«Ақтаңдақтар ақиқаты» атты ғылыми-танымдық конференция

«Ақтаңдақтар ақиқаты» атты ғылыми-танымдық  конференция


Дәл қазір Қарасай ауданы әкімінің аудандық кітапханасында халқымыздың ұлы ақыны Ілияс Жансүгіровтің туғанына 120 жыл толуына орай «Ақтаңдақтар ақиқаты» атты ғылыми-танымдық  конференция өтіп жатыр.

Алаш ардақтыларының ұлтына жасаған өлшеусіз еңбектерін, өшпес іздерін оқырмандар жүрегіне ұялату және І.Жансүгіровтің мол мұрасын өскелең ұрпаққа таныстыру мақсатында өткізіліп отырған бұл келелі жиынға Ілияс Жансүгіровтің ұлы Саят Жансүгіров, филология ғылымдарының докторы, профессор, халықаралық «Жамбыл» атындағы сыйлықтың иегері, Жамбылтанушы, Ілиястанушы Сәрсенбі Дәуітұлы, ақын, «Құрмет орденінің иегері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, «Дәстүр» журналының бас редакторы Қасымхан Бегманов, ұлағатты ұстаз Ақлима Көсемова қатысып, баяндама жасады.

Конференция аясында «Алты алаштың ардақтылары» атты кітап көрмесі, «Алаштың зиялы азаматы» атты бейне-фильм көрсетілді. 

Толығырақ: «Ақтаңдақтар ақиқаты» атты ғылыми-танымдық конференция

Қолөнер шебері, этнограф-ғалым - Дәркембай Шоқпаров


      Әкесі Шоқпар Жетісу өңіріне белгілі ұста болған, анасы Жұмагүл үй шаруасында тоқыма тоқу, құрақ құру, кесте тігу, киіз басу сияқты өнермен қолөнерінің түрлі бұйымдарын жасаған. Дәркембай Шоқпарұлы Шоқпаров – 1946 жылы 23 - мамырда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Ақши ауылында дүниеге келген.

Толығырақ: Қолөнер шебері, этнограф-ғалым - Дәркембай Шоқпаров

Этнограф– Жағда Бабалықұлы

 

«Дәстүр» журналы биылғы жылдан бастап «Тұлға» атты айдармен қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, ырым-тыйымдарын, наным-сенімдерін бүгінгі ұрпаққа насихаттап, халқымыздың асыл мұрасын жинауға үлкен үлес қосқан танымал этнографтар туралы мақалалар жариялап отыратын болады.

Айдарымыздың алғашқы кейіпкері атақты этнограф– Жағда Бабалықұлы. Ол ұтын сүйгені үшін өмір бойы қуғынға ұшыраған тағдырлы ғалым. Жағда Бабалықұлын Қытайдың түрмелері мен соңына шам алып түскен советтің КГБ- сы да жасыта алмады. Ол алған бетінен қайтқан жоқ. Халқымыздың ұмыт бола бастаған салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, арғы-бергі тарихын, көне мәдениетін, ескі сөздерін зерттеп, ғылымға қыруар еңбек сіңірді, ұлттық асыл қазынамыз үшін күресті. Өзінің таңғажайып терең білімінің арқасында артында мәңгі өлмейтін асыл мұра қалдырып кетті. Кезінде зерттеуші Қасымхан Бегманов ғұлама ғалым Жағда Бабалықұлының өз аузынан жазып алған өмірбаянымен таныс болыңыздар.

Жағда Бабалықұлы 1917 жылы қараша айының 1-ші жұлдызында Қытай Халық Республикасы, ШҰАР Іле Қаазқ автономиялы облысы, Тарбағатай аймағы, Толы ауданы, Құжыртай деген қыстауда дүниеге келген. Бала кезінде мал бағып, діни оқу да оқыған.

1934-1943 жылдары бастауышты Тарбағатай аймағының орталығы Шәуешек қаласындағы орта мектепте бітірген. 1943 жылы Үрімжі қаласындағы Шыңжаң пединститутының студенті болған.

Студент кезінде Ұлт-азаттық ұйым құрғаны үшін  1944 жылы Шың Шысай, 1945 жылы У Жың Шың үкіметі түрмесінде қамауда болды.

1945 жылы 5 сәуірде түрмеден шығарылып, Үрімжіде қатаң бақылауда болған. Бірақ Жағда бұл жерденқашып шығып, Шәуешек қаласына барып тағы да, Ұлт-азаттық ұйым жұмысына қатынасады.Қарулы партизан тобын ұйымдастырады.

