Үкіаяқтар

Тіс шұқығыштар мен құлақ тазалағыштар

Сіздер  күнделікті тұрмыста қолданысқа ие болатын мына бұйымдардың ең  көне түрлеріне бұрын-соңды мән бермеген  боларсыздар. Иә,бұл дәл өздеріңіз көріп отырғандай  кәдімгі  қарапайым тіс шұқығыштар мен құлақ тазалағыштар.

Осы қарапайым  бұйымның  пішіні  ұзындау, аяғы үшкілденіп немесе дөңгелекшеленіп келген. Негізінде олар ертеде бау мен шынжырлы бау арқылы киімге тағылған.

     Тіс шұқығыштар мен құлақ тазалағыштар күмістен жасалған. Күмістің емдік қасиеті өте  жоғары. Ол тістің қызыл иегін бұзылудан сақтап, бактерияларды жойып, асқазан-ішек жолдарын тазалайды. Күміс тек қана ауру тудыратын элементтерді жойып қана қоймай, ағзадан улы  заттар  мен микробтарды шығарады. Тіпті ағзада аз ғана күміс жетіспеушілігі байқалған жағдайда адамның жұмыс істеу қабілеті төмендеп, қорғаныс қасиеті азайып, тез шаршау пайда болады.

     Халқымыз күмістің емдік қасиетін  ежелден ерекше бағалап, күнделікті тұрмыста пайдаланған. Олардың орнын бүгінде  арзанқол ағаш пен пластмассадан жасалған тіс шұқығыштар мен құлақ тазалағыштар алмастырғаны өте өкінішті.

Ежелден ыдыс-аяқтар арнаулы киіз қаптарда (аяққаптарда) немесе асадалда сақталған

Адалбақан – азық-түлік ілетін ұзынша ағаш.  Қап – азық-түлік салу үшін кендірден, жүннен тоқылған ыдыс.  Қоржын – жіптен тоқылған  екі бөлімді теңдеме.  Дорба –  матадан немесе киізден тігіліп, құрғақ тағамдар салынады. Жағылан – киізден немесе теріден жасалынған сандық.  Кебеже – сүрі ет, құрт, май салып сақтауға арналған  ағаштан жасалған сандықша.  Шаң – үлкен бөшкі тәрізді ыдыс.  Қанар – астық, мақта, жүн сақтайтын қап. Қапшық – азық-түлік салуға арналған  кішігірім кенеп қап. Қобди – ұсақ-түйек салатын кішкене сауыт.  Борман – әртүрлі бұйым салатын ағаш жәшік.  Абажа – кебеженің үлкен түрі.  Түйемойнақ – түйенің мойын терісінен жасалған  дорба.

 

Бұл   жабдықтар қажетке жарап қана қоймай, сонымен қатар үй ішіне сән беріп тұратын болған. Олар түрлі ою-өрнектермен,  күміспен әшекейленеді. Бұлар ыдыс-аяқты көшіп қонғанда таза, жинақы  ұстау үшін  жасалынған  бұйымдар.

ТАНАЛАР

Қазақ халқы  ерте кезден-ақ кішкентай балаға көз тимесін деген мақсатпен киіміне  сәндік бұйымдар таққан. Өйткені балаға тікелей қадалатын жанар  алдымен киімдегі әшекей заттарға түседі де, тіл-көздің сұғынан сақтап қалады деп сенген. Осындай бұйымдардың бірі – тана. Тананы  ертеде кішкентай балаға ғана емес, батырлардың сауыттарына  да тағып қойған.

    Тананы меруерт пен күмістен жасаған. Оны сырт киім мен бас киімге таққан.

    

Тананы тұмармен шатастырмаған жөн. Ал ол тұмаршалар   ислам діні тарай бастағанда ғана пайда болған. Бойтұмар мен тұмаршалар Құран аяттарын жазып салып жүруге арналған. Оны мойынға тағып жүреді.   

Бала әкесіне немесе шешесіне ілесіп, оларға қолғабыс тигізіп жүргенін көрген ел - жұрт  ‹‹жігіт болыпты››, ‹‹ қажетке жарапты››  деп құттықтап танабау тағады. Танабауға тана, шыт, тәттілер, ақша,т.б нәрселер беріледі. Танабау тағушыларды баланың ата- анасы шақырып қонақ етеді. Мұны біздің қазақта  «танабау тағу» деп атайды.

Қазақ халқының үй-тұрмасында күнделікті пайдаланған ыдыс-аяқтары

 

Қазақ халқы ыдыс-аяқтарды ағаштан, теріден, қыштан, жүннен, киізден және шұғадан жасаған.

Қазақтар тұрмысында ыдыстардың ағаштан жасалған түрлері кеңінен пайдаланылған. Жуаз – май шайқайтын ыдыс. Табақ – тағам сақтайтын, керсен – ағаш табақтың үлкені.

Толығырақ: Қазақ халқының үй-тұрмасында күнделікті пайдаланған ыдыс-аяқтары

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30