Қаншайым МҰСАЕВА: «Елдің ертеңі үшін қызмет етеміз...»

Журналымыздың №4 санында Алматы қаласында орналасқан «Алатау» республикалық балалар санаторийі туралы жазып едік. Республикамыздың түкпір-түкпіріндегі ата-аналар редакцияға қоңырау шалып, балаларға қамқор болған «Алатау» мекемесінің тыныс-тіршілігі жайында толық ақпарат сұраған болатын. Оқырмандарымыздың тілегін орындайық деген оймен жоғары дәрежелі педиатр дәрігер, «Халықтың саулығы – қоғамның байлығы» деген сөзді өзіне мақсат еткен «Алатау» санаторийінің директоры Қаншайым Мұсаевамен кездесіп, мекеменің бір күндік өмірімен танысқан болатынбыз. Екеуара әңгімеміз төмендегідей өрбіді. 

«Дәстүр»: Армысыз! Мекемеге кіріп келе жатқанда, аулада ойнап отырған балаларды көрдік. Денсаулықтары сыр берген балаларға ұқсайтын сияқты...

Қаншайым Мұсаева: Қайырлы күн! Хош келдіңіздер! Иә, осы жылы қабылдап журген балалармен қатар әлеуметтік бағдарлама бойынша мүгедек балаларды емдеуге алдық.  Бұрыннан әлеуметтік кезекке тұрған балаларды  жыл сайын «Самалда» емдейді екен. Осы жылы ол жерде жөндеу жұмысы болып жатқан соң, «балаларды қай жерге емдейміз?» деп іздеген де, естеріне біздің мекеме түсіпті, содан бұл балалар бізге келген. Біз бұндай балаларды бұрын алмағанбыз, ойланып қарасақ, бізден  басқа баратын жерлері жоқ болғаннан кейін келістік. Көмегімізді көрсетеміз, егер ұнаса тағы да келетін болады. Негізінде ұнап жатыр. Педагогпен болмаса да, сурдопереводпен түсіндіре алады. Мемлекет көп қаржыны слуховой протезированиеге жұмсайды. Ал операциядан кейін балаларды емдейтін, сауықтыратын жер жоқ. Соны министрлік қолға алып жатыр. Біз  де педагогтар бар болғандықтан  қолымыздан келсе көрейік деген мақсатпен 25 баланы алдық.  Жұмыс бабында өзімізге де жақсы себебі  әлеуметтік тарапынан келіп жатқаны бірінші рет. Әрі қарай тағы да бағдарламаны кеңітіп, жұмыс жасаймыз деп ойлаймын.

Толығырақ: Қаншайым МҰСАЕВА: «Елдің ертеңі үшін қызмет етеміз...»

БАРЛЫБЕКТІ ТАҒЫ ҰМЫТТЫҚ...

Бүгінгі күн - Ата Заңымыздың құрметіне арналған күн. Қазақстан Республикасы Конститутциясының күні! Мереке қарсаңында, біз өз оқырмандарымызға ХХ ғасыр басында-ақ қазақтың мүддесін қорғайтын заң жобаларын жасаған қазақ оқығандары болған. Соның бірі - Барлыбек Сыртанұлы! 

         ХХ ғасыр басындағы қазақтың оқыған азаматы, Алаш қайраткері Барлыбек Сыртанұлының дүниеге келгеніне биыл 150 жыл! Барлыбек – патшалық империяның қысымы мен езгісіне қарсы күрескен, отар елдің бодандық қамытынан құтылып, жеке дара ел болуын аңсап өткен ер еді...  Өмірзая!

 Қазақтың үлкен оқымыстысы 1866 жылы бұрынғы  Жетісу облысыҚапал уезіАрасан болысының Қарашоқы деген елді мекенінде дүниеге келген. Сүйегі – Орта жүздің Найман атасынан. Өз атасы – Құлшан. Әкесі Сыртан халыққа беделді, сыйлы адам болған. Өлең сөздің жүйрігі Жамбыл-Жәкең  Қапал өңірін аралап жүргенінде, яғни,  1881 жылы  «Сыртанға»  атты өлең шығарып, қалдырған екен. Сыртанның балалары  Верныйдағы ер балалар гимназиясында орта білім алып оқыған.

Жастайынан зерек, алғыр болып өскен Барлыбек білім, ғылымның жолына түсіп, қазақ даласынан алыс жыраққа кеткен еді. Ол 1886 жылы Санкт-Петерборг университетінің шығыстану факультетіне оқуға түседі. Студенттік жылдарында Петербор қаласында  оқып жүрген  Мұхамеджан Сералы, Бақытжан Қаратайұлы, Абдолла Темірұлы, Бақыткерей Құлманұлы сынды  қазақ жастарымен  қоян-қолтық араласып, қазақтың мақсат-мүддесін көксейтін   «Жерлестер» атты үйірме құрады.

Толығырақ: БАРЛЫБЕКТІ ТАҒЫ ҰМЫТТЫҚ...

40-ШЫ ЖЫЛДАРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ШИНЖИАНДАҒЫ ОҚИҒАЛАР МЕН ОСПАННЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІ

Қытай билігі тұрғын халыққа салынатын салық мөлшерін өсіріп, сырттан көшіп келуші келімсектер[1] санын арттырып, шұрайлы жерлердің барлығын соларға қалай болса, солай үлестіріп бере бастағанына жергілікті жұрттың наразылығы күшейіп, соның салдарынан орын алған қарсылықтарды есепке алмасақ, Оспан үйленгеннен кейін 30-шы жылдардың соңына дейін саяси оқиғаларға қатыспаған. Егін егіп, тірлік шаруасының қамымен жүрген.

