Тілдерді игеру арқылы қоғамды ізгілендіру жолына аяқ басқанымыз жөн

 

Қазақстан Ғалымдар одағының президенті,

ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты,

ҚР Парламентінің 4 дүркін депутаты,

Халықаралық жаһандық зерттеу академиясы

және ҚР ҰИА академигі, экономика

ғылымдарының докторы, профессор Оразалы СӘБДЕН:

–  Оразалы аға, “Егемен Қазақстан” газетіне (3.03.2017) берген “Түркістанды жаңғырту –  рухты ояту” атты сұхбатыңызда “Түркістан шаһарын түркі әлемінің мәдени астанасына айналдыру –  қазақ халқының рухын жаңғырту” деп дәл тауып айттыңыз. Бұл ұлттық идеяның қайта жандануы Елбасының рухани жаңғыруды мұрат еткен Жолдауына сай дүние екені белгілі. Бұл үшін не жасау қажеттігін де екшеп-екшеп, анық айттыңыз. Сіз экономика саласының үлкен маманысыз, туған еліңіздің көркейгенін қалайсыз, десек те осы тектес рухани дүниеге құлшына кірісуіңіздің түпкі себебі неде?

–  Рухани дүниеге кірісуімнің түпкі себебі –  2007 жылдағы әлемдік дағдарысқа деген көзқарасымнан туындады. Әлемдік дағдарыстың себебін дүниежүзілік сарапшылар әртүрлі себептермен түсіндірді. Бірі АҚШ-тағы болған ипотекалық былық-шылықтан десе, екіншісі қаржылық-экономикалық дағдарыстан десе, ал енді біреулері халықаралық деңгейдегі саяси жағдайдың күрделенуіне әкеліп тірейді. Ал менің ойым, әсіресе, капиталистік елдер дүниенің көрінген сырын игеріп, тек баюды ойлап, ашкөздікке салынып, әлемді үстемдікпен билеуінде. Адамзатқа керек негізгі мәселе –  рухани құндылық, әр адамның өміріне қажеттілігі, жалпы қоғамның қажеттілігі. Осы құндылықтар, екінші орында қалып, кейде ұмытылып та кетіп, ақыры оның салдары әлемдік кризис орын алды.

Толығырақ: Тілдерді игеру арқылы қоғамды ізгілендіру жолына аяқ басқанымыз жөн

«ОН БЕС ЖЫЛДА ҮШ РЕТ ӘЛІПБИ АУЫСТЫРҒАН ЕЛМІЗ»

Филология ғылымының докторы, профессор,

Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының

корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасының

Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі

Өмірзақ Айтбайұлы:

 

–  Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы дер кезінде жарық көріп отыр. Онда сөз болған жайттардың барлығы да бүгінгі күннің көкейкесті мәселелері екені айдан анық.

Осыдан біраз жыл бұрын Сіздер, яғни «Қазақ тілі» қоғамы алғашқылардың бірі болып латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы хат жолдаған едіңіздер...

–  Ел Президенті Н. А. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы жүрегі ел деп соғатын жанның бәрін толғандырғаны мәлім. Бұл мақаланы мен де бас алмай оқып шығып, қатты әсерлендім. Өйткені мақалада сөз болған ойдың бәрі ешкімді жай қалдырмайды, әсіресе мемлекеттік тіл деп өткен ғасырдан бері күресіп келе жатқан біздер үшін тіпті маңызды. Сол күрес жолында әрбір азамат өз басындағы өзгерістерді байқап, заман ағымына қарай санадағы сілкіністер қажет екенін ұқты. Сананың үнемі алда болу керектігін сезінді. Санадағы сілкініссіз алға басу мүмкін еместігін әрбір маман түсінді. Онсыз мақсатқа жете алмайтынын ұғынды.

Толығырақ: «ОН БЕС ЖЫЛДА ҮШ РЕТ ӘЛІПБИ АУЫСТЫРҒАН ЕЛМІЗ»

"Әкем қазақтың дәстүріне байланысты дүниелердің көбісін өте жақсы білген..."


 - Әкеңіз жайлы "Әке, сені сағындым.." атты естелігіңізді оқып көзге жас үйіріп едік.Әкеңіз жайлы есте қалған тағы қандай дүниелер бар?

