КӨРКЕМ ВИТРАЖ ҮЛГІСІНДЕГІ ҚОЛӨНЕР

 Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның басшылығымен, «Монументалды кескіндеме» ұжымының және студент жастарының жұмылып қатысуымен аталмыш өнер ордасында «Көркем витраж көрмесі» жиі ұйымдастырылады.

  ҚазҰӨА-ның аясында жаңа мәнердегі үлгілі нәтиже көрсеткен жастардың талмас талабы мен ерен еңбегінің жемісін айшықтаған жоба жетекшілері Бакирланова Ғ.Ғ. және ұйымдастырушысы Имирова Б. өз тараптарынан әрбір күрделі композициялы жұмыстарды талқылаудан өткізіп көрермен көзайымына айналдырды. Монументалды кескіндеме түрінің бірі витраж, француз тілінен аударғанда «терезе әйнегі» деген ұғымды білдіріп, бүгінде қазақ елінің өнер туындыларының ішінен орын алды. Бұл суретші қиялынан туындаған ерекше картина. Оның құпиясы бейнелеу өнерінде әдеттегідей қолданатын бояу емес, түрлі-түсті әйнектермен құрастырылған шығарма болуымен қызықты. Сондай-ақ ерекше мұқияттылықты талап етеді. Көркем витраж Батыс өнерінде орта ғасырда қанатын кеңінен жая қарқынды өсіп, дами түсті. [1, 15б.] Ал бүгінде қазақ өнерінің монументалды кескіндеме өнерінің бір бөлігіне етене үйлесін тауып ене бастағаны кейінгі кездегі ұйымдастырылатын көрмелерден жиі кездестіруіміз бұған дәлел болары хақ. Әрине бұл қазақ елінің дәстүрі болмағанмен, халық оған қызығушылық танытып, бірден жандандырып, өзінің ұлттық элементтерін енгізіп, қолданысқа ұсына бастауы бейнелеу өнерін жан- жақты дамытуының белгісі.

 Соған сәйкес ұйымдастырушылар академия жастарын да қызықтырып, жұмылып жұмыс істеуге шақырып, оларды біріктіріп, құштарлықтарын оятты. Монументалды кескіндеме ішіндегі «витраж» көненің көзі болғанмен, бүгінгі заманауи қоғамда үлкен сұранысқа иелік етіп отыр. Мұның айқын айғағы көрме арқылы танылады. «Витраж» деген сөздің өзі (француздың vitrage, латынның vitrum – шыны) – көріністі сәнді композиция немесе терезеге, есікке түрлі – түсті шынылармен орындалған өрнек. Ортағасырдағы витраждың негізгі түстері қызыл, көк және сары болған. Ол бүгінгі күнге дейін жақсы сақтаулы. Оны құрастырудың әдісі жетілдіріліп келеді және қазірде ғимараттарды безендіруде кездеседі. Сондай - ақ Қайта өрлеу дәуірі мен «модерн» стилінде кең қолданылды.[2, 47б.] Академия аясында ұйымдастырылып отырған бұл витраж көрмесі тұңғыш емес, ол бұданда бұрын үлкен залдардың төрінен орын алып көпшіліктің көзайымына айналып, көңілінен шыққан картиналар үлгілері болса, кейінгі көрмелерден сақина, сырға, білезік, тіпті көркем әйнекпен жасалған домбыраны көруге мүмкіндік туғызды. Көрменің өзіндік ерекшелігі витраждың қолөнер туындысы ретінде көзге түсіп, әшекейлі бұйым бола алатындығын дәлелдеді.[ 3, 1;2;3- суреттер]

  Жаңашыл жастар қиялының ұшқырлығы ұстаздарының берген тәлімгерлігімен бірігіп озық үлгіге айналуы таң қалдырады. Көрмедегі «Монументалды кескіндеме» мамандығының оқытушылары мен тәлімгерлері өзіндік жаңаша идеяларымен бөлісіп, ойларын ортаға салды. Ұлттық нақыштарын витраждың түрлі әдістері арқылы көрерменге паш етті. Көрмені ерекше қызығушылықпен аралаған кез – келген адам өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Аталмыш көрменің жыл сайын ұйымдастырылуы дәстүрге айналып, витраж өнерінің даму деңгейін көрсету мақсатын айқындап, бағытын ашып, қолданысын негіздеп, оған мемлекеттік дәрежеде мән беріліп, жекеленген ұйымдардың қатысуына жан-жақты қолдау беріп алғашқы атауы «заманауи үрдістер – 2011» атты жарнамасымен көрінді. Осы орайда шығармашыл жастардың жұмыстарынан әр жеке адам суретші бойындағы сыршыл өмірді, күншуақты ашық түсті көңіл-күйді, қазақ елінің тәуелсіздігін алуан түрлі жылы реңктермен сездіре білді.

