ХАН ТАҒЫ

Түркілерде (қазақтарда) хан сайлау дәстүрі өзінің түп-тамырымен сонау ғұн дәуіріне кетеді. Мысалы, Ғұн мемлекетінің басқарушысы “Тәңір-құт” деген лауазымды да иеленген. Бұл оның мемлекеттік билікті атқарумен қатар, дінбасы да болғандығын білдірсе керек. Билікке ие болу көбінесе мұралық жолмен жүзеге асырылды, бірақ егер билік мұрагері таққа лайық болмаса (қабілеті жетпесе, денсаулығы жарамаса және т.б.) оның мұра қалдырушының туыстарының ішінен лайықтысын халық (немесе билік басындағылар, бірақ бұл жағдай өте сирек кездесетін) сайлайтын. Бұл жөнінде VІІІ ғасырдан жеткен Күлтегін ескерткішінде Түрік халқының өткендегі ұлы қағандарын мадақтай келе: “Одан соң інілері қаған болды, ұлдары да қаған болды, бірақ інілері ағасындай бола алмады, ұлдары әкесіндей бола алмады,” – делінген.

Толығырақ: ХАН ТАҒЫ

Ер қаруы - бес қару

Киелі Елі мен Жерінің біртұтастығын қорғап, бостандығын сақтап қалуда батыр қазақ халқы астындағы атының беліне, өзінің сом білегінің күшіне, алып жүрегінің түгіне, бойындағы бес қаруының айбатына сеніп, арқа сүйеген. Қыпшақтардың - қазақтардың қару-жарағының айрықша қуаты болып, жауының құтын қашырғаны, батырларының мәртебе-мерейін асырғаны тарихтан ән-жыр, дастан, аңыз болып, жазба ескерткіштері, құжаттар арқылы бізге жеткені ақиқат. Алайда қазіргі жас ұрпақ ата-бабаларының осынау әскери қару-жарақтарының көптеген түрінің атауын да ұмытып бара жатқандай. Сол себепті біз бүгін қазақтардың әскери қару-жарағының бір шоғыры жөнінде ғана ой толғамақшымыз.

Толығырақ: Ер қаруы - бес қару

Отандық өнімдердің бағасы неге шарықтап тұр?

Отан деген не деп сұраса, Л.Толстой: "Ол халықтың өткені, бүгінгісі, келешегі" деп жауап берген екен. Қазақ елінің кешегісі - қатпарлы тарихы болар. Бүгінгі - біз, келешегі - біздің иісі қазаққа тән болмысымыз,ұлттығымызды ұлықтауға жасалған игі істер. Тарих табыттай ауыр, тамырдай терең құбылыс. Сақалымызға сары шіркей ұялап, миымызға қара шыбын балалаған замандарда да рухын жоғалтпаған ұлттың XXI ғасырға абыройлы аяқ басуы - ән-күй, айтыс сынды ұлттық өнерімізді, тоқыма, құсбегілік сияқты бекзат өнердің заманмен бірге келуі болар. Қазақ халқы шынтуайтқан келгенде өнердің қай түрінен болса да мақрұм қалмаса керек.

Толығырақ: Отандық өнімдердің бағасы неге шарықтап тұр?

Музей - көне жәдігерлер мекені

Көне тарих пен бүгінімізді жадымызға сақтап отыратын, көп  салалы жәдігерлердің иесі музейлердің өзіндік тарихы мен тағдыры бар. Музей- адамзат баласының өмірінде заттық және рухани мәдениетті сақтаушы, насихаттаушы бірден –бір орын. Бұл киелі де қасиетті орын  алғашқыда өнер туындыларын  сақтайтын қазыналық қор ретінде қалыптасып, уақыт өте келе әдістемелік қызметі жетілген көп салалы ғылыми зерттеу мекемесіне дейінгі дәрежеге көтерілді.

Көне жәдігерлер қоймасы туралы көрнекті әдебиетші, ғалым Қ.Ергөбек «Түркістан жинағы» атты кітабында: «Музей-тарих, музей-шежіре. Музей-білім-ғылым. Сан-салалы өнер мен ғылым қоспасы- мұражай. Мәдениетті елдерде әрбір музейдің тарихы жазылып қатталады. Тіпті әрбір  музейдің кезеңімен алмасып, жаңарып тұрар-экспозициясының тарихы шежіреленеді» деген болатын. Жалпы, музей еліміздің кірер есігі,қара шаңырағы болса, сондай қара шаңырақ музейлердің бірі- Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің құрылғанына биылғы  жылы 35 жыл толуда.

Толығырақ: Музей - көне жәдігерлер мекені

Ер-тоқым және оның жасалу жолдары

Алатаудың бөктерін ата-бабалар мұрасын жалғастыру арқылы игі іс атқарып отырған қолөнер шеберлерің ауылы орын тепкен. 1992 жылы қазығы қазылған бұл ауылды бүгінде, шәкірттерін қоспағанда, елуден аса қолөнер шебері мекен етіп, ата кәсіпті дәріптеуде.

Шеберлер қолынан шыққан бес жүзге тарта ұлттық бұйым түрлері Қазақстанмен қатар, шетелдерге де кеңінен танымал. Мұражай экспонаттарын қайта қалпына келтіру ұзақ уақытты талап ететін күрделі жұмыс дейтін болсақ, ол іспен айналысатын нағыз шеберлерді де осы ауылдан кездестіруге болады. «Көп жерлерде түрлі бұйымдар соңғы технологияның көмегімен жасалады. Станоктың аты – станок. Қалай десек те, қолдан  жасалған бұйымға жетпейді», - дейді шеберлер. Ауыл тұрғындарының артықшылығы да – түрлі бұйымдарды қолдан жасауында. Қолөнер шебері әрі «Шеберлер ауылын» құрушы Айдарбек Османұлы Молдаханов ауылдың тыныш-тіршілігімен таныстыра келе, осы ауылда жасалатын бұйымдардың бірі – ер-тоқым дайындаудың қыр-сырымен бөліскен еді.

Толығырақ: Ер-тоқым және оның жасалу жолдары

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Дәстүр видео

Әлеуметтік желі парағы

FacebookFacebook

Күнтізбе

« Қараша 2017 »
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30