Бақыттың кілті

Ерлі-зайыптылар сұхбаты

Ерлі-зайыпты журналистер Марат Тоқашбаев пен Раушан Каршалова ұзақ жылдардан бері отбасылық мәселелермен айналысып келеді. Туған ел ертеңіне алаңдаушылық, ұлт бақыты тақырыбы оларды қоғамның осы бір әлеуметтік мәселесіне тоғыстырды. Өйткені бұл тек әлеуметтік мәселелер қатарынан шығандап саяси мәселелер деңгейіне дейін көтеріліп кетті. Расында да Отан бақыты отбасы бақытынан басталады. Адам бақыты отбасындағы береке-бірлікке тәуелді. Ертеңінен үмітті қыз бен жігіт бақытты отбасын қалай құра алады? Отбасын құрған еркек пен әйел өз шаңырақтарын шайқалтпай ұстап қалуының жолдары қандай? Өз шаңырақтарында сүйіспеншілік пен жылулық отын жаға білген ерлі-зайыптылар арасындағы төмендегі әңгіме қоғамымыздағы осындай бір маңызды әлеуметтік мәселелерді қозғайды.

Марат Тоқашбаев:
– Адам өмірінде отбасы айрықша маңызды рөл атқаратыны белгілі. Ол ер адамға да, әйел адамға да бірдей. Адам өзін негізінен тек отбасында ғана шынайы бақытты сезінеді. Әрі бірқатар зерттеушілердің пікіріне қарағанда адам өз үйінде ешкімнің рөліне түспей өзінің шынайы кескін-келбетімен жүреді екен. Яғни сыртта жүргенде: көлікте – жолаушы, мектепте – шәкірт, шақырған жерде – қонақ, университетте – студент, ұжымда – қызметкер, туыстар ортасында – бауыр, емханада – емделуші, театрда – көрермен, әскерде –жауынгер болса, өз үйінде тек өзін ғана ойнайды. Басқадай рөл ойнамайтын, шынайы бет-бейнесін көрсететін жері – осы. Адамның кім екендігі отбасында қалтқысыз көрінеді.
Отбасын кейде жанұя деп те жатады. Қарасаң шынында ол жанның ұясы ғой. Жанның ұясы тұрған жер дүниедегі ең қымбат жер болса керек.
Раушан Каршалова:
– Иә, Мәке, отбасылық өмір кімге де болсын маңызды деп ойлаймын. Әлгінде отбасы ер адамға да, әйел адамға да қымбат дедіңіз. Меніңше, әйел адам үшін отбасы бәрінен жоғарырақ сияқты. Өйткені әйел адам табиғатында ошақтың иесі ғана емес, шаңырақтың киесі. Ол – ұрпақ жалғастырушы, барды ұқсатушы, жылылық пен берекенің бастауы. Ер адам Отан қорғау жолындағы ерлік істері, қызмет баспалдақтарындағы жоғарылауы, ашқан ғылыми жаңалықтары, өсірген малы, салған құрылыстары сияқты сансыз жетістіктерінен кеудесін соқпай-ақ қуаныш табатын, өзін бақытты сезінетін сәттері болса, әйел адамға ең керегі –жанұялық қуаныш пен отбасылық бақыт. Марқұм менің енем, сіздің анаңыздың «Қойға пышақ керек, әйелге құшақ керек» деген сөздері есіме түседі. Әйел адам табиғатында өзін қорғауға, өзін әлпештеуге, өзін жақсы көруге мұқтаж. Сондықтан ол азаматын ардақтау, жылылық пен ізгілік қалыптастыру арқылы отбасында сүйіспеншілікке жол ашады. «Жер-дегі барлық жақсылық Күннің нұры мен Ананың сүтінен тараған» деп Максим Горький айтпақшы, ұрпақ тәрбиесі де негізінен Әйел-Ананың мойнында. Қазақ «Қыздың жолы жіңішке» десе, ал әйелдің жолы – қысталаң.

Толығырақ: Бақыттың кілті

ҰЛТ ҰЙЫТҚЫСЫ – ҰЛТТЫҚ РУХ

Қазақстан Республикасының Президенті «100 нақты қадам» бағдарламасын жасады. Бұл жаһандық және ішкі сын-ескертпелерге жауап ретінде дүниеге келген құжат. Сонымен бірге жаңа тарихи жағдайда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі жоспары.
«100 нақты қадам» елімізге «2050-Стратегиясын» жүзеге асыру мен Қазақстан мемлекеттігін нығайтуға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қорын жасап беретін болады.
Біз бүгін журнал редакциясының «дөңгелек үстөл» басына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, философия ғылымдарының докторы, профессор Ұлықпан Сыдықов мырзаны шақырып, бүкіл әлем талқылап жатқан бағдарламаға қатысты бірнеше сауал қойған едік.


