Наурыз күні болғанда: құл құтылар құрықтан, күң құтылар сырықтан

 

Қытайдың Баркөл аймағында тұратын ақын, аудармашы, қазақ қолөнерін зерттеуші, этнограф-ғалым Шәкен Бөкетайұлымен халқымыздың ұлық мерекесі «Әз наурыз» туралы өткізген сұхбатымызды жариялап отырмыз. Ұлттық салт-дәстүріміз бен ұлық мерекеміз жайлы тереңнен толғаған ізденіске толы өрісті ойлары оқырман жүрегіне жол табады деген сенімдеміз.

Толығырақ: Наурыз күні болғанда: құл құтылар құрықтан, күң құтылар сырықтан

«Қазақ халқы бар жерде ұлттық өнер ешқашан өлмейді»

Аманжол Найманбаи  1948 жылы сәуірдің үшінші жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе ауылында дүниеге келген. Төрт жасында анасынан айырылып, кіші шешесінің қолында тәрбиеленген Аманжолдың қиын өмірі жүрегіндегі өнерге деген құмарлықты өршіте түспесе, өшіре алған жоқ.«Алпамыс», «Қарабура», «Қыз Жібек» сияқты   жырларды  жаттап, аңыз-әңгімелерді тыңдап, бала кезінен қазақ халқының салт-дәстүрін бойына сіңіреді. Әкесі колхозда бригадир болып жүрген кезінде жазықсыз жала жабылып, жер аударып жіберіп, бес жылдан кейін оралады. Өмірдің қиыншылығын ес білмей жатып тартқан Аманжолға құрдастары «Бала Горький» деп ат берген. Кіші  шешесі шебер кісі болған. Аманжол кішкентайынан жүн бояу, киіз  басу, алаша тоқу, киім тігу сияқты жұмыстарға қолғабыс еткен. Кейіннен текеметке түрлі өрнек салып, қалың жұрттың назарына іліне бастайды. Суретшінің алғашқы шығармашылық жолы осылай басталған. Суретшілік қабілеті де мектеп кезінде еленбей қалған жоқ, кейіннен әскер қатарына шақырылғанда огругтік Офицерлер үйінің суретшілер тобына қосылады. ҚазПИ-дің көркем графика факультетін, КСРО суретшілер одағының дизайнерлік жобалау жоғарғы курсын бітіреді. Аманжол Найманбаи Қазақстан Дизайнерлер Одағы құрылған күнінен бастап этнодизайн секциясын басқарып келеді. Этнодизайн секциясының негізгі шығармашылық  мақсаты дизайн саласында қазақ  халқының салт-дәстүрі  мен әдет-ғұрпын насихаттау, оның өрлеуі мен дамуына даңғыл жол ашу. Осы мақсатты жүзеге асыруда АҚШ, Франция, Түркия, Ресей және тағы да басқа әлемнің көптеген елдерінде халқымыздың ұлттық киіз үйін жасау – жиһаздармен көрсетуге, көрме ұйымдастыру жұмыстарына  мұрындық болады.

1987 жылдан Қазақстан Дизайнерлер Одағы Алматы филиалының басшысы.

Алматы көркемөнер училищесін бітіргеннен кейін, 1974-1981 жылдар аралығында «Қазторгреклама» көркем-өндірістік комбинатында еңбек етті. Сол жылдары 20-дан астам Астана және республика қалаларының мемлекеттік  және қоғамдық ғимараттардың интерьерлері мен экстерьерлерінің жобасын жасады. 1976 жылы Бүкілодақтық Лениншіл Комсомол Жастар сыйлығының иегері атанды. Бірнеше халықаралық  және республикалық байқаулардың жеңімпазы. 1981-1991 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің  «Қазмузейқайтажөндеу» өндірісінде бас суретші қызметін атқарды. Ерекше айта кету керек, оның шығармашылық өміріне елеулі өзгеріс әкелген адам–Өзбекәлі Жәнібеков еді. Мәскеуде жүріп кездейсоқ жолығып қалып, Алматыға келгенінде өзіне хабарласып кетуін ескертіп, республикадағы жаңадан ашылған мұражайлық-жобалау бірлестігінің көркемдік басшылығын қолға алу туралы ұсынысын айтады. Осылайша Қазақстанның жаңа мұражайлық келбетін жасауға белсенді түрде ат салысып, 42 мұражайдың экспозициясын жаңалау мен қайта жабдықтауды жүзеге асырып, 27 мұражайдың жобасын жасаған.