 - Мен әкемнен жеті жаста қалғанмын, сондықтан да естелік айта қою қиын.Менің естеліктерім анамның айтып отыратын естеліктері. Айберген атамның бірнеше баласы қатарынан шетінеп, әкем бірнеше отбасының тілеуімен өмірге келген. 16-30-дың арасында бес ағасы қайтыс болып кеткен. Сондықтан бар баланың орнын төледі деп есімін Төлеген қойған екен. Әкемнің мінезінің тік болуы кішкене еркелеу болып өскенінен де болар.Жалғандықты жаны қаламайтын.Бетке тура айтып салатын.Әдебиетке адал қараған адам.Мәселен сол жылдары ақындар өлеңінің әр жолына ақша алатын.Ал әкем 18 буынды өлеңдер жазды.Осы 18 буынды бөліп жіберсе 2-4 қатар шығады.Олай істесе ,әрине, ойы шашырап, баяндау қалпындағы өлең шығары мәлім.Кітаптың әр қатарына ақша санап, пендешілікке бармағаны білінеді.Өзіне- өзі өте қатал қараған.Елге жаны ашитын.Бірақ әділдікке келгенде тура айтатын.

 - Қазақтың салт-санасына, бауырмалдыққа, адамзатты сүюге үндейтін өлеңдері жетіп артылады.Ақынның бойында біз білмейтін қандай қасиеттер бар еді?

Толығырақ: "Әкем қазақтың дәстүріне байланысты дүниелердің көбісін өте жақсы білген..."

Аянмен келген сынықшылық баянды болып келеді

«Ел іші – өнер кеніші» демекші халықтың ішінде бойына біткен әртүрлі табиғи қасиеттерімен елге танылып жүрген адамдар аз емес. Емшілік те бір өнер. Адам туа бітті бойына бітетін қасиет. Сол сияқты сынықшылық та қазақ халқының арасында кеңінен тараған. Сынықшылықты дәрігерлердің өзі де мойындайды. Біреудің қолы, біреудің білегі, біреудің саусағы, тағы да басқа мүшелері шығып немесе сынып кеткен жағдайда бірінші кезекте дәрігерге апаратынымыз белгілі. Дәрігер оны ренгенге түсіреді. Суретке қарап отырып, сынығын анықтайды. Сөйтіп өз білгенінше, алған біліміне сәйкес ем жасайды. Көп жағдайда дәрігердің сынықшылық емі дұрыс бола бермейтіні де рас.

Ал сынықшы ше? Ол не істейді? Сынықшы алдымен сынған немесе шыққан жерді қолымен ұстап көреді, сипалайды, уқалайды. Сөйтіп отырып орнына келтіреді.   Дәрігер сияқты гипске салмай-ақ, ренгенге түсірмей-ақ жәй шүберекпен орап, байлап береді. Адамның жасына қарай (егер бір мүшесін шығарған немесе сындырған жеті жасар бала болса, жеті күнде, жиырмадағы жігіт болса жиырма күнде, елудегі егде тартқан кісі болса, сол елу күнде) сынығы бітеді. Ал шыққан нәрсе орнына түскен кезде-ақ қалпына келіп, ауырғанын қояды. Бұл біздің пайымымыз. Енді сынықшының әңгімесіне құлақ түрейік.

 

Күләш Шүкелқызы, сынықшы, жасы жетпістен асқан қария:

Толығырақ: Аянмен келген сынықшылық баянды болып келеді

"Қазақтың Айседорасы"


«Би дегеніміз – адамның өз денесін билей білуімен қоймай, көрерменін өзі сезінген  дүниеге сендіруі!»,-дейді  қазақ биінің ханшасы Перизат Омарбекова. Бүгін маған Шара Жиенқұлова билерінің түп-тамырын жоғалтпай, бүгінгі күнге дейін сақтап, кең көлемде насихаттап  жүрген отандық бишілердің арасындағы жалғыз биші, ҚР Мәдениет қайраткері, Халықаралық «Шабыт» байқауының лауреаты, би әлеміндегі жиырма жылына қорытынды ретінде жақында «Биім менің – биік шың» атты жеке кешімен халықты тамсандырған «қазақтың Айседорасымен» сырласу бақыты бұйырды. Саф өнердің тұнығына бой  ұрғыңыз келсе, мархабат!

   

 

Толығырақ: "Қазақтың Айседорасы"

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30