    Қытай билігін ұстаушылар өздеріне қарсы болғандарды тұтқындауға қорғаушы әскерлерін жөнелтуді қолға алысымен, жергілікті ер азаматтар үйлерін тастап, тау-тасты сағалауы көбейеді. 1939 жылдың соңында Оспан жергілікті ерлермен бірге тауға шығады. Бастабында олар салт жүреді де, кешікпей артта қалған бала-шағаларын алып, тау сағалап көшіп-қона бастайды. Оспанның күйеу баласы Заламай тәйжі[2] деген адам Түркияға босып барғанынан көп кейін 1973 жылы берген ақпарында, Оспан 1940 жылдың басында саяси іске алғаш араласа бастаған (Гайретулла 1977: 85-101). 1934 жылы солтүстік Шинжианның Қойсу (5) деген жерінде Зәйіф тәйжінің басқаруымен қазақтардың құрылтайы өткізіліп, қытай билігіне қарсы күресу жоспары құрылады. Осы құрылтайда Ақыт қажы, Қалел тәйжі (Көктоғайлықтар) екеуі қазақтардың атынан қатысқан екен. Сонан көп кешікпей, Шен Шинцай Көктоғайға әскер енгізіп, мешіт, медреселерді өртеп, қазақтардың қолындағы қару-саймандарын тәркілей бастайды. Бұған қарсы болған жұрт мылтық-қаруларын жасырып, кей жағдайда тауға қашып, жасырынуға көшеді.

Толығырақ: 40-ШЫ ЖЫЛДАРДЫҢ БАСЫНДАҒЫ СОЛТҮСТІК ШИНЖИАНДАҒЫ ОҚИҒАЛАР МЕН ОСПАННЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІ

МОҢҒОЛ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ОСПАН ТУРАЛЫ ҰСТАНҒАН ҰСТАНЫМЫ

Оспан мен Чойбалсанның арасында болған аз уақытқы жылы қатынас Шинжиан өлкесіндегі саяси көп күштердің әрекетіне байланысты еді. Осы саяси күштердің мақсат мүддесі туралы қысқаша талдау жасап көрелік.

   Чойбалсанның Оспанмен достық қатынас орнатып, түрлі жағдайда көмекке келуін, бар болғаны Кеңес Одағы мен Коминтерннің саясатының тікелей іске асуы деп түйіндеу қалыпқа айналған. Кеңес нұсқауы бұл іске шешуші міндетті болғанымен, Чойбалсан  Моңғол Мемлекетінің тәуелсіздігін ұдайы қастерлеуші, Моңғолдың тәуелсіздігіне қытай тарапынан пайда болатын қауіптен сақтанушы адам ретінде бұл мәселеге қандай бір деңгейде өзіндік ұстанымда болғанын мүлде жоққа шығаруға болмайды.

    Шинжианның саяси жағдайы Моңғол ұлысының батыс шекара шебінің тыныштығын бұзу, сондай-ақ, Шинжианның тәуелсіз жеке аймақ болып орнау немесе Қытайдың бір бөлігі есебінде нығаюы қайсысы болмасын, Чойбалсан осылардың барлығы Моңғолдың тәуелсіздігіне сырттан төнетін қауіп деп түсінген. Сондығынан да ол  Сталин, Коминтерн тарапынан берілген нұсқауды ғана орындаушы болмаған. Моңғол ұлысының ұстанымына келісті талай зор істерді өз тарапынан атқарып келген.

Толығырақ: МОҢҒОЛ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ОСПАН ТУРАЛЫ ҰСТАНҒАН ҰСТАНЫМЫ

Алаш қайраткерлерінің еңбектеріндегі салт-дәстүр мәселесі

     ХХ ғасырдың 1905-1937 жылдар аралығында қазақ қоғамына  резонанс тудырып, үлкен құбылыс болып келген ұлттың нағыз интеллигенция өкілдері – Алаш қайраткерлері еді.  Бүгінде Алаштану ісі әр түрлі қырынан зерттеліп, жекелеген салаларға бөлініп қарастырылуда. Алаш қайраткерлерінің артында қалған мол мұраларын бір шолып қарасақ, олардың ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүр, этнография мәселелеріне байланысты жазған еңбектері қарастырылмай келеді екен. Яғни, Алаш қайраткерлерінің этнографиялық ғылымның дамуына қосқан үлестері назардан тыс қалған.

   Этнография – ұлттың өзіне тән ерекшелігімен,  әдет-ғұрып, салт-дәстүрін зерттейтін ғылым саласы. Салт-дәстүрлер заман ағымына сай жаңарып та, ескіріп те тұрады. Алаш қайраткерлері ХХ ғасыр басындағы қазақтың кейбір ырым-тиымдары мен салт-дәстүріне қатысты түрлі ой қозғап, көлемді еңбектер жазған екен. Қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығашы болып саналатын – «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетіне жарық көрген осы бағыттағы еңбектерді саралап, бүгінгі күнгі дәстүр мәдениетімен салыстырып, оқырман қауымның назарына ұсынсақ деген едік.  «Айқап»  (1911-1915) журналындағы салт-дәстүр мәселесі туралы библиограф-ғалым Ү.Субханбердина: «Журналдың көп көңілген мәселесінің бірі – әдет-ғұрып, салт-сана мәселесі еді. Журнал қазақ тіршілігіндегі әдет-ғұрыптың кемшілік, кері кеткен жақтарын сынай отырып, елді жақсылыққа, озықт ойға, болашаққа шақырды» деп пікір білдірген[1; 26 б.].

Толығырақ: Алаш қайраткерлерінің еңбектеріндегі салт-дәстүр мәселесі

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30