Шіліңгір шілдедегі ораза: иман сыналатын сәт

Қасиетті Рамазан айы басталды. Жақсылыққа ұмтылған жамағат пен Жаратқаннан жарылқау тілеген жұртымыз «Ораза қабыл болсын!» айтып, ұлық мерекеде мәре-сәре болып, қуанышты көңіл-күйге бөленуде.

Биылғы ораза шіліңгір шілдеге, аптап ыстыққа, талай жанның танауын кептіретін жаздың нағыз күн қызи түсетін мезгіліне дөп келді. Түнеугүні жыл сайын ауыз бекітетін бір досым: «Биылғы ораза қиындау соғатын сияқты ма, қалай өзі? Күн де ысып кетті. Өзім де ойланып отырмын. Ұстасам ба екен әлде тәуекел етейін бе?» – деп сұрақты төтесінен қойып қалды. Осындайда лағынеті шайтан да тыныш жатпайды ғой. Сенімге селкеу түсіруге тырысады. Түсінікке небір ойларды тықпылайды. Осы сәтте адам санасын: «Шілде шыжып тұр ғой. Мына түріммен қайтіп ораза ұстаймын? Қиналып қаламын. Отыз күн бойы обед ішпесем, күнәдан ада болам деймісің?! Жұмысым көп, шөлдеп қалам», – деген ойлар мазаламақ. Біздің имани иммунитетіміз сананы сан-саққа жүгіртетін мұндай сауалдарға қалай жауап бермек? Құлшылықтың қадірін, иманның ләззатын сезінген пендеге бұл ойлар қаншалықты әсер етпек?

Толығырақ: Шіліңгір шілдедегі ораза: иман сыналатын сәт

Бір кесе сүттің ақысы

Жақсылық деген адамзат жанына жағымды құбылыс. Ол адам мен уақытты еш таңдамайды. Бір сөзбен адамгершілік десек болады. Құран Кәрімде «Әйтсе де адамдардың қаперсіз жүруі қошталынбайды. Жақсылық істеңдер. Шын мәнінде Алла игілік істеушілерді жақсы көреді» делінген. Негізінде, жақсы жанның жүрегі жұмсақ, көңілі жанашыр, ісі адал, жолы ізгілік, ойы дана, әрекеті  парасат болып келеді. Жақсыға жаны құштар қазақ шайыры Майлықожаның:   

Жақсылық отқа күймес, суға батпас,

Гауһар тас жарық қылмай, жерде жатпас.