«ЭтноДизайнҚазақ» ЖШС директоры, Қазақстанның мәдениет қайраткері, Бүкілодақтық Жастар сыйлығы мен Қазақстан Сәулетшілер одағы  «Алтын медалінің » иегері, этнодизайн саласының негізін қалаушы, мұражай экспозициясының шебері, профессор  Аманжол Найманбаимен кездесудің сәті түсіп, көкейде жүрген сауалдардың жауабын алып, біраз әңгімеге тартқан едік.

Толығырақ: «Қазақ халқы бар жерде ұлттық өнер ешқашан өлмейді»

Үй сәні: Қазақы ою-өрнектер мен Еуропа стилінің қосындысы

Елімізде үй интерьеріне арналған жаңа сән қалыптасуда. Ол – Еуропа стилімен қазақы өрнектерді араластыру. Аталған интерьерді жасау үшін шеберлер қазақ мәдениеті мен өнерінен, соның ішінде ою-өрнектерінен хабар беретін кітаптарды пайдаланады. Нәтижесінде жаңа ою-өрнектер де жасалып шығуы ғажап емес.

Қазақы ою-өрнектердің шығуына көшпелі мал шаруашылығы себеп болған. Қазақ үй мен тұрмыстық заттардың сыртындағы ою-өрнектердің тарихы тереңде жатыр. «Қошқар мүйіз», «түйе ізі», «жылан басы» сынды ұлттық оюлардың сақ заманындағы жануарлар стилімен байланысы бар. Сақтар жерімізді б.з.д. VII – IV ғасырлар аралығында мекендеген тайпа. Олардың өнері сақ мәдениетінің үлкен жемісіне айналды. Ол жерде қой, ешкі, бұғы, қанатты барыс, құстар секілді фантастикалық жануарлардың бейнесі бейнеленген. Б.з.д. салынған суреттерден геометриялық фигураларды да кездестіруге болады.

Текемет пен сырмақ қазақ үйдің негізгі сәніне айналған. Текемет – негізінен ақ, қара, алқызыл, сары және қоңыр түсті жүннен басылған киіз. Ал киіз басып, алаша тоқу үшін жолақ сызықтардан құралған суреттерді пайдаланады.

«Өнерге ең алдымен тазалық қажет»


Айдарымыздың бүгінгі қонағы сыңғырлаған даусымен талайдың жүрек қылын тербеп жүрген дәстүрлі әнші-Гүлден Жұмабай.  Алматы облысы, Райымбек ауданы, Текес ауылында дүниеге келген. 9-сыныптан кейін Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжін, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының «Дәстүрлі ән» факультетін ұстазы Дүйсенбек Өмірәлиевтен тәмәмдап шықты. Биылғы жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің «Музыкалық білім» магистрі атанды. Аудандық,олбыстық,республикалық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы.

Гүлден ханым, сіз дәстүрлі өнердің жүгін бір кісідей арқалап келе жатқан жас өнерпаздардың бірі әрі бірегейісіз. Дәстүрлі өнерді таңдауға не себеп болды?

