Көне домбыраның сыры

Домбыра! Осы бір жеті әріптен тұратын қасиетті домбыраның тарихында қаншама жұмбақ сыр жатыр. Қазақта жеті сөзінің өзі қасиетті. Оны қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті мен көзқарасында ерекше орны бар екені айтпаса да түсінікті. Осы орайда бір топ ғалымдар арнайы ғылыми  зерттеу жұмыстарны жүргізіп, нәтижесінде домбыраны қазақ жерінің жеті кереметінің қатарына жатқызған.

"Қазақстанның жеті кереметі" кітабында: "Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра" деп қазақ халқы өзінің ұлттық болмысын, жандүниесінің тылсым сырларын домбырамен үйлестірген. Домбыраның пайда болуын археолог ғалымдар неолит (б.з.д. 4000 мың жылдыққа) дәуіріне жатқызады. Оған дәлел осы кезеңге жататын тасқа салынған суреттердің ішінде домбыраның суретінің болғандығы. Ал домбыраның ерекшелігіне келетін болсақ оның құрылымының қазақ халқының жандүниесімен үйлесімділігі. Домбыра қолданысына қарай бірнеше түрге бөлініп жасалған" - деп домбыраға осылайша сипаттама берген.

Толығырақ: Көне домбыраның сыры

Үш аспаптың жорығы

Күндердің бір күнінде, шаң астына басылып, үні шықпай тұста ілініп тұрған - домбыра, сандықшада жатқан - сыбызғы, бұрышта сүйеніп тұрған қобыз - бірінен-бірі сарғайып шаршап, әңгімелері бітіп, жалыққан аспаптар бір үйде тұрған екен. "Осы бізді бәрі ұмытып қалған жоқ па?" - деп домбыра күмбірледі. "Иә, иә, мен де деп осылай ойлаймын! - деп сыбызға шықты сусылдай шіңгірлеп. Осы сөздерді естіп тұрған бұрыштағы қобыз жуан дауысымен күрсінді де қойды.

Жоқ, мен бұл тыныш өмірден шаршадым, сендер осылай ілініп, сүйеніп тұрғанды ұнатсаңдар, ал менің жаратылғаным - ән мен күй", - деп сыбызғы жатқан жерінен ыршып, жерге ысқыра түсті де, есік жаққа бет алды. Мұны көрген домбыра ілініп тұрған жерінен шайқала бастап еді, ескі жібі ширатылып, үзілді де кетті. Домбыра жерге таңқ етіп түсті, ішектері де даңғырлай: "Мен де сенімен кетемін", - деп, құлағынан басы айналып, жан-жағына шайқала, сыбызғының артынан жүгіре жөнелді".

Толығырақ: Үш аспаптың жорығы

Қазақтың музыкалық аспаптары

Шертер - үш ішекті, шертіп ойнайтын көне аспап, шертердің шанағы терімен қапталған. Шертерді көбіне мал бағатын бақташылар тартатын болған. Шектері ре, ля, ми дыбыстарына келтіріліп бұралады. Диапазоны  немесе дыбыс тербелісі екі жарым октава. Шертердің ескі түр Б.Залесскийдің 1865 жылы Париж қаласында басылып шыққан "Қырғыз (қазақ Б.С) далаларындағы тіршілік"  атты альбомында көрсетілген суреттердің үлгісі бойынша, ағаштың тұтас бір бөлігінен ойылып жасалған. Аспапты саусақпен шертіп ойнайтын болғандықтан "шертер" деп атаған.

Қылқобыз - ысқышпен ойналатын, қос ішекті ескі музыкалық аспап. Халық арасындағы аңыздарға қарағанда, бұл қылқобыздың пайда болуы сегізінші ғасырда өмір сүрген күй атасы Қорқыттың есімімен тығыз байланысты. Қылқобыздың күйге келтіретін құлағына, шанағының іші-тысына дыбыс әсерлігін күшейте түсу үшін темірден жасалған сылдырмақ, теңгешелер, шығырықтар арқылы бекітіледі. Шанағының беті ашық келеді де, астыңғы жағы терімен қапталады. Мұндай қылқобызда көбінде бақсылар ойнап, күй сарынының әсерін күшейте түсу үшін әдейі темір-теңгешелер тағатын болған. Диапазоны екі жарым октава. Бұл қобыздың жетілдірілген түрі.   

Толығырақ: Қазақтың музыкалық аспаптары

Құсбегі жабдықтары

Бүркіт аңшылығына арналған жабдықтардың бәрі де аса қажеттіліктен шыққандығын әркім біледі. Олардың неге керек болғандығын, неден жасалатынын және әрқайсысының атауларын білудің өзінде де үлкен мән бар. Бүркіт аңшылығына арналған жабдықтар көп. Біз айтқалы отырған жабдықтар аттары тек шығыс облыстарда қолданылады. Біз оны түгел қамтып отырғанымыз жоқ.