 Көрерменге ойлы сезім тұтандырған сыршыл суретші К.Б.Оспановтың алған тақырыптары «қазақ» деген атауды меңзейтіндей әсер беруі, оның витраждарының «Құлагер»(2010ж.), «Волоколам қорғаны»(2011ж.), «Қазақ әуені»(2011ж.) атпен танылуынан тағзым алады. Ерекше мәнеріндегі өзгешелік жалпы көрме атауымен сәйкестендіріліп ұлттық танымды заманауи үрдістерімен енгізуі шеберлік. Оның ішіндегі көнеден келе жатқан теміршілік қолөнерінің құпиясын ашып, тұжырымды зерттеп, сол жәдігерлерді қаз- қалпында қайта жасап халқына қайта ұсынған ұста, зергерлердің көне ұлттық музыкалық аспаптарын шыныдан жасауы көрерменді елең еткізбей қоймады. [7, 266б.]

  Ал дарынды жастар легінен Хасенов Әшімнің «Бұлтқа дейін»(2011ж.) деген жұмысынан бірде өмірдегі болып жатқан нөсерді күтсек, екінші қырынан әйнекке түскен жаңбырдың ағып өткен уақыты, адамның көңіл-күйін биязылыққа жетелейді. Қайранов Ерболдың «Абылай хан» (2011ж.) атты портретінен витраждың лак құю техникасының сыры ашылады. Бұл да өнерге қосқан үлестің бір бөлігі. Өйткені Абылай хан бейнесі көбінде майлы бояу мен кенепте орын алып отыруы жаңалық емес еді. Дәл осы көрмелер арқылы жастардың көпшілік бөлігі витражда қалыптасқан жаңа фьюзинг технологиясын ұстанғаны байқалады. Ол ағылшынның fuse – ерітіп құю ұғымымен түсіндіріліп, қолөнер мен пластикалық мүсіндеу заттарын жасауға ыңғайлылығын ашып берді де жастардың құштарлығын оятты. [2, 47б.]     Олардың тақырыптары жан-жақты қамтылған, ойлары да бір-бірімен астасып жатыр. Әр біреуі өзінің көкейіне түрткі болып жүрген мәселені  қозғап, күрделі процесспен ашуы, ол бүгінгі жастың жаңашыл талпынысының ұшқынын танытады. Мұнда әйнектердің түрлі-түсті бояуының әшекейге айналуын дәлелдейді. Қарапайым шыналарды үйлестірудің нәтижесінде көркем дүние шығатынын ашып айтады, витраждың қолөнер үлгісіндегі түпнұсқасын ұсынады. Бұл көрменің маңыздылығы тосын тыңдаған елге әшекей бұйым ретінде көрініс тауып, зергерлік бұйымға айналған заттар болуы мүмкін. Көрме ұйымдастырушылардың да ұстанған мақсаты Қазақстанда кенже қалған көркем өнерді жандандыру, витраж өнерін көрсету, сондықтанда шағын жекеленген ұйымдардың өз тарапынан идеяларымен бөлісуі келешек жастардың витражды қарқынды өсуіне ықпал етіп, оның дамуына септігін тигізуі болып отыр. Сондай- ақ тарихи – этнографиялық зор маңызы бар темірден түйін түйген ісмерлікті ендігі кезекте шынылық туындымен айқындауға болатынын ашады. Дегенмен теміршілік қолөнердің қазақ қанына дарыған іс екендігі белгілі және ол мәңгілік.

