Қыздар мен келіндерге айтылатын тағылымдар

Үйге сыртыңмен кірме! Мұның себебі түсінікті. Үй ішінде адам болады. Ол адамдар өз әке-шешең, өз бауырың болуы да мүмкін. Кейде үйде сырт адамы отыруы ықтимал. Қалай да, сырттан ішке кіргенде кісілерге жүзіңмен кірген дұрыс. Бұл - халықтық этика. Тіпті үйден сыртқа шығарда да есікті аш! Әрина, қазіргі есіктердің көбі (қалалы жерлерде) ішке қарай ашылады, бірақ ол бұлайша шығып, кіруге кедергі бола алмаса керек. Бұл жердегі ең басты нәрсе қызды не жас келінді әдепке шақыруда болып отыр.

Ата-енеңнің, қайнағаларыңның төсегіне отырма, олар жатқан жерге жатпа! Бұл тәртіп жастарға (жас келінге) қаншалықты қатысты болса, үлкендерге де соншалықты қатысты. Үлкендер немесе ата-ана баласының төсегіне отыруға, жатуға болмайды. Бұл, әрине, ежелден келе жатқан неке заңының жекелігін, оның киелі екенін пайымдаудан шыққан ұғым. Осы тәртіп күні бүгінге дейін сақталған жерлер бар.

Толығырақ: Қыздар мен келіндерге айтылатын тағылымдар

Құрттың түрлерін білесіз бе?

Құрт – қазақтың ұлттық тағамы. Ол адамның бойына қуат дарытып, шөлдегенде сусын, қарның ашқанда азық болады. Құрттың түрлері де болады. Бүгін осы туралы айта кеткенді жөн санап отырмыз.
Жасқұрт. Сүзбеде тұрған құртты сары маймен жентектеп бастырма ретінде шаймен бірге дастарқанға қояды. Әсіресе кепкен құртқа, бауырсаққа тісі өтпейтін қарттар үшін таптырмайтын ас саналады. Ертеректе жас құртты құйрық-бауырға қосқан. Құрттың сарысуын сүт қосып қайнатып, ірімшік жасаған, ауырған малға ішкізген, әйелдер бас жуған.
Ыстыққұрт. Қайнап жатқан құртты алып, май қосып сапырып ішетін кенеулі ас. Өкпе ауруына, суық тиіп ауырған сырқаттарға ем саналған.
Сықпақұрт. Мұның қайнатқан кұрттан айырмашылығы сол ашыған айран қапқа кұйып сүзіледі де тұздалып, әртүрлі үлгімен бөлшектеліп тақшаға кептіріледі. Сықпа құрт та бастырма ретінде пайдаланылған. Мұндай кұрт жайған әйел ауыл балаларына арнап дөңгелек жасап, жіпке тізіп мойындарына іліп қуанту салты болған.

.

Толығырақ: Құрттың түрлерін білесіз бе?

Ер балаларды тәрбиелеуге пайдаланылған қағидалар

Жыңғылмен ат қамшылама! Себебі, жыңғыл тобылғы сияқты сырты тегіс, жұмсақ қабықты емес. Онымен қамшыланса, малдың үстіне жарақат түсуі мүмкін.

Үйде ысқырма! "Үйде ысқырса, үйге жылан келеді" дейтін ұғым бар. Қазақ үйлері далалы, ашық жерлерде тігілетін болғандықтан, күтпеген жерден жылан келсе, бала-шаға, малға қауіп деп қараған. Жалпы қазақ ұғымында жылан - дұшпан. Сондықтан, жыланды көрген жерде өлтіру не ақ құйып шығару керек деп үйретеді. "Түсінде жылан көрсе, өңінде дұшпаны бар" дейді қазақ.

Үйдегі жан санын санама! Өйткені ол - жаман ырым. Әсіресе, балалы-шағалы адамдар үйдегі адамдарды саусақпен санауды жек көрген. Адамның санын алудан "көз тиеді", "көп екен деп таңырқайды" - деп қорыққан. Сондықтан санақ жүргізуден өз балаларын да, өзгелерді де тиып отырған.

Қолыңды артқа айқастырып жүрме. Аяқ-қолыңды жіппен байлап ойнама! Себебі, тек қылмысты адамның екі қолын артынан қайырып байлайды. Жайшылықта олай істеу - жаман ырым.

Құстардың ұясын, құмырсқаның илеуін бұзба! Ертеде құсқа табынған, мысалы сахалар күні бүгінге дейін бүркітке табынады, құмырсқаның илеуін "әулие" санап, басына түнеп те жүрген. Мысалы, көзін шел басқан адамдар құмырсқаның илеуі бар жерді іздеп тауып, оларға жем беріп, басына түнейтін болған. Кейде содан көздегі жұқа шел "көшіпті" деседі.Қазіргі химия ғылымында "құмырсқа қышқылы деген термин" бар. Жаңағы көздегі шелді сол қышқыл "жеуі" мүмкін деген ғылыми жорамалды да естиміз.Демек, халықтың қарапайым ұғымының шамалы болса да ғылыми негізі бар.