1944 жылдың қараша айында Іле аймағында құрылған Шығыс Түркістан республикасының көтерген көк туының астына шоғырлануды армандаған Жағда Бабалықұлы 1945 жылдың тамызында ұлт-азаттық армиясының «Тарбағатай» атты полкін құрған.Содан бастап армия қатарында әртүрлі дәрежелі жауапты қызметтер атқарған. Полк командирінің орынбасары да болған. 1947 жылы Шығыс Түркістан республикасының әскери түрмесінде сегіз ай отырған. Түрмеден ақталып шыққан соң ұлт-азаттық армиясының саяси басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған.Әскери атағы – подполковник.

1949 жылы Қытай компартияның қол астына кіргенде Қытай халық азаттық армиясының ШҰАР-дағы әскери сот төрағасының орынбасары, ШҰАР партия мектебі бастығының орынбасары тәрізді жауапты қызметтер атқарған.

1952-1955 жылдары ШҰАР Іле Қазақ автономиялы облысы Тарбағатай аймағының әкімі, 1955-1956 жылдарыШҰАР үкіметінің саясм заң басқарма бастығының орынбасары, 1956-1958 жылдары ҚХР-ШҰАР Іле Қазақ автономиялы облысын басқарған.

1958-1961 жылдары «ұлтшыл, оңшыл, үш отау түтінін бір жерден шығаруды армандаған, социализмге, коммунизмге қарсы элемент» деген желеумекн еңбекпен тәрбиелеу лагеріне жіберілген.

1961 жылдың қыркүйек айында лагерьден шығарылған соң, бала-шағасымен Қазақстанға өткен. 1961-1962 жылдары баспанасыз жүріп, мал баққан, әртүрлі құрылыстарда істеген, пошта тасыған. 1963-1983 жылдары «Мәдениет және тұрмыс» журналында әдеби қызметкер болған. 1983 жылы зейнеткерлікке шыққан. Тарихқа, салт-дәстүрімізге, туған тілімізге қатысты этнографиялық зерттеу мақалаларын баспасөзде үнемі жариялап тұрған. 1987 жылы Советқазы Ақатаймен бірге Қазақстанның азаматтық «Азат» қозғалысын құруға белсене қатысқан.  Жалпы Жағда Бабалықұлының өмірі өте күрделі өтті. 1944-1961 жылдар ішінде төрт рет түрмеде, 1961-1991 жылдары арасында «Қытай жансызы, ұлтшыл, оңшыл, өте қауіпті элемент»  деген қатаң бақылаудың құрсауында өмірсүрді.

Кейінгілерге «Менің басыма қойылатын тасқа «Тәуелсіздікті көрдім. Мәңгілік тілеймін!»деген сөзді жазыңдар» деп өз аманатын қалдырған.

«Қырандар», «Саят», «Мал ауруларының сырлары», «Қамшыгерлік» атты кітаптары жарық көрген.

Халқымыздың салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, көне мәдениеті, ескі сөздері, ұлттық киімі, тағамдары, ырым-тыйымдары, тағы басқа көптеген ұлттық құндылықтарымыз жайлы Жағда Бабалықұлының сыр шерткен әсерлі әңгімесі «Дәстүр» баспасынан шыққан Қасымхан Бегмановтың «Этнографпен әңгіме» және «Өлке» баспасынан «Халқы мықтының– салты мықты» атты кітаптарында толық жарияланды.

Ғұлама шежіреші, энциоклопедист ғалым, данышпан қария, халқының жоғын жоқтап, жанашыыр бола білген Жағда Бабалықұлы 2010 жылдың сәуірдің екісінен үшіне қарағантүні92 жастан асқан шағында өмірден өтті. Абыздың өз аманаты  бойынша Ұзынағаштың іргесіндегі Қаарсу жақтағы Сарыбай би ауылындағы бейітке жерленді.

Тағдырдың талай қатал сынағына төтеп беру екінің бірінің қолынан келмес. Ал халқының қамын ойлайтындар тіпті некен-саяқ. Жағда Бабалықұлы сияқты  жандүниесі бай, көргені мен түйгені мол, көкірегі қазына қарттардың мына өмірде сирек кездесетіні өкінішті-ақ. Жастарымызды Жағда Бабалықұлындай мемлекетшіл, елшіл болуға шақырамыз. Мұстафа Шоқай, Жағда Бабалықұлы сынды таңғажайып тұлғалардың ғұмырбаяндары бұдан кейінгі қай дәуірдің жастарына болса да өмірді қалай өткізудің, ұлтқа қалай мінсіз қызмет етудің озық үлгісі десе де болғандай.