Дәстүрлі өнерді таңдауыма өскен ортам әсер етті. Өнер маған нағашыларымнан дарыған болуы керек. Үйдегі ата-анам  кәсіби музыканттар болмаса да, өнерді өте жоғары бағалайтын жандар. Әкем Жұмабай домбырада, сырнайда ойнайтыны бар, анам  Тұрсынайдың ерекше тұп-тұнық, әдемі сыңғырлаған дауысы бар. Анамыз бізге халық әндері мен халық композиторларының әндерін өте тамаша орындап қана қоймай, әннің тарихын, орындалуын қадағалап отырып үйретті. Қосымша музыкалық мектепке бардым. Ұстазым – Иманғазиева Клара. Апайым домбырамен ән салуды үйретті. Өнерге деген алғашқы баспалдақ осылай басталған еді.

Өнер жолықиын жол. Әсіресе, қыз бала үшін. Бірақ жанымен сүйіп, таланты мен тәжірибесін ұштастыра білген адам бұл қиындықты да жеңетіні сөзсіз. Сіз бұл жолда нені ойға түйіп, неден сабақ алдыңыз?

– Өнер – киелі жол! Өнер – тазалықты, адалдықты қажет етеді. Ең бірінші, мамандығыңды жақсы көруің қажет. Өнерге жан-тәніңмен беріліп, талмай еңбектеніп, әрдайым өзіңді шыңдап отыруың  керек. «Өзіңе сен өзіңді алып шығар, ақылың мен еңбегің екі жақтап»,– деген Абай атамыздың сөзін ұстанамын.

Репертуарыңыздағы жаныңызға жақын қай ән? Шығармашылық байланыста  тәжірибе жинау мақсатымен қай ортамен жиі араласасыз?

–Сахнаға алып шығатын әрбір әнім үшін уайымдаймын, әнді пісіріп, бойыма сіңіріп дайындаламын. Сондықтан да репертуарымдағы барлық әндерім жаныма жақын. Өнер саласындағы әріптестерімнің барлығымен  сәлемім түзу, шығармашылық байланыстамын.

Жасыратыны жоқ,қазір заман ағымы талантты жастың таңдауын батыстың рок,поп сынды стиліне аударғаны жасырын емес. Ал дәстүрлі әнді үлкендер жағы сүйіп тыңдайды. Өнердің жалғастырушы буыны жас ұрпақ екенін ескерсек,жастардың төл өнерімізге деген ықыласын қалай арттыра аламыз?

– Талғамға талас жоқ. Қазір заманның ағымына, жастардың көңіл-күйіне байланысты,оларға жеңіл-желпі рок,поп стиліндегі әндер ұнауы мүмкін. Ұнайды да. Бірақ,уақыт өте келе ол жас есейеді, ақыл тоқтатады, әннің мәтініне мән бере бастайды. Сөйтіп,ұлттық музыкамызға қайтып оралады.

  Дәстүрлі әнші болу бағыңызға бұйырды. Осы уақытқа дейін сіз киелі өнердің қадіріне қаншалықты жете алдым деп ойлайсыз? Бұл өнер сізге не берді? Сіз не бере алдыңыз?

–  Өнердің қадіріне жеттім,болдым-толдым деп айта алмаймын. Бірақ,өнердің тазалықты қажет ететінін сезінемін, халтураны көтермейтінін білемін. Аллахтың берген өнерінің арқасында жақсы адамдармен кездесіп,жүздесіп жатамын. Әнімді шырқап,теңіз асып, ел көріп,жер көріп,танымымды арттырамын. Амандық болса өнерге берерім алда деп ойлаймын.

  Біз білмейтін әншілік өнерден бөлек қандай қырларыңыз бар?

–Тамақты жақсы даярлаймын деп айта аламын.

Талай жарыстардың жүлдесін қанжығаңызға байлап келесіз. Сіздің орындаушылық шеберлігіңізге халық тәнті. Жарыстарда әділетсіздік орын алған сәттер болды ма?

– Кейде бап шабады, кейде бақ шабады. Әділеттілік пен әділетсіздік қатар жүреді,ол– өмірдің заңдылығы. Өнерде бәсекелестіктің болуы шарт.

Толығырақ: «Өнерге ең алдымен тазалық қажет»

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30