ӘЛИХАН

Әз Жәнібектен – Әлихан,

Төрт құбылалы төрім нық!

Арғы тегі ер Шыңғыс –

Тоғыз баулы төре тұқымы,

Қырымға қызын келін қып,

Үрімге жүрген үкімі!

Көк түріктің Күлтегіндей Қағаны,

Бөртеден туған Бөлтірік,

Алан Қоғайдың Аланы.

Адырнасы  ақ өгіздің терісі,

Кірісі құла айғырдың сіңірі –

Боданшардың сағымға ілген садағы!

Тоғым-Шығайдан түссем – Әлихан,

Ат үстінде түн қатқан!

Арғы тегі  – Дештіде қалған Жошы-ды,

Толарсағына тоң қатқан,

Қорамсағына қан қатқан!

Толығырақ: ӘЛИХАН

Әлихан Бөкейхан және Петербор қаласы

 «Кейінгілер ғибрат аларлық үлгі тастап кетіп алғыс алармыз ба? Жоқ, далаға лағып, жөнсіз кетіп қарғыс-лағынет  аламыз ба? Кеудесінде көзі бар адам көп ойналанарлық жұмыс» деп өмірінің 

соңына дейін өзіне - өзі ант беріп, киізтуырлықты қазақтың тағдырын аманаттап алып, «Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!...» деген Алаш көсемі Ә.Н.Бөкейханның ғылыми-шығармашылық ғұмырбаянын қарап отырсаңыз, оның өмірінің  елеулі кезеңі – Санкт-Петербор қаласында  өткенін байқайсыз.

Қазақтың біртуар азаматы бұл қалада жоғары білім алды, журналист һәм ғалым ретінде танылды, 4 миллион қазақтың болашағы үшін І Мемлекеттік Думаның мінберінде депутаттық сауалдар жасап, қазақтың мәселесін көтеріп-ақ орыстарға өзінің  саңлақ саясаткер екенін байқатып, талантын мойындатқан болатын.

Толығырақ: Әлихан Бөкейхан және Петербор қаласы

Экспедицияның Семейге келуі...

«Әлихан Бөкейхан ізімен» атты халықаралық ғылыми-танымдық экспедицияның мүшелері  8, 9 шілде  күндері  Семей қаласында болды. Семей – Алаш қайраткерлерінің алтын бесігі болған, Алаш идеясының жүзеге асуына себепкер болған қала. Семей қаласы – Алаш қайраткерлері құрған  «Алаш Орда» ұлттық территориялық автономиялық мемлекеттің астанасы болған шаһар. (1917-1920 ж.ж., Заречная слободка).

       1917 жылы Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан Семей қаласына келіп, шаһар тұрғындарымен кездесу өткізген-ді. Бұл – тарихи оқиға. Ел ішінде әлі күнге дейін айтылатын «Әлиханның Семейге келуі» деген оқиға осытұғын. Араға 99 жыл салып, Әлекеңнің өмір жолын тағылымды жолға айналдырып, өнегесін алу мақсатында Қазақ Географиялық қоғамының бастамасымен қазақтың мақтанышына айналған сан қырлы тұлғаның ізімен жүріп өту үшін ұйымдастырылған ғылыми-танымдық экспедицияның мүшелері  Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің базасында  өткізілген  «Алаштың Әлиханы»  атты дөңгелек үстелге қатысты. Шара Алаш көсемінің ескерткішіне гүл қойып, тағзым етуден басталды. Дөңгелек үстелге СМУ-нің профессор-оқытушылар құрамы, жергілікті өлкетанушылар мен БАҚ өкілдері қатысып, Алаш тақырыбында кеңінен әңгіме өрбітіп, пікір алмасты. Шығыс Қазақстан облысы мұрағатының  құжаттарды пайдалану бөлімінің меңгерушісі Қадырова Лаура  өңірдегі мұрағатта сақталған «Алаш Орда» ұлттық территориялық мемлекетіне тиесілі тарихи құжаттармен таныстырды.              Экспедиция құрамы Семейдегі Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан және тағы басқа қазақтың тұлғалары жазасын өтеген түрмеге, бұрынғы «Бостандық үйі»  (қазіргі өлкетану музейі) ғимаратына, «Алаш арыстары. М.Әуезов» музейіне барып, мұрағаттық құжаттармен, тың деректермен танысты.  

             Семейдегі түрме –  «Е» әріпі үлгісінде  Екатерина патшаның бұйрығымен  салынған тарихи түрме.  Бұл қасіретті түрмеге Алаштың көсемі, сан қырлы талант иесі, саңлақ Әлихан Бөкейхан да қамалып, жазасын өтеген еді.  1906 жылдың 9-10 шілдесі күндері  бірсыпыра депутаттар Бірінші Мемлекеттік Думаның таралуын заңсыз деп танып, «Выборг үндеуін» жариялап, оған қол қойып, халыққа таратқан болатын. Бір жылдан соң, яғни, 1907 жылдың желтоқсанында Санкт-Петербор сот палатасының Ерекше отырысы (Особое присутствие Санкт-петербургской судебной палаты) Бірінші Мемлекеттік Думаның бұрынғы депутаты деген биік мәртебесі бар Әлихан Бөкейханды әйгілі «Выборг үндеуіне «қол қойғаны және таратқаны үшін»  3 ай мерзімге түрме жазасына кесіп, сайлау-сайлану құқынан айырады.  Бұл оқиға турасында Ә.Н.Бөкейхан: «Соттан кейін бірінші Государственни Дума депутаттары саясат әдісіне сайлаған жерде абақтыға отыралық десті. Мен осы шартпен жазғытұры 1908 жылы Семей келдім. Мен Семейде абақты борышымды күтіп жүргенде Шаһкәрім, Кәкітай, Тураұл әдейі қалаға келіп, тағы да біраз күн көңіл көтеріп шат болған едік» («Қазақ» газеті, «Кәкітай» //,  № 105, 18.02.1915 ж.) деген болатын.

         Экспедицияның Семейге келуі де – тарихи оқиға. «Әлихан Бөкейхан ізімен» экспедициясының мүшелері  Шәкәрім атындағы СМУ-нің профессоры, т.ғ.к., М.Қозыбаев атындағы тарихи зерттеулер орталығының директоры, белгілі ғалым Мұхтарбек Қарпықұлы Кәрімов мырза мен әдебиеттанушы, СМУ-нің доценті, PhD докторы Арай Қанапияқызы Жүндібаева ханымға алғыс білдіреді. Алаш қайраткерлерінің әзіз рухына адалдық танытып, Алаш мұрасына сүйіспеншілік білдіріп, экспедиция құрамына іңкәрлік көрсеткен Семей жұртшылығына үлкен алғыс білдіреміз.

Ескен Сергебаев мүсіндеріндегі ұлттық нақыштар

Бүгінде қазақ мүсін өнерінің атасы кәсіби мүсінші Хәкімжан Наурызбаевтың жолын жалғастырушы, еліміздегі мүсін өнерінің хас шеберлерінің бірі Ескен Аманжолұлы Сергебаев. Оның рухани күшке ие, асқан сезімталдықтан туған бейнелері қазақ мүсін өнерінің шоқтығын көтеріп тұр. Санкт-Петербургтің кескіндеме, мүсін, архитектура институтынан түлеп ұшқан Е.Сергебаевтың шеберлігі тек мүсіншілердің ғана емес, қазақ ұлтының мақтанышына айналды.

Толығырақ: Ескен Сергебаев мүсіндеріндегі ұлттық нақыштар

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Тамыз 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31