Киіз үй – ата мұрасы

Киіз үйге қатысты ұғымдар

Ұлттық ұғымда киіз үй және оның әрбір құрамдас бөлшектері қасиетті саналады. Соған орай ата-аналарымыз әрбір затқа лайық ұлықтау, теңеу, бейнелеу сияқты ойлы ұғымдармен бірге үлгі-тәрбиелік қағидалы, қанатты сөздер шығарған.

Ол сөздер шаңырақтан басталады. Шаңырақ - киелі мүлік. Атадан балаға қалып келе жатқан  үйді қара шаңырақ деп құрметтейді, дәріптейді. Қара шаңыраққа сәлем беру, одан дәм тату – ежелгі халық жоралғысы. Шаңырақ деген сөз үй, отбасы деген тұтас ұғымды бейнелейді. Жаңа үйленгендерді «шаңырақ көтерді» дейді. «Шаңырақ биік болсын» деген – батаның ең үлкені. Шаңырақты аттамайды, көшкенде жеке түйеге артып ол көш басында жүреді. Қыз ұзатылғандағы мініп келген көлікті «шаңырақ түйе» дейді. Бұл көлікке ұзатылатын қыздың шешесі, жеңгесі, сіңлілері ғана отырады. Басқа адам мінуге болмайды. 

«Тыныш отыр, шамаңды біл» дегенде «шаңыраққа қара» деп ескерту жасайды. Мысалы, үлкен іске үлес қосты, қала, зауыт салысты дегісі келсе, шаңырағын көтеріп, уығын қадасты дейді.

Керегеге байланысты сөздер де көп. «Керегең кең болсын» деген бата «үйің кең, қонағын көп, берекелі үй бол» деген сөз. Махамбет батырдың «туырлығын тілгілеп, тоқым етсем деп едім» дегені – кегімді алсам, дұшпанымды жеңсем дегені.

Толығырақ: Киіз үй – ата мұрасы

Қазақ халқының тұрақты тұрғын жайы

Бүкіл Шығысқа кеңінен танымал, Орта Азияға белгілі болған Отырардың заттық мәдениеті арқылы қазақ халқының мәдениетінің, ғылымының, экономикасының, сауда-саттығының жоғары дәрежеде болғанын білеміз. Отырар өңірінде отырықшы мәдениет пен көшпелі мәдениет қатар дамығандықтан тұрғын үйдің жылжымалы және тұрақты түрлері қатар дамыған. Отырар өңірінде тұрғын үйлердің қандай үлгіде болғанын археологиялық қазба жұмыстары және жазба деректер дәлелдей түседі. Ол туралы бірнеше ғалымдардың – В.В.Востров, И.В.Захарова, Ө.Жәнібеков, К.Ақышев, К.Байпақов еңбектерінде толық жазылған. Ертедегі мекендердің орнындағы үйіліп қалған әрбір төбенің өз аты бар. Алтынтөбе, Жалпақтөбе, Құйрықтөбе, Күйік Мардан, Пышақшытөбе т.б. Мысалы, Алтынтөбе осылай аталуы бұрын осы жерде зергерлер тұрған, Пышақшытөбеде қару-жарақ жасаушылар, Құйрықтөбеде мал союшы-қасапшылар тұрған-мыс.(Ақышев, 1976. 19 б.) VІІ-VІІІ ғ.ғ. алғашқы жартысындағы тұрғын үйлер Құйрықтөбе орнын қазу жұмыстарынан мәлім. Ондағы екі бөлмелі үйлердің қосымша бөлмелері болған. Отырар оазисіндегі ірі қалашықтардың бірі Арыс өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан Көкмарданнан табылған үйлердің қосымша бөлмелері болған, онда астық сақтайтын болған. Отырар өңірінде ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. тән үйлердің көлемі 20-30 шаршы метр бөлмелері төрт немесе бес бөлмелі төрт қабырғасы бірдей шаршыболып келген. Екі бөлмелі болып келген үйлердің бір бөлмесі кішілеу, ал екіншісінде тандыр бар. Үйлердегі тандыр түтіні еден арқылы кеткен. Ал, ХVІ-ХVІІ ғ.ғ. тұрғын үйлердің барлығы тандыр арқылы жылытылды. Екі бөлмелі үйлердің бір тандыр және екі тандыр бары да кездеседі. ХVІІ-ХVІІ ғ.ғ. тұрғын үйлердің 2 түрі белгілі болды. Біріншісіне, жайлары қаз-қатар немесе бір белдік бойымен орналасқан үйлер жатады. Екінші түрі, 4 бөлме кейпінде сипатталады. Барлық үйлерде азық-түлік қоймасы болған. Оларда астық, ұн кептіріліп, жеміс пен жүзім сақталған кей үйлерде жертөлелер болған. Кей үйлердің аулалары біріктірілген, бәріне ортақ шыға берісі болған.

Толығырақ: Қазақ халқының тұрақты тұрғын жайы

БОЗАНШЫ

(этноорганологиялық зерттеуден үзінді) 

Жер шарындағы материктерде тіршілік етіп келе жатқан адамдар түрлі нәсіл мен ірілі-ұсақты ұлттарға бөлініп, жалпы алғанда әлем халықтарын түзеді. Осы әлем халықтарының әрқайсысы географиялық мекеніне, климаттық жағдайына байланысты өзінің шығу және даму тарихымен, тұрмыстық, ғұрыптық дүниетанымына сай дамиды. Ғұрыптық дүниетаным ерекшеліктерінің біршама саласы сол халықтың музыка өнерімен тығыз байланыста екендігіне орта ғасырлық түрік текті ғұламалар бірнеше трактаттар арнағандығы әмбеге аян. Бір сөзбен айтқанда, музыка, музыка аспаптары этнос психологиясы мен философиясының, этностың қоғамдағы тыныс-тіршілігінің көрінісі. А.Қ. Жұбанов: «Әрбір ән-күй тарихтың әрбір кезеңін анық көрсетеді, тайға таңба басқандай бейнелеп береді. Сондықтан да ән-күйді халықтың басынан өткен кезеңдерді суреттейтін тарих десек қателеспейміз», – деген-ді. Сан салалы музыка жанрлары ілгеркі заманнан бері күні бүгінге дейін қоғамнан ажырамай бірге жасап келеді. Халықтық музыка, соның ішінде ұлттық аспаптарға деген көзқарас пен қызығушылық, үйренуге деген құмарлық нақ осы кезде қазақ халқында ерекше құрметке ие десек артық айтқан болмас едік. «Әннің тарихын айту үшін әуелі әлеумет тарихын айтып берейін деген екен бір ғұлама», – демекші, ғұламалардың лепестеріне сүйеніп, біріне атадан-балаға аманат болған ұста дүкендерінен, біріне қазақы түсінікпен қарасақ аруақ қолдап, түсінде аян беріп тылсымның түрлі кереметі себепші болуымен уысымыздан шықпаған, жүрегімізбен үндесе жаралған – ұлттық аспаптарымыз.

Толығырақ: БОЗАНШЫ

ҚАЗАҚТЫҢ КҮЙ ӨНЕРІНДЕГІ «ТАРТЫС» ДӘСТҮРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖАЛҒАСЫН ТАБУЫ

Күймен тартысып сайысқа түсу арқылы күйшілердің дарының, шеберлігін сынға салу халқымызда көне заманнан қалыптасқан дәстүр. Күй тартысүстінде күйшінің намысы ғана емес, сонымен қатар елдің де намысы сынға салынған. Мысалы: Дәулеткерей, Өскенбай сияқты күйшілердің түрікмен күйші-дутаршылар арасындағы болған күй сайыстарында дүниеге келген күйлері ұрпаққа мұра. Күймен тартысу Қазақ даласының Арқа, Сыр, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Қаратау өңірлерінде болған. Айырықша дамыған өңірлер Маңғыстау мен Арқа болып келеді.

Қазақстан концерт залында өткен оркестрлер тартысы. Астана қаласы

Толығырақ: ҚАЗАҚТЫҢ КҮЙ ӨНЕРІНДЕГІ «ТАРТЫС» ДӘСТҮРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖАЛҒАСЫН ТАБУЫ

АТ ҚАЙҒЫСЫН КІМ АШАР?..

(Адай жылқысы хақында)

Түменбайдың тоғызыншы класты енді бастап оқып жатқан кезі болатын. Бір күні ертемен нағашы атасы сап етіп келе қалды. Нағашының келуі қашан да оқшау оқиға ғой. Үйдің іші лезде самбырлаған сөзге, күмбірлеген күлкіге толды да кетті. Әншейінде баппен қозғалып, самарқау жүретін қалыпты тіршіліктің тұсауы шешіліп жүре берді. Әп-сәтте бой ширап, қимыл қунап шыға келді. Жай-күй сұрасып болып, шай ішіп отырғанда нағашысы Түменбай жаққа бұрылып: «Сен бала менімен бірге жүресің. Жақында болатын бәйгенің хабарын өздерің де естіп отырған шығарсыңдар. Сол бәйгеге қосамын деп жиренімді жаз бойы баптап ем. Соған сен шабасың», – деді. Түменбай – осы өңірге аты белгілі бәйге бала. Оны жұрт мүлде «бәйге бала» атап кеткен. Бірақ бойын тіктеп, шалбарына қыр түсіріп, шашын тарай бастаған тоғызыншы кластың баласы өзін бала деп санаушы ма еді? Іштей өзін жігітке балай бастаған бозбалаға нағашысы бүгін келіп атқа щабасың деуі, тас төбесінен біреу кеп қойып жібергенмен бірдей болды. Бірақ ләм деген жоқ. Өйткені жайшылықта алды кең нағашысының қарсы шыққанға ызбары қатал, ызғары суық.

Толығырақ: АТ ҚАЙҒЫСЫН КІМ АШАР?..

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30