Толығырақ: Ер балаларды тәрбиелеуге пайдаланылған қағидалар

Келiнi жақсының – керегесi алтын

Жарық дүниеге Жаратқанның бұйрығымен қыз бала болып келген жаратылыс иелерінің барлығы бой жетіп, кезі келгенде оң босағадағы орнын шымылдықтың ар жағындағы жаңа өмірге айырбастауы, солайша бір үйдің, бір әулеттің келіні болуы — ескіден келе жатқан дәстүр. Бірақ екінің бірі «бүкіл ұлттың келіні» деген абыройлы атаққа қол жеткізе бермейді. Басқа ұлттарды айтпағанда, келіннің ақ босаға аттаған күнінен бастап, аяқ алысын сынап, қадамы құтты келінді күтетін қазақ сияқты халық кемде-кем, тіпті жоқ шығар.

«Келін жақсы болса, үйіңе көп кісі келеді. Келін жаман болса, келген кісі кеткісі келеді. Ас құй десең, төккісі келеді, төкпей құй десең, сөккісі келеді», — деген Шал ақынның тапқыр сөздерінен-ақ қазақ халқының келіндерінің мінез-құлқына аса мән беретіндігін байқауға болады. Келінді ұрпақ жалғастырушысы ғана емес, оны әулеттің ырысы, құт-берекесі, ұлт болашағының ұйытқысы деп тани білген. Ертең келін болатын қызын халқымыз қырық үйден тыйым салып отырған. Осының барлығы не үшін, кімнің қамы үшін жасалған? Әрине, қызының ертеңі мен ұлтының болашағы үшін емес пе?! Осы арқылы халқымыз «ұл тәрбиелей отырып жерді, қыз тәрбиелей отырып елді қорғаймыз» деп түсіндіреді. Сондықтан қазақ келінді тек өз ұрпағының ғана емес, тұтас ұлт ұрпағының жауапкершілігін мойынға жүктеген жан ретінде жоғары бағалаған. Келін боп босаға аттау қуаныш әрі мәртебе. Әрине, жас келінге жүктелер міндет те аз емес. Өзге үйге келіп, қайын ата мен қайын ененің көңілдерін тауып, олардың «қас-қабағын бағу», сонымен қатар сол әулеттегі тума-туыстармен тіл табысу, тату-тәтті жарасымдылыққа ұйытқы болу, ерінің де алдында адал жар, балаларының алдында ардақты ана болу – абыройлы міндет. «Жақсы келін – келі, жаман келін – келсап» деген қазақ мақалында айтылатындай, жаман келін атанбауына ең алдымен отбасындағы тәрбие әсер етсе, екіншіден қайын ененің де тәлім-тәрбиесі ерекше рөл атқарады. Ата-ене келіндерін болашақ немересін өмірге әкелуші ретінде де оның жағдайын жасап, денінің саулығына мән берген. Себебі келін денінің саулығы болашақ ұрпағының аман-есен дүниеге келуіне әсер етеді.

Толығырақ: Келiнi жақсының – керегесi алтын

Самаурынмен шай ішу дәстүрі қай кезден бастау алады?

                                                                                       

XIX ғасырдың бас кезінде Ресейде жасалған самаурындардың таралуымен шай жылдам дайындалатын болып, шай ішу бұрынғылдан жеңіл, қолайлы бола түсті. 1836 жылы Бұқарада болған И.В. Виткевич жергілікті дүкенде орыс самаурындардан көптеп сатылатынын баяндайды. XIX-XX ғасырлардың ширегінде самаурынды шайханалар оңтүстікте көптеп таралады. Бұрынғыдай сүт, тұз, май т.б. қоспасыз жасалған шайдың ендігі бұл түрін қазақтар сол кезден бастап қазірдің өзінде «қара шай» деп атады.

XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басынан Хорезм, Бұқара, Самарқанд, Ташкент өңірінде шайдың бір түрін – «көк шай» ішу орын алды.

Шайдың қазанда, шәугімде немесе самаурында қайнатылуы әр аумаққа шайдың келіп таралу тарихынан мәлімет береді. Әуелі XIX ғасыр соңынан Бұқара арқылы – Оңтүстік, сыр бойына самаурын жаппай тарала бастаса, XX ғасырдың бастапқы ширегінен Ресей арқылы Қазақстанның Батыс және солтүстік өлкелерінде самаурынмен шай ішу кең таралып, кейінірек, орталық және Жетісу өңіріне таралады.

Толығырақ: Самаурынмен шай ішу дәстүрі қай кезден бастау алады?

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30