Ата-баба дәстүріне адал болайық!

Діндар ақын Нұржан Наушабайұлының «Несе фасыл, неше бап» деп басталатын термесі бар. Осындағы фасыл сөзі араб тілінде бөлім деген мағынаны білдіреді екен. Ал қайыр (игілік), ынсап (әділдік), ықылас (адалдық), кәззап (өтірікші), мақұрым (құр қалған, айырылған), ғашық (ынтық болу) мәжнүн (есі ауысу) секілді сөздер де қазақ тіліне араб тілінен енген, бірақ қазір құлағымызға әбден сіңісті болып кеткен.  Тарих,тәрбие,тәуба,тәжірибе, қалам, сандық, зұлым, шипа, мүлік, мәрмар, шам, шайтан секілді сөздер де қазақтың төл сөздеріндей  естіледі. Қазақ тілімен біте қайнасып кеткен сөздер қатарына ылажды да жатқызуға болады. Ылаж ем деген сөз екен. Қазақ шарасы таусылғанда ылажым жоқ дегені мұның емі жоқ дегені ғой. Жиі айтылатын шүкір сөзі араб тілінде рахмет болып шығады. Яғни, шүкір дегеніміз - Аллаға рахмет деген мазмұнға сәйкес келеді. Араб тіліндегі шәк, шүбә  сөздері қазақша күмән, күдік дегенді білдіріп, қазір осы сөздердің синониміне айналып кеткен. Фатиха сөзі арабша сөз басы, кіріспе деген ұғымды білдірсе, біз оны көбінесе бата, тілек мағынасында қолданамыз. Құранның алғашқы сүресі де Фатиха деп аталатыны белгілі.

Толығырақ: Ата-баба дәстүріне адал болайық!

Тек және тектілік

Бір ұлттың тұтас тұлғасын әйгілейтін бірден-бір өлшем – рухани сапа, мейлі ол көшпенді немесе отырықты ел болсын, тарихы алыс-жақын болсын, заттың сапасы туралы талғамы болып, даму жөнінде айқын көзқараста болған халықты рухани күйінде өзгеден ерекше екенін түсіндереді. Ал заттардың дамуы мен тарауы заңдылық деп, тіршіліктерді құбылыстарды көруге бар. Оның қасиетіне жетіп, дамуына түрткі болмайтын халық қашан да жүнін сыртына қампайтқанымен арықтығын әшкерелемей қоймайды.

Ендеше, біздің қазақ ұлты ше? Тағы да жүйеге түспеген, ғылыми дәлел тапқан заңдылықтарды айтсаң, көпірмешілдік болар. Ал шынайылыққа тоқтасаң, қазақтардың тек сапа жөніндегі идеясы дамыған ұлттардан да ерте оянып, ерте қолға алғанын байқаймыз. Америка, Англия елдері басылымдарындағы деректерге қарасаңыз, 1700 жылдардан бастап адам сапасы дегенге мән бергенін байқаймыз. Ал бір бөлім өзіміздің төңірегімізде бірге жасап отырған ұлттар адам сапасы  жөнінде енді ауызға алып, кейбірі әлі ойланып та қоймағанын көреміз.

Толығырақ: Тек және тектілік

ҚҰЛШЫЛЫҚТЫҢ ТӨРЕСІ

Қажылық пен құрбандық шалу

Қажылықта миллиондаған адам иық тіресіп, Алла Тағалаға құлшылық етеді және бір тамшы қан төгілмейді. Бұл құлшылық адамзат баласын бірлікке, татулыққа, қамқорлыққа, мейірімділікке шақырады. Қажылықта мұсылман баласының тақуалығы артып, қиямет қайымды көз алдына елестеткендей ерекше сезімге бөлейді.  

Толығырақ: ҚҰЛШЫЛЫҚТЫҢ ТӨРЕСІ

Қызға қырық үйден тыйым

«Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе жердің көркі», «Шешесі отырып, қызы сөйлегеннен без», «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда» демекші, ата-бабаларымыз қыз баланың тәртібі мен тәлім тәрбиесін жоғары бағалап, қыздарды адамгершілікке, ізгілікке, әдептілікке, ар-ұятқа, нысаптылыққа, мәдениеттілікке, тәртіптілікке, еңбекшілдікке, сұлулыққа, сымбаттылыққа баулып отырған. Әрбір ата-ана Алла тағаладан жақсы перзент беруін тілейді. Сол баланы тәрбиелеу, оны жетілдіру өте маңызды. Дініміз Исламда да бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөледі.

 Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дейді: «Кімде-кім үш қыз өсіріп, оларға жақсы тәрбие берсе және оларды (жақсы жерге) тұрмысқа берсе, жақсылық жасаса, Алла тағала ол кісіні жәннатына кіргізеді» (Әбу Дәуіт, Әдеп). «Дүниеге қыз келген уақытта, Алла тағала ол жерге періштелерді жіберіп, сәлемін айтып: «Мына үйдің тұрғындары, сендерге сәлем болсын», - дейді. Періштелер қанаттарымен жаңа туылған қызды қорғаштап былай дейді: «қандай әлсіз, қорғансыз еді, әлсіз денеден шықты. Егер әкесі оны тәрбиелеп өсірсе, қияметке дейін оған Алланың жәрдемі болады» (Набит бин Шурайттан Табарани риуаят еткен). «Қыздар – ол мейірімді, игі жандар.  Бір қызы бар адамды Алла тағала тозақ отынан сақтайды. Екі қызы бар адам, солардың себебімен жәннатқа кіреді. Ал үш қызы бар адам немесе қыздары секілді кіші қарындастары бар адам, оларға қамқоршы болса, оның мойнынан жиһад пен садақаның жауапкершілігі түседі» (Анастан Дилми риуаят еткен).

Толығырақ: Қызға қырық үйден тыйым

Көк есек пен көп есеп


«Руза, намаз, зекет, хаж – талассыз іс,

 Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс...»

Абай

Көк есек пен көп есеп

 Рамазан – дос-жарандармен қоян-қолтық араласып, бауырмашылдық беки түсетін берекелі де мерекелі ай. Себебі, ауызашарға шақырасың немесе шақырыласың дегендей... Жуырда ел қамы үшін қалам тербеп жүрген журналистермен дастархандас болдық. Ауызашар уағыз-насихатсыз өтсін бе? Қаламдас досым Жанәділ ауылдағы көк есек жайлы әңгімені тәптіштеп баяндап берді. Ғибрат аларлықтай-ақ екен. Болған оқиға қасиетті Рамазан айына қатысты болғандықтан, іште сақтап қалу мүмкін емес. Өздеріңізбен бөлісуді жөн көрдік.

– Інім бар. Ауылда тұрады, – деп бастады әңгімесін Жанәділ. – Екі қолға бір күрек таппай жүр. Бір күні есек асыраймын демесі бар ма? Аң-таңбыз. Содан еті харам, еңбегі адал есегін алды-ау ақыры. Адамдар бұл жануарға жарытып шөп те салмайды, тіпті екі-үш күн су беруді де ұмытып кетеді. Шаңы шығып жатқан жерге арқандап қоямыз. Не жеп, не қоятыны бір Аллаға аян. Мал атаулы жемейтінді жейді. Ал менің інім көк есекке жоңышқаны берді, жемді де аямады. Оған есірген есек мойны жуандап, қазықты бұйым көрмей, суырып кете беретінді шығарды. Бір метрге дейін қағамыз, шынжырмен бағанға мықтап байлаймыз. Бәрібір. «Құнажын көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейдінің» кері келді бір күні. Ұрғашы есекке көзі түссе, қырғынның көкесін көреміз. Жердің опай-топайын шығарып, ақыры жуан темір шынжырды үзеді. Есектің күші мойнында ғой, шынжырды аяғына салайық дедік. Онымыздан да түк шықпады. Шынжырды да шорт үзеді, қазыққа да бағынбайды. Көршілердің мал қорасын маңайлап, егіс біткен жердің бәрін бүлдіріп, өзгелердің әбден мазасын алды. Бір күні баяғы Кеңес кезінен қалған жерге жартылай кірген бақша басында трактордың үлкен темір дөңгелегі бар-тын. Оны техника сүйреп шығармаса, ол адам баласының қолынан келмейтін іс. Құтырған есекті соған байлап тастадық. Ұйықтап жатсам, тасыр-гүсір дауыс шығады. Күшіне мініп алған жануар әлгі темір дөңгелекті сүйреп келеді екен... Әбден мезі етті.   