«Дәстүр»:
– Ұлықпан мырза, осы бағалы да маңызды бағдарламаны жүзеге асырудың бір ұшы ұлттық рухққа келіп тірелетіні анық. Өйткені ұлт бар жерде рух бар. Рухсыз ел – жігерсіз, жасық болады. Рух дегеніміз не? Қалай түсіндірер едіңіз?
Ұ. Е. Сыдықов:
–Рух – жалпыадамзаттық құбылыс, негізінен ол ұлттық формада өмір сүреді. Өйткені қандай да бір адам болмасын, ол белгілі бір ұлттың, ұлыстың өкілі. Ұлттық рухтың мазмұны – өз ұлтыңа деген ерекше сүйіспеншілік. Ол сүйіспеншілік қайдан пайда болады? Егер де ұлттың топырағында туып өссең, оның болмысын қан

Толығырақ: ҰЛТ ҰЙЫТҚЫСЫ – ҰЛТТЫҚ РУХ

Құрт – қазақтың құты

Ұлы даланы мекендеген халқымыздың өмірі мал шаруашылығымен тығыз байланысты болғаны тарихтан белгілі. Анау аспанмен астасқан Аспантаудан бастап, мынау жатқан жазиралы дала төсінің өзі соған куә. Тасының өзінен тарихтың үні сыр шертететін ұлы дала ұлы ұлттың ұлдарын өсірді. Ұлы даладан өскен ұлтымыз ұлттық дәстүрлерді де барынша сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа дарытты. Сол асыл қасиеттер ұлтымыздың бойында ғасырдан-ғасырға дарып келеді. Қазақ халқының мал мал шаруашлығымен өмірі тығыз байланысты десек, дәстүр де сол ретпен дамып отырған. Мәселен, ұлы далаға жол тартқан жолаушыға салқын сусын мен құрт ұсынған. Ал, құрт жасау қазақ халқымыздың мал шаруашылығымен қатар дамыған. Құрт – қазақтың құты. Ол адамның денсаулығына қуат дарытып, көңіліне жылылық ұялатады. Шөлдеген кезде де, аптап ыстықта да сізді құтқаратын сол бір құт – осы біздің құрт. Құрт турасында біз ұзақ жылдар бойы білім саласында қызмет еткен, зейнеткер-ұстаз Шолпан Мақатаевамен болған сұқбатымызбен әңгімемізді жалғастырсақ.

Толығырақ: Құрт – қазақтың құты

Ұлдың ибалы, қыздың тәрбиелі болуы – ұлттық тәрбиеден, – дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әсима Бимендина ханым

 Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауында экономикалық мәселелермен қатар, рухани құндылықтар да өз орнын алды. Атап айтқанда, тұрақтылық пен келісім, бейбіт өмір – еліміздің дамып, гүлденуінің алғышарты, баға жетпес құндылықтарымыз. Осы құндылықтарды қамтамасыз етудегі отбасының рөлін де Президентіміз бағалап өтті. Бұдан отбасының ұйытқысы мен берекесі саналатын аналарға жүктелер салмақтың жеңіл еместігі  аңғарылады.

Әсима БИМЕНДИНА, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты

Толығырақ: Ұлдың ибалы, қыздың тәрбиелі болуы – ұлттық тәрбиеден, – дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты...

Біздің мақсатымыз – халқымыздың дәсүрлі киіз басу өнерін үйрету

Халқымыздың ұлттық дәстүрінде ұмыт бола бастаған үлкен өнердің бірі – киіз басу өнері. Әлемдік мәдениеттердің ұштасып, бірігіп, өзара тоғысып, қазандай қайнап жатқан  осынау жаңа ғасырымызда қазақ ұлтының алдында ұлттық салт-дәстүрді қалай дамытып, бекемдеп, сақтап қалу жайында мың сауал туындағаны мәлім. Осы орайда Астана қаласындағы киіз басу орталығының жетекшісі, «Дала Aрулары» қоғамдық қорының президенті, қазақстандық суретшілер одағының мүшесі Зәмзәгүл Оралбаевамен өткізген сұқбатымызды беріп отырмыз.

-         Зәмзәгүл ханым, салт-дәстүрі озық елдің мәдениеті де озық болатыны белгілі. Өзіңіз қай өңірде өмірге келдіңіз? Қазақы дәстүрмен сусындап өскен адам екеніңізді жасап жүрген жұмыстарыңыздан сезінуге болатындай...

-         Мен Нұра өзенінің бойындағы Оразақ ауылында (Целиноград ауданы) туып өстім, Оразақ орта мектебін бітірдім. Ауылда өскендіктен, мал шаруасымен кішкентайымнан араластым. Үйде қой қырқып, әжем мен анам бізге жүн түткізетін.

Толығырақ: Біздің мақсатымыз – халқымыздың дәсүрлі киіз басу өнерін үйрету

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30