ҚАЗАҚ ОЮ-ӨРНЕКТЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ ҺӘМ «ОЮ» МЕН «ӨРНЕК» СӨЗІНІҢ АЙЫРМАСЫ

Журналымыздың алдыңғы сандарында фолклортанушы, этнограф, қазақ ою-өрнектерін зерттеуде өзгеше жол ашқан ғалым Шәкен Бөкетайұлының ұлттық нақыштар, ою-өрнектің пайда болу, даму, қолданысқа ену сатысы бойынша зерттеген мақалаларын жариялаған болатынбыз. Кезекті санымызда да аталмыш ғалымның тартымды зерделеу мақаласын назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Толығырақ: ҚАЗАҚ ОЮ-ӨРНЕКТЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ ҺӘМ «ОЮ» МЕН «ӨРНЕК» СӨЗІНІҢ АЙЫРМАСЫ

Кестелеу – өнері

Кесте – сәндік қолөнердің  халық арасына кең тараған нәзік түрі.  Кестенің алғашқы үлгілерін Пазырық және Ноинұлан (б.з.б. 5ғ.) қорғандарынан табылған құрал-жабдықтардан (түскиіз, түскілем, киім-кешектер, жауынгерлердің сыртқы су қағарлары, шекпен, комзол, желең) көруге болады.

Толығырақ: Кестелеу – өнері

Шебер қолдардан шебер өнер төгілген...

Сәлеметсізбе, Тәрбия Айдымбаева. Сіздің мұражайда орналасқан «Адай қыз» деп аталатын киімдер топтамасына қызығып өзіңізбен сұхбаттасуға асықтым. Қолөнер бұйымдарын жасаумен қашаннан айналыса бастадыңыз? Бұл өнер сізге кімнен дарыған?

Мен 1974 жылы Түркменстанда дүниеге келіп, сол жылы атажұртқа, Шымкент қаласына қоныс аударыппыз. Алматыда оқу оқып, 1997 жылдан бері тағдардың жазуымен Маңғыстауға келдім. Қолөнершілікпен университет оқып жүргеннен бастап айналыстым. Ұлттық киімдерді тігуден ғылыми жоба қорғап университет бойынша 1-орынға ие болдым. 1992-1997жылдар аралығында Алматы технология институтында қолөнер және бизнес кафедрасында оқыдым. 3-4 курстан бастап ұлттық киімдерімізге көңіл бөле бастадым. Дипломдық жұмысымды қазақ қызының киімдерін көрсету арқылы өте жақсы бағаға қорғадым. «Алтын адамның» киімін жасап көпшіліктің көңілінен шықтым. Маған қолөнершілік анамнан дарыған, бірақ, өмірлік кәсібім мен нәсібім, мамандығым болады деп ойламаппын. Кішкентайымнан өзіме қажеттіні тігіп үйренген едім. Қаннан келген қасиетте болар, Айдынбай деген атамның өзі зергер кісі болған, оның ұстанған құралдарының көпшілігі менің қолымда. Кейіннен ұстазым Гүлнар Ниязбекқызының да көп көмегі тиді. Университет  қабырғасында өзімді ұлттық киімдерді нақышына келтіріп орындаймын деп тәрбиелей бастадым. 1997 жылы оқуды бітіріп,  Абай атындағы мәдениет сарайының сахналық киімдерін тігумен айналыстым. Өлкемізге белгілі «Жорға» бишілер тобының киімдерін тігіп жүрмін. «Жорға» бишілері жан-жаққа, шетелдерге шығып келеді. Келген сайын «біздің киімдер ең әдемі киімдер» деп қуанышпен айтып, маған шабыт бере түсетін. Сол жылдан бастап кешкі киімдерге ұлттық ою-өрнектерді салып тіге бастадым, сұраныстың күштілігі соншалық, сол киімдерден менде қазір ештенеде қалмапты. Кейіннен, моншақтап тіге бастадық, ал, қазіргі таңда, Дубайдан әшекей тастар әкеліп, тастармен безендіріп тігіп жүрміз. Біздің ұлттық киімдерді тігіп жүргенімізге 15 жылдан асты, Аллаға шүкір менің жұмысым тоқтап, киімдеріме сұраныс азайып қалған кез болған емес. Мен бұл қолөнерді жүрегіммен сүйемін, менің ойымша, шынайы сүйіспеншіліктен ғана әдемілік туындайды екен.