Ғибратты өмір

 

Өзбекәлі ағамыздың ғибратты істері көп-ақ. Өзбекәлі Жәнібеков – ұлтымыздың дәстүрін, салтын, ділін, тілін қорғауға және дамытуға өлшеусіз үлес қосқан дара тұлға.

Әйткенмен, өз ағамыздың ұлт құндылықтарын қорғау мен өркендетудегі еңбектерінің кейбір тұстарын еске алып, оны кейінгі ұрпақтарға үлгі етудің, ұсынып отырудың еш артықшылығы болмас.

Толығырақ: Ғибратты өмір

ЭТНОГРАФ СЕЙІТ КЕНЖЕАХМЕТҰЛЫ

                                                                        «Күнде ұшатын күмбез көкке қанатың,

                                                                  Құдай берген сенің нұрлы талантың.
                                                            
Сенің сөзің қалың сөздің ішінен,
                                                               
Ел оқыса, жаңылмай-ақ табатын»

                                                                                                             Ғафу Қайырбеков

      Сейіт Кенжеахметұлы– белгілі этнограф ғалым, жазушы, мәдениеттанушы, сатирик. Ол қазақ халқының салт-дәстүрлерін жинақтап, ұмытылып бара жатқан қазақтың жөн-жоралғысын, ырымы мен тыйымын жинастырды. «Ұлттық әдет-ғұрыптың бізге беймәлім 220 түрі», «Шешендерден сөз қалған», «Туыстық атаулар сыры», «Қазақ  халқының салт-дәстүрлері  мен әдет-ғүрыптары» сияқты еңбектерінде қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ырым-тыйымдары туралы құнды дүниелер жазып қалдырды.  

        Жастайынан ұлттың асыл мұрасымен сусындап өскен  Сейіт Кенжеахметұлы – 1939 жылы 12 қаңтарда Қостанай облысыЖангелдин ауданы, Қызбел аймағындағы «Сарықопа» деген жерде дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтында оқыған. Кейін ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын аудандық «Жаңа өмір» газетінің бөлім меңгерушілігінен бастаған. 1966- 1977 жылдары Қостанай, Торғай облыстық газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болып істеді. 1977 – 1989 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының Торғай облысындағы кеңесшісі, 1989–2002 жылдары Торғай облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы әрі Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогика институтында доценткафедра меңгерушісі болып қызмет атқарды, қазақ әдебиеті тарихынан дәріс оқыды. 1990– 1995 жылдары Торғай облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы міндетін қоса атқарды. 2003 жылдан Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Отырар кітапханасы» Ғылыми-зерттеу орталығында аға ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкері, Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институт ректорының кеңесшісі әрі осындағы ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері болды.

       Әдебиетте алғашқы қадамын сатиралық өлеңдер мен мысалдар жазудан бастаған. Тұңғыш туындылары 1957 жылдан бастап «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Егемен Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Ара», «Мәдениет және тұрмыс» («Парасат»), «Қазақстан әйелдері» журналдарында жариялайды.

        Қазақтың мысал әңгімелері мен өлеңдерін құрастырып, 1981 жылы «Жалын» баспасынан басып шығарды. С.Олейник, С.Михалков, Ә.Несин, И.Крылов, т.б. ақын-жазушылардың шығармаларын аударған.

             Белгілі этнограф 2011 жылы сәуірдің 16-шы жұлдызында  72 жасқа қараған шағында өмірден озды. «Мені үлкен әдебиетке алып келген де осы сатираның сара жолы. Сатираны қазір мен жазбасам да басқалар жазады. Бүгінде жазып жүрген жас таланттар аз емес. Ал этнография жазылмауы мүмкін. Өйткені, ол менің білгенім, менің көргендерімді басқа білмеуі мүмкін ғой. Мен бұған көп уақытымды жұмсадым. Жастайымнан жиып-тердім», – деген екен Сейіт Кенжеахметұлы. Өмірінің соңына дейін ұлттық құндылықтарымызды насихаттау жолында көп еңбек сіңірген ұлт жанашыры жас ұрпаққа халқына мінсіз  қызмет етудің озық үлгісін көрсете білді.

 

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30