Абай) жұртының сол кездегі хал-ахуалын ойлап, қапаға түскені анық. Өзінің тас пен тамырды, тұлпар мен тұғырды айыра алатын, айырып қоймай оның жұрттан озған артық қасиетін жеріне жеткізе мойындатып беретін қабілетінің арқасында қалың алашына танытқан ұлы Абай ағасының тот баспас маржан жырлары мен қарасөздерінен экономикалық көзқарастарды айқындап бағдар тұтты. Қысқасы, Абай сөзі – Әлихан бастаған ұлт зиялыларына шамшырақ, идеяларына тамызық.

Толығырақ: ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘУЕЛСІЗДІК

ЖОҚТАУ ЖЫРЛАРЫ – ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ

Бұл күндері санамыздан сағымдай алыстап бара жатқан, көз жазып қалудың алдында тұрған халықтық салт-дәстүрлердің бірі – жоқтау. Жоқтау қаралы өлең екені хақ. Заман өзгерді ме, әлде кейінгі ұрпақтың салт-дәстүрден алшақтауы ма, не болса да соңғы жылдары қаралы жаназаларда жаныңды сыздатар жоқтаулар естілмей барады. Бұлай жалғасып кете беретін болса, келер ұрпақ тұрмыстық салт-дәстүрге тән жоқтау өлеңі бар екенін де білмес.

Алдымен оқырман қауымның назарына жоқтау дегеннің не екеніне тағы бір анықтама беру артық бола қоймас. «Жоқтау – жанашыр жақын адам, не белгілі рубасы өлгенде айтылады. Бұрынғы заманда ауыл ақсақалы өлсе, оның бала-шағасы, туған-туысы, жора-жолдасы, ауылдасы жиналып: «бауырым-ай», «әкем-ай» деп жылап-сықтайтын. Ал, күйеуі қаза болған әйел: «құдай қосқан қосағым-ай», «мырзам-ай» деп жоқтау айтатын. Ескі әдет бойынша әйел күйеуі өлгенде шашын жайып жіберіп, өзінің бетін тырнайды. Жиналған жұрт басу айтып, қаралы әйелдің көңілін жұбатады», делініпті 1960 жылы жарық көрген «Қазақ әдебиеті тарихы» кітабында.Көшпелі елдің ұлттық менталитетінде жоқтау өлген кісіге жыл толғанша, яғни ас берілгенше айтылады. Қазақ халқының мәдениетін зерттеген Ә.А.Диваев осы тұрмыстық жыр турасында:«Қазақтың жоқтау өлеңдері – көшпелі қазақ әйелдерінің ақыл-ойын көрсетеді, жүрек сұлулығын суреттейді...» – деп бағалапты. Бұл – дұрыс пікір. Қазіргі уақытта жоқтау өлеңдерінің озық түрлерінен арнайы антологиялардан іздеп оқымасаңыз таппайсыз. Байырғы заманнан бері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрдің аражігін ажыратып, ұмыт қалдыру – ең үлкен сорақылық.

Толығырақ: ЖОҚТАУ ЖЫРЛАРЫ – ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30