Ақан сері мен Науан хазірет

Атақты Науан хазіреттің есімі қазақтың көрнекті жазушысы Ғабит Мүсіреповтің "Ақан сері - Ақтоты" драмалық шығармасынан белгілі. Кеңестік кезеңнің қытымыр саясаты салдарынан хазіреттің бейнесі көмескеленіп, жағымсыз кейіпкер ретінде берілгені де - көзіқарақты оқырманға түсінікті жайт. Науан хазірет кім? Исламның өркен жаюына қаншалықты үлес қосты? Өзі өмір сүрген өңірде, қоғамда оның қаншалықты бедел-салмағы, атақ-абыройы бар еді?

Науан хазірезттің арысы - бүкіл Арқаға, берісі Көкше өңіріне сөзі өтімді болғаны, небір шынжыр балақ, шұбар төс бай-манаптардың одан қамығып, санасып отырғаны тарихтан мәлім. Мұның өзі хазіреттің сұсты ғана емес, білімді де білікті, шариғатқа шыншыл діндер болғанын аңғартса керек.

Хазірет деген лауазым діндардың барлығына бірдей берілетін атақ емес қой. Біздің дінімізде мешіт ұстаған, медресе ашып, шәкірт тәрбиелеген ғұлама ғана хазірет атауына лайық болған. Бұл - өз алдына бөлек әңгіме, әрине. Біздің бұл жолы айтпағымыз - Науан хазірет пен Арқадағы арқалы ақын, үш жүзге мәшһүр жезтаңдай әнші әрі сазгер Ақан серінің кездесуі жайында. Бұл әңгімені Көкше өңірінде тұратын арғынның Жақсылығынан тарайтын Темірбай  Рамазанұлы қарияның аузынан естіп едік.

Толығырақ: Ақан сері мен Науан хазірет

Ақселеу Сейдімбек

Ақселеу Сейдімбек– белгілі этнограф-жазушы, әдебиет зерттеушісі, ғалым, филология ғылымының докторы, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Халқымыздың тарихын түгендеп, дәстүрін дәуірлеткен халқымыздың өр рухының, өнегелі салтының, өрелі қалпының аса көрнекті өкілі бола білген, ұлт руханиятының жанашыры. 

Ақселеу Сланұлы Сейдімбек 1942 жылы желтоқсан айының 12-інші жұлдызында Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданына қарасты Атасу ауылында (қазіргі Байдалы би атындағы ауыл) дүниеге келген. 

Әкесі Слан Ұлы Отан соғысында қайтыс болып, әкесінің үлкен ағасы Аманбектің тәрбиесінде болады. 1959 жылы аудан орталығындағы №1 қазақ орта мектебін бітірген соң, еңбек жолын «Қызылтау» совхозында шопан болудан бастаған. 1962 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетіне оқуға түседі. 1963 жылы міндетті әскер борышын өтеуге кетеді. Одан оралған соң ҚазМУ-дегі оқуын әрі жалғастырып, 1968 жылы бітіріп шығады.

Толығырақ: Ақселеу Сейдімбек

1930-жылдар. Қазақстанның алғашқы график-суретшілері (Г.Брылов, Л.Гербановский)

Жиырмасыншы ғасырдың 30-шы жыл-дары еліміздің көркемсурет саласында бірқатар елеулі оқиғалар орын алды. Тұңғыш көркемсурет студиялары мен көркемсурет училищелерінің ашылуы және түрлі шығармашылық топтарды біріктірген суретшілер одағының құрылуы кәсібилік дамудың алғашқы кезеңі екендігін дәлелдейді. Нақ осы уақытта белсенді түрде бейнелеу өнерінің дамуына өз үлестерін қосқан бірқатар суретшілер еңбек етті. Шығармашылық мәнерлерінің әр қилылығына қарамастан, нақтылыққа және шынайылыққа талпынып, табиғат көрінісін және адам бейнесін көбірек салуға қызығушылық танытқан Н.Крутильников А. Бортников, Ә. Ысмайылов, Ә. Қастеев, Қ.Қожықов акварель саласында еңбек етсе, ал баспа графикасында алғашқы болып Г. Брылов, Л. Гербановский және В. Антощенко-Оленев графикалық туындыларын қалдырды. Сол себептен де қазіргі Қазақстан бейнелеу өнерінің тұңғыш баспа графикасыныңшеберлері ретінде Г. Брылов және Л. Гербановский сынды суретшілерді жеке дара атап өтуіміз қажет. Қазақстанның 30-шы жылдарғы графика өнерін зерттеуде назардан тыс қалып есімдері мен шығармашылығы еленбеген осы суретшілердің еңбектері аса үлкен қызығушылық тудырады.

Толығырақ: 1930-жылдар. Қазақстанның алғашқы график-суретшілері (Г.Брылов, Л.Гербановский)

Шәмші әндерінің шоқжұлдызы

«Сыған серенадасын» тұңғыш рет бізге әкелген еді 

Тегінде халықты халық етіп, мерейін көтеретін айрықша дарын иелері екеніне ешкім таласпаса керек. Табиғат сиы. Күшену, зорлану, еліктеу, солықтаумен ешкім де алысқа ұзауы мүмкін емес, ондай болмаған. Жүзден озған жүйрік, мыңнан озған тұлпарды табиғат жарататынына айғақ мол. Жер арқасы қияндағы қарақалпақ топырағында өмір есігін ашқан ақиық ақын Төлеген Айбергенов те осы пікірге дәлел іспетті дер едік. Төлегенді Төлеген еткен біреу-міреудің қолдап сүйеуі, қолпаштауы емес, өз болмысындағы дарын құдіреті. Музыка тарихында ойып алған орны бар, Қызылқұм өңірінің тумасы Шәмші Қалдаяқов та солай. Бұл тізімді жалғастыра беруге боларын сіз де, біз де жақсы білеміз, әрине.

Толығырақ: Шәмші әндерінің шоқжұлдызы

Намыс пен жігер қайрағы

 («Жеті серінің» бірі Сұлтан Ақаев туралы сыр)

 Мына, бір келер жалған дүниеде адамның бірін бірі іздеп хабардар болып жүруі ізгілікке саятын нәрсе болса керек. Бұл адам баласының білік-біліміне қатысты дүние. Білу мен білісудің арасы едәуір жер. Күнделікті күйбең тірлік ауанында адам баласы хат-хабар алып тұрудың қаншалықты маңызды екенін аңғара бермейді. Саналы өмірін осындай иманды қызметке арнаған, болмыс-бітімі ерек қатар-құрбым жөнінде сыр бөліскенді жөн көріп ем, құрметті оқырман!

Толығырақ: Намыс пен жігер қайрағы

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30