Баланың бәрі бақытты болуға лайықты

Жастықпен аяғын шалыс басып немесе түрлі зорлық-зомбылыққа тап болған бойжеткендер жасанды түсік жасатуға, нәрестені жетімдер үйіне өткізуге бел байлап жатады. Туған шақалақтан құтылу үшін оны әжетханаға, қоқыс жәшігіне тастап кететін қатігез аналарды да жиі естіп жатамыз. Бүгінгі күні бұл өзекті мәселенің алдын алу мақсатында түрлі ұйымдар құрылып, ОЛАР арнайы жобаларды іске асыруда. Соның бірі –  Аналар үйі. Біз Алматы қаласында алғаш іргетасын қалаған Аналар үйінің координаторы Майра ТҰРСЫНБАЕВАМЕН осы орталық жайлы әңгімелесТІК:

Толығырақ: Баланың бәрі бақытты болуға лайықты

«Біздің мақсат – қазақтың рухын көтеру, салт-дәстүрін жаңғырту

 

Алматы қаласының іргесіндегі

“Ғұн” этноауыл кешенінің басшысы

Сара Әбілмәжімова:

 

–  Сәлеметсіз бе, Сара ханым. Салт-дәстүрін, ұлтының құндылықтарын іздегендер осы жерге келсе болады екен. Алатаудың баурайында қоныс тепкен бұл этноауыл қай жылы ашылды?

–  Алматыдан 35 шақырым жерде орналасқан «Ғұн» этноауыл кешенінің құрылысы 2007 жылы басталды. Қазақтың салт-дәстүрінен хабар беретін орталық өз жұмысын 2010 жылы бастады. Алғашында бұл жерде электр қуаты да, су да, жарық та болмады. Қаладан тым алыс емес, келіп-кетушілерге де қолайлы деп осы жерді таңдадық.

Толығырақ: «Біздің мақсат – қазақтың рухын көтеру, салт-дәстүрін жаңғырту

Саяхаттың сәтті болуы экскурсоводқа байланысты

 

Туризм эксперті,

Халықаралық музей комитетінің мүшесі

Бақыт ОРАЗЫМБЕТОВА:

 

–  Елбасымыз Жолдауында: «Қазақстанда туризмнің барлық түрін дамытуға мүмкіндігіміз бар», деп елімізде туризмді дамытуға қажетті барлық туристік ресурстарымыз мол мөлшерде екендігін атап көрсетті. Бұл ел экономикасына табыс алып келумен қатар, басқа елдермен байланысын нығайтады. Қазіргі таңда ұлттық туризм қалай дамып жатыр?

–  Ұлттық туризм ұғымы қайдан келді? Алдымен соған тоқталайық. Туризм –  саяхаттау, ол адамның ішкі рухани сұранысынан туындайды. Яғни турист барған жерінен ерекше әсермен оралуы керек. Шет жаққа шықса сол елдің табиғатымен қатар мәдениетін де өз көзімен көріп, көңілге түйіп келуі керек. Енді сіздің сұраққа келейін. Біз тек табиғатымызды ғана емес салт-дәстүрімізді, этнографиялық жәдігерлерміз бен ұлттық мәдение­тімізді көрсете аламыз. Осы жолда көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Ал ішкі туризм­нің дамуына келсек –  біздің жеріміз байтақ. Көрнекті, тарихи жерлеріміз де, табиғатымыз да туризмге сұранып тұр. Біз Батыс өңіріндегі Шақпақ Ата, Бекет Ата, Шопан Ата мешітін өскелең ұрпаққа дәріптеп келеміз. Ол өңірде керемет сәулет өнері де сақталған, ұлттық рух та бар.

Толығырақ: Саяхаттың сәтті болуы экскурсоводқа байланысты

Қазақ күресі – халқыМен бірге

Ерғали МҰХИДДИНОВ, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор,

ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы:

–  Қазақ күресін қазір әлем танып, мойындап отыр. Жастарымыз Ұлт­тық күресті қанша жастан меңгеру керек?

–  Ұлттық ойындарымызды сөз еткенде алдымен есімізге қазақ күресі түседі. Ұлтты ұлықтайтын осы спорт түрі ғасырлар қойнауы­нан бүгінгі күнге аман жетті. Бұрынғы кезде бұл күш сынасу өнерінсіз жиын-той өтпейтін. Қазақ күресіне Кеңес заманының ызғары да тимеді. Керісінше, көміскіленіп, ұмытылып қалмас үшін жаңа серпінмен дамып жатты. 2012 жылы қазақша күрес болмайды, қазақ күресі деп аталуы керек деп, атаудың өзгеруіне де атсалыстым.

Толығырақ: Қазақ күресі – халқыМен бірге

«Біздің ұлттық ойындарымыз бен өнеріміздің қайсысын алсаңыз да тұнып тұрған театр»

«Біздің ұлттық ойындарымыз бен өнеріміздің қайсысын алсаңыз да тұнып тұрған театр»

 

                                                                                                                     Кинорежиссер, жазушы,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайреткері,

Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері

Сатыбалды НАРЫМБЕТОВ:

 

Бізде кино көру мәдениеті деген жоқ. Жастайымыздан үндінің   киноларын көріп келеміз. Автордың кезегімен басынан кешкендерін жылап-сықтап баяндап беретін киноларына үйреніп қалғанбыз. Біздің киноның көрер­мендері үшке бөлініп кетті. Біреуі үндінің, түріктің, корейдің киносын қарайды. Тағы бірі, Голливудтың атыс-шабыс боевиктеріне құмар. Үшіншісі –  жүрекжарды, шынайы, ұлттық бояуы қанық киноларды іздейтін көрермен. Жеңіл әзілге құрылған арзанқол дүниелерге көрермен көбірек үңілетіні жасырын емес.

–  Қазақ киносы дегенде «Қыз Жібек», «Біздің сүйікті дәрігер» сынды классикалық дүниелер ғана көз алдымызға елестейтіні белгілі. Ал бүгінгі түсіріліп жатқан кинолардың көтеріп тұрған жүгі қандай?

–  Қазақ киносының дамуына өлшеусіз үлесін қосқан, шоқтығы биік дара тұлға –  Шәкен Айманов екені даусыз. Ұлттық киноны биікке көтеріп, халықтың жадында қалған «Атамекен», «Тақиялы періште», «Атаманның ақыры», «Біздің сүйікті дәрігер» фильмдері әлі күнге өзінің миллиондаған көрерменінен айырылған жоқ. Шығармашылық жетістіктері мол Шәкен аға қарапайымдылық пен ақжарқын мінезінен әсте айнымайтын. Шәкен Аймановтың екі үлкен туындысының кино өнерінің дүниежүзілік алтын қорына енуі де тегін емес. Шәкен ағаның ізін жалғаған Абдолла Қарсақбаев, Мәжит Бегалин, Сұлтан Қожықовтың киноларының да орны ерекше. Мәжит ағаның «Тұлпардың ізі», Абдолла ағаның «Балалық шаққа саяхат» кинокартиналарының нағыз шедевр екенін айтпасқа болмайды.

Толығырақ: «Біздің ұлттық ойындарымыз бен өнеріміздің қайсысын алсаңыз да тұнып тұрған театр»

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30