  

Толығырақ: Шебер қолдардан шебер өнер төгілген...

«Мен өзім қазақтың ұлттық ою-өрнегін бағалаймын, өзгеге де бағалатып жүрмін»

 Сағидолла Оразов 1974 жылы 19 наурызда Маңғыстау облысы Қызылтөбе елді мекенінде дүниеге келген. Отбасында 9 баланың кенжесі. Зергерлік өнерді өзінің ағасы Түгел Оразовтан үйренген. Кішкентай кезінен суретшілікке, зергерлікке жаны құмар Сағидолла 1991 жылы Алматы Мемлекеттік университеті (қазіргі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті) көркемсурет және қолданбалы өнер факультетіне оқуға тапсырады. Көбіне өзінің металл өнімдеріне қызығушылығының зор екенін аңғарған Сағидолла шеберханаларда ағасының қолдауымен зергерлікпен айналыса бастайды. Жұмыс үстіндегі сабырлылық, табандылылық қасиеттерінің бойынан ұшан теңіз табылатындығы соншалық, Сағидолланың нағыз шебер болып қалыптасуына көп көмегін тигізеді. Оқып жүрген кезден бастап-ақ, Алматыдағы орталық мұражайда жұмыс жасайды.

Толығырақ: «Мен өзім қазақтың ұлттық ою-өрнегін бағалаймын, өзгеге де бағалатып жүрмін»

Менің туындыларымда әзіл–қалжың жатыр...

дейді Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі, суретші, қолөнерші Табиғат Төлемісұлы

Жыл сайынғы Алматыда ұйымдастырылатын «Шебер-2013. Киіз Алма» фестиваліне атбасын бұрдық. Қазақ халқының музыкалық аспаптар мұражайы талант пен шабытты бойына жиған жандардың басын қосыпты. Дарқан дала өнердің жақұт гүлін айналаға әдейілеп шашып тастағандай. Бір туынды екіншісін қайталамаған. Асып түсіп, басып озып тұр.

Фестивальдің мақсаты – киізден жасалған дүниелерге, өнерімізге, қазақтың дәстүріне деген сүйіспеншілікті ояту. Халықтың арасында қолөнер кәсібін нәпақаға айналдыра  отырып, кеңінен таралуына өз үлестерін қосып отырған жандардың еңбектерін көрсету арқылы халыққа насихаттау. Киізден жасалған туындыларды қазіргі заман талабына сай етіп көпшіліктің, соның ішінде, жастардың сұранысына ие болуына жол ашу. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген қолөнершілер, суретшілер өз өлкесінің байлықтарын шығармашылығына арқау етіп,өз туындыларын көпшіліктің назарына жайып салғанда, шынайы таланттың тірі екеніне, өлмейтініне көз жеткіздік. Көрмедегі туындылардың әдемілігі соншалық, бір-бірімен таласып-ақ  тұр. Қай қолөнершінің алдына барып, қайсысына көкейкесті сұрақтарымызды қоярымызды білмей де қалдық. Бізді таңдандырғаны мына суретшінің, алдымен, «құйрығы сыңған тазы» туындысына ерекше назарым ауды... 

Бұл қолөнерші, суретшінің қиял аспанында өнерге деген асқан сүйіспеншілік жатса,әдемі туындыларында астармен жеткізілген мысқыл, бірін-бірі қайталамайтын өзгешелік тұнып тұр. Ал, жан дүниесіне асықпай зер салып қарасаңыз, Жаратқан бұл кісіге барлық талантты үйіп-төгіп бергенбе дейсіз. Біз сөз еткелі отырған Табиғат Төлемісұлының мұхит мұрасына  сүңгіп өткіңіз келсе, сырлы суреттермен өрілген сұхбатқа көз жүгіртіңіз...

– Армысыз, аға! Өзіңізді таныстырып өтсеңіз? Қай өңірден келдіңіз?

– Қожанбаев Табиғат ТөлемісұлыБатыс Қазақстан облысы Орал қаласының тумасымын. 1992 жылы бұрынғы Гоголь атындағы  Алматы көркемсурет училищесін бітірдім. Кейіннен 1997 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін тәмамдадым. 1993 жылдан бері Қазақстан суретшілер Одағының мүшесімін, қазір Астанада Мұсаходжаев атындағы мемлекеттік өнер университеттің колледжінде оқытушымын, көркемсурет мектебінде сабақ беремін.

