Алматыда Жазушылар одағының ХVI құрылтайы өтіп жатыр

Алматыда Абай атындағы Опера және балет театрында Қазақстан жазушылар одағының кезекті ХVІ  құрылтайы өтіп жатыр, деп хабарлайды dasturkb.kz.

Жазушылардың басты жиынына ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі қатысып, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын оқып берді.

к

к

Құрылтайға Қазақстанның әр аймағынан жиналған одақ мүшелері қатысып жатыр. Қаламгерлер бүгінгі жиында одақтың жаңа төрағасын сайлайды.

Қазақстан Жазушылар одағының жарғысына сәйкес, 5 жылда бір рет есеп беру-сайлау жиналысы болып тұрады. Соған орай, Қазақстан жазушылары мен қаламгерлері үлкен жиында бас қосты. Бүгін өткен жылдарда атқарылған жұмыстарға есеп беріліп, алдағы 5 жылға бағыт-бағдар белгіленеді.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Марат Тоқашбаев бұл құрылтайда алдағы 5 жылдықтың бағыты белгіленетінін айтады.

Қазақстан Жазушылар одағының жарғысына сәйкес 5 жылда бір рет есеп беру-сайлау жиналысы болып тұрады. Бүгін мінекей Қазақстан жазушылары мен қаламгерлерінің үлкен жиыны, үлкен бас қосуы. Бұл өткен 5 жылға есеп беріп, алдағы 5 жылда атқарылатын жұмыстарға бағыт-бағдар белгілейді. Бүгінгі жиынның алдында өте көп дау-дамайлар болды. Бірақ қазіргі Қазақстанның өтпелі жағдайында біздің елімізге тұрақтылық керек. Ол тұрақтылық зиялы қауымнан, Қазақстан Жазушылар одағы сияқты үлкен бірлестіктен басталады. Сондықтан бүгінгі жиында өздерінің шешімдерін еліміздің ертеңі үшін баянды болатындай қабылдайды деп сенемін, – деді жазушы-публицист Марат Тоқашбаев.

Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының Төрағасы Ұлықбек Есдәулет төрағалық еткен жылдардағы атқарған істеріне тоқталып өтті. Сондай-ақ, өмірден өткен ақын-жазушыларды еске алып, олардың рухтарына тағзым етілді.

Бөлісу: