Ауыздандыру жайлы білесіз бе?

Ауыздандыру жайлы білесіз бе?

30.01.2020 0 By Aigul

Жаңа туған нәрестеге қатысты міндетті түрде орындалатын маңызды дәстүрдің біреуі – баланы ауыздандыру. Баяғы әжелеріміз бала өмірге келген соң оны маймен ауыздандырған. Жер бетіндегі алғашқы татқан дәмі май болғандықтан қазақ баласының асқазаны әрқалай асқа төзімді әрі ауырмаған екен. Кейде ер балаларды қасқырдай қайратты, қайсар да намысты болсын деп бөрінің қылшығымен ауыздандыратын да ырым болыпты.

«Несібесі кем болмасын», «қара суға қарап қалмасын» деген сеніммен еш уақытта сумен ауыздандырмаған екен. Кейінгі жетпіс-сексен жылдың көлемінде талай ұрпақтың немен ауызданғанын білетін, тіпті соны қажетсінген адам болды ма? Әй, қайдам! Қаптаған дәрігері жоқ замандарда дәл қазіргідей асқынған асқазан дерті – «қылтамақтың» (рак) сирек болғанын бұл күнде ешбір дәрігер мойындамайды. Олар ғылыми тілмен дәлелдерін айтып, тастай етіп түсіндіреді. Өйткені біз – ата-бабаларымызды «қараңғы», «сауатсыз», «білімсіз» деп миымызға астамшылықты сіңіріп өскен ұрпақпыз.

(Зейнеп Ахметованың «Күретамыр» кітабынан алынды).

#Дәстүр

#Ауыздандыру

Бөлісу: