«Қазақ Елі» атауымен өзімнің 5 туындымды жарыққа шығардым

дейді жас шебер Оңғар Мадияр

 

 Кең-байтақ  жерімізді  мекендеген  сақ, үйсін,  қыпшақ,  ғұн,   қарлұқ  тәрізді  көне түркі тайпаларының    мәдениетінен арқау алған қасиетті қазақ халқы қолөнерінің  тарихы тереңде. Алайда, тереңнен бастау алған өнердің бұл түрі халқымыздың төл өнері болғанымен, бүгінде ұлтымыздың ұлылығын ұлықтатып, елімізді  шет елге таныта алмауда. Ырысы мен ынтымағы, бірлігі мен тірлігі жарасқан еліміз болашақта өзінің қолөнер бұйымдарын ұлттық брендке айналдыра алады ма? Бұл сауалға жауап іздеу мақсатымен, бұйымдарында ертедегі ата-бабабарымыздың көз тартарлығымен және терең символикасымен айрықша болған жартастағы бейнелеулердің элементтері кездесетін, сондай-ақ өзінің бұымдары арқылы қазақ елін өзге елге паш етіп, танытқысы келетін жас қолөнер шебері, өнерлі –жігіт  Оңғар Мадиярмен сұхбаттасқан едік.

Толығырақ: «Қазақ Елі» атауымен өзімнің 5 туындымды жарыққа шығардым

«Ұлттық өнерге қосылған үлес – ұлттың рухани қазынасын байытуға қосылған үлес деп білеміз»

Торғай өңіріндегі жалғыз жоғары оқу орны – Ы.Алтынсариннің есімін иемденген Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты. Бұл оқу орны – өңірдегі мәдени элитаның қалыптасқан жері. Аталмыш оқу ордасының даңқын жыл сайын асқақтатып тұрған өнер саласы. Осы мақсатпен өнер саласының тізгінін ұстап отырған, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Сандуғаш Жұманқызы Түрікпенова ханыммен әңгімелескен едік. Сұқбатымыз ә дегеннен-ақ өнер, мәдениет төңірегінде өрбіді.


–Сіз басқарып отырған кафедраның басты мақсаты мен міндеті, ғылыми бағыты қандай?
–Басқарып отырған кафедраның атауы «Музыка және бейнелеу өнері»кафедрасы деп аталады. Кафедрада «Музыкалық білім», «Бейнелеу өнері және сызу» мамандықтарының бакалавры дайындалады. Кафедраның басты мақсаты сапалы теориялық білім берумен бірге, өнердің жанашырлары болатын болашақ ұстаздарды, яғни студенттерді, қазіргі заман талабына сай жан-жақты тәрбиелеу және даярлау. Кафедраның міндеті бәсекеге қабілетті шығармашылық мамандардың ғылыми-зерттеу дағдыларын дамыту және инновациялық тұрғыдан қолданбалы зерттеулер жүргізу арқылы оқу үрдісін шоғырландыру; оқу үрдісінің мазмұнын жетілдіру; оқу үрдісінің әдістемелік қамтылу сапасының мониторингін ұйымдастыру. Кафедраның негізгі бағыты музыка және бейнелеу өнері, саласы бойынша білім берудің негізгі орталығы болу.

Толығырақ: «Ұлттық өнерге қосылған үлес – ұлттың рухани қазынасын байытуға қосылған үлес деп білеміз»

Фольклорлық ғылыми-зерттеу экспедициялары

2013-2014 жылдың шілде айларында Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Музыкалық өнер» факультетінің оқытушылары мен студенттерінен құралған арнайы фольклорлық экспедициясымен  Моңғолия Республикасында ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізіп келді. Профессор Төлен Қайырғазының жетекшілігімен «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының оқытушылары мен студенттері  Баян-Өлгей аймағында мекендейтін қазақ ұлтының жақсы сақталып қалған көне дәстүрлі ән-күйлерін аудио-видео таспаларына жазып алу жұмыстарын жүргізді. Жалпы бұл фольклорлық ғылыми-зерттеу экспедициялары қазақтың дәстүрлі музыка өнерінің қорын толықтыру мақсатында өткізілді. Осы шара аясында аталмыш өнер ордасында «Асыл Мұра» атты дөңгелек үстел өткен болатын. Осыған орай Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның «Дәстүрлі музыкалық» өнер кафедрасының меңгерушісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, ұйымдастырушы Рамазан Стамғазиевпен сұқбаттасқан едік...

Рамазан ағай, экспедицияның мақсаты неде, және екі жылдың ішінде алдарыңызға  қойған мақсаттарыңызға жеттіңіздер ме?

Меніңше екі экспедициядан дүниенің бәрін қопардық, барлығына қол жеткіздік деу мүмкін емес. Себебі біздің алдымызда да экспедициялар жүрді,  біз барған Моңғолия мемлекетіндегі Ұлан батыр, Баян-Өлгей аймағына екі жылда он күннен барып келдік. Мақсатымызға жеттік деп айта алмаймыз,  өйткені алып келген жаңаша дүниені бәрін цифрлы суретке түсірдік енді баспаға беріп кітап қылып шығару мақсаты алдымызда тұр. Содан кейін барып оны балаларға  үйретіп жатыр. Күйлер, әндер, ырғақтар, жақсы қисса әңгімелер, термелерді зерттеп анық-қанығын біліп авторлары кім, мүмкін біз жақтан барған әуендер ма, болмаса сол жақтағы авторлары  кім, олар бізге жетті ма, осындай мәселенің бәрін шешуге енді ғана қолымыз жетіп фольклорлық зерханада зерттеу жұмысын енді бастадық. Өйткені біздің кафедрамыз негізгі бағыты орындаушылық емес қосымша зерттеу, осы кафедраның жанына құралып жатқан фольклорлық зерхананың ізденістері, соның алғашқы жұмыстары болып табылады.

Экспедицияға қай елдерге бардыңыздар?

Осы екі жыл бойы тек Моңғолияға бардық. Он күннің ішінде бүкіл моңғолияны аралап шығу мүмкін емес. Біз тек қазақтар шоғырланған ауылды мекендерін ғана аралап шықтық.

Қандай аспаптар табылды?

Аспаптар табыған жоқ, ол жерден ән, күй табылды. Бозжорға деген күй табылды. Бірінші шыққан «Арнау» атты кітабымызда белгісіз авторлардың күйлері енген, қазақ даласына әлі жете қоймаған авторларымыз бар. Солардың жинастырып алып келіп  жарыққа шығардық. Ал екінші шығып жатқан «Ақ шоқы» деген кітабымыздың ішінде толық әндердің партитуралары берілген, тек қана домбырамен орындау емес, фольклорлық жағынан, академиялық оркестрмен, ансамбльмен орындауға лайықталып партитурасымен шықты.    

Экспедицияның жалпы жаңалығымен бөліссеңіз?

Жаңалығы біздегі қазақтың басынан қилы замандар өтті, қаншама жоғымызды  іздеп, әр жаққа кеткен қазақтарымыздың өнерін біріктіру, әлі де болса тың дүниелеріміз қайтару керек деп ойлаймын. Ең үлкен жаңалығымыз экспедиция кезінде табылған  құндылықтарымызды өнердің көшіне қосып, сол жолғы келген ән-күйлерімізді балаларымызға  үйретіп сахнаға шығарып, елімізге таныстырып жатқанымызда.

Экспедицияның құрамына кімдер кірді?

 Құрамына дәстүрлі музыкалық өнер кафедрасының ұжымы, оның ішінде фольклор кабинетінің басшысы Қайырғазы Төлен бастаған 3 курс студенттері, сонымен қатар ғылыммен, зерттеу жұмыстарымен  айналысып жүрген ғалымдар кірді.

 Әңгімеңізге рахмет. Қазақ музыка өнеріне қосқан еңбектеріңіз жемісті болсын.

                                                                 

Сұқбаттасқан Сейтханова Ақжарқын 

"Өнерден, әке, ата жолынан алыстай алмадым"

"Өнерден, әке, ата жолынан алыстай алмадым"

дейді "MUKAJAN" компаниясының негізін қалаушы, президенті Алмас МҰҚАЖАНОВ

Толығырақ: "Өнерден, әке, ата жолынан алыстай алмадым"

Фольклорлық ғылыми-зерттеу экспедициялары

2013-2014 жылдың шілде айларында Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Музыкалық өнер» факультетінің оқытушылары мен студенттерінен құралған арнайы фольклорлық экспедициясымен  Моңғолия Республикасында ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізіп келді. Профессор Төлен Қайырғазының жетекшілігімен «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының оқытушылары мен студенттері  Баян-Өлгей аймағында мекендейтін қазақ ұлтының жақсы сақталып қалған көне дәстүрлі ән-күйлерін аудио-видео таспаларына жазып алу жұмыстарын жүргізді. Жалпы бұл фольклорлық ғылыми-зерттеу экспедициялары қазақтың дәстүрлі музыка өнерінің қорын толықтыру мақсатында өткізілді. Осы шара аясында аталмыш өнер ордасында «Асыл Мұра» атты дөңгелек үстел өткен болатын. Осыған орай Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның «Дәстүрлі музыкалық» өнер кафедрасының меңгерушісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, ұйымдастырушы Рамазан Стамғазиевпен сұхбаттасқан едік...

Рамазан ағай, экспедицияның мақсаты неде, және екі жылдың ішінде алдарыңызға  қойған мақсаттарыңызға жеттіңіздер ме?

Меніңше екі экспедициядан дүниенің бәрін қопардық, барлығына қол жеткіздік деу мүмкін емес. Себебі біздің алдымызда да экспедициялар жүрді,  біз барған Моңғолия мемлекетіндегі Ұлан батыр, Баян-Өлгей аймағына екі жылда он күннен барып келдік. Мақсатымызға жеттік деп айта алмаймыз,  өйткені алып келген жаңаша дүниені бәрін цифрлы суретке түсірдік енді баспаға беріп кітап қылып шығару мақсаты алдымызда тұр. Содан кейін барып оны балаларға  үйретіп жатыр. Күйлер, әндер, ырғақтар, жақсы қисса әңгімелер, термелерді зерттеп анық-қанығын біліп авторлары кім, мүмкін біз жақтан барған әуендер ма, болмаса сол жақтағы авторлары  кім, олар бізге жетті ма, осындай мәселенің бәрін шешуге енді ғана қолымыз жетіп фольклорлық зерханада зерттеу жұмысын енді бастадық. Өйткені біздің кафедрамыз негізгі бағыты орындаушылық емес қосымша зерттеу, осы кафедраның жанына құралып жатқан фольклорлық зерхананың ізденістері, соның алғашқы жұмыстары болып табылады.

Экспедицияға қай елдерге бардыңыздар?

Осы екі жыл бойы тек Моңғолияға бардық. Он күннің ішінде бүкіл моңғолияны аралап шығу мүмкін емес. Біз тек қазақтар шоғырланған ауылды мекендерін ғана аралап шықтық.

Қандай аспаптар табылды?

Аспаптар табыған жоқ, ол жерден ән, күй табылды. Бозжорға деген күй табылды. Бірінші шыққан «Арнау» атты кітабымызда белгісіз авторлардың күйлері енген, қазақ даласына әлі жете қоймаған авторларымыз бар. Солардың жинастырып алып келіп  жарыққа шығардық. Ал екінші шығып жатқан «Ақшоқы» деген кітабымыздың ішінде толық әндердің партитуралары берілген, тек қана домбырамен орындау емес, фольклорлық жағынан, академиялық оркестрмен, ансамбльмен орындауға лайықталып партитурасымен шықты.    

Экспедицияның жалпы жаңалығымен бөліссеңіз?

Жаңалығы біздегі қазақтың басынан қилы замандар өтті, қаншама жоғымызды  іздеп, әр жаққа кеткен қазақтарымыздың өнерін біріктіру, әлі де болса тың дүниелеріміз қайтару керек деп ойлаймын. Ең үлкен жаңалығымыз экспедиция кезінде табыған  құндылықтарымызды өнердің көшіне қосып, сол жолғы келген ән-күйлерімізді балаларымызға  үйретіп сахнаға шығарып, елімізге таныстырып жатқанымызда.

Экспедияның құрамына кімдер кірді?

 

Құрамына дәстүрлі музыкалық өнер кафедрасының ұжымы, оның ішінде фольклор кабинетінің басшысы Қайырғазы Төлен бастаған 3 курс студенттері, сонымен қатар ғылыммен, зерттеу жұмыстарымен  айналысып жүрген ғалымдар кіреді.

 Әңгімеңізге рахмет. Қазақ музыка өнеріне қосқан еңбектеріңіз жемісті болсын.

                                                                 

Сұқбаттасқан Сейтханова Ақжарқын 

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30