Өнермен өрнектелген өмір

Тарбағатай ауданының Тұғыл кентінің маңындағы орысы мен қазағы аралас шағын ғана Тұйық ауылына сонау жылғы шілденің шіліңгірінде велосипедпен орыстың бір жас жігіті келіп, балықшыларды, олардың бала-шағаларын фотоға түсіріп, бір жұмадан кейін суреттерін әкеліп берген болатын. Міне, сол күннен бері өзінің төрт жасар ұлының мінезі күрт өзгергендей көрінді. Балада қай бір мінез дейсің, іс-әрекетін айтқаны ғой. Бұған дейін көлдің жағасындағы күні бойғы қызу ойыннан айғайлап келтіре алмайтын баласы енді тіпті үйден шықпайтын болды. Орыс жігіті алып келген фотосуреттерден көз алмай, ұзақ қарайды. «Адамды айнытпай салған бұл неткен шеберлік» деп іштей таң-тамаша қалатын сияқты. Содан соң қарындашын алып, күні бойы қағаз шимайлайды. Кейде бір үлкен адамдарша ойға шомып, оңашада ұзақ отырып қалатынды шығарды...

Толығырақ: Өнермен өрнектелген өмір

Сыннан сыр түйген шебер

Қазақ ұлттық өнер университетінде әр ай сайын өтетін «Ес-аймақ» мәдени-танымдық бірлестігі бұл жолы саналы ғұмырын қазақ театр әлеміне арнап өткен, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әшірбек Төребайұлы Сығайдың рухына арнады. «Сыннан сыр түйген шебер» атпен белгілі театр сыншыны еске алу кеші аталмыш оқу орнындағы Ж.Жабаев залында өтті.

Әшірбек Төребайұлы Сығай, ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Толығырақ: Сыннан сыр түйген шебер

Жер төсінде ізі қалған, ел есінде жыры қалған

Қазақта қайсар ақын аз емес. "Жүйріктен жүйрік озар жарыстырса"  демекші, қайсарлықтың шыңына шыққан ақындардың бірі де бірегейі - Қасым Аманжолов. Оның әр өлеңінен ерліктің, өрліктің рухын  сезесің, қайсарлықтың, батылдықтың белгісін көресің.

20 жасында қан майданға аттанып, жалынды кезеңін, жігерлі шағын Отанды қорғауға арнады. Қаруы мен қаламын қатар ұстап жүріп соғысты. От кешіп, оқ жұтып жүріп те, өлеңнен қолын үзген жоқ. "Орал", "Сарыарқа", "Елге хат", "Үстімде сұр шинелім", "Сен фашиссің, мен қазақпын", "Дариға, сол қыз" сияқты отты жырларды өмірге әкелді. Әйгілі "Ақын өлімі туралы аңыз" поэмасын жазды.

Толығырақ: Жер төсінде ізі қалған, ел есінде жыры қалған

Қазақ қолөнерінің шебері

 

Ұлттық бейнелеу өнеріндегі лактелген мөлтек жазу саласы бойынша жоғары білімді жалғыз маман – суретші –технолог Құрманғали Малаев туралы бір үзік сыр

Қазақтың қолөнері – әлемдегі теңдесі жоқ ғажайып шеберліктің үлгісі. Ақ шаңқан киіз үй, сырлы сандық, өрнекті кебеже, оюлы жүкаяқ, тағы да басқа қолөнер туындылары – бұл сөзіміздің толық дәлелі. Темірден түйін түйген халқымыз ісмерліктен алдына жан салған емес. Құрманғали Малаев – қазақ қолөнерін дамытуға зор үлесін қосып жүрген бірегей шеберлердің бірі. Ол қазақ бейнелеу өнеріндегі лактелген мөлтек жазу (лаковая миниатура) саласы бойынша кәсіби, жоғары білімді жалғыз маман, суретші-технолог.

Толығырақ: Қазақ қолөнерінің шебері

М. Әуезов шығармашылығындағы ұлттық тәрбие

Қазақ халқының жалпы бала тәрбиесінде атам заманнан жинақталған, жақсысы теріліп, реттелген мол тәжірбилері бар. Халық өз бойындағы ең жақсы деген игі қасиеттерді жеткіншек ұрпаққа күнделікті өмірде үйретіп, бойына сіңіріп отырған. Осы тұрғыдан алғанда ананың сүтімен дарып, әлдиімен тербелген бесіктің жыры, бақилыққа шығарып салатын дене тазалығы мен тәрбиесіне дейінгі аралықтағы атқарылатын іс-әрекеттер, әдет-ғұрып, салт-сана, дәстүрлердің барлығы да адамзаттың дүниетанымын қалыптастыратын дәріс, этнопедагогикалық ықпал, әдіс.

Кеңестік дәуірде пайдаланудан ысырылып, жалаң теориялық ғылыми әдістер орын алған тұстар келмеске кеткен кезеңде, бұрынғы өткен өмір заңдылықтары енді қайта қалпына келтіріліп, ата дәстүрді тәрбие көзіне айналдыру үшін үлкен-үлкен мінбелерден, ғылыми теориялық конференцияларда шешендердің педагог, психолог ғалымдардың сөйлеуіне тура келіп отыр.

Толығырақ: М. Әуезов шығармашылығындағы ұлттық тәрбие

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30