Ауыз бекiткенде… Ауызды ашқанда тамақпен бiрге шай мен кофенi iшу зиян, астың құрамындағы витаминдердi жойып жiбередi. Ауызды ашқанда тамақты бiрден мол жеу зиян
*Қамырдан әзiрленген тағамдарды аз пайдаланған абзал.
*Сүт тағамдарын, жемiс-жидектердi мейiлiнше көбiрек тұтыну керек.
*Ауызды тәттiмен ашқан дұрыс.
*Ауызды ашқанда тамақты бiрден мол жеу зиян.
*Еттiң алдымен сорпасын iшiп, 15-20 минут өткен соң өзiн жеген жөн.
*Ауызды ашқанда тамақпен бiрге шай мен кофенi iшу зиян, астың құрамындағы витаминдердi жойып жiбередi.
*Сәресiнi iшу мiндет.
*Айран мен iрiмшiктiң пайдасы зор, олардың құрамында протеин бар.
*Сәресi мен ауызашарда сұйықты мол iшкен жөн. Ауызашар мен сәресi арасында кемi 1,5 литр су iшу керек.
Осы айтқандарды орындау ауыз бекiткен мұсылманның әрi парызын өтеуiне, әрi денсаулығының бұзылмауына себепкер болады.
Әзірлеген: С.Бекмұратұлы.
Тағы да оқыңыздар: Айлардың төресі