АҚШ Мемлекеттік хатшысы Қазақстанға келеді

23

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен бүгін Қазақстанға ұшып келеді, деп хабарлайды dasturkb.kz

Энтони Блинкен өзінің Twitter-дегі парақшасында әуежайдағы суретін жариялап, жазба қалдырды.

Бұл менің мемлекеттік хатшы ретінде Қазақстан мен Өзбекстанға алғаш баруым. Орталық Азиямен серіктестік қарым-қатынастың әрі қарай дамуына мүдделіміз. Бұл жерден Үндістанға G20 кездесуіне барамын, – деп жазды ол.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, 2023 жылғы 28 ақпанда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға өзінің алғашқы сапарын жасайтынын мәлімдеген болатын. Астанада болуы барысында Мемлекеттік хатшыны Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді онымен екіжақты келіссөздер өткізеді.

Бөлісу: