Шәмші әндерінің шоқжұлдызы«Сыған серенадасын» тұңғыш рет бізге әкелген еді

Тегінде халықты халық етіп, мерейін көтеретін айрықша дарын иелері екеніне ешкім таласпаса керек. Табиғат сиы. Күшену, зорлану, еліктеу, солықтаумен ешкім де алысқа ұзауы мүмкін емес, ондай болмаған. Жүзден озған жүйрік, мыңнан озған тұлпарды табиғат жарататынына айғақ мол. Жер арқасы қияндағы қарақалпақ топырағында өмір есігін ашқан ақиық ақын Төлеген Айбергенов те осы пікірге дәлел іспетті дер едік. Төлегенді Төлеген еткен біреу-міреудің қолдап сүйеуі, қолпаштауы емес, өз болмысындағы дарын құдіреті. Музыка тарихында ойып алған орны бар, Қызылқұм өңірінің тумасы Шәмші Қалдаяқов та солай. Бұл тізімді жалғастыра беруге боларын сіз де, біз де жақсы білеміз, әрине.

Толығырақ: Шәмші әндерінің шоқжұлдызы«Сыған серенадасын» тұңғыш рет бізге әкелген еді

Бүркіт баптаудың қыр-сыры

Сонау ықылым заманнан қолында қыран ойнатқан халқымыз оның қыр-сырына үңіліп, қызығына бата білгені анық. Тарихи деректерге сүйенсек құсбегілік өнері бұдан үш мың жыл бұрын пайда болған екен. Орта ғасырлардағы итальян саяхатшысы Марко Полоның жазбаларында Құбылай ханның саятшылық мақсатта қолға үйреткен 500 ақсұңқары және басқа да қыран құстары болғандығын және оларды баптап күтуге  арнайы 10 мың құсбегі ұстағанын жазады. Орта ғасырларда Орталық Азия мен Қазақстан, Қырым, Еділ бойын билеген патшалар мен хандар да өз сарайларында арнайы құсбегілер ұстаған. Олар сарай қызметкерлерінің құрметтісі саналған.

Толығырақ: Бүркіт баптаудың қыр-сыры

Ескерткіш

«Электронды қазақ үй» – иісі қазақтың игілігіне айналмақ

Халқымыздың әлем мойындаған өркениет жетістіктерінің бірі – қасиетті қазақ үйі, оның кішірейтілген электронды үлгісі ұрпақты ұлттық құндылықтарды қастерлеп өсуге баулиды. «Электронды қазақ үй» өнімі бесік жырынан бастап, қазақ ертегілері, балалар әндері, халық композиторларының ән-күй, терме-толғаулары, Абайдың қырық бес қара сөзі жинақталған 1200 мазмұнды қамтыған заманауи тәрбие құралы.

Толығырақ: «Электронды қазақ үй» – иісі қазақтың игілігіне айналмақ

Қазақ халқының ұлттық аспаптары

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30