Батыс пен оңтүстік облыстарда бұған ұқсамайтын жабдықтар мен атаулар болуы әбден мүмкін. Оған шек қойып, тек біздікі десек үлкен ағаттық болар еді де шынайы шындығымызға ешкім нанбас та еді. Алға қарай тиісті орындардың көмегімен үш жүздің құс ұстау ерекшеліктерін жинақтасақ та әрине, үлкен мол қазына болар.

Томаға. Бүркіт сән үшін томағаланбайды. Дұрыс үйретіп, баптап баулау үшін оның бала-шағаға, малға, итке, құсқа, қызылға ұмтыла бермеуі үшін және шап беріп ұстап алу қауіпінен сақтау үшін томағалайды. Сондықтан қолдағы бүркіт өз төңірегіндегі қызылды-жасылдан өз ортасынан азда болса бөлектелінеді. Бүркіттің екі көзін саңлаусыз жауып тұратын бас киімді құсбегілер "томаға" деп атаған. Томаға құстың басын қыспайтын, қажымайтын, басынан өздігінен түсіп қалмайтын етіп жасалады. Томағаны осы шарттарды толық білетін пішуге тігуге машықтанған томағашылар ғана тігеді. Томағаның олпы-солпы болмай, мінсіз шығуы үшін қалың былғарының тегіс жерінен үлгі салып, ойып алады. Пішуші шебер өз қалағанынша біртұтас немесе екі-үш бөлек кейде төрт бөлік етіп ояды да құрастырады. Тамақ баумен кейде бірге, кейде бөлек ойылады. Томаға шарттары бойынша әрі нәзік, әрі сұлу тігілген былғарының өзінен әдемі ою-өрнек шығарып, безендірілген томағаларды қазақ құсбегілері бір бестіден кем бағалаған емес.

Жезтұяқ. Бүркіт қасқыр, түлкіге түскен кездегі арпалыста абайсыздан саусағын жыртқыштардың аузына түсіріп алады да, ызалы аң ауызына түскен саусақты қыршып тастайды. Бүркіттің осы кемтарлығын толықтыру мақсатымен шеберлер оған жезден немесе темірден тұяқ жасап кигізеді. Қолдан жасалған осы тұяқты құсбегілер "жезтұяқ" деп атаған. Жезтұяқтардың қозғалысы өз тұяғындай болмаса да аңды ұстағаннан кейінгі қысу қимылында кемтарлығы көп білінбейді.

Толығырақ: Құсбегі жабдықтары

Камшы

Один из основных элементов снаряжения всадника, охотника, воина

(этнолингвистический аспект)

 Казахский этнос, как прямой «наследник» скифо-сакской и тюрко-монгольской кочевых цивилизаций, в наиболее полном и «чистом» виде сохранил в своей культуре, обычаях и традициях, менталитете реликты сути и духа былого блистательного, «полнокровного» мироощущения и «повседневного» бытия кочевника Великих евразийских степей классической эпохи. Казах-кочевник (қазақ) вплоть до конца 20-х гг. ХХ в. совершая ежегодный цикл кочевания (сезонной смены пастбищ всю свою жизнь проводя в седле, познав все тайны родной степи, живя в гармонии с окружающей Природой – совмещал в себе одновременно навыки и мастерство и скотовода, и охотника, и, в случае необходимости, воина.

Оружие казахов, тактика ведения воинских единоборств, битв и сражений исследовались, с опорой на этнографические источники, в работах Ш. Ш. Уалиханова, В. П. Курылева, Қ. С. Ахметжанова, А. Т. Кайдарова и др. [2] Как верно отметил известный этнограф В. П. Курылев: «Оружие является одним из компонентов материальной культуры. ...военное оружие, особенно в первоначальные этапы истории, одновременно являлось и орудием охоты, занимавшей, как известно, значительное место в кочевых обществах.

Особую, возможно, главную, а также утилитарно-функциональную и духовно-сакральную роль в снаряжении и экипировке всадника, охотника, воина-казаха (как и остальных конно-кочевых номадов) играла камшы (қамшы; искаженное камча; нагайка; плеть). Камшы являлось не только средством понукания коня, но и символом социального статуса, орудием охоты и боевым универсальным оружием (предназначенным для защиты и нападения).

В прошлом, у казахов всех социальных слоев, всех возрастов, у всех кто садился на коня, от детей до взрослых (включая женщин и стариков) имелись свои личные камшы, отличающиеся по виду и типовой конструкции.

Толығырақ: Камшы

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30