ОСПАННЫҢ ӨМІРБАЯНЫНА ҚАТЫСТЫ КЕЙБІР ДЕРЕКТЕР

Оспанның шығу тегі

    1939-1940 жылдар аралығына дейінгі Оспанның жеке өміріне қатысты деректер аз болады екен. Бұл кездегі өмірбаянға қатысты деректер негізінен адамдардың тікелей немесе біреулер айтқан әңгіме естеліктерден өрбігені байқалады. Алайда, 1940 жылдан кейін Алтай қазақтарының азаттық күресінің бір басшысы болып, маңызды тұрғыдан қатыса бастағаннан кейін, оның іс-әректі туралы деректі ақпараттар көптеп жазылыпты.

Толығырақ: ОСПАННЫҢ ӨМІРБАЯНЫНА ҚАТЫСТЫ КЕЙБІР ДЕРЕКТЕР

ОСЫ БІЗГЕ ҚАНДАЙ ДӘСТҮР КЕРЕК?!

«Біз бұрында кім болдық және қандай ұлттық ерекшелігімізбен әлемды таң қалдырдық?» деген сұрақ қазақтардың арасында жиі кездеседі. Әрине, жалмауыз Кеңес Одағы кезінде қазақтың санымен бірге сапасын да құртуға тырысты. Бірәз халқымызды ашаршылық жұтты. Игі жақсылардың екінші бөлігі құғын –сүргін жылдары айдалды да атылды. Қалған қазақтың жігіттері жүзмыңдап Екінші дүниежүзі соғыста шаһит болғаны да бізге белгілі. Ал аман қалғандары өз ата-баба жерінде «аз ұлттар» болыпқалуға  жақын қалды. Мысалы, 1959 жылы республикамызда қазақтың үлесі тіпті 30 % да жетпей қалды. Ал осы қалғандарды көптеген «эксперименттерге» ұшыратты. Қазақтың мектептері жабылды. Кішкентәй аулдарда жойылды. Дін қудаланды. Арақ ішушілердің де саны артты да көбейді.  Аралас неке деген басталды. Бір сөзбен айтқанда қазақ өзінің дәстүрінен айрылып, қазақ болудан да қалып қоя жаздадық. Тек қана 1991 жылы келген егемендік бізді осындай дағдарыстан аман алып қалған. Енді не істеуміз керек? Қазақи болмысымызды қалай қайтаруымыз керек? Қандай құндылықтарды қазіргі жастарға есіне салуымыз керек?

      Осы жөнінде 2010 жылы қабылдаған «Қазақстанның ел бірлігі доктринасы» дүниеге келіп, біз қойған сұраққа анық жауап береді: «Қоғамның рухани негізі болып табылатын дәстүрлі құндылықтарды арқау ету (тіл мен мәдениетке құрмет, имандылық, отбасы, ұрпақтар сабақтастығы, отансүйгіштік және сыйластық) қазіргі әлемде біздің бірлігіміз бен өзіндік ерекшелігімізді нығайта түсудің сүйенішіне айналуда».

   Ал егер осылай болса, дәстүрлі қазақ қоғамында біз қандай халық болдық? Қандай дәстүрлеріміз болды? Қандай ұлттық менталитетміз мығым болды? Осыған жауап беруге тырысайық. Ол үшін дәстүрлі қазақ қоағымын еске алған абзал.   

Толығырақ: ОСЫ БІЗГЕ ҚАНДАЙ ДӘСТҮР КЕРЕК?!

Шеше көрген тон пішер...

       Дана қазақ: "әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер..." деген екен. Біздің бүгінгі "қолөнер шебері" айдарымыздың кейіпкері - қолөнер шебері, аяулы ана, ұстаз қарқаралылық Арайлым Әскербекқызы. Сіздердің назарларыңызға қолөнер шеберінің шығармашылық жұмыстарын ұсынып отырмыз. Тамашалап қараңыздар, егер сіздерге бұйымдары ұнаса, тапсырыс беріп, шебермен хабарласуларыңызға болады. 

Қыстаубай Арайлым Әскербекқызы – 1978 жылы Қарқаралыда туған. мамандығы бастауыш сынып мұғалімі. Қарқаралы қаласындағы Мәди Бәпиұлы атындағы № 44 орта мектеп мұғалімі. 5 баланың анасы.













