БІЗДІҢ ӨНЕР - БІЗ КЕСТЕ

Ұлы қазақ халқы ежелден өзге халықтардан мәдениетімен, сырға толы өнерімен дараланады. Өн бойынан даланың жұпар иісі аңқыған, сырлы өрнегі сыңғырға толы, көркем де көрікті халықтық өнердің жарқын әлемі біздің көз алдымызға қазақ халқының материалдық және рухани өмірінің ерекшеліктерін еріксіз алып келеді. Қазақ ежелден көркемділікті жанына жақын тұтқан халық. Соның бір ғана  бөлігі көркем кесте өнері. Халқымыз киімдерін, тұрмыстық сәнді бұйымдарын ою-өрнекпен, зерлі кестелермен безендірген. Кесте қазіргі таңға дейін тек тұрмыстық деңгейде ғана қолданылғаны анық.

З.Мұхамеджанұлы. "Күту"

Толығырақ: БІЗДІҢ ӨНЕР - БІЗ КЕСТЕ

Ұлттық өнерді дәріптеген жас шебер

Керамикалық бұйымдар көптеген тарихымызды теңшелеуге септігін тигізді. Сан ғасырлық тарихты өз қойнауына саялата білген керамикалық бұйымның жасалу тәсілінің сыры да сан алуан болатындығынан болар. Бүгінгі таңда керамикалық бұйымдар қолданыстағы тұрмыстық зат болуымен қатар, сәндік бұйымдар ретінде қолданысқа шығуда. Бұл заман талабына сәйкес, бұйымды қолданысқа қосу ерекшеліктерінің бір болып табылады.

Көркем керамикалық туындылар бүгінгі бейнелеу өнерінде Э.Казарян, А.Қожахметов т.б. шеберлерінің шығармашылығымен жұртшылыққа танылып келеді. Шеберлер керамикалық бұйымдарды тұрмыстық деңгейінен көркемдік  деңгейіне көтеріп, оларды түрлендіре түсуде. Осы түрлену негіздері арқылы керамика саласына, соның ішіндегі керамиканың көркемдігіне көптеген жастарды өздеріне ынтықтыра білді.

Толығырақ: Ұлттық өнерді дәріптеген жас шебер

ҰМАЙ АНА

Қазақстанның қалыптасу тарихында мәдениеті мен қоса бейнелеу өнерінің тұрлері де аса маңызды орынға ие. Төл тарихымыздан бастау алатын қазақ бейнелеу өнерінің бір түрі - мүсін өнері. Ол - тәуелсіз Қазақстанмен бірге дамып, қатар өркендеп келді.

Мүсін өнерінің тарихы алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде тастан жасалған жауынгерлерді, балалы аналарды сомдағаннан бастап танымал бола бастады. Ерте заманнан бастап - ақ "Аңдық стилі" негізгі рөл атқарды. Кейіннен, мүсін өнері адам бейнелері мен мифологиялық кейіпкерлерге ескерткіш тұрғызу бағытында қарқынды дамыды. Осыған сәйкес Қазақстанда мүсін өнерінің пайда болу тарихы 3000 жылға созылды.

Толығырақ: ҰМАЙ АНА

Жас ұрпаққа ұлттық өнердің эстетикалық-тәрбиелік мәні

Әрбір халық, ең алдымен өз халқының ұлттық мұрасын, өнерін тани білу керек. Оның қандай қасиеті, қандай болмыс бітімі, нендей дәстүрі, үрдісі озық екенін біліп, зерттеп алмаған ұрпақ замана ағымында адаспай қоймайды. Өзге ұлттар мен өркениетті елдердің озық өнер үлгілеріне қарап ой түзеп, олардың озық мәдениетін қанына сіңіру – тарихи дамудың тартымды бір талғамы.

Толығырақ: Жас ұрпаққа ұлттық өнердің эстетикалық-тәрбиелік мәні

Ұлттық киім - ұлттың айнасы

Ұлттығымыздың айшығы - ұлттық киім. Жаратылыстың әрбір бөлшегіне терең пәлсапамен қараған қазақ халқы үстіне киген киіміне де даналық мазмұн берген. Айдарымыздың бүгінгі қонағы - халқымыздың ұлттық киімдерін, оның ішінде баскиім түрлерін тігуді негізгі кәсібіне айналдырған қолөнер шебері Серікбаева Нұрсәуле Тәубеғалиқызы. Нұрсәуле Тәубеғалиқызы бізге әйелдерге арналып тігілген баскиім түрлері жайында баяндап берген еді.

Серікбаев Нұрсәуле Тәубеғалиқызы - 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң, Гоголь атындағы көркемсурет училищесінің "Қолөнер" бөлімінде білім алған. 1999 жылы "Сымбат" сән академиясын тәмамдаған. Алматы технологиялық университетінде, Абай атындағы мемлекеттік педагогика университетінде ұлттық киімдер тарихы, қолөнерден дәріс оқыған. Ұстаздық ете жүріп Нұрсәуле Тәубеғалиқызы Ресейде, Біріккен Араб әмірліктерінде өткен жас дизайнерлердің, халықаралық байқауының дипломанты атанды.

Толығырақ: Ұлттық киім - ұлттың айнасы

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30