  Қазақстан Республикасы Қорының ғимаратындағы алғашқы көрмелердің кереметтігі ұлттық ою-өрнектің өзіндік жаңаша үлгісін  витраж түріндегі ішкі интерьерде көрсетуі Имирова Бұлбұлдың «Бақыт құсы» атты витражынан айқын сезіледі. Онда тек құс емес, одан сәуледей шашылған әуенді түстері бүгінгі интерьерді әрлендіретінін дәлелдейді. [ 4, 4- сурет]

 Кескіндемеші витражды бейнелеудегі көне дәстүрлік үлгінің негізгі ұстанымындағы түстерді сақтауға тырысқан. Басты түстері сары бояудан бастау алып, жылы лебізге жетелейді.

  Қарапайым әйнектерді үйлестірудің нәтижесінде көркем дүние шығатынын айшықтап берген шебер үлгілері әшекейлі бұйымдардан жауап тауып, ендігі витраждарды қолөнерден көрсете бастайды және олар түрлі-түсті әйнектердің жинағынан  жасалған, қазақтың геометриялық оюынан өрнек үйлестірген Айнабеков Айдостың сырғалары, білезігі нәзік әсемдікті түзеді. Екінші бір қырынан көнелікті де меңзейтіндей әсер береді, яғни ол әйнектің темірдей иілу икемділігінің кемдігін дәлелдеп, дөрекілеу пішін беруін айтады. [ 3, 1;2;3- суреттер]

 Бүгінгі жастардың ойынан пайда болған витраждық көркем идея күрделі қоспалардың нәтижесінде әшекей бұйымға айналды. Шыныны қайнатудың өзі бір іс-әрекет болғанымен дарын иелеріне жеңіл де, ұтымды шеберлік тәріздес. Суретшілердің қиындыққа қарамастан өте ашық түстерді қолдануы кескіндеменің қыр-сырын терең меңгергені, ал ұстамды бояу үлгілерін пайдалануы көркем идеяның тұңғиықтан сыр шертуі. Алғашқы аталған түрлі-түспен берілген жұмыстардың жалғасы «Древо жизни» (2012ж.), «Жұмақ құсы»(2012ж.), «Домбыра»(2012ж.), «Қобыз»(2012ж.) атауларымен көрінсе, ал кейінгісі көрменің көркем идеясының көзі болған зергерлік бұйымдар (фьюзинг, 2012), білезік, (фьюзинг, 2012), «Көктем »(сырға, фьюзинг,  2012ж.) атты шығармалармен ерекшеленді. Мұнда, өнер академиясындағы «Монументалды кескіндеме» мамандығының әйнекті немесе шыныны балауыздай балқытып одан картинадан да күрделі қолөнер бұйымын жасап шығаруы мен қолданысқа енгізуі дәстүрдің бір үлгісін көрсетіп беруімен пара – пар. Отандық үлгімен жасау мүмкіндігін ашады, екінші қырынан әшекейлеп жасау арқылы жан-жақты сұранысты тудырытындығын ескереді. Мүның себебі «Домбыра»(2012ж.) және «Қобыз»(2012ж.) атты туындылардың пайда болуы картина немесе фольклорлық ансамбльдерге арналған ұлттық музыка аспаптары емес, бұл күнделікті өмірдегі әр адамның көңіл-күйін шаттандыратын естеліктей сыйлық, сәндік әшекей. [5, 5;6-суреттер]

Қазақстанға ХХІ ғасырда ерекше танылған витраж бүгінде ішкі интерьердің негізгі қосымша бөлігіне айналып отыр және қолөнердің әсем үлгісі есебінде ерекше танылды. Бұл кешегі қазақ елінің, жаңа Қазақстан Республикасына айналуы, ұлттық модерн стиліне бет алуының бастамасы деуге болады. 

