Дін мен дәстүр - имани иммунитет

Ақпараттық технологияның қарыштап дамыған жаһандану заманындағы жер жүзі бір шаңырақ астында ғұмыр кешіп жатқандай әсер қалдырады. Бүгінгі адамзат ұрпағы айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған хабар-ошар құралдары мен мағлұмат әлеміне өрмекшінің өрмегін салған ғаламтор арқылы бір-бірін тікелей эфирде көруге мұрсат алды.

Толығырақ: Дін мен дәстүр - имани иммунитет

Раббың үшін намаз оқы, құрбан шал

Құрбан шалу қайдан шыққан

«Құрбан» сөзі араб сөзі. Мағынасы «жақындау» дегенді білдіреді. Демек, мейіріміне лайықты ізгі істер жасау арқылы Жаратқанға жақындау. Ал құрбан шалу шариғаттағы анықтамасы  «Құдайға құлшылық ниетімен ереже-шарттарын ескере отырып мал шалу». Араб тілінде айтта сойылатын құрбандық мал «ұдхия» деп, ал  айттың өзі «ъидул-адха» деп аталады. Ал түркі халықтарында «құрбан шалу», «құрбан айты» сөздері қолданылады.

Толығырақ: Раббың үшін намаз оқы, құрбан шал

Көне жосықтар - ұлттық тәрбие құралы

 Халқымыздың ежелден желісі үзілмей жеткен көне салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары - рухани, мәдени және адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналарымыздың бірі. Белгілі бір халықтың тек өзіне ғана тән қайталанбас әдет-ғұрыптары, дәстүрлері болды. Сол дәстүрлермен ұрпақ тәрбиелейді. Халықтың кейбір жөн-жосықтары жарғыға, белгілі-бір заң жоба жүйесінде бүкіл бір елді жөнге салар  қалыпқа, тезге айналады. Содан бұл жарғылар қоғам дамыған сайын іріктеліп, сұрыпталып жетіле береді, өзінің қоғам алдындағы қызметін өтей береді.

Қазақ халқында ұрпақ тәрбиелеудің өз кезінде қоғамдық нормасына айналған тамаша эстетикалық, этикалық жоралғылары сақталған. Олардың  кейбіреулері өте тереңге, көне дәуірге кетеді (V-VIIғ). Енді біреулері араб заманына  (VII VIIIғ) сайса, қайсыбірі қазақ қауымында күні кешеге дейін сақталған өмір қағидаларын көрсетеді.

Айды қолмен саусақпен сілтеп көрсетпе, себебі Ай, Күн, жұлдыздар (жалпы планета атаулы) жай халыққа құпиялы, сырлы дүние болып көрінген. Сондықтан ол киелі. Ал киелі нәрсені саусақпен шұқып көрсетуге болмайды. Бұл ата-бабалрымыздың планеталарға табынған ең ескі дәуірінен хабар береді.

Жұлдызды санама, себебі түсінікті. Бұл да сол планетаға байланысты. Немесе мынадай шектеулер кездеседі.

Отқа су құйма, түкірме, күл баспа, себебі кезінде ата-бабаларымыз отқа да табынған. От - өмір, түршіліктің көзі саналған. Жас түскен келінді отқа шақыру, отқа май құю, от-ана, отта қасиет бар деген ұғымдар содан алынған.

Толығырақ: Көне жосықтар - ұлттық тәрбие құралы

Қазақ молалары мен жалпы көне ескерткіштері

Қайтқан адамды жерлеу рәсімі ұлттық салт-дәстүріміздің бір саласына жатады. Көнеден келе жатқан қазақ халқының бұл тұрғыда өзіндік жөн-жобасы, дәстүрі бар. Атақты жиһанкез, ғұлама ғалым, қазақ ғылымынң негізін салушылардың бірі де бірегейі Шохан Уалиханов халқымыздың әдет-ғұрпы мен тұрмыс-салтына жіті көңіл бөліп, көптеген құнды еңбектер жазғаны белгілі. Қазақ аспанның көгінде құйрықты жұлдызымыздай жарқырап өте шыққан ғалымның "Қазақ молаларымен жалпы көне ескерткіштері жөнінде" аты баға жетпес сүбелі туындысынан үзінді жариялауды жөн көріп отырмыз.

Толығырақ: Қазақ молалары мен жалпы көне ескерткіштері

Ата-баба дәстүріне адал болайық!

Діндар ақын Нұржан Наушабайұлының «Несе фасыл, неше бап» деп басталатын термесі бар. Осындағы фасыл сөзі араб тілінде бөлім деген мағынаны білдіреді екен. Ал қайыр (игілік), ынсап (әділдік), ықылас (адалдық), кәззап (өтірікші), мақұрым (құр қалған, айырылған), ғашық (ынтық болу) мәжнүн (есі ауысу) секілді сөздер де қазақ тіліне араб тілінен енген, бірақ қазір құлағымызға әбден сіңісті болып кеткен.  Тарих,тәрбие,тәуба,тәжірибе, қалам, сандық, зұлым, шипа, мүлік, мәрмар, шам, шайтан секілді сөздер де қазақтың төл сөздеріндей  естіледі. Қазақ тілімен біте қайнасып кеткен сөздер қатарына ылажды да жатқызуға болады. Ылаж ем деген сөз екен. Қазақ шарасы таусылғанда ылажым жоқ дегені мұның емі жоқ дегені ғой. Жиі айтылатын шүкір сөзі араб тілінде рахмет болып шығады. Яғни, шүкір дегеніміз - Аллаға рахмет деген мазмұнға сәйкес келеді. Араб тіліндегі шәк, шүбә  сөздері қазақша күмән, күдік дегенді білдіріп, қазір осы сөздердің синониміне айналып кеткен. Фатиха сөзі арабша сөз басы, кіріспе деген ұғымды білдірсе, біз оны көбінесе бата, тілек мағынасында қолданамыз. Құранның алғашқы сүресі де Фатиха деп аталатыны белгілі.

Толығырақ: Ата-баба дәстүріне адал болайық!

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Тамыз 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31