Киіз басу өнері

Киіз басу өнері күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпай келе жатқан дәстүрлі қолөнер үлгілерінің бірі. Онда жүн талшықтарының бір-бірімен ұйыса байланысатын қасиеті негізге алынған. Қазіргі заманғы шұға басу, байпақ жасау, фетр (қалпақтық биязы киіз) басу процестері де киіз басу технологиясымен бірдей.

Ғасырлар бойы көшпелі өмірге ыңғайлы тұрмыстық бұйымдардың бірқатары киізден жасалған. Киіз басу ісі маусымдық сипатта болған.
Ол қойды қырқудан басталады да (күз айында), қырқылған күзем жүннің барлығын өңдеп болғанға дейін созылады. Жүні таза болу үшін, қойды қырқар алдында 3-4 рет ағынды суға тоғытады. Алдымен жүн жасайтын бұйымдарға ыңғайланып, ақ, қара түстерге бөлініп жиналады да, оны ешкі терісінен жасалған тулаққа салып, сабаумен сабайды.
Жүн сабалып болған соң, басылатын киіздің көлеміне қарай, шиді жаяды да, оның үстіне жүнді салып, шабақтайды. Осыдан кейін бет тартылады, яғни киіздің оң жағына арналған неғұрлым таза, әдемі жүнді сол қолмен уыстап алып, әлгі шабақталған жүннің үстіне салып отырып, оң қолдың қырымен басып қалып, үзіп қалдырады.
Үзілген жүн бірімен-бірі жалғаса, біртегіс болып төселе береді. Бұл істі бұрыннан бет тартып машықтанған, жүн тартудың шебері деп танылған бір адам ғана орындайды. Себебі: екі-үш адам орындаса, жүн ала-құла тартылады да киіз біркелкі шықпайды. Содан кейін қайнап тұрған ыстық суды шелекпен әкеліп, сүзгімен немесе шөміштің сырт жағымен шашыратып шидің бір жақ шетінен бастап себелеп құяды.
Жоғарыдан шашырап құйылған су өз салмағымен жүнді басып, шабақталған жүн мен тартылған жүнді біріне-бірін қосып жабыстырады.
Ыстық су жүннің талшықтарын буландырып жібітеді де, оның өзара кірігіп, тез киізденуіне жағдай жасайды. Су себіле басталысымен қатар отырған 3-4 әйел басылып жатқан жүнді сыртындағы шимен қабаттай шиыршықтап, жинап отырады. Шиді орап жинаған сайын әлсін-әлсін ыстық су құйылады.
Түгел жиналған шидің сыртынан жіппен шандып, жұмырлап байлайды да, ортан белінен бір жерінен немесе екі жерінен арқанды өткізіп алып, домалатады, екі басын тұйықтап бос салып қояды.
Бүктеліп әзір жатқан шидің өн бойын бойлай, 10-12 адам қатар жүріп келе жатып, шиге ораулы киізді аяқтарымен теуіп отырады.

Толығырақ: Киіз басу өнері

ҚАЗАҚ ОЮ-ӨРНЕКТЕРІНІҢ ТАРИХЫН ҒЫЛЫМИ ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ ӘЛІ ТЕРЕҢДЕЙ ҚОЙҒАН ЖОҚ

Шәкен БӨКЕТАЙҰЛЫ

Журналымыздың алдыңғы сандарында фолклортанушы, этнограф, қазақ ою-өрнектерін зерттеуде өзгеше жол ашқан ғалым Шәкен Бөкетайұлының ұлттық нақыштар, ою-өрнектің пайда болу, даму, қолданысқа ену сатысы бойынша зерттеген мақалаларын жариялаған болатынбыз. Кезекті санымызда да аталмыш ғалымның тартымды зерделеу мақаласын назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Толығырақ: ҚАЗАҚ ОЮ-ӨРНЕКТЕРІНІҢ ТАРИХЫН ҒЫЛЫМИ ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ ӘЛІ ТЕРЕҢДЕЙ ҚОЙҒАН ЖОҚ

ТОРҒАЙ ӨҢІРІНДЕГІ ЗЕРГЕРЛІК ӨНЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

Халқымыздың дәстүрлі қолөнері – қайнар бұлақ, сарқылмас қазына, бай мұра. Бұл – ұлттық санадағы сұлулыққа деген іңкәрліктен пайда болған эстетикалық талғам. Халық зергерлері әсем бұйымдарды дүниеге әкеліп, сұлулықтың санадағы бейнесін жасаған.

       Зергерлік – өте ерте заманнан келе жатқан өнер. Оны барлық халықтар жоғары бағалап, ең қалаулы өнер етті. Тарихи этнографиялық музейлердегі археологиялық сәнді бұйымдар мен қарулар, ыдыс - аяқ, теңге - моншақтар, алтын мен күмістен және асыл тастардан жасалған қымбатты заттар әлгі шеберлер қалдырған халықтық мұра болып табылады.