«Атың жаман болса, сатып құтыларсың...» деген бар емес пе? Сонымен оны саудалайық деп шештік. Ауылда есекпен үй-үйге өмір бойы газет таситын бір кісі болатын. Техника, мәшине атаулыға мініп көрмеген. Көлігі – төрт аяқты жануар. Жұрт оны «Почтальон» деп атап кеткен. Өзі кішкентай әрі әлжуаз. Білмейтіндерді әйелінің «тұңғышы» деп сендіруге болады. Ілмиіп жүрсе де жолдасына 17 бала таптырған (күледі). Әрине, әуелі Алла нәсіп еткен ғой. Сол кісі біздің «бұзық» есекті сатып алатын болды. «Басқа алса бір сәрі, сіз мына хәліңізбен оны қалай бағындырасыз?» дейміз жанымыз ашып. «Қорықпа, оның әдемі амалы бар» дейді саспастан. Сонымен бес-алты баласымен жабылып жүріп, көк есекті алып кетті. «Ойпырмай-ау, қалай болар екен?» деп, демімізді ішке тартып біз қалдық.

Араға 3-4 күн салып әлгі Почтальон ағамыз желе жортып баяғы әдетіне салып, біздің бұрынғы бұзық көк есекпен газет таратып жүр. Жануар жуасып қалыпты. Адам танымастай өзгерген. Мойны жіңішкеріп, басы салбырап, Почтальонның айдауына әбден көндіккен. Сырын сұрадым. Үш күн су да, шөп те бермей «тәрбиелепті». Сөйтіп сабасына түсірген.

Осындайда әйгілі Пифагордың өз шәкірттеріне ілім үйретпес бұрын олардан 40 күн ашығуды талап еткені еске түседі.

Есек екеш, есек те тойынып алса, нәпсісі семіреді. Адамға қызмет етуді, тіпті, есек екенін есінен шығарады екен. Жануарды да жуасытқан – аштық.

Сол секілді, ашығу, яғни ораза ұстау адам нәпсісін емдеудің таптырмас құралы һәм шипасы. Суға салса батпаған, отқа салса жанбаған қалау (нәпсі) шіркін ашығумен ғана сынады. Рамазан адамды құлдық дәрежеге түсіріп, Алла алдында әлсіз, дәрменсіз пенде екенін сездіретін теңдессіз құлшылық айы. Бүгінде дәрігерлер науқастанған адамға ашығу жайлы (былай айтқанда, ораза ұстау) жайлы кеңес беруде. Шығыстың әйгілі дәрігері мұсылман Ибн Сина көптеген ауруларды, әсіресе, шешек пен мерезге шалдыққандарды аштық арқылы ем жасаған. Бүгінде аштықпен емдеу «Арылту-диеталық терапиясы» (разгрузочно-диетическая терапия) ретінде медицина ғылымының емдеу-сауықтыру орталықтарында қолданысқа енген. Ғылыми негізі де әлдеқашан дәлелденген.   

«Аурудың дәрісіз шипасы – ашығу. Осылай істеген адамның сырқаты тез қайтады. Ашығу нәтижесінде венуланың қыл тамырлармен тоғысқан жерінде бос қуыс (вакуум) пайда болады. Ал, қылтамырлардың бос қуысы өз кезегінде қан айналымының қозғаушы күшіне айналады. Ендеше, бос қуыс – күш. Ал ашығу – сол бос қуысты жасау арқылы адам денесінің тұтастай қозғаушы күшін тудыру», – дейді медицина ғылымдарының докторы, академик Жасан Зекейұлы.

Бұл – адамның аңғарғаны. Оразаның сауабы мен пайдасын бір мақаланың аясына сыйдыру мүмкін емес.Жаратушы Иеміздің ораза ұстаушының сауабын өзім берем деуі де тегін емес. Оның есебін ешкім білмейді. Адам ақылы көтермейді. Есебін Өзі ғана біледі. Алла уәдесінде тұрады. Құдайдың есебі түгел. Біздікі ше?..

 

Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ,

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30