Бүркіт және оның ерекшеліктері

Қанаты мен құйрығы. Бірінші – құзғын қанат, екінші – құмай қанат, үшінші – шыл қанат. Құзғын қанат, екі жағындағы алтыдан он екі шалғысының ұшы түзу болып, айқасып тұрады.  Құмай қанат шалғыларының ұшы орақ пішіндес болып, имектеліп айқасады. Ал шыл қанат дейтін түрі некен-саяқ кезігеді. Мұндай құс балапан жасында екі жақ шалғысы қысқа болып, тек шалғының екі ұшы әзер айқасып тұрады да, кейін түлекке отырған сайын ұзарып жетіледі. Мұндай құсты «балапанында – көк борбай, тірнегінде – қу борбай, тас түлегінде барлық мүшелері толысады» деп бағалайды. Жинақтап айтқанда, құзғын қанат пен шыл қанат – ұшқырлық пен алғырлықтың өлшемі. Құмай қанат – ұшымы жайбыр, шабан, алымы аздығының белгісі. (Халық  арасында «Құзғын ұйқы, шыл қанат, алғырлықтың белгісі, құмай қанат, шабан ат, жайбырлықтың белгісі» деген өлең бар. Мұра, 1991,  №3. А.Тойшанұлы).

Толығырақ: Бүркіт және оның ерекшеліктері

Орта ғасырлардан жеткен қазақ баталары

(Ресейдің Санкт-Петербург университеті кітапханасында сақтаулы қолжазба кітаптағы қазақтың бата-тілектері)

Ресейдегі Санкт-Петербор университеті ғылыми кітапханасының Шығыс бөлімінде патша заманынан бері сақталып келе жатқан, бұрын зерттелмеген қазақша қолжазба кітапты оқып танысудың реті 80-жылдары ғылыми іссапарлар кезінде туып еді. Зерттей келе, қолжазбаның алғашқы екі бөлімі ортағасырлық жыраулар шығармалары мен «Әділ сұлтан» эпикалық жыры тұңғыш рет кітап болып, 2001 жылы жарық көрген болатын.

Қолжазба кітаптың үшінші бөлімі «Фатһа қазақ. Яғни анлар бата деирлер. Қазақ ділінше» деп тақырыпталыпты. («Фатиха қазақ. Яғни олар бата дейді. Қазақ тілінде»). Бұл да – ғасырлар бойы атадан балаға қалған халықтық мұраның жауһарлары. XIX ғасырда В.Радлов және жиырмасыншы ғасыр басында Әбубәкір Диваев жинап-жариялаған бата үлгілерінен гөрі мұндағы бата топтамасы едәуір көлемді келеді.

Толығырақ: Орта ғасырлардан жеткен қазақ баталары

Қазақтың киізден жасалған бұйымдары

Қазақтың ежелден келе жатқан қолөнердің  бірі - киіз басу. Халық алуан түрлі бұйымдар жасау үшін киізді  кең қолданған. Киізді киіз үйдің сыртын жабу үшін, жерге төсеу үшін және де кереге керу арқылы өз қажеттілігіне орай пайдалана білген. Киізден кебеже, сандық қаптайтын әбдіреқаптар, ыдыс-аяқ салатын аяққаптар  жасаған. Сондай-ақ кебенек, киіз қалпақтар мен киіз байпақ тіккен. Киізді пайдаланған жері ол ер тұрманның терлігі мен тоқымы, тебінгісі тағы басқа да тұрмысқа қажетті бұйымдар.

Қазақтың қолданбалы әсемдік қолөнердің киізден жасалған дүниелердің көбі негізінен киіз үйдің ішін безендіруге арналған.

Толығырақ: Қазақтың киізден жасалған бұйымдары

Қазақтың ұлттық зергерлік өнері

Ұлттық мәдениетіміздің қолданбалы дәстүрлі өнері халқымыздың тарихымен, дүниетанымымен үндесе дамып келеді. Тамырын тереңнен алатын  қолданбалы өнердің көрікті де көрнекті саласы  ұлттық зергерлік өнері - атадан-балаға, ұстаздан шәкіртке ауысып отыратын, өзіндік тылсым сыры бар киелі де қасиетті өнер.

Оттың жалынында, көріктің көмейінде металды балқытып, зергерлер еліне, батырларына арнап алмас жүзді айбалта, жебе, сауыт, дулыға жалаулы найза жасаса, ағаштан бесік, домбыра, кебеже, жүкаяқ, сыбызғы, асатаяқ, т.б. тұрмыстық заттар мен аспаптарды халқының игілігіне жаратқан. Зергерлердің арқасында білезік, жүзік, шашына сыңғырлатып шолпы-шашпау тақпайтын қыз-келіншектер некен-саяқ кездескен.

Толығырақ: Қазақтың ұлттық зергерлік өнері

Тілі, салт-санасы, әдет-ғұрыптары жағынан мығым біріктірілген халық

А.В. Затаевич:

Белгілі этнограф әрі композитор, Қазақ КСР-нің халық артисі (1923), қазақтың сазды фольклорын жинап, зерттеген қазақтың кәсіби фортепьяно музыкасының негізін қалаушылардың бірі Александр Викторович Затаевичтің (1869-1936) қазақ халқы туралы пайымын беріп отырмыз.

"50000-нан астам шаршы географиялық мильді алып жатқан, Волга жағасынан Тарим бассейніне дейін және Әмударияның сағасынан Ертіске дейін созылып жатқан кең-байтақ территорияда баяғы заманнан брі көшіп келе жатқан және басқа ұлттардан әлдеқайда басым болып, Азияның көшпенді халықтарының арасындағы ең ірісі - қырғыздар тұрады. Тарихта олар "қырғыз-қайсақтар" деп аталады. Бұл халық, міне, бес жүз жыл болды, тіпті, салт-санасы, әдет-ғұрыптары жағынан мығым біріктірілген, ал түптеп келгенде... Ол біте қайнасып кеткен әртүрлі түркілер мен моңғолдардың қырық ру тайпаларынан пайда болған...

Толығырақ: Тілі, салт-санасы, әдет-ғұрыптары жағынан мығым біріктірілген халық

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30