– Өнер мен шығармашылықтың біте қайнасып, бірін-бірі жеңе алмай алысып жатқан ең көркем қолөнерсаласына қалай келдіңіз? Сізге бұл өнер кімнен дарыған?

– Суретке, қолөнерге бала кезден жақын болып өстім. Менің бойыма бұл өнер қасиетті даламнан сіңген. Менің балалық шағымда қазақтың даласынан өнердің иісі аңқып тұратын. Шынайы таланттың, шынайы өнердің, қазақтың салт-дәстүрінің керемет сақталған кезі еді. Жоғалған құндылықтарымыз, рухани байлықтарымыз ізденіс арқылы жарыққа шығып, ұмыт бола бастаған ою-өрнектеріміз қайтадан сұранысқа ие бола бастады. Сондай ізденімпаз, жаны жаңалыққа құмар жас буынның бірі болып менде көшке ілестім. Марқұм Дәркенбай Шоқпаровтың алдында тікелей отырып дәріс алмасамда, жасаған туындыларына қызығып, өзімнің жаныма жақынын түрте отырып рухани тілдесе жүріп, шәкіртіндей болып кеттім. Кейбір туындыларды дүниеге әкелмес бұрын, қиялымдағыны сол кісімен бөлісіп, ақылдасатын едім. Ол кездерді мен ізденісте жүрген жылдарым десем артық болмас. Бірге оқитын топтас жігіттердің ауылдарына барып, атақты шеберлерімен танысып, тұнып тұрған туындыларына аузымыздың суы құрып келетін. Оқып жүрген жылдардың бірінде Қызылорда өңірінің тумасы досым Нұрлыбектің ауылына бардым. Ауылда аты шулы Мизам ұстамен танысып жасаған дүниелерінің шежіресіне қанық болдым. Кейіннен менде өз жұмыстарымды тарихпен, кешегі өткенмен ұштастыра байланыстыра отырып жасайтындай дәрежеге жеттім. Ауылдың ақсақалдарымен сөйлесіп, ауыздарынан шыққан сырлы әр сөзінен өзіме ой түйіп, жұмысыма керекті жерлерін түртіп алып жүрдім. Ізденіске толы жылдарым бір-біріне ұқсамайтын, бірінен-бірі асып өтетін. Былтырғы туындым биылғысынан мүлдем өзгеше болса, мен өзімді жоғары бағалап, жетілгенім деп одан сайын шығармашылығымды дамытуға асыға түсетінмін. Оқу бітіргеннен кейін туған жеріме оралып, мұражайда қызмет атқардым, ұстаздықпен айналыстым.

–       Көрмедегі туындыларыныңға келсек, барлығы бірдей теріден жасалған ба? Өзгешелігін айтып, жаныңызға ең жақынынан бастап таныстырып өтсеңіз?

-         Мынау-ағаштан жасалған тазы. Ағашты Көкшетау қаласы Шучинскінің базарынан тауып алдым. Алғашында ағаш ақ болып, мен туындыма «құйрығы сыңған ақ тазы» деген атау бердім. Кейіннен неше түрлі өңдеуден өткеннен кейін ақ ағаш қарайып, тек «құйрығы сыңған тазы» деп атадым. Бұл туындымды көрген достарым, араласып жүрген суретшілер ерекше бағалап, тіпті, кейде әзілдеп, «өзіңе ұқсаған қияли, арық тазыны қайдан ойлап таптың?» деп жатады. Осындай көрмелерде тұрғанда көпшіліктің көзі осы тазыға түсіп, жанына келіп суретке түсіп жататыны да сәттер кездеседі.

Теріден тіккен көнекке (кейде шелек деп атаймын) келетін болсақ, бие, сиыр сауғанда мал шошымас үшін, мен темір араластырмай тек қана теріден тіктім. Ерекшелігі шошитын жануарларды сауғанға ыңғайлы. Темір сияқты саңғырлаған дыбыс шықпайды, таза теріден жасалған жұмыс. Шелекке сауын малды сауып болған соң, өнімін торсыққа құюға арнайы оңай болсын деп, тұмсығын қайырып қойдым.Алғашында, тіккен торсықтарыма қазақтың ою-өрнектерін быжырлатып салып тастайтын едім. Қазір әр оюды, әр элементті өз орнымен салатын болдым. Бұлда менің бір жетілгенім болар. Мәселен, шелектіңбезендірілуіне көз жүгіртіңізші, оюдан қашып, графикаға көше бастадым. Киіз үйді осыған дейінгі туындыларыма салып келдім, ал қазіргілерінде кәдімгі мұржасы бар үйлер салынған. Терінің бетіне ұлылар сөзі өшпесін деп, «Жер егісті болсын, Ақ мол болсын» деген сынды сөздерді жиып-теріп жазатын болдым. Ол менің  туындыларымдағы бір ерекшелік, тілімізге деген құрмет. Еліміздің дамуына қосқан үлесім болсын деп, қазақтың көркем сөздерін кеңінен таратқым келіп, теріге басып  жүрмін. Безендірілуіне зер салып қарасаңыз, туындыларымда үлкен философия, юмор жатыр.