Толығырақ: ТОРҒАЙ ӨҢІРІНДЕГІ ЗЕРГЕРЛІК ӨНЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

Қазақтың зергерлік бұйымдары

Ұлы дала төсінде соңғы үш мың жыл бойы салтанат құрған көшпелі өмір салтының ең соңғы мұрагері қазақ халқы. Содан болар, көшпелі қазақтың материалдық және рухани мәдениеті тікелей байырғы салтпен жалғасып жатыр. Соның ішінде зергерлік өнерді бөле жарар болсақ; зергерлік өнер – ерте заманнан келе жатқан, әрі халыққа көп тараған сәндік және қосалқы өнердің бір түрі. Алтын, күміс, асыл тас және сүйекті пайдаланып, сән-салтанат үшін әшекейлі жиһаз, қыз-келіншектердің сәндік бұйымдарымен қатар, қару-жарақ, сауыт-сайман, ер-тұрманды зергерлеу өнері болған. Алтын мен күмістен сәндік бұйымдар мен әшекей заттарын жасайтын шеберді халық зергер деп атаған, олар зергерлік өнердің күрделі техникалық тәсілдерін жете меңгерген. Зергерлер құю, соғу, шабу, шеку, керту, оймалау, зерлеу, қарайту, қаптау, аптау түрлерінің бәрін үйлесімді қолдана білген. Сондықтан «Алтынның қадірін зергер білер» деген нақыл сөз халық арасында сақталған. Өйткені зергерлер материалдардың сапасына, өңделуіне байланысты алтынның өзін бірнеше түрге бөлген. Мәселен, бір ғана алтынның «таза алтын» деген ұғымының ши алтын, шым алтын, шымқай алтын, сап алтын, сары алтын, қызыл алтын, құйма алтын тәрізді 20-дан астам атауы, ал күмістің әртүрлі сапа-белгісін білдіретін жамбы, ақ жамбы, асық жамбы, жал күміс, балшабай күміс, нақыра күміс, құйма күміс тәрізді т.б. 10-нан астам түрлері бар. Зергерлер алтын мен күміс, жез бен мысты кеңінен қолданғаны белгілі. Себебі күмістің тартымды, сыйқырлы қасиеті бар деп есептелінеді. Күмістің жарқыраған түсін Ай-күміс, Күміс-ай деп айға балаған. Қазақ зергерлері таза алтыннан білезік, сырға, сақина, жүзік соққан, сонымен қатар құю әдісімен де жасаған. Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде күміс әшекейлердің бетіне алтын жалату немесе қақталған жұқа алтынмен көркемдеу жиірек кездеседі. Қазіргі Қазақстан аумағында да жүзік жасаудың ежелгі замандардан бастау алатынына олардың археологиялық қазбалардан табылған үлгілері дәлел бола алады. Қазақ зергерлерінің өте көп жасайтын әшекейлерінің бірі – сақиналар мен жүзіктер. Жүзік – соғу, қалыптау, ширату, тәсілімен жасалып, сәндік үшін саусаққа салынатын әшекейлі сақина. Жүзіктің жасалуы сақинадан күрделірек. Қазақ халқы асыл тастардан көз қондырылғанын жүзік, тасы жоқ,тек алтын, күмістің өзінен ғана көз шығарылғанын сақина, көзі жоқ шығыр түріндегісін балдақ деп атайды. Жасалу мәнеріне қарай немесе көздеріндегі тастардың атымен алтын жүзік, күміс жүзік деп сақиналар құсмұрын, түйетабан,жүрекше, т.б. болып аталған. Ер мен әйелдің жүзік, балдақ ауысуы шын сүйіспеншіліктің белгісі саналған. Қазақ халқының дәстүрінде көзіне асыл тас орнатылған (кейде жазулы) алтын, күміс жүзіктерді қыз-келіншектер, сал-серілер салса, ал жігіттер балдақ салған. Ертеректе хан, би, болыстардың мөр, қолтаңба орнына қолданатын жүзіктері де болды. Сондай-ақ, мөрлі жүзікке оймыштай салынған дұға, ру таңбасы да бейнеленген. Жасалған материалы мен түр-түсіне қарай жүзіктер:

Толығырақ: Қазақтың зергерлік бұйымдары

Зергерліктің астарына зер салсақ...

Көшпелі халықтың салт-дәстүрімен бірге жалғасып келе жатқан қазақтың тамаша өнерінің бірі – зергерлік өнері. 

Зергерлік әшекей бұйымдары қазақтың ұлттық киімдерінің сәніне сән қосып, көріктендіре түсері сөзсіз. Зергерлік ісінде әсіресе әйел әшекейлерін жасауға ерекше мән берілген. Сәукеле әшекейлерінен бастап сырт киімге тағатын және маңдайша, шекеліктер, сырғалар, тұмарлар, тұмаршалар, алқа, моншақтар, өңіржиектер, тана, түйме, бастырма, қапсырма, сақина, білезіктер  сияқты зергерлік бұйымдардың түрлері өте көп. 

Толығырақ: Зергерліктің астарына зер салсақ...

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30