Қолдан келсе, етіңіз жақсылықты,

Жақсылықты еткендер жаман таппас» - дегені бар еді. Сондықтан, қоғамның әділдігі адамның жақсылығында. Ал, жақсылық иманнан бастау алады. Ол адам бойындағы бір тілім еттің яғни жүректің қатпарында жасырынатын қасиет. Жасы келген бір қарт атамыз үйінің алдында үнемі арпалысатын ақ, қара екі итіне ұзағынан көз алмай, күніге қарап отырады екен. Күндердің күнінде немересі «Ата, мына иттердің үйімізді қорғауға біреуі де жетпей ме, неге екеуін ұстаймыз?» - деп, сұрапты. Сонда, «Бұл иттер мен үшін екі таңба, балам» - дейді. «Ненің таңбасы?» - деген баласына «Бұлар жақсылық пен жамандық. Осы иттер сықылды ішімде үнемі күрес жүріп жатады. Бұларға әр кез көзім түскен сайын жақсылық пен жамандықты ойлаймын. Сондықтан, екеуін қатар қасымда ұстаймын» - депті. «Қайсысы жеңіп шығады?» - деген балалыққа «Қайсысы дейсің ба, балам? Мен қайсысына көп тамақ берсем, сол жеңімпаз!» деген екен. Сол тәрізді, ғалымдарымыздың «Біреуге жасаған жақсылығыңды, біреудің жасаған жамандығын ұмыт» дегені бар. Әлбетте, бүгінгі адамзат екеуін де ұмытпайды. Дүниені теріс жаққа бұрып, өзіне - өзі қарсы шығып, жақсылығын жырдай, жамандығын дардай ететіндер бар. Қалса, міндет не болмаса пұлдайды. Ал, жақсылықтың ләззаты – жақсылық. Ол – маңызды ғұмыр,  мәнді тәрбие. Мына бір ғалым дәрігердің басынан өткерген оқиғасы расымен де көзге жас үйіреді. Мектепті алтын белгімен тәмамдаған ол, үлкен қалаға дәрігердің оқуына түседі. Аз уақыттың табысы аз болса да, әке - шешенің мойнына салмақ түсірмеудің амалымен  демалыс күндері базарда қосымша табыс көзімен айналысыпты. Өзгеге қарыз болмас үшін, біреудің кәкір - шүкір заттарын саудалауға көмектеседі екен.  Сөйтіп, сол күндердің бірінде далада дауыл тұрып, саудасы жүрмей, еңсесі түсіп, жейтін тағамына қаражат таппай, өзі әбден ашығады. Қалтасында көк тиыны жоқ, жалдамалы пәтер дегендей. Амалсыздан, біреуден болсын, бір үзім нан сұрауға көшеді. Алда - жалда біреу көмегін тигізер деген ниетте қатарынан тізілген көше бойындағы әдемі үйлердің біреуінің есігін қақса, ақша жүзді ажарлы келіншек есік ашады. Ол «Қайыр сұрап кетіпті» деген жігіттік намысын ойната шөлдегенсіп, одан бір кесе су сұрайды. Келіншек  болса, күлімдене «Күте тұрыңыз» деп үй ішіне кіріп кетеді. Содан екі кесек ыстық күлше мен бір кесе жылы сүтті мұның алдына әкеп тосады. Іштегі шұрылды басу үшін, ұялса да бергенін сол жерде асап, жеп алады. Мейіріміне риза болған ол, ақысын өтеу үшін, «Ақ сүтіңіз бен ыстық наныңызға рахмет, үйіңізде не болмаса бақшаңызда қандай да бір тірлік болса, айтыңыз, тындырып берейін» дейді. «Қажет емес, Алла тағала шаң көлеміндей игілікті ешқашан жақсылықсыз қалдырмайды» деген келіншектің сол бір сөзіне тамсана, үйіне қайтады. Содан апта, күндер, жылдар өтумен оқу да бітеді, білім жинақталынып, қалалық ауруханаға орналасады. Кейініректе білдей бір бас дәрігер болады. Кезегімен үйленіп, балалы -шағалы болады. Балалар өсіп, отбасы қамы, күнделікті жылжыған өмір. Ежелгі медицинамен шұғылданып, өз талабымен үйренген біліміне орай қалаға қарасты әрбір өңірлерден үміті қарайған науқастарды қабылдайтын да еді. Бір күндері бірнеше жерде ем алғанымен, екі аяғынан сал дертке ұшыраған бір науқас алдына келеді. Қарт болса да, келбетті әйелдің науқастан шаршаған солыңқы жүзі, үмітсіз көзі оған бірден таныс көрінеді. Мән- жайын білуге бөлмесіне барып, сөйлескенде, расында сол баяғы бір кесе сүттің иесі екенін анықтайды. Алайда, оған ештеңені білдірместен, бөлмесінен шыға сала, «Қалайда көмектесуім керек!» деген алып ұшқан ойы дәрі - дәрмектердің қымбат құнын ескермей, шетелдерден алдыртып, ем жүргізе бастайды. Күндер өте жақсарған науқас бойын көтереді, аяғына тұрады. Ай өте келе, толықтай жазылып, үйіне қайту кезеңі келеді. Бала - шағасы болса, анасының бұл жақсаруына қуанып, жан -жағынан аймалап, сүйіп жатқанымен, ем қонған жанның жүзінде белгісіз қорқыныш тұрды. Мұның бәрін сырттай бақылаған дәрігер қызмет бөлмесіне барып, сондағы жастық шағы, бір кесе сүт пен ыстық күлше, оның мейірімді жүзі есіне оралып, күлімдеп отырып, бір жапырақ ақылы ем- шара құжатының төменгі жағына бір жол сөзді жазды. Бөлмеге енгенде, үрейін жасырған сүт иесі тек қана күлімдеп қарсы алғанымен, діріл қаққан қолына ұсынылған құжаттағы тізімнің соңына дейін салқын тартқан жүзі кенеттен бұлт арасынан шыққан күндей жарқырап сала береді. «Ақша жүзді бейтаныс жан, еміңіздің ақысын бір кесе сүтпен СІЗ баяғыда  өтегенсіз!» деген дәрігердің сөзіне парлаған ыстық жасы ұзағынан тоқтамады. Мінекей, қандай да бір үлкенді - кішілі, азды - көпті жасаған жақсылықтың қайырымы әрдайым бары хақ. Тура осылайша, жамандыққа да алатын ақымыз жамандық. Сондықтан, бар мүмкіндікті айналамызға кесірі тимейтіндей, өзіміз бен өзгеге игілігін беретіндей етіп жасағанымыз абзал. Жақсылықтың арты жақсылық, жамандықтың соңы жамандық болса да, жақсылық та өзіңе, жамандық та өзіңе. Алла тағала жүрегімізді жақсы еткей, әумин!

 

Нұрлан қажы Байжігітұлы Асанов ,

дінтанушы, Шығыс Қазақстан облыстық

мешітінің бас имамы  

Қызға қырық үйден тыйым

Дана халқымыз: «Қыз өссе – елдiң көркi, гүл өссе – жердiң көркi»,  «Шешесі отырып,  қызы сөйлегеннен без», «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда» демекші, ата-бабаларымыз қыз баланың тәртібі мен тәлім тәрбиесін жоғары бағалап, қыздарды адамгершілікке, ізгілікке, әдептілікке, ар-ұяттылыққа, нысаптылыққа, мәдениеттілікке, тәртіптілікке, еңбекшілдікке, сұлулыққа, сымбаттылыққа баулып отырған. Әрбір ата-ана Аллаһ тағаладан жақсы перзент беруін тілейді. Сол баланы тәрбиелеу, оны жетілдіру өте маңызды. Дініміз Исламда да бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөледі.

Толығырақ: Қызға қырық үйден тыйым

Ар-ұят – иманнан

«Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деген ұлы ұстанымды тіршілігінің басты қағидасы етіп ұстанған қазақ халқы үшін ар-намыс, ұят-ұждан ұғымдары аса киелі. Дала тұрғыны дүние күйіп кетсе де, ар-намысты таптатпауға нық бекінген. Жаны үшін малын садақа етсе, ар-ұят үшін жанның өзін пида етуге дайын болған. Өйткені қазақ үшін «өлімнен ұят күшті». Сондықтан да ел арасында мынадай мақалдар кең тараған. «Жарлы болсаң да, арлы бол», «Ұят бар жерде иман бар»,  «Ер болсаң нәпсіңді жең».

Толығырақ: Ар-ұят – иманнан

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30