ОСПАН КІМ ЕДІ? МОҢҒОЛ ДЕРЕКТЕРІ НЕ АЙТАДЫ?!.

Қадірлі оқырман!!!

«Дәстүр» журналының оқырман қауымына ұсынылып отырған Оспан батыр хақындағы жаңа, нақтылы деректерге сүйеніп жазылған бұл кітап - бұрынғы барды толықтырып және соны көзқарас тудыруы да мүмкін деген ойдамыз. Алаштың айбынды бір ұлы Оспан батырдың жолтағдырын басқа бір қырынан ашуға ниеттенген шығарма - көпшіліктің көңілінен шығып, қазақ ұлтының рухына рух қосар деген сенімдеміз. Бұл шығарманы моңғол тілінен аударып, түсінігін жазып, қазақ оқырмандарына ұсынған белгілі аудармашы Жүкел Хамайұлы.

         Заман Төлеуов, жазушы, кітаптың редакторы

                             АЛҒЫ СӨЗ

      Оқырман  қауымға ұсынылып отырған бұл қилы дәптер[1] – 1940-шы жылдары біздің елдің[2] шекара шебінде – Алтай тауларының ішкергі өлкелерінде орын алған Шинжиан қазақтарының Ұлт азаттық көтерілісінің негізгі басқарушысы – Оспанның (Оспан батыр:1899-1951) іс-қимылына қатысты Моңғолия мемлекетінің тарапынан, онымен қалай қатынаста болғаны туралы тарихи оқиғаларды баян етеді. Қытайдың тоталитарлық саясатына қарсы шыққан Оспанның іс-қимылы негізінен 40-шы жылдары етек алып, бұл іс-қимылдың ажырамас бір бөлігі – оның Моңғолия мемлекетімен әрі жақтас, әрі қарсылас ретінде қатысқан қатынастары болмақ. Сөз етіп отырған мәселеде Оспан туралы жазылған шетелдік кітаптарда бірыңғай жалпылама, шындықты көмескілеп, Моңғолия мемлекетін Шинжианның ұлттық қозғалысы туралы Кеңес одағынының ұстанымын сөзсіз мойындаған етіп көрсетілген.

Толығырақ: ОСПАН КІМ ЕДІ? МОҢҒОЛ ДЕРЕКТЕРІ НЕ АЙТАДЫ?!.

ҰЛТЫН АЗАТ ЕТКЕН ҰЛЫ БАБА

Маусымның алғашқы күні Үйгентас өңірінде ел көңілін елең еткізер есті іс өткерілді.  Қабанбай батыр кесенесінің шырақшысы, тарих зертеушісі, қаламгер Камал Әбдірахман мырза батыр бабамыз Қабанбайдың жорық легенін Қабанбай ауылындағы тарихи-өлкетану музейіне табыс етті.

Осы орайда батырлығына теңдесі жоқ Алаштың айбынды ұлы туралы біраз деректерге көңіл аударайық. Қаракерей Қабанбай батыр (1692 – 1770ж.ж. ) Арқада туып, Арқадағы Есіл мен Нұра өзендерінің ортасындағы Қабанбайдың Үш бұлағы аталатын жерде дүниеден өтеді. Сүйегі Үш бұлақтан 3 шақырымда, «Найман қорым» аталатын қырдың үстінде. Қазір бұл маң Қабанбай ауылдық округіне қарасты,Астана қаласынан 30 шақырымда.

Аңыздарда Қаракерей Қабанбай батыр бұл жотаға :

Жиылып тегіс ас беріп,

Ту биені сойыңдар.

Арқаға арнап бейіт соғып,

От орныма қойыңдар.

деген өз аманаты бойынша жерленеді. Себебі, Қаракерей Қабанбай батырдың арғы бабасы Байжігіттен бастап,өз атасы – Мәмбет, әкесі – Қожақұл, екі ағасы – Есенбай,  Есенаман, әпкесі – Меруерт, барлығы Арқаның тумалары. «От орным» деуі сондықтан. Шешесі Мәми (азан шақырып қойған аты-Нәбилә) әлі күнге дейін Арқаны мекендеп отырған Ашамайлы Балта керейдің аты шыққан Баубек батырының қызы. Бәрінің сүйегі «Найман қорымда» сияқты. 

Толығырақ: ҰЛТЫН АЗАТ ЕТКЕН ҰЛЫ БАБА

Әлихан Бөкейханның қызы қайда жерленген?

Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның Өкітай (Сергей) есімді ұлы және Зейнеп (Елизавета) есімді қызы болған. Елизавета жайлы не білеміз?    

Бұрындары Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның ғылыми-шығармашылық ғұмырбаянын толыққанды зерттеу үшін оның жүріп өткен жолымен жүру керек деген ой келетін. Алаш көсемінің барлық қырын толыққанды ашып, әлихантануды бүге-шүгесіне дейін зерттеп жүрген бір адам болса, ол – қайтпас, қайсар ғалым Сұлтан Хан Аққұлы. Биылғы жылы, яғни,  Әлихан Нұрмұхамедұлының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында Әлекеңмен тығыз байланысы бар көптеген жайттардың атаулы жылы екен. Мысалы, Әлекеңнің өзі өсірген бабалар қорымы – «Талдыбейіттегі» тұқымы бразилиядан әкелінген ағаштың егілгеніне 115 жыл, Минсктегі атқарған қызметіне 100 жыл және Сұлтан Хан Аққұлының Алаш көсемінің шығармашылығын тақырып ретінде бекітіп, диссертация қорғағанына 25 жыл екен! Міне, ғалым С.Аққұлы табаны күректей 25 жыл бойы Алаш көсемінің өмір жолына қатысты деректер мен мәліметтерді іздестіріп, талай мұрағаттардың табалдырығын тоздырып, шаң басқан мұрағаттан қаншама бай мұраларды тауып, «эксклюзив» жаңалық жасады. Әлі де осы тақырып аясында қажырлы қызмет атқаратыны сөзсіз. Алла Тағала ғалымның деніне саулық, отбасына береке берсін деп тілейміз де, жасап жатқан өнегелі ісіне сүйсінеміз.

Толығырақ: Әлихан Бөкейханның қызы қайда жерленген?

Үйлену тойы - жаңа отаудың бақыты

        Көп қазақтарымыз жазда ұлын аяқтандырып, қызын қияға жіберіп, әкесі мен шешесінің егде тартқан жаңа жасын жасап, отыз, қырық және елуге келген аға-апайларымыздың жеке бастарындағы қуанышын елмен бірге атап өтетін көңілді мезгілі. Аллаға шүкір, тамыз айында болатын тойларға келіп түскен шақыртулар өте көп. Жоспар бойынша бәріне бірдей бармақпын. Әр той - әр түрлі, дәстүрі мен ойын-сауығы өзгеше. Бір сарындылықтың ізі тек жүргізіп жүрген асабаға байланысты. Төрт сөз құрап, әзілкештерден ұрлап алған бес-алты әзілін айтып жүрген көшірме асабалар жоқ емес бар. Еңбек еткен жандарды ел сүйеді, бірақ біреудің еңбегімен жан бағуға жабырқайтын жұрт бар. Шет елдің тәлімі мен тәрбиесін өнер деп ұрлап алып сахнаға, қазақтың тойына алып шығып жүргендер турасында сөз қозғасам

         

Толығырақ: Үйлену тойы - жаңа отаудың бақыты

Қазақ даласына тамсанған Аткинсондар әулеті

«Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай көрінеді...»

                                                                                                          Г.Н.Потанин

Аткинсон туралы бірер сөз

 

         Осы уақытқа дейін қазақ даласына кім келіп, кім кетпеген десеңізші! Иә, өткен тарихтың жылнамасын оқып отырсаңыз, қазақ сахарасына саяхаттап келіп, табиғатына қызығып, тамсанып өткен шет елдік азаматтардың көп екенін байқайсыз. Қазақ даласына саяхаттап келіп, тау-тасынан ой түйіп, тарихи зерттеу жазып, қазақ ұлтының мәдениеті жайында болашақ ұрпаққа сөз-мұра қалдырғандардың бірі – ерлі-зайыпты Томас пен Люси Аткинсондар. Атақты Аткинсондар туралы осы күнге дейін тарихшылар да, өлкетанушылар да, журналистер дежазып, зерттеп келеді. Әйтсе де қарапайым оқырманға «Саяхатшы Аткинсондар қазақ даласына қашан келді? Қай уақытта келді? Бұлар қай елдің азаматтары?» деген сықылды қаптаған сұрақтар келуі мүмкін. Алдымен, ерлі-зайыпты Аткинсондар туралы қысқаша мәлімет берейік:

Толығырақ: Қазақ даласына тамсанған Аткинсондар әулеті

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30