Гүлназ ҚОСАНОВА

Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның

«Кино, ТВ және Өнертану» факультетінің

аға оқытушысы, өнертану магистрі


 

Әдебиеттер мен сілтемелер тізімі:

 

  1. Е.Каменова. Какого цвета радуга. – М., 1984. – 79 с., ил.
  2. Г.Шалабаева. Энциклопедия Искусства: Терминологический словарь. – Алматы: 2010 – 432 с.
  3. А.Айнабеков. 1-сурет. Зергерлік бұйымдар, фьюзинг, 2012.; 2-сурет. Білезік, фьюзинг, 2012.;  3-сурет. «Көктем »(сырға), фьюзинг, 2012.
  4. Б.Имирова. 4-сурет. Бақыт құсы, лакозалив, 60х90, 2012.
  5. А.Бекқалиева. 5-сурет. Домбыра, тиффани, 60х20, 2012.
  6. Е.Құлжабаев., Ж.Жұбанова. 6-сурет. Қобыз, тиффани, 50х20, 2012.
  7. Әлемдік өнертану. ІІІ томдық. 2.Т.: Бейнелеу өнері. – Алматы: Өлке, 2008. – 304 б.

Ұлттық өнерді ұлықтаған әулет

Бар өмірін өнер жолына арнап, өнердің сан түрін меңгерген Бейісбековтар әулеті «Алтын Орда» жеке көркемсурет галереясын киізден тоқылған, жүннен, шашақталып жасалған  қолөнер бұйымдарына толтырып қойған. 1985 жылдан бері дағдарысқа да қарамай, өз жұмыстарын дамыту жолында көп еңбектенген Бейісбековтар әулетінің галереясынан кез келген көркем туындыны кездестіре аласыз. Барлығы дерлік, асқан ілтипатпен, өз ісіне деген үлкен сүйіспеншілікпен, шабытпен жасалынған. Тұңғиықта қалып қойған шашақты дүниелерді суырып алып, қазіргі заман талабына сай етіп жасап шығаруда. Киіз бен қазақтың ұлттық ою-өрнектерін де ұмытқан емес. Шеберханада ұмыт бола бастаған  киіз басу өнерімен алаша тоқу да кең етек алған. Сіздерге Бейісбековтар әулетінің қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ырым-тыйымдарын ескере отырып жасаған көркем туындыларын ұсынғалы отырмыз.

Толығырақ: Ұлттық өнерді ұлықтаған әулет

Біздің мақсатымыз– халқымыздың дәстүрлі киіз басу өнерін үйрету



Халқымыздың ұлттық дәстүрінде ұмыт бола бастаған үлкен өнердің бірі – киіз басу өнері. Әлемдік мәдениеттердің ұштасып, бірігіп, өзара тоғысып, қазандай қайнап жатқан осынау жаңа ғасырымызда қазақ ұлтының алдында ұлттық салт-дәстүрді қалай дамытып, бекемдеп, сақтап қалу жайында мың сан сауал туындағаны мәлім.

Толығырақ: Біздің мақсатымыз– халқымыздың дәстүрлі киіз басу өнерін үйрету

ҚАЗАҚ ОЮ-ӨРНЕКТЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ

Қазақ халқының салт-дәстүрін, қолөнерін, сондай-ақ, ою-өрнегі мен тұрмыста кеңінен қолданылатын ұлттық бұйымдарын зерттеуде жемісті еңбек етіп жүрген этнограф, фолклортанушы, аудармашы Шәкен Бөкетайұлының қазақтың ою-өрнегіне қатысты жазған зерттеу мақаласын ұсынып отырмыз.

Ұларбек ДӘЛЕЙҰЛЫ

Астана қала

 

Толығырақ: ҚАЗАҚ ОЮ-ӨРНЕКТЕРІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ

Астанада дәстүрлі қолөнер фестивалі ашылды

Бас қаламыздың «Хан шатыр» сауда және ойын-сауық орталығында дәстүрлі қолөнер бұйымдарының фестивалі ашылды.

Мұнда еліміздің әр аймағынан жиналған қолөнер шеберлері өз жұмыстарын ұсынды. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің аумақтық даму басқармасының бастығы Түгелбай Бақбергеновтың сөзінше, бұл фестиваль ЭКСПО-2017 көрмесінің алғышарты болып саналады.

Келушілер ағаштан, күмістен, киізден және зергерлік асыл тастардан түрлі бұйымдар жасаған шеберлердің жұмыстарымен танысуда. Фестивальдің ашылу салтанатына елімізде тіркелген бірқатар елшіліктің өкілдері құрметті қонақ ретінде қатысты.

Фестиваль негізінен дәстүрлі көркемөнердің жаңғырып, дамуына бағытталған.

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30