Толығырақ: Шеше көрген тон пішер...

30-40 жылдар аралығындағы Шинжианның ішкі жағдайы

1911 жылы Манж-Чин билігі күйреп, Қытай өкіметі орнағаннан кейін Шинжиан районының басшысы алынып, орнына президент Юан Шикайдың тағайындауымен, 1908 жылдан бастап, Шинжианның азаматтық ісін жауаптанып тұрған бір шенді Ян Зэншин осы районның әскери-азаматтық ісін біріктіре жауаптанған негізгі басшы болады.

   Ян Зэншиннің негізгі мақсаты  – шашырап, бытырап кеткен Шинжианға орталықтанған басқару жүйесін орнатып, оны нығайтуға бағытталды. Бірақ, түрік текті көп ұлттардың Шинжиан мен Орыстың Түркістанының шекарасымен шектеліп, бөліне орналасқан жағдайы, райондағы Орыс пен Британның ықпалының күшейуі, қытайдың ішкі жағдайының әлсіреуінен орталықтан көмек алу мүмкіндігінің қиындауы сияқты түрлі себептерден бұл мақсатты орындауда кедергілерге тап болады.

    Ұлттардың бөлініп қалуының әсерінен, қай бір өңірдегі ұлттардың тәуелсіздік алуға деген күресі - келесі  бір өңірдегі ұлттардың мүддесімен тоқайласып, пан-түрік, пан-исламдық мақсат күшейгендіктен, Орыс пен Қытайдың қайсысының болмасын шекаралық аудандарына қауіп төнуі мүмкін еді.

    1917 жылы Орыс елінде жеңіске жеткен Октябрь төңкерісінен кейін большевизмге қарсы немесе большевизмді жақтаған мақсаттағы жаңа ағымдар пайда бола бастады.   

Толығырақ: 30-40 жылдар аралығындағы Шинжианның ішкі жағдайы

ОСПАН КІМ ЕДІ? МОҢҒОЛ ДЕРЕКТЕРІ НЕ АЙТАДЫ?! 2

ШИНЖИАН ӨЛКЕСІНІҢ ТАРИХЫНА ШОЛУ

Шинжиан өлкесінің ілгері кездегі тарихынан

    Бүгінгі Шинжиан-Ұйғыр Автономиялық районы деп аталатын ҚХР-ың солтүстігіндегі кең байтақ өлке географиялық тоқтамы тұрғысынан үш жағынан Орталық Азияның асқар тауларымен қоршалған Жоңғар мен Тарым ойпатынан құралады. Жоңғар ойпаты солтүстігінде Алтай таулары, оңтүстігінде 1500 шақырымға жалғасқан Тәңір Тауына тірелген кең ойпат. Тәңір Тауының қойнау жағында Такламақанның шөлін сыйдырған Тарым ойпаты орналасқан. Оның батыс, оңтүстік шеті Памир, Қарақорым, Гималай тауларымен етектесіп, шығысқа қарай Ұлы Гобимен жалғасады.

   Қазіргі Шинжианның жер көлемі Қытай райондарындағы ең үлкені, 1,646 миллион ш.м. алқапты иеленіп, ҚХР-ың түгел территориясының 1/6-сын құрайды.

   Осы кең байтақ өлке ежелден бері түрік, моңғол, хамиган, қытай-тибет, индо-герман көп тілді, ұлт-ұлыстардың ұшырасқан шебі болды.

    Азия құрлығының кіндігінде орналасқандықтан, соңғы екі мың жыл бойы көшпенділер, басқыншылар, саудашылардың таптауына ілігіп, Орта Азия халқының тарихына үлкенді-кішілі қандай бір жағдайда ұдайы қатынасты болып келген.

   Шинжиан халықтарына қатысты ең алғашқы ақпарат ежелгі қытай деректерінде көрсетілген. Онда олардың көрші елдерге, әсіресе, Қытай хандықтарына ұдайы шабуылдап, қала, бекіністерін өртеп, тонағаны жөнінде айтылады.

 

Толығырақ: ОСПАН КІМ ЕДІ? МОҢҒОЛ ДЕРЕКТЕРІ НЕ АЙТАДЫ?! 2

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30