– Тапсырыс бойынша жұмыс жасайсыз ба? Туындыларыңызға көбіне қай ұлттың өкілдері қызығады? Қазақтардың бағалау деңгейі қандай?

–Тапсырыс бойынша жұмыс жасаған ұнамайды. Асқан махаббатпен шыққан туындымды шын шығармашылықты түсінетін адамдар сүйсініп келіп алып жатса, мен үшін үлкен мәртебе болар еді. Шындығына келсек, өз туындымызды бұрын біз бағалай білмейтін едік. Бұрынғыға қарағанда, қазір қазақтардың қызығушылығы жоғары. Қазақтың құндылықтарын насихаттау бүгінгі таңда кеңінен таралуда, халқымызға соның оң әсері тиіп жатқан болар. Жұмыстарыма шетелдіктер ерекше қызығушылық танытады. Олар біздің еліміздің байлығын, мәдени, рухани мұрасын зерттеп, зерделеп білмек үшін келеді де, осындай қолөнер туындыларымызды көргенде, тіпті, есеңгіреп қалады. Менің біраз жұмысым шетелдік көрмелерге қойылды. Мұнайлы өңірде өзге ұлт өкілдері көп жүретіндіктен болар, жұмыстарымның көбісі шетелдіктерге сатылды.

 

–        Жеке көрме ұйымдастырдыңыз ба? Материалдарды қайдан аласыз?

– Жеке көрме ұйымдастыратындай туындыларым бар, бірақ ұйымдастыруды қолға алмадым. Облыс, республика көлемінде өткізілетін көрмелерге қатысып тұрамын. Өзім бірақ көрмелерді іздеп барған емеспін, алайда, шақырған жерлерден қалмауға тырысамын. Көбіне Астана күніне орай өткізілетін көрмеге қатысып тұрамын. 1995 жылы «Жігер» Орта Азиялық жас суретшілер фестивальінің лауреаты атандым. 2001 жылы Оңтүстік Кореядағы  Сеулде өткен халықаралық туризм күніне арналған көрмеге жұмыстарым қойылды. «Шабыт-2013» фестивальіне торсық тігіп апарып, финалға дейін жеттім. Теріні арнайы сатып алып, өзім өңдеймін.

–       Балаларыңыз сіздің жолыңызды ұстанса қарсы болмайсыз ба? Шәкірт тәрбиелеп жүрсіз бе?

– Ұлым басқа салада. Мен ешкімді желкелеп әкеліп үйреткен емеспін. Қызығушылығы бар адамдарға көрсетуден, үйретуден жалықпаймын. Шығармашылық жол-қиын жол. Материалдық тұрғыдан да, рухани жағынанда жан дүниең күйзеліске түседі. Кейде шабыт келіп қалса, тіпті, жаныңды қояр жер таппай кетесің. Көңіл-күйіңде құбылып тұрады. кейде, өліп-өшіп жасаған жұмысың бір сәтте көңіліңнен шықпай қалып жататын сәттерде болады. Үлкен жүректі, асқан махаббатты талап ететін өнер жолын балаларыма ұсынбадым. Ұлдарым, қыздарым өз таңдаған салаларында. Бірақ, менің ойып-сызып отыратынымды көріп өскендіктен болар, қолдарынан келеді. Қазір, көбіне ұлыммен ақылдасамын. Ойымдағыны айтып, оның пікірін тыңдап көремін. Ұлымның менің қиялымдағы әлі дүниеге келмеген туындыма деген көзқарасын білген соң, талқыға сала отырып, бірігіп бір туынды шығарып жататын сәттерде кездеседі.

–       Сұхбатыңызға рахмет! Сізге шағырмашылық табыс тілеймін. 

Айдана Қуантханова

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30